Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №3 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі



бет2/2
Дата27.12.2016
өлшемі0,86 Mb.
#5673
1   2

Тақырыбы: Жеті –қасиетті сан

Сайыстың мақсаты: маңызы мен қасиетін ашу, жеті саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктер мен қағидаларды дәріптеу, халық дәстүрін сүюге, Отанын сүюге тәрбиелеу

Көрнекілігі: «7» санына байланысты қаннатты сөздер, сөзжұмбақ

Ұйымдастыру: Оқушылар 2 топқа бөлініп отырғызылады.

1топ: «Жеті жарғы»

Ұраны: «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»

2 топ: «Жеті қазына»

Ұраны: «Жетелі елдің баласы, жеті жаста баспын дейді,

Жетесіз елдің баласы, жеті жаста жаспын дейді»



Кіріспе сөз: Армысыздар, ардақты көрермендерім,

Көрсетеді өнерін өрендерім,

Біз сайысқа кетеміз қадам басып,

Алдымен алайық аиандасып.



Жүргізушілер: « Жеті атасын білмейтін ер жетесіз,

Жеті ғасыр тарихын білмейтін ел-тексіз» демекші, «жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, жеті қасиеттісан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша бір аптада жеті күн бар демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Ежелгі Вавилон жұртында жеті күн өткен соң бір меренке күні болып отырады. Аспан әлеміндегі жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн,Марс, Юпитер, Шолпан.

Жеті құдай атымен байланысты болып олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды.
Құрметті сайысқа қатысушылар, сіздерді сайыс басталмас бұрын сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасынмен таныстыра өтейін.

(таныстырылды)



Жоспары:1. Топтардың таныстырылуы.

2.Сұрақ-жауап кезеңі.

3.Жеті ғашық.

4.Әлемнің жеті кереметі.

5.Сөз жұмбақ.

6.Топбасшылар сайысы.



Топтар өздерін таныстырады.

ІІ. Кезеңі. Сұрақ-жауап кезеңі. Мұнда топтың шапшандылығымен біліктілігін аңғарамыз.

Екі топқа сұрақтар қойылады.



1-сұрақ. Жеті күндік аптаны алғаш шығарған мемлекет? (Вавилондықтар)

2-сұрақ. Сабалақ деген атпен Абылайды жеті жасында қай би өз қамқорлығына алады? (Төле би)

3-сұрақ .Мақалды толықтыр «Жеті атасын білмеген .... (жетімдіктің белгісі) 4-сұрақ. Жеті атаны атаңыздар?(әке, бала, немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)

5-сұрақ. Н.Ә.назарбаев жеті жыл мерзімге ҚР-ның Президенті болып екінші рет қашан сайланды? (1998 жылы 10 қаңтар)

6-сұрақ. Орта ғасырлардағы жеті түрлі металды ата? (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын)

7-сұрақ. Жеті ғаламды атаңыз? (Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс, Аспан, Жер, Жер асты)

8-сұрақ. Жеті күнді атаңыздар? (бүгін, ертең,бірсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына)

9-сұрақ.Қазақтың ер- жігітіне қоятын жеті талабы? (кескіні,келбет, қадір-қасиеті,қабілет икемі, жігер-күші, білімі, адалдығы, әділеттілігі)

10-сұрақ. Абайдың жетінші қара сөзінде не жазылған? (жан-тән)

ІІІ.Жеті ғашықтар жұбын табу.

Ләйлі- Мәжнүн

Шырын- Фархад

Тахир- Зухра

Арзу- Қамбар

Ғаһра- Уалик

Күлшар- Уаки

Зылиқа- Жүсіп ІҮ. Сөзжұмбақ кезеңі.

1.Жеті ғашықтың бірі Ләйлі мен ...?

2.... асқар тау, ана жағасындағы бұлақ.

3.Жеті қазынаның бірі ...

4.Қазақтардың аң аулауға арналған құсы ...

5. Қару түрі ....

6.Таста.... жоқ.

7.ҚР-ның Ел басы ....

8.Құстардың бір түрі ...

9. Жыл мүшесінің бірі ...

10. .... адам бақытының өлшемі.



Ү.кезеңі. Әлемнің жеті кереметін атап көреміз.

1.Хеопс пирамидасы.

2.Семирамиданың аспалы –бағы.



3.Артемида ғибадатханасы.





4.Галикарнас мавзолейі.





5.Александрия шамшырағы.







  1. Родос алабы.


  1. Зевс мүсіні.


Жүргізушінің сөзі:

Күншілдік деген бар, содан сақтан,

Кекшілдік деген бар, содан сақтан,

Астамшылдық деген бар, одан алыс жүр,

Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр,

Қараулық деген бар, одан таза бол,

Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол,

Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол!



ҮІ. Кезеңі. Топбасшылар сайысы.

Плакатқа жазылған сөздерді табу шарт. Топбасшылар 7 қазынаны, 7жұт, 7жұрттыңжеті белгісін табулары керек.



Жеті қазына.

1. Ер жігіт.

2. Сұлу әйел.

3. Ақыл-білім.

4. Жүйрік ат.

5. Қыран бүркіт.

6. Берен мылтық.

7. Жүйрік тазы.


Жеті жұт.

  1. Құрғақшылық.

  2. Жұт.

  3. Өрт.

  4. Оба.

  5. Соғыс.

  6. Топан су.

  7. Зілзала.

Жұрттың жеті белгісі.

  1. Ту.

  2. Елтаңба.

  3. Әнұран.

  4. Ел ұран.

  5. Елтеңге.

  6. Төлқұжат.

  7. Ұлт жазуы.

Жүргізушінің сөзі. 7жетім.

1. Тыңдамаған сөз жетім.

2.Киюсіз тозған тон жетім.

3. Иесіз қалған жер жетім.

4. Басшысыз қалған ел жетім.

5. Аққу- қазсыз көл жетім.

6. Елінен айырылған ер жетім.

7. Замандасы қалмаған қарт жетім.



Жүргізуші: Халқымыз қасиетті 7 деген санынан осылайша талай-талай мағыналы, мазмұны терең мән тауып, өмірі мен тұрмысына тірек, жанына жалау еткен. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, қазақ шежіресін үйретуде бұл қасиетті ұғымның үлесі үлкен болған. Мысалы:»Құлақтан кіріп бойды алатын жақсы ән мен тәтті күйдің» барлығыы да бар болғаны 7 әуездің жүйелі комбинациясы. Олар: до,ре, ми, фа,со, ля,си. Толып жатқан пән ғалымдары мен тұрмыс- тіршілікте 7 санының орны ерекше. Сонымен, ақылға салып қараған адамға жетеудің сырынан көп мағлұмат беріп, тылсымы терең құпияларын ашуға жәрдемдесері сөзсіз.

Жүргізуші.

Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,

«Білім мен тәрбие – егіз», неге дейміз?!

Әдебі мен тәлімі үндестін,

Жастарды болашаққа еге дейміз.

«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар.

Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып, бүгінгі сайыс кешімізді аяқтаймыз. Жеңістер мен жеңілістерден тұратын, өмір күресі аяқталмасын.Ізденген жетер мұратқа, қатысудың өзі де жеңіс,-деген, жеңісті күнде кездескенше, достар!

Тақырыбы: Төрт түлік

Сабақтың мақсаты: білімділік: Балаларды халықтың тіршілік-істерімен таныстыру,мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім-бағымын түсіндіру. Атакәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып, қазақ халқының табиғатқа, жан-жануарға деген қарым-қатынасының тәрбиелік жағына назар аударту.

дамытушылық: Төрт түлік туралы өлең, жыр, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, мәтіндер оқыту, танымын кеңейту, тілін дамыту. тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, іскерлікке, шеберлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Төрт түлік туралы қима қағаздар, суреттер, ойыншықтар т.б.

І. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылырмен амандасу, ән ұранды сұрау, сыныптағы оқушыларды тексеру. Біздің халқымыз төрт түлік туралы жұмбақтарға бай болып келеді. Балалар төрт түлік туралы білітіндеріңді естеріңе түсірі, жұмбақтардың шешемін табыңдар.

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар. (сиыр)

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Міңсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Екі құлағы бар

Иегінде сақалы бар. (ешкі)

Осындай халық мақалдары әр малдың түр-тұрпатын сипаттап көрсетеді.



ІІ. Мал төлдеріні туралы түсінік беру.

Оқушылырға мал төлдері бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар көрсетіп, содан соң мал төлдерінің атын атап, әр төлді суреттегі енесінің қасына апарып қояды.



ІІІ. Мал төлдерінің аттары.

Түйе төлі-бота

Жылқы төлі-құлын

Сиыр төлі- бұзау

Қой төлі-қозы

Ешкі төлі-лақ

Балалар сөздіктерін ашып,жазып алады.

Түйе-верблюд

Бота-верблюжонок

Жылқы-кобыла

Құлын-жеребенок

Сиыр-корова

Бұзау-теленок

Қой-баран

Қозы-ягненок

Ешкі-коза

Лақ-козленок

ІV. Малдардың төлдеуі

Әр түліктің төлдеуіне байланысты айтылатын сөздер болады. Оған байланысты сөздерді дұрыс айтуымыз керек.

Малдың төлдеуі:

Түйе боталайды

Жылқы құлындайды

Сиыр бұзаулайды

Қозы қоздайды

Ешкі лақтайды-деп айтамыз.

-Балалар, малдардың төлдеуін немен байланысты айттық?

- Мал төлдерінің аттарымен байланыстырып айтамыз



v. Малдардың дыбыс шығаруы:

Әр малдың дыбыс шығаруы нақтылы сөзбен айтылады.

Түйе боздайды

Жылқы кісінейді

Сиыр мөңірейді

Қой маңырайды

Ешкі бақырады

-Қане, балалар, өзіміз дыбыстап айтып көрейікші?



VІ. Түлік сыры

Топпен жұмыс.Оқушыларға қима қағаздарға жазылған сөйлемдер тобы таралып беріледі. Топтағы оқушылар сөйлемдері талдап,оның қай түлікке тән айтылғанын табады. Сөйтіп,тақырыптық мәнін құралады.

1.Түйе. Төрт түліктің төресі – түйе.Оның еті – тамақ, шұбаты – сусын, жүні – киім.Түйе – таптырмас көлік.Ол шөлге өте төзімді келеді.

2.Жылқы. Жылқы–ер қанаты.Ол сезімтал, талғампаз жануар.Жылқыда өт жоқ.Сондықтан ол күйіс қайырмайды.Жылқының жүйрігі,жорғасы болады.

3.Сиыр.Сиыр – ірі қара малға жатады.Сиырдың еті , сүті пайдалы.Сүтінінен айран , қаймақ ,құрт ,ірімшік жасалады.

4.Қой. Қой уақ малға жатады.Ол төрт түліктің ішіндегі момыны.Қойдың сүйікті шөптері изен, жусан ,ажырық.Қойдың еті , сүті , майы , терісі пайдалы .Жүнінен киіз басылады .Киім – кешек , алаша , кілем тоқылады .

5.Ешкі. Ешкі уақ малға жатады .Оның мінезі жеңіл , ұшқалақ .Тастан тасқа секіріп, тыным таппайды .Оның сүті , түбіті пайдалы .Ол ағаш қабығына өш .

VІІ.Қазақ халқында төрт түлік туралы мақал – мәтелдері көп.

1.Түйеатасы – нар.

2.Ат – адамның қанаты .

3.Мал бақсаң – сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.

Мал өсірсең – қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.

VІІІ. Тиым сөздер.

1.Малды басынан ұрма.

2.Малға теріс мінбе.

3.Малды теппе,

Ақты төкпе,- деп ескерткен.

Қанекей, дәптерлеріңе малқалдармен тыйым сөздерді жазып алыңдар.



ІХ.Ойын.

Кім көргіш?

Тақтада жылқының суреті ілінген , балалар көздерін байлап , құйрығын тағу қажет.



Кім шапшаң?

Х.Бағалау.

Сабаққа жақсы қатысып , білімдерін көрсетіп отырған балаларды бағалау .



ХІ.Үй тапсырмасын беру .

Сөздерді жаттап , мақал мен тыйым сөздерді мәнерлеп оқып келу .



ХІІ.Қорытынды: -Балалар төрт түлік туралы не біліп үйрендіңдер? Сендерге төрт түлік турасында нелер ұнады? Сабақ түсінікті болды ма?

Онда сабақ аяқталды , сау болыңыздар.



Тақырыбы: Ерінбе еңбек ет

Мақсаты: Оқушыларды мақал-мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Мақал-мәтелдер, Абай афоризмдері, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс –жанға тыныс», «Еңбек түбі – зейнет», «Еңбексіз өмір – сөнген өмір», жұмбақтар.

Формасы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» телехабарының желісі бойынша.

Жүру барысы:-Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», – дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.

Бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағаты «Еленген еңбек өнімді» деп аталып, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» телехабарының желісі бойынша жүреді.

Ортаға үш оқушы шығып, мақал айтудан жарысады.(Әр біреуі бес-бестен).

1-оқушы: 1.Еңбек мұратқа жеткізер,

Жалқаулық абыройды кеткізер.

2. Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық.

3. Еңбектін көзін тапқан,

Байлықтың өзін табады.

4. Еңбек етпесен елге өкпелеме,

Егін екпесең, жерге өкпелеме.

5. Ерінбесең, еңбегің өнеді.

2-оқушы: 1. Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.

2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.

3. Еңбек етпеген азады..

4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.

5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.

3-оқушы: 1. Орайы келсе, орақ ор,

Кезі келсе, кетпен шап.

2. Еңбек – адамның екінші анасы.

3. Ерінбеген етікші болады.

4. Керек тастың ауырлығы жоқ.

5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе.

Өнерге үйренем десең, жерінбе.

Келесі айналым: Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.

1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).

2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).

3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).

4. Отынды шапқпнға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).

5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).

6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).

7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).

8. Берген – алар,…(еккен – орар).

9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).

Ең аз ұпай алған ойыншы ойыннан шығады.

Екінші айналым: Екі ойыншының біреуі мақал айтады. Екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Сосын кезектеседі. Мүдірген оқушы жеңіледі.

1-оқушы: Еңбек ет те мақтан,

Ойнап күл де шаттан.

2-оқушы: Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

2-оқушы:Ердің атын еңбек шығарар.

Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

1-оқушы:


Ерінбесең еңбегің өнеді.

2-оқушы:


Еңбегі көптің өнбегі көп.

2-оқушы:


Жері семіздің – малы семіз.

1-оқушы:


Мал өсірсең, қой өсір,

Пайдасы оның көл-көсір.

Көрермендер көрімдігі

Жүргізуші бір сөз айтады, көрермендер сол сөзбен мақал айтады.

Әңгіме – Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер.

Ерінщек – Еріншектің ертеңі бітпес.

Тоқтық – Көптік қайда болса, тоқтық сонда.

Ойын соңында жеңімпаз анықталып, оған сыйлықтар тапсырылады.

Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде.

Осымен «Еленген еңбек өнімді» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет



Тақырыбы: Дос болайық бәріміз!

Мақсаты: Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

-достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, «жүрек» үлгісінде қиылған қызыл түсті қағаздар, шарлар.

Шаттық шеңбері:Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім сабақты жақсы көңілмен, жылы сөздермен бастайды:

Мұғалім:-Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге қадірлі қонақтар келіп отыр. Қоршаған ортамен, қонақтармен амандасайықшы:

Оқушылар: Армысың, алтын Күн!

Армысың, көк Аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Мұғалімнің сөзі: Құрметті менің аяулы достарым.Мен барлығыңды жақынымдай, бауырымдай жақсы көремін және сыйлаймын. Біз бүгін сабақта дос және достық жарастығы туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу

Мұғалім сабақтың тақырыбын аша түсу үшін оқушыларға сұрақ қойып әңгімелеседі:

Сендер 1,2 сыныптарда дос, достық қарым-қатынас туралы қызықты шығармалармен танысып, дос бола білуді оқып үйрендіңдер.

-Достықты, татулықты қалай түсінесіңдер?

-Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?

Дәйек сөз

Мұғалім балаларға достық құндылығының мәнін аша түсу үшін дәйексөздің мағынасын түсіндіреді.

Тақтада жазулы тұрған «Татулық – достық кепілі» деген халық мақалының мәні ашылады.

- Шын достар уәдесінде тұрады, ойындары, сөздері жарасады, бірін-бірі ренжітпейді, қуантқысы келеді, бір-бірінің көңіліне қарайды.Ал осы айтылғандар татулық белгісі.Сондықтан да шын достыққа татулық арқылы қол жеткізуге болады.

Сахналау


Жаңа ақпарат

Мұғалім оқушыларға достық сөзінің мағынасын түсіндіреді:

Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Мұса Жәлел:

«Шын дос үшін қалайда

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда

Досың менен қасыңды»-деген екен. Достық адамның, өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Достық қыз мен қыздың арасында, ұл мен ұлдың арасында тіпті ұл мен қыздың арасында да болады.

Шығармашылық жұмыс.

Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлінеді.

Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»

Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?» деген сұрақтар беріледі.Әр топ өз ойларын жүрек бейнеленген плакат бетіне түсіреді.Тақтаға іліп, өз жұмыстарын қорғайды.

Жүректен-жүрекке

«Дос болайық, бәріміз!» әні үнтаспадан ойнап тұрады.

Оқушылар шеңбер құрады. Бір-біріне сағаттың тілінің бағыты бойынша кезекпен достық тілектерін білдіреді де, қолындағы шарларын аспанға қарай жібереді.

Мысалы:

-Адал достық тілеймін!



-Досым, сені сыйлаймын!

-Қиын шақта қолдаймын!

-Ынтымақ тілеймін!

-Татулық тілеймін!

-Достықты қадірле!

Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрлерін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру;

2) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным-белсенділігін арттыру;

3) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Әдептілік, адамгершілік туралы сұрақ-жауап:

- Әдептілік дегеніміз не? Оны қалай түсінесің?

- Әдепті бала қандай болу керек деп ойлайсың?

- Әдепті болғың келе ме? Әдептілікті бізге кім үйретеді?

- Әдепсіз адам қандай болады?

Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Міне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, тәрбиеші-ұстаздарымыз үйретеді. Ал біз осындай жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек екенін біз мына өлең жолдарынан тыңдайық:

1-оқушы: Ата-ананың тілегі, адам болып өскені

Адамдықтың тірегі, адал болып өскені.

2-оқушы: Әдептілік дегенің, әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің, әуре салсаң әлегің.

3-оқушы: Спортпен айналыс, сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс, сауық пен кинодан!

4-оқушы: Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді!

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді!

Сұрақ-жауаптар:

1) Суреттер бойынша әңгімелеу.

(Адамгершілік, сыпайылық, қарым-қатынастарға бағытталған суреттер)

2. «Жалғастыр» ойыны.

а) Не істеуге болмайды? Осы сөз үлкен етіліп көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастыруы керек.

- Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды;

- Кішкентай баланы жылатуға болмайды;

- Құстарды атуға болмайды;

- Қыз баланы ренжітуге болмайды;

- Сабаққа кешігуге болмайды;

- Сыныпта айқайлауға болмайды; т.с.с жалғастырып айтады.

б) Не істеу керек? деп жазылып көрсетіледі.

- Үлкендерді сыйлау керек;

- Үлкендердің тілін алу керек;

- Кішілерге қамқор болу керек;

- Әдептілікті сақтау керек;

Концерттік бағдарлама.

1. «Жорға» биін орындайтын ұлдар тобы

2. «Аққулар биі» орындайтын қыздар тобы

3. Көрініс: Ана мейірімі

Құпия хаттарға жауап беру

(Хаттарды қатарынан қойып, 1 оқушы шығып, дауыстап оқиды. Қалғандары ойланып, жауабын айтады)

1-хат. Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Менің онымен бірге ойнағаным дұрыс па?

2-хат. Құрметті достар!

Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ, ойнап жүргенде үй-ішін айтып, жаңа нәрселерін көрсетіп, кішкентайларды қалай ренжіткенін айтып ылғи мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

Қорытынды: Сабақты қорытындылай келе, оқушыларды адалдыққа, инабаттылыққа, шыншылдыққа үйрете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді енді ажырата аласыңдар деген ойдамын. Балалар жақсы мінез-құлықтарды әрдайым естеріңде сақтап жүрсе, нұр үстіне нұр жауар еді.




Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет