Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары


ІРІ ҚАРАНЫҢ ПАСТЕРЕЛЛЕЗІНЕ ҚАРСЫ ПОЛИВАЛЕНТТІК



бет27/50
Дата23.10.2020
өлшемі1,64 Mb.
#73333
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
ІРІ ҚАРАНЫҢ ПАСТЕРЕЛЛЕЗІНЕ ҚАРСЫ ПОЛИВАЛЕНТТІК

ВАКЦИНАНЫҢ ИММУНОГЕНДІГІН ЖӘНЕ ИММУНОГЕНДІК КОЭФФИЦИЕНТІН АНЫҚТАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Ө. Б. Таубаев, ветеринария ғылымының кандидаты, доцент
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада ақ тышқандар мен үй қояндарына 97-А, 96-В және 97-Д штамдарынан дайындалған ірі қара пастереллезіне қарсы инактивтелген вакцинамен егілгеннен кейінгі зерттеу бойынша деректері келтірілген. Алынған көрсеткіштер бойынша аталған препараттың иммуногендік коэффициенті ірі қара, қодас және қойлардың пастереллезіне қарсы эмульсияланған вакцинаға қарағанда 4,5 % жоғары екені анықталған.
В статье приведены данные по исследованию иммуногенности инактивированной вакцины против пастереллеза крупного рогатого скота из штаммов 97-А, 96-В и 97-Д на белых мышах и кроликах. Согласно полученным данным, коэффициент иммуногенности вышеназванного препарата на 4,5 % выше, чем у эмульгированной вакцины против пастереллеза крупного рогатого скота, буйволов и овец.
The data about immunogenicity research of inactivated vaccine against pasteurellosis of cattle from strains 97-А, 96-В and 97-Д on white mice and rabbits are given in the article. According to the obtained data, coefficient of immunogenicity of aforenamed preparation is higher on 4,5 % than at emulsified vaccine against pasteurellosis of cattle, buffalos and sheep.
Пастерелла мультоциданың иммуногендік қасиеттері аз зерттелінгендіктен, пастереллезге қарсы арнайы сақтандыру жұмыстары да аяқталынбаған болып саналынады. Пастерелла штамдарынан дайындалған антигендер мен вакциналардың иммуногендік белсенділігін анықтаудың негізгі тәсілі – биологиялық сынама. Вакциндік профилактиканың нәтижелілігі пастереллалардың далалық және өндірістік штамдарының капсулалық және соматикалық антигендер бойынша сәйкес келуіне байланысты [1]. Бірақта, пастерелланың туыстас штамдары иммуногендігі жағынан бір-бірінен ерекшеленеді [2]. Бұл ерекшелікке әлі күнге дейін толық түсіндірме берілмегендіктен, пастереллез қоздырғышының иммуногендігін зерттеу сұрақтары өзекті де күрделі мәселелердің қатарына жатады.

Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсатының бірі пастерелла мультоциданың 97-А (А серологиялық түрі), 96-В (В серологиялық түрі) және 97-Д (Д серологиялық түрі) штамдарынан дайындалған вакцинаның тәжірибелік үлгілерінің иммуногендігін ақ тышқандар мен үй қояндарында анықтау болды.

Тәжірибеде салмақтары 18-20 г ақ тышқандар және 2,5-3,0 кг болатын шиншилла тұқымының үй қояндары пайдаланылды. Зертханалық жануарларды үш топқа бөлдік: біреуі-бақылау, екеуі-тәжірибелік.

Бірінші топтағы ақ тышқандар мен үй қояндарына ірі қара, қодас және қойлардың пастереллезіне қарсы эмульсияланған формолвакцинаны ендірілді.

Екінші тәжірибелік топтағы ақ тышқандар мен үй қояндары 97-А, 96-В және 97-Д (Д серологиялық түрі) штамдарынан дайындалған ірі қара пастереллезіне қарсы инактивтелген вакцинамен егілді.

Үшінші, (бақылау) топтағы ақ тышқандар мен үй қояндарына вакцина ендірілген жоқ.


Вакциналаудан кейін он бес күннен соң тәжірибедегі барлық жануарлардың қандарының сарысуларын тікелей емес гемагглютинация реакциясында тексердік. Тәжірибенің 21-ші күнінде зертханалық жануарларға тәжірибе жүзінде ауру жұқтырылып, аурудан кейін сойылған жануарлардың ішкі паренхималық мүшелері мен лимфа түйіндерін бактериологиялық зерттеуден өткіздік.

Ақ тышқандарға және үй қояндарына қойылған тәжірибе нәтижелері 1-ші және 2-ші кестелерде берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет