«Автоматтандырылған басқару жүйесі»



бет6/14
Дата15.06.2017
өлшемі3,64 Mb.
#19143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Компанияның барлық бөлімшелерінің жұмыстары туралы толық ақпараттың берілгендердің Орталық базасында сақталуы қамтамасыз етілген. Oracle МҚБЖ –н қолдану берілгендердің сенімді сақталатынына кепілдік береді. Компания тұтынушыларына тасымалдауға тапсырыс беру үшін, жапсырмаларды басу үшін , сондай-ақ тапсырыстың орындалу процесін бақылау үшін берілгендердің Орталық базасына Интернет арқылы қашықтықтан кіру мүмкіндігі қарастырылған.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. БАЖ-де қолданылатын берілгендерді қорғау мен бақылау әдістері.

2. Басқарудың түрлі дәрежелеріндегі тасымалдаудың динамикалық ақпараттық моделі.


Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Кобдиков М.А., Мустапаева А.Д. Работа в автоматизированной системе оперативного управления перевозочным процессом. - Алматы.: КазАТК, 1998 г. - 140 с.Мустапаева А.Д.

2.Основы расчетов автоматизированных систем управления на железнодорожном транспорте: Уч. пос. -Алматы: КазАТК, 1999. - 38 с.
Лекция 13.

Транспорттағы басқарулардың қазіргі автоматталған жүйелері



Лекция сабағының мазмұны:

"1С-Логистика:Тасымалдауларды басқару " тасымалдауларды басқару жүйесі.

Жүйенің мүмкіндіктері

"1С-Логистика:Тасымалдауларды басқару " тасымалдауларды басқару жүйесі.

"1С-Логистика:Тасымалдауларды басқару" - логикалық операциялардың рентабельділігін жоғарылату мақсатында, транспорттық логистиканы автоматтандыруға арналған "1С-Кәсіорын 8" технологиялық платформасында құрылған программалық өнім. "1С-Логистика:Тасымалдауларды басқару жүйесі ресейлік кәсіпорындарының қажеттіліктерін тану мен бүкіләлемдік тәжірибе негізінде құрылған. Жүйе "қоюшы - қойма – тұтынушы" тізбегі бойынша тауарлық - материалдық құндылықтарды (ТМҚ)тасымалдау процесін басқару мүмкіндігін береді. Жүйе транспорттық тасымалдауларға жақсы бейімделумен және оптималды түрде басқаруға тырысатын кәсіпорындарға бағытталған және төмендегілермен қолданылуы мүмкін:

- Жүкті тасымалдауда кез келген транспорт түрін, сондай-ақ аралас транспорт түрін қолданатын транспорттық компаниялармен (интермодальные) қолданылады. Мұндай компаниялар маршруттың жекеленген бөлімдерінде тасымалдауларды жүзеге асыру үшін өздерінің транспорттық құралдар паркімен қатар, басқа ұйымдардың қызмет көрсетулерін қолдана алады;

- ТМҚ-ды қоюшылар мен қатар сатып алушыларға жеткізіп беруді қамтамасыз ететін кәсіпорынның транспорттық- логикалық бөлімшелерімен(сауда- саттық, өндірістік) қолданылады. Мұндай бөлімшелер басқа ұйымдардың қызмет көрсетулерін және / немесе өздерінің транспорттық құралдарының күшін қолдана алады.

Маршруттың жекеленген бөлімдерінде тасымалдауларды жүзеге асыру мен қатар, қолдана алады;

- Тауарды қоюшы өзі жеткізіп берген жағдайда, жеткізіп беру процесін бақылау және жоспарлау үшін сатып алу бөлімімен қолданылады. Бұл жағдайда жүйе барлық ағымдағы және келесі жеткізіп берулерді ескеруге және бақылауға мүмкіндік береді. Осы арқылы онымен байланысты өндірістік - сауда қызметін жоспарлайды;

-Егер кәсіпорын тұтынушыға жеткізіп беру қызметін көрсетсе, ұйым қоймасынан тауарды тиеуді жоспарлау мен бақылау үшін сату бөлімімен қолданылады;.

- Бірнеше территорияда орналасқан қоймалары бар кәсіпорындар үшін қойма аралық орналастыруды ұйымдастыруға жауап беретін кәсіпорын бөлімшелерімен қолданылады.

Жүйе келесі транспорттық – логикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді:

Жүк көтерушілік сипатын максималды қолдану есебінен, таңдау алгоритімінің жоқтығынан транспорттық құралдардың моделдері мен түрлерін қолданудың тиімсіздігі;

Оптималды маршруттың жоқтығынан транспорттық құралдарының жүрісінің артуы;

Тасымалдау процесінде жүктің жағдайымен тұрған орынын бақыламау;

Тасымалдау процесіне қатысатын бөлімшелер арасында ақпарат алмасу мүмкіндігінің жоқтығы немесе жетіспеушілігі;

Қажетті басқару шешімдерін қабылдау мақсатымен орындалатын жұмыстың сапасы мен тиімділігін бағалау үшін өзекті есеп беруді түрлендіру жүйесінің жоқтығы.

Жүк ағымының өсу ырғағы және контрагенттерге қызмет көрсету дәрежесінің объективті қажеттілікке сай жоғарылауы кәсіпорынға жүкті тасымалдаумен байланысты шығындарды азайту қажеттілігін түсіндіреді. Мұндай шығындарды азайту тасымалдауларды басқарудың автоматталған жүйесінің енуімен ұйымдастырылған шаралар жиыны көмегімен жүзеге асады. Бұл:

Іске қосылған транспорттық құралдардың саны өзгермеген жағдайда, тасылатын жүк көлемін ұлғайтуға;

Транспорттық құралдарының жинақтау тиімділігі негізінде тасымалданған жүктің бірлік санының құнын төмендетуге;

Транспорттық құралдардың жалпы жүрісі ішіндегі бос жүрістерді азайтуға;

Тасымалдау тапсырмаларының орындалуының айқындылығы мен сапасын жоғарылатуға;

Қызметкерлерге кететін шығындарды азайтуға;

Тауармен бірге жүретін және жолға шығатын құжаттарды автоматты түрде түрлендіруге;

Басқару шешімдерін қабылдау үшін түрлі тиімділік көрсеткіштері бойынша өзекті есеп берулер алуға



мүмкіндік береді.
Жүйені тауарлық - өндірістік кәсіпорындардағы логикалық процестер облысында қолдану сызбасы келесі түрде беріледі (15- сурет):

Сурет. 15


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет