C-GLOBAL – Жаһан, Қазақ елі
...Абылай хан жас кезінен-ақ көзге түскен Қаз дауысты Қазыбекті қалмақтың ханы Қоңтажыға елшілікке жібереді. "Қоңтажы қол бастайтын батырмын, жол бастайтын көсеммін, сөз бастайтын шешенмін" деп, асып туған, тасып жүрген хан. Қол бастау да, батыр болу да, көсем болу да қымбат, бірақ бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат" деп баталы сөздерін айтып шығарып салады. Содан Қоңтажының ордасына барғанда: «Қазақ халқы бізге тайға мінгізіп бір баланы да жіберіпті. Абылайдың бізді келеке қылғаны ғой! Кісілерін қырып тастап, аттарын жылқыға қоса салсақ қайтеді?» – депті уәзірдің бірі. Барлық қалмақ қостап шуылдайды. Сонда қалмақ ханымы тұрып:
– Хан, ол дұрыс болмас. Қазақ деген қабырғалы қалың ел ғой. Жат елдің елшісі келгенде, хандық қасиетіңді сақтап, сөзін тыңдау керек. Сен жүз кісіні өлтіріп жайлана алмассың, жүз атты жылқыға қосып бай бола алмассың. Тай деген тұлпар болып жүрмесін, бала дегенің сұңқар болып жүрмесін, байқау керек,– деген екен.
Хан ойланып, өзінің бір данышпан сыншы қариясын қазақ елшілеріне жібереді. Келіп қазақтардың әрқайсысымен сөйлесіп, олардан ерекше ештеңе таба алмайды. Сыншы "алыстан келді ғой, ат-тоны қандай, сайлы ма екен?" – деп аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр екен. Іле-шала сыншы қарт атып шығып, көрген-білгенін ханға барып асыға баяндайды. Ханға не айтты дейсіз бе? Осы жерде әңгімені сәл үзе аялдалық.
...Бүгінде он сегіз мың ғаламда дүбір мен дүрбелең. Адамзаттың ынтасы мен ындыны алапат. Әсіресе, алпауыт елдердің күші басым, күші басым болған соң мысы басым. Жұмыр жердің бар байлық-мүккамалын кенедей сорып, жалмап, жайпап барады. Осының салдарынан қазір әлемде экономикалық және гуманитарлық дағдарыс. Енді, одан шығу стратегиясы қызу талқылануда. Алайда мықтылар еңсе тіктеп, бой көтере бастаған жұртты елегісі келмейді. Жүре тыңдайды. Санасқысы жоқ... Бірақ осылай бола берсе, жұмыр жердің тағдыры тәлкеке ұшырары анық. Бұл дегеніңіз – жаһандық катастрофа. Не қылмақ керек? Ұсынар да, ұстанар да ұтымды қисын, ұтқыр жосық кімде бар? Мұқым дүниедегілерді үндестіріп айтарын айтқызып, талқыға салып сараптап-талдап беретін алаң, жеткізерін жеткізіп беруге ұйтқы ел бар екен. Ол – Қазақстан. Ол – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев! Президент G-GLOBAL жобасын, идеясын төрткүл дүниеге паш етті.
Елбасын сонау бір ғасырлардағы бабалар рухы жебеді ме, басы алпауыттар АҚШ, Қытай, Ресейден бастап, барша әлем жұртшылығына тең дәрежеде мәлімдеді.
Сонымен G-GLOBAL жүйесі – бұл Елбасының 2011 жылғы ғаламдық теңгерімді кеңейту бастамасы. Қандай да бір халықаралық мәселені талқылағанда, барлық мемлекеттердің ұстанымы ескерілуі қажеттілігі. Жаһандық экономикадағы борыштық қарым-қатынастарды теңдестіру.
Ал 2012 жылы өткен V Астана экономикалық форумында Президент G-GLOBAL-дың мынадай бес ұстанымын ұсынды: эволюциялық даму жолы; әділеттілік, теңдік және мәміле; жаһандық төзімділік пен сенім; жаһандық ашықтық; конструктивті көп полярлылық.
Халықаралық саясаткерлер мен жетекші сарапшы-мамандар тіркелген G-GLOBAL-дың қазір коммуникациялық алаң есебінде жемісті жұмыс істеп тұрғанын айту ләзім.
...Сонымен Қонтайшыға сыншысы былай депті: "Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі қолы екі жақта, құлаш ұрып жатыр. Аузынан жалыны атқылап тұр екен. "Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халықты қара шыбындай аузыма үймелетемін", – деп тұр екен, – дейді. Енді сіз G-GLOBAL идеясына зер салып, салыстырып көріңізші...
Жас тәуелсіз мемлекетіміз бүгінгі әлеуетті елдер алдында еңсе та-ластыратындай сол жас балаға ұқсайтын секілді!
М А З М Ұ Н Ы
Ағайынның арасы............................................................................................
Атаңа не істесең...............................................................................................
Заманға жаман күйлемек................................................................................
Жақсы – жаман................................................................................................
Қазақтың баласы..............................................................................................
«...Бауырым деп».............................................................................................
Аузы дуалы, сөзі уәлі......................................................................................
Аңдамай сөйлеген...........................................................................................
Осы біз қалай сөйлеп жүрміз?........................................................................
Бес жапон немесе Бауыржан..........................................................................
Жылтыр, жылтыр............................................................................................
Кие түс көшіп барады.....................................................................................
Номад немесе Кейкі........................................................................................
Кие....................................................................................................................
Шал мен Жолдас..............................................................................................
Ұят.....................................................................................................................
Сіз не дейсіз?....................................................................................................
Мінез.................................................................................................................
Тәуба.................................................................................................................
Бәсеке................................................................................................................
«Ертеде бір бай болыпты...»...........................................................................
Кәкімжаным он бірге келсе............................................................................
Эгоизм..............................................................................................................
«Лұқпан хакім мың жасапты»........................................................................
Өзіңді өзің ізде.................................................................................................
Кім қалай ойнап жүр?.....................................................................................
Қарапайым болу кімге лайық?.......................................................................
Сұмдық.............................................................................................................
Құмырсқаның қанағаты..................................................................................
Сағыныш немесе қалта телефоны.................................................................
Тектілікті тестен сұраңыз...............................................................................
Абай болыңыз..................................................................................................
Қазір тұлға керек пе?.......................................................................................
Ардың ісі... Ұлылар неге жылады?................................................................
Әлі де ізбасармыз............................................................................................
Өзім де, өзге де................................................................................................
Тіленшілік........................................................................................................
Адамдардан шаршаған....................................................................................
Айсана...............................................................................................................
Бақжарыс..........................................................................................................
C-GLOBAL – Жаһан, Қазақ елі......................................................................
Достарыңызбен бөлісу: |