ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ
Нұрғиса Тілендиев
Нұрғиса Тілендиев (1925 – 1998) – «Қазақстанның
халық əртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу
күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы
облысында дүниеге келген. Оның əкесі күйші, анасы əнші
болған. Өзі домбыра тартуды бес жасынан меңгерген. Он
екі жасында оркестр құрамында ойнайды. Өнерге қанат
қағуына академик А. Жұбанов ықпал етеді. Нұрғиса аспапты
музыка өнерінің жаңаша өркендеп дамуына жол ашады.
Дəстүрлі музыканы жете меңгерген өнер саңлағы көптеген
спектакльдер мен көркем суретті фильмдерге əн жазған.
Халық арасында кеңінен танымал өлеңдері де аз емес.
Үкімет қаулысымен «Отырар сазы» оркестрі 1999 жылдан бастап Н.Тілендиев
атындағы этнографиялық оркестр деп атауын өзгертті.
КҮМІС КӨМЕЙ ƏНШІЛЕР
Мəди Бəпиұлы
Мəди Бəпиұлы (1880 – 1924) – халық ақыны, əнші-
композитор. Ол Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында
дүниеге келген. Қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы. Жасынан-
ақ əншілік, домбырашылығымен аты шығады. Ақан сері,
Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты саңлақтармен
кездесіп, өнер сайысына түседі, өнеге алады. Жалған жала
жабылып, жазықсыз абақтыға түседі. Түрмеде елін, жерін
сағынып, əділетсіз заманға қатты налып «Қаракесек» əнін
шығарады. Мəдидің бұдан басқа да «Үшқара», «Шіркін-ай», «Мəди» атты жан сезімін,
көңіл күйлерін бейнелейтін шабытты шығармалары бар. Бұл əндердің біразы кейінгі
қазақ операларында пайдаланылуда.
Мəди 1916 жылғы халық азаттық көтерілісіне үн қосқан. Патшаның жергілікті
əкімдерінің озбырлығын əшкерелейтін жырлар толғаған. Мəди Бəпиұлының əн
мəтіндерінен басқа өлеңдері əлі жинақталмаған.
Мəдидің шығармалары туралы А.Жұбанов зерттеу еңбектер, ал Ə.Əбішев «Найзағай»
атты роман, Ə.Бектасов «Мəди» атты кітап жазды.
548
Достарыңызбен бөлісу: |