Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


топ. Үзіндіні оқиды, мәтіннің жанрын анықтайды. топ



бет117/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

топ. Үзіндіні оқиды, мәтіннің жанрын анықтайды.

  • топ. «Ақпаратты сүзіп алу» әдісімен мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолданады.

  • топ. Топтың әр оқушысы мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Саралау мүміндіктері: қабылдау қабілеті жоғары оқушылар мәтін түрлерінің белгілерін біледі, мәтіннің негізгі идеясын түсінеді, қабілеті орташа оқушылар мұғалімнің көмегімен мәтін түрлерінің белгілерін анықтайды, мәтін мазмұнын түсінеді.

    Рефлексия. «Алмаағашы» әдісі: Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ.
    Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!

  • 7 мин

    Мұғалім-сынып

    Оқулық








    «Ойнайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға әр топқа жеке-жеке суреттер беріледі. Оқушылар сол суреттерге қарап, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Бұл тапсырманы орындауда саралау тапсырмасын орындатуға болады. Мысалы, білім деңгейі төмен оқушылар сурет бойынша сөз тіркестерін құрастырады, ал білім деңгейі жоғары оқушылар сөйлемдер, жай сөйлемдер құрастырады. Осы тапсырманы орындату барысында «Айналма бекет» әдісін қолданған тиімді. Әр топқа берілген суреттер келесі топтармен алмастырылып отырады. Нәтижесінде бір суретпен оқушылар бірнеше сөз тіркестерін, бірнеше сөйлемдер құрастырады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар бір- бірін бағалауды үйренеді. Ең жақсы сөйлем құрастырған топ «Дүркін шапалақ» әдісімен оқушылар тарапынан бағаланады. Тапсырманы орындамас бұрын ойынның шарты айтып түсіндірілуі тиіс. Тапсырма оқушылардың есте сақтауын дамытуға, алған білімдерін бекітуге, сөйлеуін дамытуға арналған.
    Оқушылар тарапына тапсырмаға кері байланыс орнатылады.
    «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

    6 мин

    Топтық жұмыс

    Оқулық
    Тақырыпқа қатысты
    суреттер, А3 парағы, түрлі түсті маркерлер

    Оқулықтағы ұсынылған бұл тапсырма – оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырма. Тапсырманың орындалу реті. Оқушылар жұпқа бөлінеді. Киізден жасалған бұйым атауларын теріп жазады. Олармен сөйлем құрайды. Мұғалім дұрыс құрылған сөйлемді
    дәптерлеріне жаздырады.

    5 мин

    Жеке ж. Жұпт. ж.

    Оқулық

    «Сөйлесейік» айдарымен берілген тапсырма оқушылар үшін өте қызықты әрі ұнамды болып табылады. Балалар өздерінің кәдесыйларын саттыққа шығарып, шынайы сипаттап сатып алуға ұсынатын болады. Оқушының тілді қолдану шеберлігі байқалып, оқушылар марапат сөздер еститін болады.










    Мұғалім сабақ соңында оқушының өзін қалай бағалауын байқау мақсатында кеменің суретін таратып береді.

    • Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, кемеңді жасыл түске боя.

    • Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, кемеңді сары түске боя.

    Егер сен сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, кемеңді қызыл түске боя.






    3 мин

    Сынып-мұғалім






    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   337




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет