Сабақтың тақырыбы
|
Күн райы болжамы. (3-тоқсан 5-тарау). 65-сабақ
|
Дағды
|
Тыңдалым және жазылым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.1.3.1*Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын
анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау
4.4.1.1 Шағын сюжетті презентацияны комикс/буклет/ коллаж/жарнама/ сөйлемдермен толықтыру
|
Лексикалық минимум
|
Ашық, бұлтты, жаңбыр, жылы
|
Алдыңғы білім
|
Қайталау
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану
|
Сабақтың барысы
|
С.кезеңі
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «ауа райы» сөзіне ассоциативті қатар құрғызады. Оқушылар ауа райына байланысты өз білімдерін пайдаланып, ассоциативті қатар құрады. Мұғалім оқушыларды тыңдайды, толықтырады.
Оқушылардың назары интерактивті тақтадағы жаңа сөздерге аударылады. «Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді тиімді меңгерту үшін жұмыс істейді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушыны сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді (жарқыраған күн, жаңбыр, жылы, бұлтты) сурет арқылы меңгертеді. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру үшін жарқырап шығып тұрған күн, жауып жатқан жаңбыр, термометр, бұлтты аспанның суретін көрсетеді. Оқушылар сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркесін құрастырады, сөйлемдер құрайды. Оқушылардың сөздерді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін мұғалім жазуды алып тастап, суреттерді араластырып қояды. Оқушыларға суреттерді көрсеткенде, оқушы оның қандай жаңа сөзге қатысты сурет екенін айтады.
|
5 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Үлестірмелі қима қағаздар, түрлі түсті маркерлер
|
Негізгі бөлім
|
«Тыңдайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар тыңдалымға арналған мәтінді 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдап болған соң, ауа райы болжамына қатысты кестені толтырады. Тапсырма оқушылардың тыңдалым, есіне сақтау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар мәтінді тыңдау арқылы ауа райы болжамы жайлы жаңа ақпараттармен танысады, ауа райы болжамы жайлы білімін кеңейтеді. Оқулықты бүлдірмес үшін мұғалім оқушылардың стикерді қолдануын сұрайды.
Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. Қандай мадақтау сөздерін қолдану керектігі мұғалімнің өз еркінде. Тыңдалым мәтіні:
Құрметті көрермендер, ертеңгі күн райымен таныс болыңыздар! Ертең желтоқсанның 1-і, Оралда күн ашық, жылы болады. Ауа температурасы +7 градус. Оңтүстіктен жылы жел соғады. Жаңбыр жаумайды.
Тапсырма аясында 4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау оқу мақсаты меңгертіледі.
|
7 мин
|
Жеке жұмыс
|
Тыңдалым мәтіні, кесте, СД диск
|
Қала атауы
|
Күні
|
Күн райы
|
Ауа
температура- сы
|
|
|
|
|
|
«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар тыңдалым мәтінімен жұмыс істеуді жалғастырады. «Сиқырлы сандықша» әдісі арқылы оқушыларға тыңдалым мәтіні бойынша бірнеше сұрақтар беріледі. Сандықшадан әр топтан оқушылар сұрақтарды алып, ойланып жауап береді. Оқушыларға қойылатын сұрақтар – күнделікті күн райымен байланысты сұрақтар. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың логикалық ойлауы, сыни ойлауы дамиды.
Күн райы болжамын кім айтады?
Күн райы болжамын қайдан білуге болады?
Ауа температурасын көрсететін құрал қалай аталады?
Сынап бағанасы 0-ден жоғары болса нені білдіреді?
Сынап бағанасы 0-ден төмен болса нені білдіреді?
Сынап бағанасы +18 болса күн қандай болады? Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
10 мин
|
Оқушы-мұғалім
|
Жаңа сөздерге қатысты суреттер, сандықша, түрлі түсті қағазға
жазылған сұрақтар
|
«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасын орындауда мұғалім оқушыларға интерактивті тақтадан қала атаулары, күн райының температурасы жазылған Қазақстан картасын көрсетеді. Бұл тапсырманы орындау үшін «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады. Топтар арасында жарыс ұйымдастыруға да болады, бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Әр топтан оқушылар шақырылып, қалаған қаласындағы күн райы өзгерісі туралы айтады. Сыныптан «Бақылаушы» және «Сарапшы» ретінде екі оқушыны сайлап, оқушылардың жауаптарын жауап парағына тіркеп отырады. Бақылаушы тек оқушылардың жауаптарын бақылайды. Сарапшы оқушының қатесін тауып, түзетуге көмектеседі. Осылай оқушылар Қазақстанның бірнеше қаласындағы өзгерістерді көрсетіп, ауызша айтып шығады. Бұл тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған және қызығушылығын тудырады.
Оқушыларға бір үлгі беріледі, оқушылар үлгіні басшылыққа ала отырып, күн райы болжамы туралы айтады. Бұл тапсырма аясында
|
Достарыңызбен бөлісу: |