Бағалау критерийлері
Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2–2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру\сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау\кесте толтыру\ кластер құрастыру\ болжау
Септік\ жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды
ауызша\жазбаша тілде қолдану
Дескриптор:
Тыңдаған мәтін бойынша сұрақ құрастыра алады, сұраққа жауап бере алады.
Қосымша мен шылауларды қолдана біледі.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
Сабақтыңтақырыбы
Қайтаөңдеу. (3-тоқсан, 6-тарау). 101-сабақ
Дағды
Айтылым, тілдік дағды
Оқытумақсаттары
4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім
бойынша,... оның пікірінше,... оның айтуынша,... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау.
4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру
Лексикалық минимум
Бүлдіру, пайдалану, өңдеу, өнім шығару, артық. Сөздердің орын тәртібі.
Балалар, бүгінгі сабақ өте қызықты болатын сияқты. Қалай ойлайсыңдар, не туралы?Мына адасқан әріптердің артында сандар белгіленген екен. Ендеше санның ретін сақтап мына сөздердің сырын ашайықшы. Берілген сөз «Қайта өңдеу».
Ал, балалар, оны қалай түсінеміз? Бұл не сөз?
Қайтадан жасау.
Дұрыс айтасыңдар. Керемет. Ал нені қайта жасауға болатынын бүгінгі сабақта қарастыратын боламыз.
2 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
Негізгі бөлім
«Сөйлесейік»айдарында мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында берілген суретте «Недұрысемес?» екенін анықтау және үлгі
бойынша өз ойын айтқызып, 4.2.5.1 мақсаты арқылы жүзеге асырады. Мұғалім қашанда оқушыларға алдымен өзі үлгі көрсетеді. Мысалы: бұл сурет бойынша ақ қағазды қолдану дұрыс емес. Әзірге мұғалім сурет туралы айту барысында оқушылардың білетін сөздерін қолданады.
5-6 мин
Жеке
Оқулық
«Жаңа сөз үйренейік»айдарында оқушыларға бірнеше суреттер беріледі. Және сол суреттердегі әрекеттер арқылы оқушылар ойларымен бөлісіп, жаңа сөздерді теріп, дәптерлеріне түртіп алады. Мұғалім әр сөздің мағынасын түсіндіруге тоқталып, оқушы санасына әбден сіңіртеді. Түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудан аянып қалмайды. Кейбір сөздерді ассоциация арқылы ұғындырса, кейбір сөздерді мимика, ым-ишара арқылы ұғындырады. Мағынасын жеткізіп қана қоймай, оқушыларға ол сөздердің
дұрыс айтылуын үйретіп, айтылуын тыңдатады, қайталатады. Топта, жұпта, жеке қайталатып, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыс жүргізеді.
5-7 мин
Жеке
Оқулық
«Жаттығайық»айдарында оқушыларға екі түрлі тапсырма ұсынылады. Алғашқы тапсырма бойынша оқушылар сөйлемнің келесі компонентін жазады. Ал екінші тапсырмада сөйлем мағынасына терең бойлап, жағдаятқа сәйкес келетін нұсқаны қолданып сөйлейді. Заттарды қайта өңдеу керек пе, әлде өндіріс көлемін азайту керек пе, әлде қайта қолдануға ұсыну керек пе?
– деген сауалдар төңірегінде ойланып жауап беруді сұрайды. Оқушылар өз жетістіктерін «Басбармақ»әдісімен бағалайды.
8 мин
сынып
Оқулық
«Ойнайық» айдарымен берілген тапсырма оқушылардың жұппен орындауына арналып құрастырылған. Балалар «А» және «Б» оқушылары болып бөлініп, бір-бірімен тақырыпқа сай сөйлеседі. Мұғалім өзі тақтаға сурет салып, қасына бір оқушыны алып үлгі көрсетеді. Мысалы, мұғалімнің бірінші суретінде джинсы күрте, ал екінші оқушыда шыны бөтелке суреті болады. Мұғалім өз суретіне қатысты: «Менің бірінші суретімде джинсы күрте бар. Оны қайта қолдану керек. Одан сөмке тігуге болады. Немесе қайта бояп, өңдеу керек деп ойлаймын». Екінші оқушы болса дәл осы үлгіні пайдаланып «Менің бірінші суретімде шыны бөтелке бар. Оны қайта қолдану керек. Оны тазалап, оған қайта айран құюға болады деп ойлаймын», – деп өз ойын айтады. Оқушы айтылым барысында қосымшаларды дұрыс қолдануға, сөйлемдегі сөздердің орнын дұрыс қоя
білуге тырысады. Осылайша, 4.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру оқу мақсаты орындалады.
10 мин
Жұппен
Оқулық
Қор. бөлім
Рефлексия Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: бүгінгі сабақта Не оңай болды? Не қиын болды?
«Білім ағашында» оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. «Білім ағашына» бүгінгі сабақтағы ең маңызды деп санаған 3 нәрсені стикерге жазып, жапсырады.