Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


«Тыңдайық және жауап берейік»



бет272/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Тыңдайық және жауап берейік» айдары бойынша оқушылар мәтінді бірнеше рет тыңдайды. Мұғалім алғашқы тыңдалымнан соң оқушылардан не түсінгенін сұрайды. Оқушылар мәтінді екінші мәрте тыңдаған кезде мұғалім оларға түсініксіз сөздерді түртіп отыруларын тапсырып, диалогті жете түсінулеріне көмектеседі. Диалогті үшінші рет тыңдағаннан кейін барып оқушыларға оқулықтағы негізгі тапсырманы орындауға рұқсат етіледі. Тапсырманың дұрыс жауабын анықтату мақсатымен жұпта және сынып болып тексеріп, қажет жағдайда тыңдалымды тоқтатып тексеру мүмкіндігіне жол ашады. Осы тапсырма арқылы 4.1.1.1 оқу мақсаты игеріледі. Тыңдалым соңында оқушылардың тапсырманы орындауда қандай қиындықтарға кезіккендері туралы мұғалім сұрап, алдағы уақытта ескеретін жайттарды анықтап біледі. Оқушылар өз жұмыстарына қаншалықты риза болғандықтарын көңіл күй смайликтерімен немесе түстер бойынша көрсетіп берулеріне болады. Тыңдалым мәтіні
Тыңда және жауап бер.
Балалар өскенде кім болуды армандайды? Анықта.


Бақыт: Қуаныш, Айсана, сендер өскенде кім болғыларың келеді?
Айсана: Мен өскенде ғарышкер болғым келеді. Алыс-жақын елдерді өзімнің ұшағыммен аралағым келеді.
Қуаныш: Ал мен астроном болғым келеді. Жұлдыздар әлемін терең білгім келеді.
Бақыт: Иә, армандарың орындалсын. Мен өскенде ғарышкер болғым келеді. Үнемі түсімде ғарыш айлағынан кемемен ғарышқа ұшып бара
жатамын.

7 мин

Мұғалім-сынып, оқушы-оқушы

Оқулықтағы тыңдалым және
жазылым үлгісі




«Сөйлесейік» айдары. Оқулықтың келесі тапсырмасын орындауда оқушылар жаңа сөздерді және қалау райын қолданып бір-бірімен сөйлеседі. Мұғалім бұл тапсырманы орындатпас бұрын оқулықта ұсынылған үш оқушының нені қалайтынын, нені армандайтынын оқушылармен бірге сөз етіп, алдағы айтылым тапсырмасына дайындайды. Мұғалімнің арнайы нұсқауымен немесе көрсеткен үлгісін басшылыққа ала отырып оқушылар оқулықта берілген кейіпкерлердің рөлін сомдап, бір-бірімен сөйлеседі. Осы орайда айтылым дағдысы негізінде 4.5.1.3 оқу мақсаты қосымша жүзеге асады. Тапсырманы орындап аяқтағаннан кейін, оқушылардың қаншалықты диалогке қатыса алғандығы нақты мұғалім тарапынан ұсынылған критерийлер негізінде бағаланады. Бұл тұста оқушылардың бірін-бірі бағалауы оңтайлы болады. (Критерийлерге жаңа сөздерді қолдана білу, рөлге еніп сөйлеу, өз қалауын түсіндіре алу қабілеттерін таныту сынды шарттарды
көрсетуге болады).

3 мин

Оқушы-оқушы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет