Сабақтың тақырыбы
|
Ғарышкер болғым келеді. (4-тоқсан, 7-тарау). 105-сабақ
|
Дағды
|
Тыңдалым, тілдік дағды
|
Оқыту мақсаттары
|
4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру
4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша\ жазбаша тілде қолдану
|
Лексикалық минимум
|
Ғарыш, ғарышкер, алыс, жақын, айлақ
|
Алдыңғы білім
|
(Алғашқы сабақ)
|
Пәнаралық байланыс
|
Ғылымға кіріспе
|
Сабақтың барысы
|
С.кезеңі
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурс- тары
|
Кіріспе
|
Мұғалім сабақты бастамас бұрын оқушылардан өскенде кім болғысы келетінін сұрайды. Сынып оқушылары өз ойларын айта алуы үшін мұғалім алдымен өзі үлгі көрсетеді. Ол үшін сабаққа екі ойыншық кейіпкерді қатыстырып, қуыршақ театрын ұйымдастыруға болады. Мысалы:
Қоян: «Мен өскенде дәрігер болғым келеді».
Қонжық: «Ал мен өскенде шаштараз болғым келеді».
Бұл үлгіні оқушылар өздері туралы айтып беру үшін қолданады. Алдымен тілдік қабілеті жоғары оқушылардан сұрап, оларды өзгелерге үлгі етеді.
Мұғалім сабақтың ұйымдастыру бөлімін аяқтап, негізгі сабақтың тақырыбына ауысады.
|
3 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Ойыншық кейіпкерлер
|
Мұғалім оқушыларға «Оқиық және жауап берейік» айдары арқылы бірінші тапсырмасын береді. Жұмбақтың шешімін мұғалім оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатындағы түрлі әдістерге сүйене отырып таптырады. Мысалы: дұрыс жауап табу мақсатында тақтаға ілінген суреттердің сөзін іштей оқып барып, суреттің бірін таңдау арқылы немесе хормен оқып, суреттерді салыстыра отырып жауап тапқызуға болады.
Баса айта кететін жайт, мұғалім оқушылардың жұмбақ мазмұнын оңай ұғынуы үшін ым-ишараны қолдану немесе қосалқы түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы көмек береді.
|
2 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Оқулық
|
|
«Жаңа сөз үйренейік!» айдарында мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту үшін сөздікпен жұмыс жүргізеді. Алдымен, әр жаңа сөзді өзі айтып, дұрыс айтылуын оқушыларға естіртеді. Одан соң оқушылардың қайталауын сұрап, жаттықтырады. Әр сөзді жеке-жеке үйретіп, үйрету барысында оқушылардың алдымен топ болып қайталауын, одан соң жұп болып, соңында жеке-жеке қайталауын жүзеге асырады. Сондай-ақ мұғалім оқушылардың сөздерді оңай жаттап алуына ден қойып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Мысалы, жаңа сөздерге қатысты суреттердің арасынан біреуін жасырып, «Қайсысы жоқ?» деп сұрауға болады немесе суреттердің орындарын ауыстырып «Қайсысы орын ауыстырды?» деп ойын түрінде еш мәжбүрлеусіз сөздерді
жаттатқызады.
|
5 мин
|
Топтық жұмыс
|
|
Негізгі бөлім
|
«Жаттығайық» айдарында мұғалім оқушылардың жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, кейін жұпта және топта тексерулерін сұрайды. Мұғалім өзінің байқап, бағамдауы бойынша үлгі бола алатын қабілеті жоғары балаларды ортаға шақырып, тапсырмаға сай өз ойын айтып беруін
сұрайды. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар жаңа сөздерді қолданып үйренеді.
|
5 мин
|
Жеке
|
Оқулықтағы жазылым үлгісі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |