Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет87/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Есте сақтайық!» айдарындағы тапсырмада оқушыларға жіктік жалғауларының ережесі ұсынылады. Мұғалім жіктік жалғауларын қолданыстық тұрғыдан түсіндіреді. Мысалдар келтіреді. Бірнеше сөздерді ауызша жіктейді. Жіктік жалғауын оқушылар жете меңгергенге дейін мұғалім өз жанынан қызықты тапсырмалар қоса алады. Сондай тапсырмалардың бірі төмендегідей:
А) Оқушыларға кесте беріледі, оқушылар кестедегі жалғауларды ережеге сәйкестендіреді.
Келесі тапсырмада оқушылар көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, өз мысалдарын ойлайды. Бұл тапсырма оқушының қисынды ойлауын, жіктік жалғауын дұрыс қолдана білуге дағдыландырады. Тіпті осы кестені еденге сызып, қажет орынға тұрып, білімін дәлелдеулерін ұйымдастыруға да болады.
Ә) Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қой. Өзің мысал ойлап жалғастыр.

  1. Мен күшті..., мықты... . Ауыр затты көтере аламын.

  2. Мен ақылды. Кітап оқи аламын.

  3. Мен еңбекқор. Үй жинай аламын, тамақ пісіре аламын.

5 мин

Жеке жұмыс

Жіктік
жалғауына қатысты ереже





...мын

...мін

...пын

...пін

...бын

...бін

тәрбие-
лі



















ақылды



















көңілсіз



















жомарт



















Үміт



















Алмаз

















































































































































































«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар жіктік

5 мин

Мұғалім-сынып

Жіктік

жалғауына байланысты білімдерін одан сайын бекіте түседі.

жалғауларына

Оқушылар диалогке қатысу барысында өз жандарынан комплимент

қатысты кесте

айтуды жүзеге асырады. Аса қабілетті оқушылар диалогті өз

сызылған

қалаулары бойынша ойдан жалғасырып кетулеріне болады. Осы

флипчарт

тапсырманы орындау барысында 4.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын




тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлемдер құрастыру




мақсаттары жүзеге асады.




Келесі кезекте мұғалім «Назар аударайық» айдарын басшылыққа




алып мұғалім жазылуы мен айтылуында айырмашылығы бар




сөздерге тоқталып, түсінік береді.




«Оқиық» тапсырмасы оқушының оқылым дағдысын дамытуға, оқылым бойынша не түсінгенін айтуға бағытталған. Алдымен өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды, содан соң сыныптағы оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды.

  1. Балалар, өлең не туралы?

  2. Өлеңде қандай қуыршақтар туралы айтылған?

Оқушылар сұраққа жауап беріп болған соң, өлең бойынша түсінгендерін айтқызу үшін олармен «Шеңбер әдісі» ойынын ойнайды. Оқушылар шеңбер бойымен отырып, өлеңнің мазмұнын сөз, сөз тіркесі, сөйлем айту арқылы өрбітеді. 4.3.4.1 *мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру оқу мақсаты орындалады.

8 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық қуыршақ

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар өздерінің

7 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

сүйікті ойыншық кейіпкері туралы әңгімелейді. Оқушыларға бір




ойыншық кейіпкер туралы үлгі беріледі. Оқушылар жұптасып




отырып, бір-біріне өздерінің ойыншық кейіпкері туралы әңгімелеп




береді.




Үлгі:




Менің әдемі қоңыр қонжығым бар. Оның аты – Балу. Ол сегіз




жаста. Ол өте жұмсақ. Оны менің туған күніме анам сыйлаған. Ол




ақылды, жомарт. Ол жалқау емес, ол ұрыншақ емес.







«Назар аударайық» айдарын басшылыққа ала отырып оқушы болымды мағынаны болымсызға қалй аналдыру керектігін оқушыларға мысал келтіре отырып түсіндіреді.

3 мин







Қорытынды ь бөлім

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар өздерінің ойыншық кейіпкері туралы айтып береді. Оқулықта берілген үлгіні басшылыққа алады.
Мұғалім оқушыларға пысықтау сұрақтарын қояды:

  • Сендердің қандай сүйікті ойыншықтарың бар?

  • Ойыншықты сендерге кім сыйлады?

  • Сен ойыншығыңмен сөйлесесің бе?

Рефлексия. «Білім ағашы» – оқушылар бүгінгі сабақта үйренген үш нәрсені стикерге жазып, білім ағашына жапсырады.

6 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс
орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

  2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлемдер

құрастыру

Дескрипторы

  • Диалогке түсіп, өз ойын еркін жеткізеді.

  • Сөйлеу барысында құрмалас сөйлемдерді қолданады.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Сабақтың тақырыбы

Жаман жолдас. (1-тоқсан, 2-тарау)
26-сабақ

Дағды

Оқылым (грамматика) және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.4.5.1 Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы
бар сөздерді дұрыс жазу

Лексикалық минимум

Ұялу, қарт, достық

Алдыңғы білім

Жалқау қуыршақ

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Сабақтың барысы

С.кезең

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға жаңа сөздер ұсынылады. Оқушылардың назары оқулықтағы жаңа сөздерге аударылады.
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді тиімді меңгерту үшін жұмыс жасайды. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертеді (күшті, әлсіз, қарт, жас, ауру, сау). Мұғалім алдымен оқушыларға суреттерді көрсетеді және қайталатады. Оқушының суретті сөзді қаншалықты есте сақтағанын білу үшін мұғалім 1-суреттен бастап біртіндеп алып отырады. Оқушы тақтада суретте сөз жоқ болса да, өтілген жаңа сөздің барлығын айтып шығуы керек. Мұндай әдіс арқылы оқушының көру арқылы есте
сақтау қабілеті дамиды.

2 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөздерді меңгертуге
қажетті суреттер

Негізгі бөлім

«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға қарсы мағыналары бар бірнеше сөз және мәндес мағынасы бар бірнеше сөздер ұсынылады. Оқушылар сөздердің қарсы мағынасын және мағыналас сөздерді ойлана отырып мағынасына қарай сәйкестендіруі керек. «Сәйкестендіру» әдісін түрлендіру үшін оқушылар сөздерді түрлі түсті қарындаштармен бірдей етіп
бояулары керек.
Үлгі:
жолдас күшті
сау жақсы
қарт әлсіз мықты нашар күшті ауру
жаман жас Жаман дос

5 мин

Топтық жұмыс

Сөздер жазылған парақша, түрлі түсті
қарындаштар







Келесі айдармен таныспас бұрын мұғалім оқушыларға «Дос» сөзіне ассоциациялық қатар құрастыруға тапсырма береді. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.

  • Сендердің достарың бар ма? Сендердің достарың қандай? «Дос» тақырыбын қандай мақсатпен қозғап отырмыз, қалай ойлайсыңдар?

  • деп мұғалім оқылым мәтініне «көпірше» жасайды.

«Оқиық» айдарындағы тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге аударады. Суретпен жұмыс оқушының қиялын дамытады және қызығушылығын арттырады. Оқушылар суретке қарап, әңгіменің не туралы болатынын болжайды. Тақырыпты болжау арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды да, оқулықтағы мәтінді оқуды бастайды. Алдымен мұғалім өзі оқиды. Мұғалім оқып болған соң, әр топтан оқушылар рөлге бөліп оқиды. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған.



5 мин

Мұғалім-сынып

«Дос» сөзіне ассоциациялық қатар құруға арналған парақша
Оқулық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет