Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет89/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Қ. Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығы


2. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» т.б. өлеңдері


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Тұманбай Молдағалиев

Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозында дүниеге келді. Тұманбай Молдағалиев - сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы.


1956 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды 1959-1970 жылдар аралығында "Пионер" журналында қызмет атқарады. 1970-1973 жылдар аралығында "Балдырған" журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен "Жалын"-ның бас редакторы болып істеді.
Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты. 1954 жылы Т.Молдағалиевтін тұңғыш өлеңі "Украина қызына" жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері" 1957 жылы жарық көрді. Т.Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. 1960 ж. "Кәмила", 1961 ж. "Көктем таңы", 1963 ж. "Алатау қызы", 1964 ж. "Ферюза туралы жыр", 1965 ж. "Зулайды күндер", 1966 "Жүрегім менің сапарда" т. б. жинақтары шықты. 1967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер" атты кітабы үшін 1968 жылы "Қазақстан комсомолы" сыйлығының лауреаты атанды. "Ескерткіш" (1969), "Шақырады жаз мені" (1970), "Жүрек ояу қашанда" (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді. Оның "Қош, көктем" атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971), "Хаттар" атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді. Т.Молдағалиевтің орыс тілінде "Я - сын Семиречья" (1962), "Первая встреча" (1968), "Новая тетрадь" (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты. Т.Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның "Құстар қайтып барады" (музыкасы Н.Тілендиевтікі), "Бақыт құшағында", "Әнім сен едің" (музыкасы Ш. Қалдаяқовтікі), "Ертіс вальсі" (музыкасы Жамақаевтікі), "Шақырады көктем" (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған. Ол байрон, М.Ю.Лермонтов, Т.Г.Шевченко, Туманян, С.Канутикян, Ғ.Ғұлам, Х.Ғұлам, Р.Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д.Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі - оның өлеңдері сезімге толы. Ақынның «Қош көктем», «Жаңа дәптер», «Жүрек ояу қашанда», «Махаббат оты сөнбейді», «Жүрегім менің сапарда», «Мен де жиырма жаста едім», «Жүректегі жазулар» т.б. жыр-жинақтарын жазды. Жинақтары орыс тілінде Мәскеуде, Алматыда, жеке өлеңдері басқа тілдерге аударылып, жарық көрген . Қазақстан Жазушылар сыйлығының иегері. Тұманбай өлеңдеріне көптеген ән жазылған.
Тұманбай – еліміздің аяулы азаматы, ардақты ақыны. Бұл – жүрекке сіңген, бәріміз іштей сезінген ұғым, түсінік. Тұманбай ақынның жомарт жүрегі жырдан жаралған, жыр – ақынның тірлігі де, тынысы да, қуанышы да, қиналысы да. Ақынның ғұмыры – жырға, жыры – ғұмырға айналған.
Ақынның жыр бұлағы тек ақиқатты әйгілейді, ағынан жарыла ел-жұртына ақ сөзін, таза сезімін – құпия сырын тек өзіне тән инабаттылықпен, даралықпен шертеді.
Ақынның туған әдебиет айдынында сонау елуінші жылдан қанат сермегелі ақындық сапар – жолы бақытты басталып, ел-жұрты бірден алақанына салып аялай жөнелген. Содан бері жырдың қыран тұғырынан түсіп көрген емес.
Алғашқы адымынан-ақ еркінен тыс құйылып келген тебіреніске бойын билетіп, әуен-сырдың, әуез-нұрдың ақ бесігінде тербелді; аяулысын ақ махаббаттың аспанында әуелетті. Төгіліп тұрған сезім-нұрдың шұғыласына бөледі, жас ақынның қанатты сезім серпілісі, от-жалыны өз оқырманының жүрегін шарпып жатты, арман-қиялын жұлдызды көкте самғатты.
Ай да бүгін аласарып төбемізден төнеді,
Сәулешімді рұқсатсыз қайта-қайта көреді.
Көлегейлеп жабар едім албыраған жар жүзін,
Бірақ менің өзімнің де көре бергім келеді.

Таңғы шықтай нәзік жырдан, нәзік сырдан өзі де қызара жымиып бір қояды да, жас ақын сезім серпілісін де дәл бере білді:


Көрсетпе сұлу әуресін,
Берілді жүрек тек саған.
Сүю де жақсы,сәулешім,
Сүйікті болу жақсы одан.

Жастық жыры – махаббат, арман-тілегі – ел бақыты, назы сырлы да нұрлы. Жастыққа тән жалынды жырлар – көңілді ортаның, албырт студенттің мінез-құлқы бірде нәзік, бірде әзілге құрылған жыр жолына түсіп, тамаша табиғат – жазғы ауыл, думанды жайлау, қиғаш қас құрбы қыздың сыңғыр күлкісі естіліп, ерке қылықтары көзге елестейді. Жас ақынның жырынан пәктіктің, адалдықтың, тазалықтың самалы есіп, тәнті қылады, тәтті қиялыңды нәзік самалымен тербетеді.


Төбеден төмен қараймын,
Ақ үйлер қатар тігілген
Көрінші көзге арайлым,
Көрінші, іздеп тұрмын мен.

Болмаса егер бұл төбе,


Көрші ғой ауыл тым жақын.
Кеште де, мейлі, ерте де,
Өзіңді көріп тұратын.

Тілегім неткен көп еді,


Жүрегім тұр ғой от алып.
Осынау тұрған төбені
Тастар ма еді қопарып!
Кестесі келіскен, сезімтал жыр иесі жас Тұманбай осылайша жыр бәйгесіне тай-тұлпарын тайпалта қосқан еді Жалынды ақынның жасыл құрақ жыры махаббатты ең әуелі пәктік, тазалық деп әспеттейді.
Жүйрік құлын желі басында сыналады, құйрық –жалы күлтеленген жас тұлпардың жарқын бейнесі әлі сол қалпында.
«Зулайды күндер», «Студент дәптері», «Кәмила» (өлеңдері мен дастандары), «Құралай», «Алатау қызы» (өлеңдері мен дастандары) – ақын жырының бір белесі болса, одан кейінгі кітаптары – сезім тереңдігі, ақыл парасаты, тұнықтығы мен арнасы мол салиқалы дарынның мөлдір тұмары, мол қазынасы.
Мағжанның «Қойлыбайдың қобызы», Сәкеннің «Сыр сандығы», Қасымның «Өзім туралы ойы», Ғалидың «Алғашқы адымы», Әбудің «Ақша бұлты», Мұқағалидың «Сәби болғым келедісі» ел есінде де тап осы аса талантты ақындардың нұр-келбетімен тұтасып кеткен жырлары екені белгілі. Осы секілді «Құстар қайтып барады», «Өмір, қымбаттым менің» сынды жыры – Тұманбайдың жалынды жас шағы еді. Ол ойыңа ой қосып, жаныңа жайлы шуақ төгеді. Жаңарғандай, ауыр ойдан айыққандай боласың. Өнер құдіреті деген – осы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет