Қазақ тілі оқыту қазақ тілінде емес мектептерге арналған Оқу жоспары 2017-2018 оқу жылы 1-сынып Мазмұны



бет16/82
Дата23.10.2019
өлшемі1,19 Mb.
#50540
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82
Байланысты:
1 сынып оқу жоспары






«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

2-бөлім: «Менің мектебім»

Осыған дейін меңгерілген білім

2-бөлім алдыңғы бөлімде меңгерілген білім мен тілдік дағдыларды дамытады. Оқушылар сондай-ақ өздерінің ана тілінде әңгімелер, өлеңдер және мектеп лексикасын білулері керек.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде оқушылар сынып мен мектепте өткізген уақыты туралы айтуға қажетті тілдік дағдыларды және 10-ға дейін санауды меңгереді. Бұл бөлім алдыңғы бөлімде меңгерілген сәлемдесу, киім, түстер, сезімдер мен сәбилік кезі туралы жеке ақпараттарға негізделеді. Бұл бөлім барысында дыбыстық жаттығулар үнемі жүргізіліп тұруы қажет. Бөлім «Өнер» саласы және «Дүниетану», «Жаратылыстану» пәндерімен пәнаралық байланыста өтеді. Бұл бөлімде оқыту жағдайлары оқушыларды қызықты рөлдік ойындарды ойнауға, оқу және жазу жаттығуларын орындауға көмектеседі.

Қысқаша шолу




Оқу бағдарлама- сына сілтеме


Оқу мақсаттары


Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері


Мұғалімге арналған ескертпелер


Оқу ресурстары







Артикуляциялық жаттығулар – 1-бөлімдегі дыбысты оқыту туралы нұсқаулықты қараңыз.

Бұл бөлімде ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ дыбыстарын дұрыс дыбыстауға арналған жаттығулар ұйымдастырыңыз.




1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану

1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым- ишараны қолдану, іс- әрекет жасау)

Сыныптағы мені қоршаған заттар

(МК) Мұғалім сынып бөлмесіндегі заттарға қатысты сөздерді карточкалар арқылы көрсете отырып таныстырады. Сонымен қатар сынып бөлмесінде бар заттарды нұсқау арқылы қайталатады. Мысалы, Мынау - парта. Мынау – орындық. Мынау – қалам. т.б.

(Ұ) Мұғалім сынып бөлмесіндегі заттарды оқушылардың өздеріне дауыстатып

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар: сынып бөлмесіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.

Бұл бөлімнің тақырыптарын меңгерту үшін рөлдік ойындарды ойнауға, оқу мен жазу жаттығуларын орындауға жағдайлар жасаңыз.



http://www.bala kai.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет