«Қазақ тілі» пәнінен


Жас көрінудің құпиясы ашылды



бет12/15
Дата03.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#205579
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
osh sor kazahskij-jazyk emn 10-klass kaz

Жас көрінудің құпиясы ашылды.Ғалымдар ғасырлар бойы жас көрінудің құпиясын табу үшін еңбектеніп келеді. Жақында олар сары өңді адамдарда ғана болатын ген тапты. Бұл ген тікелей теріге жауап береді.Ғылыми тілде MC1R деп аталатын ген теріні ультракүлгін сәулелерден қорғайды. Нәтижесінде тері ылғалдылығын сақтап, әдеттегіден жас көрінеді. Бұны дәлелдеу үшін Unilever компианиясы мен Нидерландтағы Эразмуз Университетінің ғалымы Дэвид Гунн бастаған профессорлар 2693 адамды ешбір бояусыз суретке түсіріп, өзге адамдарға көрсетіп, кімнің жасы қаншада екенін сұраған. Нәтижесінде сары шашты адамдардың түрі жас көрінетіні анықталған.


Клон адам қажет пе?


Адамзат баласы жаңа ғаламат өзгерістің табалдырығында тұр. Бұл гендік инженерияның жаңа бағыты клондауға қатысты. Клондау арқылы адамның биологиялық жасын ұзартуға және адам өмірінің шексіз жалғасуына мүмкіндік ашылады. Бұдан бөлек, қоғам алдында этикалық, философиялық, құқықтық, діни, әлеуметтік проблемалар да пайда болады. «Клон» деген сөз көне грек тiлiнен аударғанда «бұтақ» деген мағынаны бередi. Бұл құбылыс тiрi табиғатта жиi кездесiп отырады. Мәселен, бактерия немесе амеба бөлiнген кезде өз-өзiн клондайды. Мұндай құбылысқа бiр тұқымнан өнген бiр түп картопты, ұрықтанған жасушадан пайда болған бiржұмыртқалы егiздердi жатқызуға болады.
Жалпы, клондаудың екi түрi бар. Соған орай, тiршiлiк иесiн бүтiндей немесе белгiлi бiр мүшесiн ғана жасанды жолмен жасауға болады. Осы екi әдiстiң соңғысын «терапиялық клондау» деп атайды. Қазiр дамыған мемлекеттерде адамның ағза мүшелерi өсiрiлiп, трансплантология, яғни ағза мүшесiн ауыстыру iсiне қатысты салада бұл барынша қолданысқа енiп жатыр. Бүтiндей клондауды әдетте «көшiрме» деп атайды. Асыл тұқымды малдар мен ерекше жануарлардың түрлерiн сақтап қалу үшiн бүгiнде осы әдiске сүйенедi. Америкалық «Genetic Savings & Clone» және оңтүстіккореялық «RNL Bio» биотехнологиялық компаниясы қалауын білдірген кез келген адамның жақсы көретін ит, мысығын клондап беруге тапсырыс қабылдайтындықтарын мәлімдеген. Бірақ алғашқы компания тапсырыс берушілердің жоқтығынан жабылып қалды. Себебі оның ақысы өте қымбат. Жалпы, әлем елдерінде тәжірибе үшін, қой, ит, мысық сияқты жануарлар әлі де клондалу үстінде. Италяндық эмбриолог ғалым Северино Антинори үш баланы клондағандығын және 62 жастағы әйелдiң бала көтеруiне де себепшi болғандығын айтады. Алайда ауызша айтқаны болмаса ғалым айғақ ретінде ешқандай дәлел көрсете алмаған.
Жасанды адам жасауға қарсылық бiлдiрушiлер қыруар қаржыны қажет ететiн клондау әдiсiнiң әзiрге адамзатқа қажеті жоқтығын, жасанды адам бәрiбiр жасанды күйiнде қалатындығын алға тартады. Олар көп жағдайда физиологиясы нашар, ой-өрiсi жетiлмеген болуы мүмкін, әрі клондарда қартаю үрдісі қарқынды жүріп, жасы отыздан аспайды. Жасанды адам жасауға еркін жол ашылса, қылмыс әлемінде бассыздықтар белең алуы мүмкін. Себебі клондар арқылы өз мақсатына жеткісі келетіндердің шығуы ықтимал. Тiптi, кейбiр мемлекеттер әскерiн жасанды адамдармен жасақтап, соғыс өртiн тұтандыруы да ғажап емес. Ал пайдалы тұсы, жақынынан айырылғандар жасанды жол арқылы оларды қайталап жасату арқылы қайғысын басуға мүмкіндік алады. Әсiресе, баласын ажалдан арашалай алмаған ата-аналар үшiн бұл әдiс жұбаныш болар едi. Клондалған адам түпнұсқадан айнымайды, тіпті саусақ таңбаларына дейін бірдей болады. Ғалымдардың бiр бөлiгi түбінде бір гендiк инженерияның қызметiнен бас тарта алмайтын күн туатынына сенiммен қарайды. Бірақ әр адам қайталанбас жеке тұлға. Ол өмірге бір рет қана келуі тиіс.
Айша АРМАНҚЫЗЫ

  1. Екі мәтіннің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.



1-мәтін

2-мәтін

Екі мәтіннің тақырыбы







Мақсаты







Аудиториясы







Құрылымы




Тілдік ерекшеліктері










  1. Мәтін бойынша қажетті лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолданып, «Гендік инженерия арқылы адам өмірін сақтау дұрыс па?» деген тақырыпқа өз көзқарасыңызды дәлелдеп, эссе жазыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет