Қазақ тілі пр актикумы орыс аудиториясына арналған жаттығулар



бет13/15
Дата18.02.2017
өлшемі1,77 Mb.
#9899
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

1. ————————————————————, мен де барамын.

2. —————————— ——————————, бәрі күледі.

3. ————————————————————, маған да айтыңыздар.

4. ————————————————————, ол міндетті түрде күтеді.

5. ————————————————————, әрине, күн суытады.

5. Берілген сөздермен сөйлемдер құраңыз:барса, келсе, жазса, сөзінде

тұрса, жаңбыр жауса, күн жылынса.

6. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Егер жұмысқа кешігіп қалсаңыз не істейсіз?

————————————————————————————————

2. Досыңыз айтқанында тұрмаса қайтесіз?

————————————————————————————————

3. Қоғамдық көлікте жағымсыз музыка жүйкеңізді тоздырса не істейсіз?

————————————————————————————————

4. Орынсыз мақтау естісеңіз не істейсіз?

————————————————————————————————

5. Егер біреу жасаған қателігі үшін кешірім сұраса қайтер едіңіз?

Лексикалық тақырып: Ұлы адамдар – хандар, билер

1. Тұлғаларды танисыз ба? Әңгімелеңіз.

1. ____________ 2. ____________ 3. ____________

5. ____________ 6. ____________

4. ____________

189

2. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.



Абай – великий казахский поэт, композитор, философ, основополжник

казахской письменной литературы. Он родился в 1945 году. Отец Абая был

строгим, человеком. Мама Абая – Улжан была доброй, мягкой,

красноречивой. Бабушка Зере и мама Улжан воспитовали Абая. В 9 лет он

пошел в религиозную школу. В 13 лет отец ого забрал из школы. 3 месяца

он проучился в русской школе, прочел Пушкина, Лермонтова, Крылова и

перевел их произведения на казахский язык. А на переведенные им «Песня

Татьяны», «Горные вершины» написал музыку, и сейчас народ любит и

поет эти песни. В своих произведениях Абай сильно кретиковал волостных

и местных правителей. Абай умер в 1904 году. В 1909 году в Петербурге

вышла в свет книга «Стихи казахского поэта Ибрагима Кунанбаева».

Произведения Абая переводились на иностраннные языки. Сейчас его

произведения известны всему миру.

3. Абайдың нақыл сөзі бойынша шағын мәтін құраңыз.

Жаман дос – көлеңке,

Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың.

Басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың.

4. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

«Хан»сөзі – көне Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастап белгілі

болып келе жатқан сөз. Ол түркі халықтары мен моңғолдарда хаған, қаған,

қаһан түрінде жұмсалып лауазымды білдірген. Бұл сөз алғашқыда тайпа

көсемі деген ұғымды білдірсе, кейінірек ол жоғарғы мемлекет билеушісінің

лауазымы ретінде қолданылған. Қазақ халқында да қоғамның билеуші

тобының жоғарғы әлеметтік сатысында хан тұрған. Ханның міндеті: өкіметті

нығайту, қауымдық жерлерді руларға бөліп беру, көшіп-қоу мәселесін ретеу,

басқа көрші елдермен қарым-қатынасты нығайту т.б. Халқымыздың ең ірі

хандары Тәуке, Әбілқайыр, Абылай және т.б. болды. ( Мұхамадиева Н.Қ.

Үстемір Н.Ә. «Қазақ тілі»)

5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Хан» сөзі қандай ұғымды білдіреді?

————————————————————————————————

————————————————————————————————

2. Ханның міндеттері қандай?

————————————————————————————————

————————————————————————————————

3. Қазақтың қандай хандарын білесіз?

————————————————————————————————

————————————————————————————————

190 Қазақ тілі практикумы

6. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Тәуке хан

(1680 – 1718 жж. Билік құрған)

Билігін бүкіл мемлекет мойындаған қазақ ханы – Тәуке хан. Әз Тәуке

атанған қазақ ханы. Ол – Жәңгір ханның ұлы. Билерге сүйене отырып, Тәуке

хан сұлтандардың ықпалын бәсеңдетуге тырысты. Атақты «Жеті жарғы»

заңдар жинағын жасады. Ол сол кезеңдегі қазақ құқығының ережелер жинағы

болып табылады. Тәуке хан тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: Хан

кеңесі, Билер кеңесі қалыптасты. Ол басқарған кезде жыл сайын Ташкент

түбіндегі Күлтөбеде Үш жүздің басшыларының жиыны өткізіліп тұрған. Ол

көршілес қарақалпақтар мен қырғыздарды бағындырып, елінде тыныштық

орнатқан. Тәуке хан заманын халық: «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған

бейбіт заман», - деп атаған. ( Мұхамадиева Н.Қ. Үстемір Н.Ә. «Қазақ тілі»)

7. Мәтін бойынша тапсырмалар.

1. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

2.«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деген тұрақты тіркеспен

бірнеше сөйлемдер құраңыз.

2. Мәтін бойынша 5 сұраулы сөйлем дайындаңыз.

8. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

Бейбіт заман, жинақ жасады, болып табылады, қазақ ханы, ел тыныштығы,

билерге сүену, заңдар жинағы, арқа тұту.

9. Ханның түйіндемесіндегі мәліметтерді пайдаланып, мәтін құраңыз.

Қосымша мәліметтерді өзіңіз қосыңыз.

Абылай хан

Жалпы ақпарат:

Туған жылы: 1711ж, Шыңғыс хан әулеті

Уәлидің шаңырағында дүниеге келген.

Шын аты - Әбілмасұр. Руы – Төре

Үйленген


Жұмыс тәжірибесі:

1771- 1781жж. Қазақ ханы болды. 1771 жылы Әбілмәмбет хан

қайтыс болғаннан кейін, бар билік түгелдей Абылайға өтті.

Ішкі саясаты:

Абылай біртұтас қазақ мемлекетін құрудағы еңбегі

ерекше. Ол үш жүздің басын біріктірді. Ол алысты болжап,

көре білген сол тұстағы қазақ қоғамының саяси қайраткері.

Сыртқы саясаты:

Көрші елдермен экономикалық, саяси байланысты, өзара

қарым- қатынасты нығайтудың қажеттігін де сезе білген.

191

Білімі:


Жоғары. Абылайдың даналығы, саясаткерлігі туралы жыр-аңыз, әңгімелер, дастандар өте көп.

Жеке қасиеттері:

Елі үшін жауапкершілік, мақсаттылық, жан-жақтылық.

Қосымша ақпараттар:

Солтүстік Қазақстан (бұрынғы Көкшетау) облысындағы

Фрунзе атындағы кеңшар, Алматыдағы бұрынғы

Коммунистік даңғылы қазір Абылай хан атында.

Бурабайдағы «Ясная поляна» осы уақытта «Абылай

алаңы» деп аталады, себебі кезінде онда Абылайдың

ордасы тұрған.

10. Бұл кім? Әңгімелеңіз.

Бұл - ________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

Бұл- ________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

Бұл- ________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

192 Қазақ тілі практикумы

11. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Би – дау-жанжалға билік айтушы білермен адам. Би халықтың әдет-ғұрпын,

салт-дәстүрін жақсы білумен бірге сөз таласында шешендігімен, даулы істі

қарауда тапқырлығымен көзге түсіп белгілі болды. Билердің билік шығару,

ол биліктердің орындалу әдістерін белгілеуде кең құқықтары болды. Олар

кіші, орта және ішкі ордалар хандары кеңесінің құрамына кіріп, хандар

саясатына елеулі ықпал жасаған. Қазақ халқында атақты билер: Төле би

(1663-1756жж), Қаз дауысты Қазыбек би (1167-1764жж), Әйтеке би (1683-1767жж). «Билер соты» деген Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарына дейін

болды. ( Мұхамадиева Н.Қ. Үстемір Н.Ә. «Қазақ тілі»)

12. Мәтін бойынша сұрақтарғы жауап беріңіз.

1. Би дегеніміз кім?

————————————————————————————————

2. Ел саясатында алатын орны қандай?

————————————————————————————————

3. Қазақтың қандай билерін білесіз?

————————————————————————————————

13. Балабидің сұрағына жауап беріп көріңіз. Жауаптары: Ақыл, білім.

Тәкәппардың көңілі. Оқу, ғылым. Фәни жалған, адамның өмірі.

Жерден ауыр не?

Балаби қартайған шағында халқын жиып:

-Жерден ауыр не?

Судан терң не?

Оттан ыстық не?

Көктен биік не?- деп, төрт сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда

Балаби өзі айтқан сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен:

Жерден ауыр дегенім - .................................................................................................

Судан таза дегенім - .................................................................................................

Оттан ыстық дегенім - ..................................................................................................

Көктен биік дегенім - .............................................................................. ......................

14. Мәтінді оқып мазмұнын айтыңыз.

Қаз дауысты Қазыбекті үш қырынан қарастырған жөн. Ең алдымен ол –

асқан шешен, ақын болған кісі.

Екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды шешкен, әділ қазы. Үшіншіден,

ол – елші – дипломат, қоғам қайраткері, орта жүздің биі. Қазыбек қара

халықтан шыққанымен, Тәуке, Абылай сияқты қазақтың хандары оның

ақылдылығына, даналығына бас иіп, онымен санасып өткен. Қазыбектің

дауысы қоңыр қаздың дауысындай болыпты, содан ол Қаз дауысты атанып

кеткен екен.

193

Қазақ пен қалмақ арасындағы келіссөздердің бірінде Қазыбек би көзге



түскені мәлім. Сондағы Қазыбектің айтқаны мынау екен: - Біз қазақ деген

мал баққан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау

баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз,

басымыздан сөзді асырмаған елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, татулықты

сақтай білген елміз. Сен қалмақ болсаң біз қазақ қарпысқалы келгенбіз,

танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы

келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан алысқалы келгенбіз, берсең

жөндеп бітіміңді айт, бермесең тұрысатын жеріңді айт

Басымыздан намысты

Асырмаған елміз.

Адалдықты әрқашан

Жасырмаған елміз.

Адал ниетті ақтай білген елміз.

Атаның өсиетін балаға,

Баланың өнері атаға,

Айтып тарата білген елміз.

15. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

Асқан шешен, әділ қазы, елші, дипломат, қоғам қайраткері, бас иеді, дәм-тұзды ақтау, бітім айту.

Грамматикалық тақырып: Антоним

Антонимдер – это слова с противоположным значениями.

1. Сөз тіркестерінің қарама-қарсы мағыналарын беріңіз.

Алыс жер, жеңіл сөз, артық жүк, жас адам, білікті маман, ақылды жігіт,

қалың қар, жылы күн, биік тау, терең көл, жарық күн, ұзақ жол, көп халық,

ыстық түн.

2.Ұяшықтарға сын есідерді жазыңыз, алдындағы сөз қай әріппен

аяқталса, келесі сөзді сол әріптен бастаңыз. Әр сын есімнің қарама-қарсы

мағынасын беріңіз.

Үлгі: Жарық+ызық+атты+стық

1. Жарық- қараңғы

2.

3.



194 Қазақ тілі практикумы

4.

5.



3. Мақал - мәтелдерді аударыңыз. Антонимдерді теріп жазыңыз.

Көп сөз – күміс, аз сөз - алтын. Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша, адал сөйлеп,

жұртқа жақ. Шын - бір сөз, өтірік – мың сөз. Жаман сөз – жанға кірген тікен,

жақсы сөз – таптырмайтын ем. Ашу түбі – кейіс, ақыл түбі – кеніш. Ақылы

аздың – ашуы көп.

1. Өлеңдердің мағынасын түсініңіз. Антонимдерді теріп жазыңыз.

***

Қап-қара түнді көрдім де,



Жап-жарық таңға кездестім.

Қарасыз, сірә мен мүлде,

Аппақтың нарқын сезбеспін. (М. Мақатаев)

***


Жібек мінез, жігері мол қарындас,

Жүрегінде у менен бал аралас.

***

Бұл жалған ойын емес, бейнет жері,



Қылғанға адал еңбек зейнет жері. (М. Жұмабаев)

5. Сөйлемдердің қарама-қарсы мағынасын беріңіз.

1.Бұл кісі ерте келді. _________________________

2.Досыңыз аз сөйлейді екен. _________________________

3. Дәуреннің бойы өте ұзын. _________________________

4. Мына сөмке жеп-жеңіл екен. _________________________

5. Олар жұмсақ жерде отыр. _________________________

Лексикалық тақырып: Мерекелер, тілектер, баталар.

1. Диалогты жалғастырыңыз.

Торғын: -Тоғжан, сен қандай мерекені ұнатасың?

Тоғжан:- Мен наурыз, жаңа жыл мерекелерін ұнатамын. Ал өзіңе қандай

мерекелер ұнайды?

Торғын: - Мен 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнін, Республика күнін

жақсы көремін.

Содан соң анамның туған күнін тойлағанды ұнатамын.

Тоғжан: - .................................................................................................... ......................

Торғын: - .................................................................................................... .......................

195


2. Мерекелерді даталар бойынша жазыңыз.

1. Жиырма екінші наурыз - ........................................................................

2. Бірінші мамыр - ......................................................................................

3. Жетінші мамыр - ....................................................................................

4. Тоғызыншы мамыр - ..............................................................................

5. Бірінші маусым - ....................................................................................

6. Отызыншы тамыз - .................................................................................

7. Бірінші қыркүйек - ..................................................................................

8. Жиырма бесінші қазан - .........................................................................

9. Он алтыншы желтоқсан - ........................................................................

10. Отыз бірінші желтоқсан - ......................................................................

11. Бірінші қаңтар - .....................................................................................

12. Сегізінші наурыз - .................................................................................

3. Төмендегі құттықтауды толықтырыңыз.

......................... Ақерке Сенбайқызы!

Сізді туған күніңізбен ................................................... !

Құттықтай отырып Сізге: .......... , ............. , .............., .............. , ............. тілеймін!

Ізгі тілекпен: ................................................................

4. Тілек сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

Уважаемый - ..............................................................................................

Дорогой - ...................................................................................................

Любимая - .................................................................................................

Милая - .................................................................................................... ...

С юбилеем - ...............................................................................................

Глубоко уважаемый - ................................................................................

С повышением должности - .......................................................................

Желаю творческих успехов - ......................................................................

Пусть не сходит с Вашего лица радость - ...................................................

Покоряйте вершины на трудовом пути - ...................................................

Где бы ты ни был, будь здоров - ................................................................

Примите наилучшие пожелания - .............................................................

Желаем крепкого здоровья - ......................................................................

Желаем долгих лет жизни - ........................................................................

Желаем счастия, успехов, плодотворного труда - ......................................

.................................................................................................... .......................................................

5. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, құттықтаулар жазыңыз.

Зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, таусылмас талап, ұзақ өмір, екі

бастарың үшеу болсын, беделді де сыйлы, еңбекте табыс, шаңырақтарың

биік болсын, керегелерің кең болсын, сәбидің күлкісі естілсін, мөлдір

196 Қазақ тілі практикумы

махаббат, ұзақ өмір, қадамы құтты болсын, өмірлі болсын, сүрінбесін, әкім

болсын, есен-аман болсын.

1. Басшыңызды (асқаралы алпыс, орда бұзар отыз, қырықтың қырқасы)

мерей тойымен құттықтаңыз.

2. Көршіңіздің баласының тұсау кесер тойымен құттықтаңыз.

3. Жас жұбайларды үйлену тойларымен құттықтаңыз.

6. Мәтінді аударыңыз.

Құрметті Нұржан Даниярұлы!

Сізді алда келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

Сізге зор денсаулық, мол бақыт, таусылмас талап, ұзақ өмір, еңбегіңізге

табыс тілеймін!

Жаңа жыл Сізге тек қана бақыт, қуаныш, шаттық әкелсін! Бала-шағаңыздың

қызығын көріңіз! Шын жүректен: Зейнеш Серікқызы.

7. Төмендегі бата, тілек сөздер кімдерге айтылады?

Қосағыңмен қоса ағар!

Өркеннің өссін!

Өмір жасың ұзақ болсын!

Жортқанда жолың болсын!

8. Бата беріңіз.

1.Сіз қонақта отырсыз, ең үлкені Сізсіз. Сізден бата беруіңізді өтінді. Қалай

берер едіңіз?

2. Мектепке баратын бүлдіршінге қандай бата берер едіңіз?

3. Жол жүріп бара жатқан жолаушыға қандай бата берер едіңіз?

4. Үйленіп жатқан жастарға қандай бата берер едіңіз?

9. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Бата дегеніміз не?

————————————————————————————————

2. Батаны кім береді?

————————————————————————————————

3. Бата кімдерге, қандай жағдайларда беріледі?

————————————————————————————————

4. Сіз бата білесіз бе?

————————————————————————————————

10. Бата сөздерін толықтырыңыз.

............................... тілегіңді берсін. ............................. болсын мерейің. Жолд асың

қыдыр ......................... . Дастарханға ........................... берсін. ................. ..........

саулық берсін. ............................. бақ берсін.

197


11. Батаны жалғастырыңыз.

Қарындарың тоқ болсын!

Қайғыларың жоқ болсын!

Шүпірлеген үйіңде

Балаларың көп болсын!

____________________

____________________

____________________

Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер

Особую группу служебных слов составляют так называемые модальные

слова. К ним относятся слова, которые выражают оценку, отношение

говорящего к высказываемой мысли, подчеркивая достоверность,

вероятность, возможность, необходимость и т.д.

1. Модаль сөздермен сөйлемдер құраңыз.

Модаль сөздер Сөйлемдер

Керек 1.


Сияқты 2.

Екен 3.


Мүмкін 4.

Шығар 5.


Болар 6.

Рас 7.


Шамасы 8.

Әрине 9.


Сұрақтарға модаль сөздермен жауап беріңіз.

1. Сіз қалаға барасыз ба?

————————————————————————————————

2. Ол кісінің жасы нешеде?

————————————————————————————————

3. Ол сенің досың ба?

————————————————————————————————

4. Жаңбыр жауа ма?

————————————————————————————————

198 Қазақ тілі практикумы

5. Жұмыстың нәтижесі қалай болады?

————————————————————————————————

6. Сізге кім керек еді?

————————————————————————————————

3. Көп нүктенің орнына модаль сөздерді қойыңыз.

1. Оған көп қаражат ...

2. Олар сенбі күні келетін ...

3. Арман Анарды ұнататын ...

4. ... ертең хабарласады.

5. ... бәрі сен ойлағандай болады.

4. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Олар қалаға бүрсүгіні барады екен.

2. Рас, олар нағыз дос еді.

3. Шамасы, биыл қыс жылы болатын сияқты.

4. Бүгін жаңбыр жауатын шығар.

5. Маған міндетті түрде сол адам керек.

5. Сөйлемдерді модаль сөздермен түрлендіріп жазыңыз.

Үлгі: Ол ертең келеді – Ол ертең келеді екен.

1. Еркін күнделікті жұмысқа ерте келеді. _______________________

2. Бүгін бесінші мамыр. _______________________

3. Ол бүгін саяжайда. _______________________

4. Ол келді. _______________________

5. Мен қателесіппін. _______________________

11. Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Лексикалық тақырып: Бала тәрбиесі (шілдехана, бесіктой, тұсау кесер,

сүндет той, құда түсу, үйлену тойы)

1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Шілдехана тойы

Қазақ халқының дәстүрі бойынша бала дүниеге келген күні кешке ауыл

жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады. Өнерлі

жастар таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салады,

күй тартады. Әр түрлі ойындар ұйымдастырылады.Қыз-келіншектер

айтысады. Шілдеханаға тек жастар ғана қатысады, ал ауыл үлкендері

қатыспайды. Өйткені жаңа туған нәрестені жын-шайтанна, перілердің

салқынынан қорғап, күзету халық сенімі бойынша тек қана жастардың

міндеті.


( «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабынан)

199


2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Шілдехана қандай той?

————————————————————————————————

2. Шілдехана қалай тойланады?

————————————————————————————————

3. Шілдеханаға не себепті үлкендер қатыспайды?

————————————————————————————————

3. Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз. Жаттап алыңыз.

Бесік жыры

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Көзімнің ағы, қарасы-Жүрегімнің панасы.

Уайым, қайғы ойлатпас

Көңілімнің санасы.

Айналайын, шырағым,

Көлге біткен құрағым

Маңдайдағы құндызым,

Аспандағы жұлдызым.

Әлди, әлди, балам-ай,

Айналды сенен анаң-ай!

Әлдилеп сені сүйгенде

Анаңның көңілі болар жәй!

4. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі.

Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне,

әйелдеріне тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесік

үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «Бесікке

салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры»

айтылады. Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор.

Бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу, ширақ болады. Сондай-ақ бесік баланы

кездейсоқ құлаған заттан, суықпен ыстықтан қорғайды. Пәле-жаладан

сақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғы, үкі сияқты заттар тағып

қояды. Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Себебі тал басқа

ағаштай емес иілмелі морт сынбайды, құрт түспейді, иіс болмайды. ( «Қазақ

халқының салт-дәстүрлері» кітабынан)

5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Баланы бесікке кімдер бөлейді? Не себепті?


Каталог: uploads -> doc -> 087a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
087a -> Сабақтың тақырыбы: Санды өрнектер. Санды теңдіктер. Тура санды теңдіктердің қасиеттері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет