Қазақ тілі пр актикумы орыс аудиториясына арналған жаттығулар



бет10/15
Дата18.02.2017
өлшемі1,77 Mb.
#9899
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2)

-Кешіріңіз мына дәріні қалай ішеді?



-Күніне 3 рет, тамақтан кейін ішеді.

- ............................................................................... ?

- . .............................................................................

4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

Күніне 3 рет, ұйықтар алдында, тамақтан соң, ішу керек, дәрі іш, витаминдер.

Өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тіс щеткасының арғы тегі қайдан

екенін білесіздер ме? Тіс щеткасы осыдан мың жылдай уақыт бұрын Араб

еліндегі мұсылмандардан тараған. “Арак” ағашынан дайындалған тіс

147

щеткасы “мисуәк” деп аталған. Бертін келе тіс щеткасын 1498 жылы Қытайда



шошқа терісінің қылшығынан жасаған. Оны саудагерлер Еуропаға әкелген.

Бұл кезде Еуропада жылқы жалынан және борсық терісі қылшығынан

жасалған тіс щеткасы қолданыста болған. Уақыт өте келе бұл щеткалардың

бірі қатты, ал екіншісі тым жұмсақ болғандықтан, 1938 жылы АҚШ-ң

“Дюпон” фирмасы нейлон талшығынан жасалған тіс щеткасын дайындайды.

Сөйтіп 1961 жылы АҚШ-та электрлі тіс щеткасы қолданысқа енді. Яғни

қолданып жүрген тіс щеткамыздың тарихы осындай екен. (Интернет

материалынан).

5. «Дәріханада» тақырыбына диалог құраңыз.

6. Суретке қарап, мәтін құраңыз.

7. Қандай дәрі алу керектігін білесіз бе?

148 Қазақ тілі практикумы

8. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Бальзам «Возраждение»-йодосодержащий не спиртовый препарат,

обладает расширенными свойствами.

Перед употреблением тщательно взбалтывать. Взрослым- по 1 столовой

ложке бальзама, разведенного в 100 мл. Воды комнатной температуры,

принимать полный объем раствора за 30 минут до еды, один раз в день.

Детям после 1 года до 12 лет – по 1 чайной ложке бальзама, разведенного в

50 мл. Воды комнатной температуры, принимать полный объем раствора

за 30 мин. До еды, один раз в день. Длительность применения от 1 до 6

месяцев.


9. Мәтінді түсініп оқыңыз, аударыңыз.

Қазақ халқы бие сүтінің қасиетін ертеден білген. Өйткені жаңа сауылған

биенің сүтін жас балаларға жылыдай ішкізетіні бұрыннан бар әдет. Адамның

өзін-өзі емдеуіне толық мүмкіндігі бар. Қымыз - қаншама дертке шипа екенін

бүгінгі күннің медицинасы да мойындап отыр. Егер адам қымыз ішсе,

қаншама аурудың аладын алар еді. Қымыз ішкен адамның денсаулығы

жақсартып, көңіл-күйін көтеретіні, сергітіп, ынталандыратыны белгілі.

Грамматикалық тақырып: Көсемше, есімше.

Көсемше – особая форма глагола, которая обозначает добавочное

действие и непринемает падежных окончаний принадлежности и

множественного числа. Частоупотребляется в качестве основного глагола

в составных сказуемых.

1. Кестені толтырыңыз.

Жұрнақтар Мысалдар Сөйлемдер

-ып,-іп,-п барып, келіп, оқып. Ол барып келді. Солар келіп

отыр.


Кітабын оқып жүр.

-а,-е,-й

-ғалы,-гелі,

-қалы,-келі.

-ғанша,-генше

-қанша,-кенше

-майынша,

-мейінше


149

2. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз.

Оқушылар мәтінннің мазмұнын айт... берді. Бұл оқиғаны айт... жүретін

болды. Сол әңгімені есті... пікірі өзгеріп кетті. Сіздер бар... бәрі естіп алатын

болды. Сол көйлекті сатып ал...... көңілім тынышталар емес.

3. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз:айта салды, жазып берді,

көргелі келді, көзімен көрейінше.

4. Диалогты толықтырыңыз.

- ......................................................................... ?

- Самат жазып отыр.

-Көре сала не істеді?

- .........................................................................

- ......................................................................... ?

-Барғанша, бармаған дұрыс.

5. Мәтіннен көсемшені тауып, астын сызыңыз.

-Қазір үшеуің іздеп шығып, құсты да, құлынды да тауып келіңдер. Таба

алмасаңдар, менің маңымды көрмеңдер!-дейді хан. Кендебай өзеннен өтіп

алып, құйрықтың қылын тұтатқан кезде Керқұла ат жетіп келеді. Құла атты

мініп алып, қару-жарақты іліп алып, сауыт-саймандарды киіп алып, Кендебай

жөнеп береді. Бір жерлерге келгенде ат тағы тоқтайды да, Кендебайға:

-Анау жалыны аспанға шығып жатқан-от дариясы. Сенің баратын жерің

сол дарияның ар жағында. Қазір көзіңді жұм. Мен «аш» дегенше, ашпа.

Көзіңді ашсаң, екеуміз де өлеміз,-дейді.(«Керқұла атты Кендебай»)

Есімше – особая форма глагола, совмещающая в себе грамматические

признаки глагола и имени.

6. Кестені толтырыңыз.

Жұрнақтар Мысалдар Сөйлемдер

-ған,-ген

-қан,-кен

барған, келген

айтқан, кеткен

-ар,-ер,-р

-атын,-етін



-йтын,-йтін

-ушы,-уші

-мақ,-мек

-бақ,-бек

-пақ,-пек

150 Қазақ тілі практикумы

7. Мәтінді оқыңыз, есімшені тауып, астын сызыңыз.

-Сүйінші беріңіз, патша сайламаққа келдік! Көп аңдар, көп жандар кеңес

қылып еді. «Арамыздан патша сайлаймыз»,-деп, маған ақыл салды. Мен:

«Менен маймылдың білімі көп, адамзатқа ұқсайды. Менің тілімді

алсаңыздар, маймылды патша сайлаңыздар, үлкен-кішіміздің жайымызды

білер, әділетсіз іс қылмас»,-дедім. «Егер арыстан патша болса, оның күші

көп, өзіне ықтияр тиген соң, ойына келгенін қылар; жазықты, жазықсызға

қарамай, әлсіздердің барлығын қырып тастар; алдына ешкім арыз айтып

келе алмас, әулетімен құртып жіберер!»-дедім. Жиылған көп жандар менің

ақылымды құптады. «Түлкі бидің ақылы- табылған ақыл»,-деді. «Патша

сайламаққа арыстан жарамайды екен; маймылды патша сайлайық;

нашардың сөзін айтар; адамзатқа ұқсаған әділетті, ақылы көп шығар, тез

тауып әкеліңіз»,-деді. Сіздің қайда екеніңізді білмей, жан-жануар тұс-тұсқа

тарап, іздеп кетті. Бәрінен бұрын сізге келіп мен жолықтым. Құрмет қылып

тұрғанымның мәнісі осы еді,-дейді. («Түлкі мен маймыл»)

8.Қарамен жазылған сөздердің жұрнақтарын анықтаңыз.

1. Болат біз қап түбінде жатпас.

2. Үлкен бастар,

Кіші қостар.

3. Атаңнан мал қалғанша,

Тал қалсын.

4. Қызыңды құтты орынға қондырғанша күт,

Ұлыңды отау иесі болғаншакүт.

5. Ауызымен астау шапқан,

Қолымен жаңқа жара алмас.

9. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз.

1. Аққу махаббаттың символы бол... .

2. Шындықты айтса, халқы тыңды... .

3. Оның айтқаны болма... .

4. Олар дүйсенбі күні кел... .

10. Берілген сөздермен сөйлемдер құраңыз:барған, келер, болмас,

жазбайтын, айтушы, алмақ.

Лексикалық тақырып: Спорт түрлері

1. Кесте бойынша сөйлемдер құраңыз.

1. Хоккей ойнау үшін (Не керек?) ____________________________

2. Футбол ойнау үшін ____________________________

3. Волейбол ойнау үшін ____________________________

151


4. Жүзу үшін _____________________________

5. Шаңғы тебу үшін _____________________________

6. Шахмат ойнау үшін _____________________________

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сіз спорттың қай түрін ұнатасыз?

___________________________________________________________

2. Сіз Қазақстан футболының жанкүйерісіз бе?

___________________________________________________________

3. Сіз әлем чемпионы болған қазақстандықтарды білесіз бе?

___________________________________________________________

4. Сіз ұнататын спортшылар бар ма?

___________________________________________________________

3. Бұлар кімдер? Қайдан білдіңіз?

4. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз:ұпай, жеңіс,

қақпашы, төреші, қорғаушы, шабуылшы, тепе-тең, жанкүйер, құрама,

аяқталды, спорт киімі, ауыр атлетика.

5. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазыңыз.

Біздің отбасымыздың барлық мүшелері ... жақсы көреді. Әкем .......................

жақсы көреді. Анам ................................ ұнатады. Ағам ............................

айналысқанына 6 жыл болды. Өзім ................................ ұнатамын, қарындасым

......................................... қызығады.

6. Бағандағы сөздерді сәйкестендіріңіздер.

Арқан жүзу

Коньки сайысы

Күрес айналысу

Бассейн күш сынасу

Спортшылар сырғанау

Спорт өрмелеу

152 Қазақ тілі практикумы

7. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Жүзумен айналысады, көріп отыр, сырғанап жүр, киімін киді, ат жарысы,

жарыс болды, бірінші орын.

8. Диалогты жалғастырыңыз.

- Сіз спортпен айналысасыз ба?

- Таңертең жаттығу ғана жасаймын.

-Мен үлкен теннисті жақсы көремін. Ал сіз ше?

- .....................................................................

- .....................................................................

- .....................................................................

- .....................................................................

9. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

10. Футбол ойынының тәртібі туралы айтып беріңіз.

Грамматикалық тақырып: Бұйрық рай

Бұйрық рай – используется для обозначения побуждения к действию,

выражает приказ, прозьбу, совет или пожелание.

1.Сөйлемдерді оқып, бұйрық райлы сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын

анықтаңыз.

1.Өзім іздеп тауып әкелейін.

2.Ұстай алсаң, ханға алып бар, сыйлық берер,-дейді.

3. Жер астында өскен бір сұлу алтын ағаш бар, соны әкеліп сіздің есігіңіздің

алдына орнатсын.

4. Ат басындай алтын берейін, қоя бер,- дейді.

5. Күн астындағы Күнекей қызды тапсын.

2. Баталарды жаттап алыңыз, етістіктің бұйрық райда тұрғанын

дәлелдеңіз.

Жортқанда жолың болсын

Жолдасың қыдыр болсын.

Жоғары болсын жұлдызың

Бақытты болсын ұл, қызың.

Дастарханға береке берсін,

Деннің саулығын берсін,

Асқа адалдық,

Басқа амандық берсін.

153


Елге тыныштық берсін.

Халқымызға бірлік берсін.

Берекелі тірлік берсін. Асың, асың, асыңа

Бақыт қонсын басыңа.

Дендеріңңе саулық берсін.

Дастарханыңа байлық берсін.

3. Бұйрық райлы етістіктерді табыңыз, қай жақта айтылғанын анықтаңыз.

1. Адамды түсіне қарап таныма,

Істеген ісіне қарап таны.

2. Көп жасағаннан сұрама,

Көп көргеннен сұра.

3. Әсем мінез аққуды,

Айдын шалқар көлде көр.

Жаны сұлу аруды,

Жадырай қонған елде көр.

4. Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

4. Кестені толтырыңыз.

Жіктеу есімдіктері Бар Кел Жүр Отыр

Мен бар+айын

Сен бар

Сіз бар+ыңыз

Ол бар+сын

Біз бар+айық

Сендер бар+ыңдар

Сіздер бар+ыңыздар

Олар бар+сын

5. Берілген сөздермен сөйлемдер құраңыз.

Бар- .................................................................................................... ......

Кел- .................................................................................................... ......

Жаз- .................................................................................................... .....

Күлейін .................................................................................................... .

Айтайын ...................................................................................................

Санасын ...................................................................................................

Жүрейік ...................................................................................................

154 Қазақ тілі практикумы

6. Бұйрық райлы етістіктерді табыңыз, астын сызыңыз.

Ғылым таппай мақтанба,

Білім таппай, баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай)

7. Сөздік диктант

Мұрынмен иіскейді, шайнайды, білезік, бүйрек, асқазан, өкпе,

көлігінде, қолында, жазда, көшеде, асқазаны қыжылдайды, іші бүреді,

тексеру, кеңес беру, жүйке, әдемі, ажарлы, сұлу, күніне үш рет, тәулік

бойы, дәріхана, тамақтан бұрын, айтқалы, келгенше, жүріп, күліп, жазбақ,

келер, жүзу, ойнау, дайындық, шымыр, жанкүйер, келейін, барыңдар,

көріңдер.

Қорытынды тест

1. Шашымды ...

а) боядым

ә) үздім


б) қысқартып алдым

в) бояу жақтым

2. Шаш күтіміне қажет затты көрсетіңіз.

а) кір сабын

ә) су сабын

б) иісті су

в) сұйық сабын

3. Етістіктің болымсыз түрін көрсетіңіз

а) мен Астанаға барамын.

ә) жауабын таппадыңыз.

б) олар мүмкін келеді.

в) түсте қонақтар қарсы алады.

155

4. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын табыңыз



а) –са/-се

ә) –та/-те

б) –ма/-ме

в) –ар/-ер

5. Аяқ киімді кім тігеді?

а) ұста


ә) шебер

б) білгір

в) шешен

6. «Желім» сөзін аударыңыз.

а) подошва

ә) замок


б) клей

в) каблук

7. Ұлтарақ аяқ киімнің қай жерінде тұрады?

а) басында

ә) өкшесінде

б) сыдырманың астында

в) табанында

8. Көмекші етістікті қойыңыз. «Жатыр ...»

а) келді

ә) еді


б) жібер

в) баста


9. Күрделі етістікті көрсетіңіз.

а) барып келді

ә) барып келе жатыр

б) барып келе жатыр еді

в) барлығы дұрыс

10. Ақша ...

а) аударымы

ә) банкі


б) карточкасы

в) пункті

11. «Заполните бланк» тіркесін аударыңыз.

а) бланкті толтырыңыз

ә) бланкті қараңыз

б) бланкті жазыңыз

в) бланкті толтырмаңыз

156 Қазақ тілі практикумы

12. Табыс сетігінің жалғауын көрсетіңіз.

а) –н


ә) –мен

б) –пен


в) –нан

13. Алма...

а) –ны

ә) –ні


б) –ды

в) –ді


14.Кімді күтіп тұр?

а) музыканы

ә) күзді

б) итін


в) қызды

15. Алматы қаласында Пошта бөлімшесі қай жылы ашылды?

а) 1860

ә) 1870


б) 1855

в) 1910


16. «Қазақтелеком» ҰАҚ компаниясының құрылған күні

а) 1994ж. 17 маусым

ә) 1990ж. 10 қараша

б) 1996ж. 5 тамыз

в) 1997ж. 19 қараша

17. Ұлттық байланыс операторын көрсетіңіз.

а) Вестерн Юнион

ә) Қазақтелеком

б) Орталық пошта

в) Қазақстан Ұлттық Банкі

18. Ара сөзінің неше мағынасы бар?

а) 3


ә) 2

б) 5


в) 4

19. Амал-айланы білдіретін сөзді көрсетіңіз.

а) далаға қу

ә) қу түлкі

б) қуанды

в) қу аспанға ұшты

20. Аяқпен .................

а) ойлайды

ә) тебеді

157


б) күледі

в) естиді

21. «Плечо» дегеніміз -....................

а) йық


ә) бел

б) сан


в) табан

22. Башпай - ....................

а) баста

ә) қолда


б) денеде

в) аяқта


23. Жатыс септігінің жалғауын көрсетіңіз.

а) –нда


ә) –нан

б) –нен


в) –ға

24. Күз...

а) -де

ә) –да


б) –та

в) –те


25. Құжаттар кімде?

а) маған


ә) сенімен

б) содан


в) сізде

26. Асқазан ......................

а) қағады

ә) соғады

б) сырқырайды

в) қыжылдайды

27. УЗИ сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

а) ультра дыбыстық анықтау

ә) ультра сәулелі зерттеу

б) ультра дыбыстық зерттеу

в) ультра дыбыстық саралау

28. Ортақ етісті көрсетіңіз.

а) жазыл

ә) жазыс


б) жаздыр

в)жасырын

158 Қазақ тілі практикумы

29. Етістерді көрсетіңіз.

а) гүлден, алғыз, жинал

ә) гүлден, ұял, бар

б) жүзіп, алғыз, жинал

в) болатын, келді, гүлден

30. Сіздерде мына дәрілер .................................

а) айтыла ма?

ә) жазыла ма?

б) бар ма?

в) бара ма?

31. –ып, -іп, -п .............................. жұрнағы.

а) есімшенің

ә) көсемшенің

б) жатыс септігінің

в) келер шақтың

32. Ол хат жаз... отыр.

а) –ған


ә) –ғанша

б) –айын


в) –ып

33. –ған, -ген ...................... жұрнағы.

а) есімшенің

ә) көсемшенің

б) жатыс септігінің

в) келер шақтың

34. Ол кеше кел...

а) –кен


ә) –ған

б) –ген


в) –қан

35. «Болельщик» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

а) жанқияр

ә) жанкүйер

б) жаныкүйер

в) жанып күйер

36. «Судья» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

а) қорғаушы

ә) төреші

б) шабуылшы

в) қақпашы

159


37. Бұйрық райдың жұрнағын көрсетіңіз. «Бар...»

а) –сын


ә) –ғалы

б) –са


в) –ар

38. Бұйрық райлы сөзді көрсетіңіз.

а) жазған

ә) күлер


б) айтайын

в) барса


10. Менің отаным – Қазақстан

Лексикалық тақырып: Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.

1. Мәтінді оқыңыз. Мазмұнын айтыңыз.

Жер көлемі жағынан дүние жүзінде Қазақстан 9 орында тұр. Республика

шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал

солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін созылып

жатыр. Қазақстанның ұлан - байтақ жерімен көптеген елдер шектеседі. Шекараның

ұзындығын нақты айтқанда, Ресеймен – 6467 шақырым, Өзбекстанмен – 2300,

Түрікменстанмен – 380, Қырғызстанмен – 980, Қытаймен – 1460, Каспий теңізі

жағалауы – 600 шақырым. Демек, шекарамыздың жалпы ұзындығы – 12187

шақырымға созылып жатыр. Еліміздің 14 облысында 126 ұлттың өкілдері тұрады.

Отанымыздың астанасы - Астана қаласы. Қазақстан Республикасы- тәуелсіз

мемлекет. Осынша ұлан-байтақ жерді, небір нәубет заманда қазақтың хандары

мен батырлары қаны мен жандарын салып қорғап қалды. Қазақстан жері пайдалы

қазбаларға бай, орман - тоғайлары, өзен көлдері, асқар таулары да бар. Жері өте

үлкен болғандықтан ауа-райы әр жерінде, әр түрлі болады. Солтүстіктің қысы

суық, жазы салқын, батыс пен шығыста, орталықта қыс суық, жазы ыстық болады.

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан

бүгінде гүлденген, дүние жүзі таныған ел.

2. Мәтін бойынша тапсырма.

1. Мәтінге ат қойыңыз.

2. Мәтінді бірнеше бөлімдерге бөліңіз.

3. Әр бөлімнің тірек сөйлемін табыңыз.

4. Әр бөлімге ат қойыңыз.

5. Тақырып бойынша мазмұндама жазыңыз.

3. Сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.

1. __________________________________________________________ ?

Жер көлемі жағынан дүние жүзінде Қазақстан 9 орында тұр.

160 Қазақ тілі практикумы

2. __________________________________________________________ ?

Еліміздің 14 облысында 126 ұлттың өкілдері тұрады.

3. __________________________________________________________ ?

Отанымыздың астанасы- Астана қаласы.

4. __________________________________________________________ ?

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.

5. __________________________________________________________ ?

Қазақстан бүгінде гүлденген, дүние жүзі таныған ел.

4. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

Отанымыздың астанасы, дүние жүзі, тәуелсіз мемлекет, ұлан-байтақ жер,

қорғап қалды, пайдалы қазбалар, ауа-райы, Қазақстан бүгінде.

5. Қазақ тіліне аударыңыз. Сөйлемдерді оқыңыз.

многонациональное суверенное государство

простирается с запада на восток на 3000 км.

1. Қазақстан

и с севера на юг на 1500 км.

богат полезными ископаемыми

превратился в развитую страну.

площадь более чем 2,7 млн кв. км.

2. Қазақстанның земля была населена первыми людьми 300 тыс. лет

назад


новые города появились.

выращивают арбузы, дыни, яблоки, виноград, свеклу,

рис, хлопок.

3. Қазақстанның погода жаркая и сухая

оңтүстігінде редко идут дожди.

растет хлеб и овощи

4. Қазақстанның погода нежаркая

солтүстігінде часто идут дожди.

6. Қазақ тіліне аударыңыз және оларды пайдаланып әріптесіңізге сұрақ

қойыңыз.


Суверенный, поселиться, численность населения, природа, расти, полезные

ископаемые, появиться, кочевой, развиваться, превратиться.

161

7. Кестені толтырыңыз.



Облыстар Қалалар Өзендер Көлдер Таулар Жер байлығы

Облыстар Қалалар Өзендер Көлдер Таулар Жер байлығы

8. Мақал- мәтелдерді аударыңыз.

1.Аққу көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды.

2. Отанды сүю-Отбасынан басталады.

3. Іргесі берік елді

Жау ала алмас,

Ауызы бір елді

Дау ала алмас.

4. Отан- отттан ыстық.

9. Өлеңдерді мәнерлеп оқыңыз. Қалаған өлеңіңізді жаттап алыңыз.

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан!» деп сыбырлаған

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!


Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен... (М. Мақатаев)

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым- Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

162 Қазақ тілі практикумы

Ал екінші бақытым- Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші- Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен. (М. Мақатаев)

10. Бағандағы сөздерді сәйкестендіріңіз.

Кең қалған ______________________________

Өркениетті жүйе ______________________________

Көшпелі мәдениет ______________________________

Елді қорғап ел ______________________________

Саяси мұрасы ______________________________

Отанды болған ______________________________

Бабалар байтақ ______________________________

Көне сүю ______________________________

11. Суреттерге қарап, мәтін құрастырыңыз.

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

163

12. «Тәуелсіз мемлекет» тақырыбына мәтін құрастырыңыз.



13. Көп нүктенің орнын тиісті қосымшалармен толықтырыңыз.

Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншілік..., халыққа деген құрмет..., осы екеуі

үшін еткен еңбек пен ерліктен туады.


Каталог: uploads -> doc -> 087a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
087a -> Сабақтың тақырыбы: Санды өрнектер. Санды теңдіктер. Тура санды теңдіктердің қасиеттері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет