Қазақ тілі пр актикумы орыс аудиториясына арналған жаттығулар



бет12/15
Дата18.02.2017
өлшемі1,77 Mb.
#9899
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2. Ата заңның нешінші тарауында, баптарында Президент туралы айтылады?

____________________________________________________________

3. Президенттің міндеттері мен құқықтарын білесіз бе?

____________________________________________________________

4. Коституцияның Сіз келіспейтін тұстары бар ма?

____________________________________________________________

175


5. Президентпен кездессеңіз, ең алдымен не жайында сұрар едіңіз?

____________________________________________________________

15. Елбасының ерен еңбектері жайында «Тұңғыш Президент»

тақырыбына мәтін құраңыз. Мазмұнын айтыңыз.

Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз

В казахском языке обрашение бывает разных вариантов в зависимости от

возраста, пола, уважительное, ласковое, офицальное. Қалқам, қарағым,

апай, ағай, шырағым ... .

1. Өлеңді оқып шығып, мазмұнын айтыңыз, қаратпа сөздерді табыңыз.

Азаматым, ардагерім, өренім,

Қатарыңнан қалмай жырлап келемін.

Елің биік, еңсең биік, қыраным,

Өздеріңді ғарыштардан көремін.

Шұғылалы күн нұрына қараймын,

Қарап тұрып ақ самайды тараймын.

Қазақстан, айналайын атыңнан,

Қазақстан, қасиетті арайлым. (М. Хкімжанова)

2. Оқып шығып, құрамынан қаратпа сөздерді тауып, тыныс белгілерін

қойып көшіріңіз.

1. Сенің адалдығыңды білемін ғой Қасен.

2. Ардақты досым жердің асты-үстіндегі қазынаның барлығы сол жерге

маңдай терін тамызып еңбек еткен адамдікі -дейді.

3. Артық сөзім болса айып етпеңіз ұстазым – дейді кіші шәкірт.

4. Шырғым майды маған бер де мынау шелекпен бір шелек су әкеле ғой! –

дейді.

5. Ата асқа түс! - дейді балалар.



6. Жарайсың балам! Қолыңнан іс келеді екен – депті.

3. Қаратпа сөздерді тауып астын сызыңыз, сөйлемдерді орыс тіліне

аударыңыз.

1.Тақсыр, жарлығыңызды естіп, өтірік әңгіме мен өтірік өлең айтқалы келіп

тұрмын! – дейді тазша. 2.Жаным-ай, жас бала көрінесің! 3.Сенен естияр

талай адамдар да айтамын деп келіп, айта алмай кеткен.4.Кәне, балам, енді

өтірік өлең айтшы! 5.Жарқыным, пышағың бар екен, өзің жарып жей ғой! –

деді. 6.Мінеки, тақсыр, туғаннан бергі жерде басымнан өткен істер осы, -деп, тазша әңгімесін бітірді.

176 Қазақ тілі практикумы

4. Диалогты қаратпа сөздермен жалғастырыңыз.

- Әйгерім, менің құжаттарым қайда?

- Тиісті құжатарды банкке жіберіп қойдым, Абылай Мақсатұлы.

- Жарайсың, Әйгерім, жақсылығыңды ұмытпаймын, рахмет!

- ............................................................................................

- ............................................................................................

- ............................................................................................

- ............................................................................................

5. Қаратпа сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.

Апа __________________________________________________

Азамат __________________________________________________

Досым __________________________________________________

Төлеген Сабырұлы ___________________________________________

Қыздар __________________________________________________

Балалар __________________________________________________

Шырағым __________________________________________________

Айналайын _________________________________________________

Күнім __________________________________________________

6. Қаратпа сөзреді пайдаланып, сұраулы сөйлемдер құраңыз. Үлгі: Марат,

бүгін қай күн?

7. Қаратпа сөздерді пайдаланып, суреттерге қарап диалогтар жазыңыз.

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

177


Лексикалық тақырып: Қазақстан қалалары

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз, аударыңыз.

Ертеде қазақ ордасы болып – Түркістан қаласы саналған. Ежелгі аты

Ясы болған Түркістан түркі тектес халықтардың қасиетті мекені. Оның

екінші Мекке саналуыда тегін емес. ХХ ғасырда кеңестік билік орнағанда,

астана Ташкент қаласы болды. 1920-1925 жылдары Орынбор қаласы астана

болды. 1925 жылы әкімшілік Орынбордан Ақмешітке көшірілді. 1929 жылдан

1997 жылға дейін Республика астанасы Алматы болды. 1994 жылы

Республика Парламенті Қазақстан астанасын Ақмолаға көшіру туралы

ұйғарым жасап, одан кейін Республика Президентінің «Қазақстан

Республикасының астанасы туралы» жарғысы шықты. Осы құжаттарға

сәйкес 1997 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстаннның астанасы Ақмолаға

көшірілді. Жаңа астананы дүние жүзіне таныстыру рәсімі 1998 жылдың 10

маусымында болды.

2. Қазақстаның астаналарын хронологиялық тәртіппен жазыңыз.

1. ........................................................................

2. ........................................................................

3. ........................................................................

4. .........................................................................

5. .........................................................................

6. .........................................................................

3. Мәтінді оқыңыз. Мазмұнын айтыңыз.

Отырар қаласы

Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсында талай ғасырлар бойы ел есінде

сақталған өлі қала үйіндісі жатыр. Бұл- Отырар қаласы. Бүкіл шығысқа аты

әйгілі, орта ғасырдың ұлы ойшылы, көзі тірісінде «екінші ұстаз» атанған

Әбу Насыр әл-Фараби туған. Араб жазушылары бұл қаланы Фараб деп

өзгерткен. Отырар екі мың гектар жерді алып жатты. Қала көшелері

өте тығыз салынған. Қала ғимараттары арасында мешіт, монша тәрізді

қоғамдық құрылыстар да болды. Сонымен бірге Отырарда әлемдегі ең бай

екінші кітапхана (Александрия кітапханасынан кейінгі) орналасты.

Отырардың керуен кіріп-шығып жататын бес қақпасы болған. Олар:

Дарбаза қақпа, Алтын қақпа, Пышақты қақпа, Хансарай қақпа, Құл қақпа.

Отырардың гүлденуі моңғол шапқыншылығынан кейін тоқталып қалды.

Қадырхан бастаған қала халқы Шыңғыс хан әскерлеріне алты ай бойы

берілмеген. Шыңғыс хан өлгеннен соң Отырар қайтадан дамып, гүлденді.

Отырар халқы мен Қадырханның ерлігі жайында М. Шаханов «Отырар»

поэмасын жазды.

178 Қазақ тілі практикумы

4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Отырар қандай қала болған?

————————————————————————————————

————————————————————————————————

2. Отырардың қанша қақпасы болған?

————————————————————————————————

3. Отырар қаласы туралы қандай деректер білесіз?

————————————————————————————————

5. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Тараз

Тараз қаласы бұрын: Әулие – Ата, Жамбыл деп аталған. Тараз



Қазақстаннның ең ежелгі қалларының бірі. Тараз бекіністі үлкен қала болған.

Онда сәулет өнерінің үлкен ескерткіштері бар: Қарахан мазары, Айша бибі

күмбезі, Бабаджа Хатун ғимараты. ХV ғасырдан бастап Тараз қаласы

құлдырай бастады. Оның бірте-бірте халқы азайып, қала кішірейіп, ХVІІ

ғасырдан бері қарай оны Әулиеата деп атады. (Т. Тұрлығұлов)

6. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

Сәулет өнері, бірте-бірте, үлкен ескерткіштер, Әулие-Ата болған, көне

ғимараттар, құлдырай бастады, Тараз қаласы.

7. Мәтінді түсініп оқыңыз.

Жезқазған

Пайдалы қазбаларды игеру нәтижесінде салынған жаңа қалалардың бірі

– Жезқазған. Мұнда кен – металлургия комбинаты бар. Атақты ғалым Қаныш

Имантайұлы Сәтбаев есімімен аталатын бұл кәсіпорын – алыптардың

алыбы. Жезқазған комбинатының мыстарын туған еліміздің қажеттеріне

жаратып, одан әрі алыс, жақын шетелдерге жөнелтіп жатады.

Жезқазған жері әрі төрт түлік малға бай. Бұл кең байтақ алқап – тұтастай

түсті металдар алқасы.

8. Сөйлемдерге сұрақтар қойыңыз.

1. Мұнда кен – металлургия комбинаты бар.

————————————————————————————————

2. Атақты ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімімен аталатын бұл

кәсіпорын – алыптардың алыбы

————————————————————————————————

3. Жезқазған жері әрі төрт түлік малға бай.

————————————————————————————————

179


9. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Астана - әсем қала

Астана- Қазақстанның астанасы. Қаланың негізі 1830 жылы қаланған.

1832-1861 жылдар аралығында қала Ақмола қаласы болып аталды да, КСРО-да тың және тыңайған жерлерді көтергенде Целиноград қаласы болып

өзгертілді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, астананы көшіру шешімі

қабылданды. Қаланың аты- Астана деп аталды.

Астана- алып құрылыстар қаласы. Қысқа мерзім ішінде мұнда бірнеше

үлкен құрылыстар салынып жатыр. Астана қаласының ортасынан Есіл өзені

ағып жатыр. Астана қаласында Президент сарайы, Министрліктердің үйлері,

көп қабатты жаңа үйлер, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ

үйі, Еуразия университеті, Жастар сарайы бой көтерді. Парламент үйінің

алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. Есілдің

оң жағасында жаңа Астана ерекше көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты,

«Қазақ елі» монументі Шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

ХХІ ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденеген астаналардың бірі

болады.


10. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Астана қандай қала?

———————————————————————————————?

2. Астананың негізі қашан қаланды?

———————————————————————————————?

3. Целиноград болып қашан өзгертілді?

———————————————————————————————?

4. Қала жаңа атын қашан алды?

———————————————————————————————?

5. Астананың қандай құрлыстарын білесіз?

———————————————————————————————?

11. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Алматы – көне қала

Алматы – көне қала. Археологтардың айтуынша бұдан екі мың жыл

бұрын Алматының орнында бұрын да қала болған. Ежелгі заманның өзінде-ақ Алматы деп аталған. 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің бойында

Алматының іргетасы қаланған. Әскери бекініске Верный деген ат берілді.

1921 жылы қалаға Алматы деп өз аты берілді. Алматы Қазақстанның оңтүстік

астанасы. Алматының өте ірі, аса дәмді, шырынды апорты Еуропаға кеңінен

мәлім. Алматыда оқу орындары, көп қабатты үйлер, театрлар, кинотеатрлар,

мұражайлар, мәдениет сарайлары, ірі сауда орталықтары өте көп. Қалада

Медеу мұз айдыны, Көктөбе аспалы жолы бар.

180 Қазақ тілі практикумы

12. Жақша ішіндегі сөздерді аударыңыз.

Алматы қаласы – (южная столица Республики Казахстан)

Алматының (очень крупные, очень вкусные, сочные апорты) Еуропаға

кеңінен мәлім.

Алматыда (учебные заведения, многоэтажные дома, театры, кинотеатры,

музеи, дворцы, крупные торговые центры) бар.

13. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Алматы – Қазақстанның ............................................. астанасы.

Алматы - .................................. қала.

Қалада ........................... айдыны, Көктөбеде ................................... жолы бар.

Алматы – ерекше ............................ қала.

14. Өлеңді түсініп оқыңыз. Жаттап алыңыз.

Түнгі Алматы

Түнгі Алматы тұманы ашылғанда,

Алатауға ай келіп асылғанда,

Нұр жанады, аспанның жұлдыздары,

Алматының үстіне шашылған ба?!

Сүйіседі көшелер көшелермен,

Бір рақат сезесің еселенген.

Осы сиқыр қалада өскеніңмен,

Таңданасың туристей кеше келген.

Емен, терек еркімен қауышады,

Қайың менен қарағаш танысады.

Алатаудан басталған ақ бұлақтар,

Алматыға жеткенше жарысады.

Алматыға жеткенде аң-таң болып,

Арықтармен ақырын тартар жолын.

Ашуланып бір сәтте тұра қалып,

Атылады аспанға фонтан болып.

Судың аты- су ғой, ол бұғына ма,

Тау бұлағы көлшікке тығыла ма?!

Су сәулеге ұмтылып, сәуле суға,

Айналады ғажайып шұғылаға,

Сонда Алматы ұқсайды Құбылаға.

Ұзатылар қыздайын үлпілдеген,

Шақырасың назыңмен, күлкіңменен...

Алматы- жүрегі Алатаудың!

Тау ұйқыға кеткенде бүлкілдеген. ( М. Мақатаев)

181

15. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.



1. Алматы қандай қала?

————————————————————————————————

2. Алматыда нелер бар?

————————————————————————————————

3. Қалада қандай ықшамаудандар бар?

————————————————————————————————

4. Алматының ежелгі аты қалай болған?

————————————————————————————————

5. Алматы Еуропаға несімен мәлім?

————————————————————————————————

16. Қазақ тіліне аударыңыз.

Южная столица, древний город, сочный апорт, ледяной каток Медео,

канатная дорога Коктобе

Грамматикалық тақырып: Одағай

Одағай (междометие) – особая часть речи, которая выражает, но не

называет различного рода эмоций, чувства и побуждения. Одағай не

изменяется и не является членами предложения.

1. Көп нүктенің орнына берілген сөздерді қойыңыз: Жарайсың! Қап! Әй!

Кешіріңіз! Кә-кә!

1. Келе ғой ... !

2. ..., міне жігіт!

3. ..., әттеген-ай кеш болып кетті!

4. ..., сізден сұрауға бола ма?!

5. ..., сен өзі қандай адамсың?!

6. ..., өркеннің өссін балам!

2. Берілген одағай сөздермен сөйлемдер құраңыз.

1. Құдай-ау! _________________________________________________

2. Аһа! _____________________________________________________

3. Жетер! ____________________________________________________

4. Рахмет! ___________________________________________________

5. Кеш жарық! _______________________________________________

6. Мә! ______________________________________________________

7. Бәрекелді! ________________________________________________

182 Қазақ тілі практикумы

3. Кестені толтырыңыз.

Одағайдың түрлері

1. Көңіл-күй

2. Жекіру

3. Сыпайыгершілік және

тұрмыстық қолдану

4. Үй жануарларын

шақыру


4. Қайсысын қалай шақырады?

1. ___________ 2. ___________ 3. ___________ 4. ___________

5. ___________ 6. ___________ 7. ___________

5. Диалагты одағайлармен жалғастырыңыз.

-Ғафу етіңіз, бұл менің орным еді!

-Ой, кешіріңіз, мархабат!

- ..............................................................

- ..............................................................

- ..............................................................

- ...............................................................

6. Төмендегі сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Құдайға шүкір, жаңбыр бүгін жауған жоқ! 2. Мә, ал! 3. Ал, тұрайық,

кешігіп қалармыз! 4. Кешіріңіз, мен ұмытып кетіппін! 5. Шіркін, жаздың

жайма шуақ кездері-ай!

7. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Ура, мы победили! 2. Боже, когда же наступит весна?! 3. Браво, Вы

выступили прекрасно! 4. Эй, поехали! 5. Надо же, такому случиться! 6. Ага,

попались?! 7. Ну, погоди!

183

8. Өзіңіз білетін одағай сөздерді жазыңыз. Талдап, түсіндіріңіз.



————————————————————————————————

———————————————————————————————-————————————————————————————————

————————————————————————————————

————————————————————————————————

————————————————————————————————

Лексикалық тақырып: Қазақстан табиғаты

(тау, көл, жан-жануарлары)

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Темір кенін Қазақстанның қай түкпірінен болса да іздеуге болады.

Әсіресе – Торғай даласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының батыс

жағы, Ұлытау, Қарсақбай, Көкшетау бөктерлері, Балқаш жиектері, Ақтөбе

және Қазақстаннның оңтүстік облыстары, Алта тауы. Қазақстан мыс пен

полиметалл қоймаларына қисапсыз бай. Алтай, Шыңғыс, Тарбағатай,

Сауыр, Жоңғар Алатау, Қаратау, Мұғаджар, Ұлытау, Қарқаралы тауларында,

Жезқазған ойпатында, Балқаш маңында, Сарыарқада және тағы басқа

көптеген жерлерде түсті металл рудаларының, қазір белгілі болған кен

көздерімен қатар әлі де ашылмаған алыптары бар екендігі сөзсіз. («Білім

және еңбек» журналы.)

2. Мәтінді аударыңыз, мазмұндама жазыңыз.

Қазақстан орман шаруашылығының қалыптасуы күрделі де қиын жолдан

өтті. Ол 1966 жылы ғана Дербес мемлекеттік комитет болып, соның

нәтижесінде 1978 жылы министрлік ұйымдастырылған. Содан бергі уақытта

елеулі жұмыс атқарылды. 1966 жылдан бері ағаш отырғызылған жердің

ауданы 1316 мың гектарға ұлғайды. Республика орман қорының жалпы

ауданы 21,6 миллион гектарға, соның ішінде ағаш отырғызылған жерлер 9,6

миллион гектарға жетеді. («Егеменді Қазақстан» газеті.)

3. Берілген мәліметтерді пайдаланып, мәтін дайындаңыз.

7 қорық


1. Ақсу – Жабағылы қорығы – 1926 жыл

2. Алматы қорығы – 1931 жыл

3. Наурызым қорығы – 1934 жыл

4. Барсакелмес қорығы – 1939 жыл

5. Марқакөл қорығы – 1976 жыл

6. Қорғалжын қорығы – 1979 жыл

7. Үстірт қорығы – 1984 жыл

184 Қазақ тілі практикумы

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, жануар, жәндік

тұрмақ, тіпті көктемде көктеп, күзде қурайтын өсімдіктің де өзіне тән жаны,

мінезі бар көрінеді. Өсіп, жайқалып тұрған жапырақтарға биолог ғалымдар

ультра жазу аппараттары арқылы мынадай қызықты тәжірибе жасапты.

Сабағына арнайы байланыс құралын орнатып, өздері жапырақты жұлуға

қол созған. Сөйтіп, жапырақты ұстағанда, экранда қорқыныш діріл пайда

болған. Жапырақты жұлып алғанда, экрандағы қорқыныш дірілі де жоғалған.

Яғни, бір ғұмыр үзілді. Жансыз деп есептейтін қарапайым жапырақтың

өзінде осыншама сезім болуы неткен ғажап десеңізші! Ал қалампыр гүліне

жасалған тәжірибе тіптен керемет. Жас, сұлу қыздар иіскесе, гүлін ашып,

кәдімгідей сүйсініпті. Жиіркенішті біреулерді ұнатпай, тыжырыныпты.

Темекі тартқан, арақ ішкендердің демінен қорқып, гүл жабыла бастапты.

Ғажап емес пе?!

Халқымыз қасиетті құс деп ардақтайтын аққу көгілдір шағында

жұптасады екен де, қалған ғұмырын аса тату бірлікте өткізетін көрінеді.

Олардың бір-біріне деген махаббаты соншалық – жұптың бірі қапияда қаза

тапса, екіншісі қайғыға шыдамай, әуеден құлдилап келіп, жерге соғылып

өлетініне немесе нәр татпай, жан тәсілім ететініне табиғат әуесқойлары талай

мәрте көз жеткізген.

4. Аң балаларының атауларын білесіз бе? Үлгі бойынша айтыңыз.

Үлгі: Жылқының баласын құлын дейді.

Аю ______________ Түлкі _____________

Арқар ____________ Аққу _____________

Қасқыр ___________ Мысық ___________

185

Түлкі _____________



Қонжық, көгілдір, жәутік, алан, бөлтірік, қозықа, мәуиы.

5. Мәтінді аударыңыз.

Тырна

Қар еріп, сай-сала бұлақ сылдырына толғанда, көгілдір көктемнің көктегі



жаршысындай болып тыраулап тырналар келеді. Оның алыстан талып

жеткен үнін естігеніңмен, көзіңе бірден шалына қоймайды. Күн ұясына

қона, тырналар аялдама жасайды. Ұзақ жолдан шаршаған олар түні бойы

қонақтап, ертеңгі сапарға күш жинайды. Бәріміз осындамыз ба дегендей-ақ

таңертең бір-біріне дауыс беріп, түгендеп, хабарлдасып алады да, аспанға

қайта көтеріліп, сап түзеп, кете барады. Тырна - өте сақ құс. Күзетте тұрған

кәрі тырна жақындап келе жатқан адамды сезіп қалса болды, тыраулап қатер

белгісін бере қояды. («Ол кім? Бұл не?» кітабы.)

6. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз. Аударыңыз.

аққу, үкі, шіл, ақбөкен.

1. ... – тауық тәрізді құс. Олар шыршалы орманда, аралас ормандарда

мекендейді.

2. ... – жабайыланған қой тұқымдас. Жыртқыш аңдар қатер төндіргенде,

олар адамды паналап, қойға қосылып кететіні де бар.

3. ... – жыртқыш құс. Қараңғыда жердегі жалғыз ноқатты көре алады. Күндізгі

көруі де кем емес.

4. Шалқар көл еркесі - ... . тұмсығының кейбір жері қара, қалғаны қызғылт

сары және тұмсығының үстінде томпақ мүйізшесі болады. Бұл әсем құстың

тазалығы мен сұлулығын ескеріп, жұртшылық қыз-келіншектердің нәзіктігін,

келбеттерін соған теңейді.

186 Қазақ тілі практикумы

7. Суретті әңгімелеңіз.

8. Өлеңдерді мәнерлеп оқыңыз, мазмұнын айтыңыз.

Орал тауы

Таласқан аспанменен көкпеңбек тас,

Қарасаң төбесіне айналар бас.

Жасаған мейірімі кең қадір тәңірі,

Шығарған сол тауынан алтын, алмас.

Жіп-жиі, шытырманды түрлі ағаш,

Тұрғаны мұнарланып өсіп жалғас,

Қарағай, шырша-батыр бір қалыпта:

Шілде, жаз, қысын, күзін есіне алмас!

Ішінде аю, қасқыр, түрлі аң толған,

Адамзат батып жалғыз аяқ салмас.

(М. Жұмабаев)

Көкшетау Хантәңірі

Аспанменен тірескен Шыңның мен танымаймын аласасын,

Тәңірімен тілдескен Төбеде де аласамен талсасың.

Көкшетауым біп-биік. Тянь-Шаньнның шашқтаулы найзасындай

Қою қара көк бұлт Қайсысың Хантәңірімен жанасасың?

Жайнап, ойнап, құлпырып, Шыңның мен ұнатамын биіктігін,

Көкшетауды тұр сүйіп. Шырқай кеп шыңырау көктен сүйіпті Күн.

Көкшетаудың көзі жас, Түндігін түртіп тұрған көк аспанның,

Ылғи мең-зең, айнымас Қанеки, Хантәңірінен иықты кім?!

Қалың тұман мұнардан. (М.Мақатаев)

Инелік өтпес жіп-жиі,

Оқтан түзу тал бойы

Қарағайға оралған. (М. Жұмабаев)

187

9. Сіз Жетісудың жеті өзенін білесіз бе?



2. ....................

1......................3. ..........................

7. ...................... 4. ............................

6. ......................... 5. ..............................

Грамматикалық тақырып: Шартты рай

Шартты рай – используется для обозначения действия, осуществление

которого возможно при определенном условии. Образуется путем

прибавления к основе глагола суффиксов –са,-се + личные окончания.

1. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Егер ертең суық болса, _______________________________________

2. Қалаға барсақ, ______________________________________________

3. Егер оны көрсем, ____________________________________________

4. Сіздер барсаңыздар, __________________________________________

5. Жақсы жаңалық естісең, ______________________________________

6. Сіз Алматыға келсеңіз, _______________________________________

7. Жазира айтса, _______________________________________________

8. Сендер күлсеңдер, ___________________________________________

2. Орыс тіліне аударыңыз.

Ертең күн қызарып батса, күн ыстық болады. Астанаға барсаңыздар,

бізді ала кетіңіздер. Азамат оны кездестірсе, міндетті түрде сөйлеседі.Егер

сендер келмесеңдер, олар келсін. Сіз оқысаңыз, олар да оқиды.Қыздар

бармаса, мен де бармаймын.Қонаққа шақырсаңыз, біз барамыз.Олар

келмесе, ойын басталмайды.

3. Қазақ тіліне аударыңыз.

Если ты ее увидешь, пусть позвонит мне. Если вы пойдете в кино, скажите

им. Если они сходят на работу , то сами все увидят. Если вы будете смеяться,

я ничего не буду говорить. Если он не выполнит задание, его не примут.

Если пойдет снег, я останусь здесь.

188 Қазақ тілі практикумы

4. Көп нүктенің орнына сөйлемнің алғашқы жартысын жазыңыз.


Каталог: uploads -> doc -> 087a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
087a -> Сабақтың тақырыбы: Санды өрнектер. Санды теңдіктер. Тура санды теңдіктердің қасиеттері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет