Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет4/16
Дата25.12.2016
өлшемі2,92 Mb.
#4841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Кәсіби құзырлық


Арнайы

Әлеуметтік

Тұлғалық және


Өзінің мамандығына сәйкес білімі, біліктілігі, дағдысы, жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру, өз еңбегінің нәтижесін бағалау, біліктілігінің болуы.

Тіл туралы білімінің, коммуникативті мәдениетінің, топтық іс-әрекетке, басқамен ынтымақтастыққа қабілет-тілігінің, өзінің іс-әрекеттінің нәтижесіне, қоршаған ортасымен құндылыққа дайындығының болуы



Өзін-өзі тану бойынша біліктілік, дағдысының, кәсіби үнемі жетілдіруге, өзін-өзі белсендіруге, рефлексияға, кәсіби іс-әрекет тұлғаның дамуына дайындығының болуы.





Өзінің саласына сұранысы бар кәсіби маман


А.К.Маркова мұғалімнің дара ерекшеліктеріне қарай төрт түрлі құзыреттіліктің болуын ұсынады: арнайы дайындық, әлеуметтік даярлық, тұлғалық, дара ерекшеліктерін кәсіби талаптарға сай жетілдіруге дайындық.

Кәсіби құзырлықты жетілдіру Е.И.Роговтың пікірі бойынша үш жолмен өтеді:

- қызмет жүйесінің толықтай өзгеруі арқылы, педагогтың өзіндік қызмет

стилінің пайда болуы;

- педагогтың субъект ретінде тұлғалық өзгеруі: ойының, көзқарасының, сыртай

мәдениетінің, т.б.;

- педагогтың субъект ретінде өзінің қызмет объектісіне басқаша өзгерген

түрдегі қатынасы;

- когнитивтік-объект туралы ақпараттың болуы, оның мәнін түсіну;

- эмоционалдық объектке қызығушылық таныту, әрекеттесуге ұмтылу;

- тәжірибелік объектке ықпал ету үшін өзінің мумкіндігін білу.

Кәсіби құзырлықты жетілдіру педагогикалық қызметті ұзақ атқару арқылы дамиды. Кәсіби құзырлық педагогикалық іскерлік арқылы қалыптасады. А.В. Мудрик дидактикалық іскерліктерді үш топқа бөлген.

Ендеше жоғарыдағы құзырлық мәселесінің мәніне жасалған шолу мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

-ғылыми әдістемелік басылымдарда білім саясатын анықтайтын құжат-

тарда және педагогика саласындағы зерттеулерде жалпы педагогикалық, дидактикалық, әдіснамалық деңгейде көрініс беруі;

-бұл ұғымның мәні жалпы білім берудегі жүйелік-тәжірибелік қызметімен және интеграциялық метапәндік рөлімен де байланыстылығы;

-құзырлеттілік, яғни, құзырлық қандай да бір саладағы адамның білімі мен тәжірибесімен және оларды нақты бір жағдайда соған сай қолдана білу біліктілігімен байланысты тұлғаның қасиетін білдіретін ұғым;

-әлеуметтік және тұлғалық құзырлық кез келген маманға тән қасиет.

Құзырлылық өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, негізгі ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген деп түсінуге болады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Педагогикалық қызметте мұғалімнің құзырлығын қалыптастыру қажеттілігі қандай?

2. Кәсіби құзырлықты қандай ғалымдар зерттеген?

3. Кәсіби құзырлықтың қандай түрлерін білесіз?

4. Мұғалімнің құзырлы болуы не үшін қажет?

5.“ құзырлық ”,“ құзыреттілік” ұғымдарының айырмашылығы неде?



9-ші дәріс Педагогтың өзін-өзі үздіксіз жетілдіру қажеттілігі.

1.Мұғалімнің өзін-өзі үздіксіз жетілдіру жүйесін қалыптастыруда педагогикалық ұжымның рөлі.

2. Мұғалімнің өзін -өзі тәрбиелеуі жолдары .

3. Кәсіби кемелдену компоненттері .

Әдебиеттер:

1.Вигман С.Л. Педагогика в вопросах и ответах. Учебное пособие-М.: Проспект,2005.стр.55-57.

2.Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.- М.: Издательский центр «Академия»,1999.-160с.

3.Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. Учебное пособие для спец. Высших учебных заведений. М., Просвещение,1989.-205с.

4.Основы педагогического мастерства. Упражнения. Тесты. Советы начинающему педагогу. Учебно-методическое пособие / Сост. Т.П. Смолькина. - Караганда, 2002.-88 с.

5.Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и колледжей /Под ред. П.И.Пидкасистого.- М.: Педагогическое общество России, 1998.- стр.584-585.

6.Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства: учебник для студ. сред. Проф. Заведений/ С.Д.Якушева.-2-е изд.,-М.: Издательский центр «Академия», 2009.-256с.

7.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.Педагогика.–Алматы: «Эверо», 2004.–328-б.

Өздігінен білім көтеру ауқымды мәселелерді қамтиды. Әйтсе де педагогикалық өз білімін көтеру мұғалімнің педагогикалық оқу орнында оқымаған, бipaқ қaзipгi уақытта мектеп үшін өзекті мәселелерге бағытталуы тиіс. Осындай мәселелердің қатарында педагогикалық қатынас, оқуды дербестендіру және жіктеу, дамыта окыту, лицей, гимназия, колледж сияқты жаңа типті оқу орнында оқыту ерекшеліктерін атауға болады. Мәселелер топтамасының арасында оқушылардың ғылыми көзқарасын, оның рухани мәдениетін, азаматтық тәрбиесін қалыптастыруды атауға болады.

Мұғалімдердің біліктіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Біліктілік көтеру немесе педагогикалық ЖОО базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдері практикалық тұрғыдан қорытылып, мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек бола алады.

Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдірудегі өмірлік және кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен тәжірибесі ескерілуі тиіс. Мектептің әдістемелік қызметінің озық тәжірибелері мен дәстурлерін сақтау және дамытудың да маңызы зор. Осы жұмыстардың бәpi де мектеп директорының оқу-тәрбие ici бойынша орынбасарының құзырында болады.

Мектептің әдістемелік жұмысының ұйымдық негізін директор, оның орынбасары, мұғалімдер де анық та нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады: мектептің педұжымының педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, педагогика ғылымының жетістіктерін жұмыста қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру; мұғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру; жаңа оқу бағдарламаларын жоспарлап, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру; оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын, түрлері мен әдістерін байыту; жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау-әдістемелік материаддармен танысуды ұйымдастыру; ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескеріп ұйымдастыру - пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге, педагогикалық жұмыста белгілі бip қиындыққа кезіккен жас мұғалімдерге, педагогикалық білімі жок жас мұғалімдерге және т.б, мұғалімдердің өздігінен педагогикалық білім көтepyiнe кеңес беру; жалпы кәсіптік-педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.



Мұғалімдер білімін жетілдірудің әуелі бір жылға, кейіннен 5 жылға арналған жоспары жасалуы керек. Шығармашылық жұмыстарын жандандыруға ықпал ететін шығармашылық топ құрылып, төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуі керек; біріншіден, оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулу, екіншіден, мұғалімдер білімін жетілдіру мақсатында семинарлар, конференциялар, апталықтар өткізілуі тиімді болады. Үшіншіден, мұғалімдер жұмысын дамыту үшін әдістемелік апталық пен оқулар ұйымдастыру, төртіншіден, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін дәріптеп, тарату.

Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеруі - оның өз бетінше педагогикалық құндылыктар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игepyi арқылы іске асады. Оның мазмұны психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдердің, педагогикалық жұмысты ғылыми ұйымдастырудың негіздерін, жалпы педагогика­лық мәдениетін қамтиды.



Мұғалімге өз білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсеткенде ғана оның кәсіптік қызметіндегі қажеттілігі, жеке қызығушылығы ecкepілyi тиіс. Мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке қажеттілігін ескеріп жоспарластырылғанда мұғалім ұжымдық оқу түpiнe тартыла отырып, өзін кызықтырған сұрақтарға жауап таба алады.

Мектеп директоры және оқу iciнің меңгерушісіне әдістемелік жұмысты ұйымдастырғанда өз мектебі педагогтарының алдындағы қиындықтарға баса көңіл бөледі. Әркімге қатысты мәселелерін бірлесе талқылау мұғалімнің өз білімін көтеру әрекетіне ықпал жасайды. Сондықтан да директордың, оқу iciнің меңгерушісінің өз білімін көтеруді ынталандыруы және оған басшылық жасауы негізінен жанама сипат алады. Бұл мұқтаждықтың басты себебіне мектеп әкімшілігінің, ата–аналардың мұғалімге деген талаптарын жатқызуға болады. Мектептегі талаптардың өзгеріп отыруы мұғалімнің үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруын талап етеді.



Кәсіби түрде өзін-өзі жетілдіру дегеніміз – ол қазіргі педагогикалық талаптарға сай келу үшін өзінің кәсіби және жеке қабілеттерін дамыту. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуге деген түрткілердің қалыптасуының бірнеше жолдары бар. Оның біріншісінде - мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуіне қоғам талаптары, мектеп басшыларының талаптары, мектеп өмірінің стилі, яғни белгілі біреудің әсері итермелесе, екіншісінде - мұғалімнің өзіндік қасиеттері: жауапкершілігі, кәсіби мәртебесі итермелейді. Әрбір түрткінің жанында нақты мұқтаждық тұр. Мұқтаждық болмаған жағдайда, өзін-өзі тәрбиелеудің түрткілеріне осы процеске деген мұғалімнің қызығушылығын жатқызуға болады. Бұл жағдайда жағымды эмоция үлкен рөл атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеуде мұғалім үлкен жұмыс атқарады.

Гуманистік философия мен педагогиканың негізін салушылардың көпшілігі өз қажеттігін тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби жетілуінің басты көрсеткіші ретінде есептеп, бұл ұғымның философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектілерін әр кезеңде әр түрлі қарастырған.

Джон Дьюдің жеке тұлғаның өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене, оны реттей отырып білім алуына, еркін дамуына мүмкіндік жасау арқылы қоғамды демократиялық даму жолына әкелуді көздейтін философиясы бүгінгі білім берудегі өзекті мәселе болып отыр.

Психологияда өзіндік қажеттілік ұғымын американдық ғалым Абрахам Маслоу еңгізді. Бүгінгі педагогикада оның «өзіндік қажеттігін тану» өз мүмкіндігін, потенциалын жүзеге асыруға ұмтылу, өз қабілетін, талантын, яғни ойындағы барын іске асыру арқылы адам тұлға ретінде толық қалыптаса алады» деген пікірі аса құнды. Сонымен қатар, өз мүмкіндігін қажетіне айналдыра алатын адамды А.Маслоу кәдімгі өзіміз күнде кездестіріп жүрген адамдарымызбен қатар қоймайтынын тағы да былай дәлелдеп келтіреді: «орташа адам – ол өз дарынын, қабілетін, мүмкіндігін жылы жауып қойған, не басып тастаған адам». Оның теориясы бойынша, адамның дамуы – екі жағы бар қажеттілік пирамидасына ұқсайды: бір жағынан әлеуметтік тәуелділігі, екінші жағынан, оның өз қажеттілңгін тани алуына қатысты танымдық табиғаты. А.Маслоу жалпы қажеттіліктерді туа пайда болған деп, алғашқы үш деңгейді - физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық қажеттілік ретінде қарастырады. Төртінші деңгейді - өзін-өзі құрметтеу, қадірлеу үшін атқарылатын әрекеттер ретінде, ал бесінші деңгейді – шығармашылық қажеттілік, өз мүмкіндігін жүзеге асыру өзіндік қажеттігі деп есептейді.

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі - өзіндік тұлғаны өзгертуге бағытталған жоспардан басталады. Бұл жоспардың негізіне өзіңдік даму деңгейін дамытуға қойылатын талаптармен салыстыру жатады. Осыған негізделе отырып мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған міндеттер жүйесін белгілейді. Осыдан кейін ғана өзін-өзі тәрбиелеу процесі басталады.

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі тұтас түрде жүруі тиіс. Ең алдымен мұғалім өзінің танымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік біліктілігін жетілдіріп отыруы керек.



Танымдық біліктілікті жетілдіру - ең алдымен ақыл-ой мен ойлауын жетілдіру болып табылады. Оның негізгі жолы – ақыл-ой операцияларын: байқағыштықты, салыстыруды, талдауды, есте сақтауды, қиялды дамытатын жаттығулар. Ойлау әрекеттері: анализ, синтез, индукция, дедукция, абстракті ойлау, қорытынды жасау әдістерін меңгеру.

Коммуникативтік біліктілік – ол қарым - қатынас жасай білу үрдісі. Қарым - қатынастың негізгі тәсілдері: мимика, жест, ымдау, сөз. Бұл біліктілікті жетілдіру үшін теориялық білім, одан кейін - жеке дара тәжірибе керек.

Ұйымдастырушылық біліктілік – ол оқушылардың оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуы. Л.И.Уманский бұл біліктілікке төмендегі қасиеттерді жатқызады:

- жалпы психологиялық ерекшеліктері: тұлғаның мақсаттылығы және ұйымдастыратын әрекетке дайындылығы;

- кейбір басқа да қасиеттері: белсенділігі, жұмыс қабілеттілігі, қарым – қатынас жасаудағы бейімділігі;

- тар мағынадағы ұйымдастырушылық қабілеті.

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу жолдары өте көп.

Ғалым С.Б.Елканов оған өзін-өзі ақпаратпен қамтамасыз ету, өзін-өзі талпындыру және өзін-өзі ұйымдастыруды жатқызады.

- өзін-өзі ақпаратпен қамтамасыз ету кіреді. Оған оқытудың әртүрлі формалары мен түрлері жатады.

- өзін -өзі талпындыру. Өз-өзіне бұйрық берумен байланысты. Ол мұғалімді өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейтін қозғаушы күш болып табылады.

- өзін-өзі ұйымдастыру. Оған өзін-өзі бақылау, байқау, есеп беру, талдау жатады. Бұл өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған әрекетті дұрыс ұйымдастыруға көмегін тигізеді.

Мұғалімдер бір-бірінен кәсіби дайындығымен ғана емес, педагогикалық- психологиялық ерекшеліктері мен де ерекшеленеді. Әрбір мұғалімнің мінезінде оқушылармен қарым-қатынас, жұмыс стилін анықтайтын кәсіби психология-лық ерекшеліктері болады. Педагогикалық - психологиялық ерекшелік өзіндік жұмыстың даралық стилінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады, сондықтан жұмыс істеу барысында мұғалім өзінің мықты және осал жақтарын білуі тиіс.

Мұғалімнің тұлғалық дамуы, оның бойындағы өзін-өзі үнемі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Өз қажеттіліктерін сезіну – кәсіби қызметтің негізі болып табылады, өйткені ол өзінің потенциалдық бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген сөз. Әрбір Адам өзін-өзі тәрбиелеуде ең алдымен оның мақсатын, әдістері мен тәсілдерін, нәтижесін, «технологиясын» меңгеруі тиіс. Бұл өзін-өзі тәрбиелеудің компоненттеріне жатады.

Кәсіби кемелдену компоненттері:



- даралық –тұлғалық қалыптасу;

- өзінің кәсіби – пәндік білімін толықтыру;

- өзін-өзі іскерлік - әдістемелік жетілдіру;

- өз мүмкіндігін игеруге қажеттілік.

Кәсіби даму - өзін-өзі жетілдірудің табиғи көрінісі. Оның ерекшелігі – қолы жеткен шығармашылық табыс арқылы өзін-өзі одан әрі дамыта беру мүмкіндігінде.

Мұғалімнің кәсіби кемелдігі – іс жүзінде оқушыны әлеуметтік деңгейінде қа-лыптастыратын психологиялық-педагогикалық және ғылыми–пәндік білімдері мен оларға сәйкес рухани биік парасат бейнесінің жоғары деңгейі.

Өзімен жұмыс істеу К.Д.Ушинскийдің көрнекті педа­гог болуына жәрдемдесті. Константин Дмитриевич айтуынша, оның өзін-өзі тәрбиелеуіне мынадай жайттар жәрдемдескен:



- барынша-сабырлылық, ең болмағанда сырттай байсалдылық;

- сөз бен істегі турашылдық;

- әрекеттегі алдын-артын ойлаушылық;

- батылдық;

- ешбір қажетсіз өзі туралы бір ауыз да сөз айтпау;

- уақытты текке өткізбеу;

- ез келген істі емес, өзің қалаған істі атқару;

- өз қылығыңа әр кеш сайын адал есеп беру;

- болғанына да, барына да, болатынына да ешқашан мақтанбау.

Әpбip мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі - ой еңбегінің техникасын білу,

ақыл-ой әрекетінің дербес ерекшеліктерін ескеру негізінде құрылады. Мұғалімнің өздігінен білім көтеруі оның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру

дербес жұмыс жоспар құрып, оны іске асыра алуына тікелей байланысты.

Эрудицияға жету жолындағы үздіксіз білім алу,ой еңбегінің мәдениетін игеру,рефлексияға қабілеттілігі, шығармашылық белсенділігі, қатынас және сезім мәдениеті жатады.

Мұғалім үшін қастерлі міндет - «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда», - деп есептейді А.Дистервег. Адамның өзін-өзі тәрбиелеу қабілеті табиғаттан берілмейді, оған үйрену керек. Тарихта әрбір ұрпақ адамдары өз заманының талаптарына сай келуі үшін өзін-өзі жетілдіруі тиіс.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Кәсіби өзін-өзі жетілдіру дегенді қалай түсінесіз?

2. Кәсіби жетілу туралы қандай ғалымдар пікір айтқан?

3. Кәсіби жетілудің қандай түрлерін білесіз?

4.Кәсіби кемелдену компоненттеріне нелерді жатқызамыз?

5. Ойлау әрекетінің қандай әдістері бар?

10-ші дәріс. Педагогикалық квалиметрия және шеберлік.
1.Педагогикалық квалиметрия туралы түсінік.

2.Педагогикалық профессионализімді бағалау, диагностикалау, өлшеу мәселе-лері.

3.Мұғалімдердің білімін бағалау және аттестациялау.

Әдебиеттер:

1.Вигман С.Л. Педагогика в вопросах и ответах. Учебное пособие- М.: Проспект,2005.стр.55-57.

2.Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.- М.: Издательский центр «Академия»,1999.-160с.

3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, /Дарын/, Алматы, 2004.-448 бет.

4.Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и колледжей /Под ред. П.И.Пидкасистого.- М.: Педагогическое общество России, 1998.- стр.577-601.

5.Жарменова Г.С.,Кусаинов Г.М., Кусаинова М.А. Педагогический словарь-справочник.- Астана, 2000.- 350 с.стр.33.

6. Қоянбаев Ж.Б.,Қоянбаев Р.М.Педагогика.–Алматы: «Эверо», 2004. – 328-б.

Мұғалімнің қызметін әділ бағалау күрделі әрі қажетті мәселе. Бүгін де мұғалімге қойылатын талаптар заман талабына сай өзгеріп отырған кезде, мұғалімнің қызметін әділ бағалау қажеттілігі туындап отыр.

70-жылдары педагогикалық квалиметрия деген түсінік пайда болды. Квалиметрия мұғалімнің қызметін әділ бағалау үшін арнайы, кәсіби қасиеттерін анықтау, өлшеу қажеттілігінен туындаған.



Квалиметрия - ол педагогикалық зертттеудің бір саласы, педагогтың арнайы, кәсіби қасиеттерін диагностикалау мәселелерімен айналысатын ғылым.

Квалиметрияға – педагогикалық зерттеудің, оның мазмұнының пара-метрлерін сипатттау, бағалау, өлшеу кіреді.

Аттестация - лауазымына сәйкестілігін анықтау мақсатында жүргізілетін әрекет түрі.

Аттестация - педагогтың квалификациялық санатына сәйкестілігін анықтау ушін жүргізілетін зерттеу.

Педагогтың еңбегін бағалау, өлшеу мәселесі педагогикалық жұртшы-лықтың назарынан тыс қалмаған. АҚШ-та рейтинг жүйесі қолданылады. Бағалау парақтарын толтыру, ол бойынша мұғалімнің қызметі үш тұрғыдан бағаланады: оқыту құралы, сыныпты басқара білуі, тәртібі бойынша.

Сондай-ақ, мұғалімнің еңбегін бағалау екі бағдарлама бойынша анық-талған: «Ұлттық мұғалімдер емтиханы», «Педагогикалық білім беру жүйесінде емтихан бағдарламасы» бойынша тест тапсыру арқылы.

Ресейде екі буынды модель бойынша бағаланған: мұғалімнің марапатталуы және тәжірибесі арқылы. Бүл модель бойынша бағалау объективті нәтиже бермеген. 1990 жылдан бастап мұғалімдердің еңбегін бағалаудың алты параметірлік моделі алынған. Олар: Оқушылардың білім сапасы - 70%, оқушылардың пікірі - 5%, ата-аналардың пікірі - 5%, әкімшіліктің бағасы - 5%, әріптестерінің бағасы - 5%, өзінің бағасы - 10%, барлығы - 100%.

Шетелдерде мұғалімдердің, оқушылардың еңбегін тест арқылы анықтау үйреншікті, қалыптасқан тәжірибе.

Қазіргі кезде мұғалімге қойылған талаптарға қарасақ, ол тәжірибе біздің елде де орын алуда. Конкурстық негізде жұмысқа алу, конкурстық негізде квалификациялау - уақыт талабы. Білім сапасын көтерудің бір жолы - мұға-лімнің жоғары квалификацияға ие болуында, бәсекелестікке қабілеттілігінде.

Мектептің педагог қызметкерлерін аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейінгі кезеңде аттестациялау туралы құжаттар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет өзгеріліп, толықтырылды.

Аттестацияның негізгі мақсаты - педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Міндеті - мұғалімнің кәсіби деңгейіне қарай біліктілік санат беру. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Қазіргі кезде бұл мәселеге оң көңіл бөлініп келеді.

Аттестация өткізудің негізгі принциптері: еріктілік, ашықтылық, жүйелілік, эксперттік бағалаудың объективтілігі, әдепті, әділ өтуін қамтамасыз ету. Бұл принциптер аттестациялық комиссия жүргізілуде қатаң сақталады.

Н.Портнов мұғалімдердің қызметін аттестациялау үшін келесідей критерийларды ұсынған:

-оқушылардың білім сапасы және тәрбиесі;

-пән бойынша білім деңгейлері;

-білімді тәжірибеде қолдана білулері;

-қоғамдағы, табиғаттағы болып жатқан өзгерістердің мәнін білу;

-оқушылардың өз бетімен білім алу деңгейі;

-оқушылардың техника түрлерімен жұмыс істей алулары;

-оқушылардың тәртібі, қоғамдық жұмыстарға араласулары, мәдениеті.

Мұғалімнің қызметі оқушылардың білімі, тәртібі, іскерлігі арқылы анықталады. Мұғалімнің қызметін бағалауда оның келесідей қасиеттері ескеріледі: жауапкершілігі, педагогикалық таланты, беделі, еңбексүйгіштігі, белсенділігі, тәртібі.

Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педкеңестің құзырында болады. Әр комиссия өз құзырына сәйкес мәселелерді қарастырады. Ал аттестациялық комиссияның негізгі шешімі – біліктілік санат беру. Қазір үш біліктілік санат берілген: жоғары санатты республикалық, облыстық, бірінші санатты аудандық, қалалық, ал екінші санатты – мектеп аттестациялық комиссия береді.

Мұғалімнің немесе мектеп басшысының қызметі екі кешенді көрсеткіш- термен бағаланады. Біріншісі – қызмет қорытындысын жинақтау, екіншісі - практикалық қызметті эксперименттік бағалау. Бірінші көрсеткіш бойынша мұғалім шығармашылық есеп береді: ғылыми-әдістемелік, немесе тәжірибелік – эксперименттік жұмыстарды ұсына алады.

Екінші көрсеткіш бойынша ол бірнеше нұсқада психологиялық-педагогикалық экспертизадан (сараптаудан) өтуі тиіс. Кейбір мектептерде, аудандық, облыстық технология, тестілеу, эксперименттік бағалау тәсілдері қолданылады. Дегенмен, педагогикалық қызметті болжамдау және жинақтауды аттестациялық комиссия нақтылап, түзетулер енгізіп отырады.

Мұғалімдерді аттестациялау педагогтің біліктілік санат сұраған арызы бойынша бес жылда бір рет өткізіледі.

Кейде аттестация мұғалімнің педагогикалық біліктілігін айқындау үшін педкеңестің шешімімен, басқару әкімшілігінің бастамасымен де жүргізілуі мүмкін. Шағын комплектілі мектептерде аттестация өткізуді ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай мектеп мұғалімінің аттестациялауды аудандық бөлімінің немесе ірі мектеп базасында құрылған комиссия атқарады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай аттестациялаудың табысты болуы оны ұйымдастырылуына, қорғау мен бағалаудың дұрыс жолға қойылуына, ұжым -да іскер тілектестік көңіл-күйдің қалыптасуына тәуелді болып келеді.

Жалпы айтқанда, мұғалімдерді аттестациялау мектептің ғылыми-әдіс -темелік жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын анықтаудың негізі болып табылады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Педагогикалық квалиметрия дегенді қалай түсінесіз?

2. Педагогикалық профессионализімді бағалау әр елде қалай өтеді?

3. Мұғалімдерді аттестациялау туралы не білесіз?

4. Мектеп басшысының қызметі қалай бағаланады ?

5. Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялаудың негізгі мақсаты не?

6. Мұғалімнің қызметі қазіргі кезде қалай бағаланады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет