Қазақстан Републикасының білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Азаматтардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін арттыру



бет19/21
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#32838
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Азаматтардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін арттыру. Құқық тәртібін сақтауға азаматтарды тартудың жаңа нысандарын табу. Жәбірленушілерді, куәлерді қорғауды заң бойынша реттеу. Заңдылықты нығайту ісінде белсенділік танытқан адамдарға әлеуметтік қолдау жасау.
Біз аталған проблемаларды шешудің өзге жолдарын да қарастыруымыз керек. Бұл тұста жезөкшелікке тарту және оны пайдалану бойынша астыртын бизнестің дүниежүзілік қауымдастыққа бірігу үрдісінің белең алғандығын ескере отырып, бұл қылмыс түрлерімен күрестің халықаралық достастығының қарым-қатынасын реттеу қажет екендігін атап өтуге тиіспіз. Осы мәселеге байланысты Интерпол мүшелігіне енген елдердегі полиция қызметтері арасында мәліметтердің арнайы банкісін құру және тиісті ақпараттарды алмасуды күшейте түсу жөніндегі ұсыныстарды жүзеге асыратын кез жетті.
Көптеген елдердің қылмыстық заңнамасында нәпсіқұмарлық сұраншақтыққа, жұмыста кемсітушілікке жауаптылық белгіленген құқықтық нормалар қарастырылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде ондай жеке бап жоқ. Әйелдерге қарсы зорлық жасаған тұлғаларға белгіленген жауаптылықты халықаралық заңнамалық құжаттарға сәйкес күшейте түсу мақсатында бірқатар қылмыстық-құқықтық және әкімшілік нормаларды қайта қарау мәселесін күн тәртібіне дереу қою қажеттілігі байқалады.
Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына Жолдауында республиканың заңнама саласын жетілдіре түсу қажеттілігі туралы айта келіп, былай деген болатын: Билік өкілдері ретінде құқық қорғау органдары ең алдымен ел азаматтарының заңды құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға міндетті екенін үнемі еске салып отыруға тура келеді. Кейбіреулері бұл міндетті керісінше түсінеді. Біз қылмыстық жазалау жүйесін ізгілендіру және түзеу мекемелерінде ұстау жағдайларын жақсарту жолымен алға қарай жүруіміз керек.
Притондар жезөкшелікпен айналысуға қолайлығы жағынан бір келкі емес. Мұндай орындар жезөкшелікпен айналысуға арнайы жабдықталу немесе жабдықталмау сипатына және клиенттердің қандай тобына қызмет көрсетілетіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, жезөкшелікпен айналысуға арнайы жабдықталған порнографиялық я эротикалық фильмдерді тамашалауға арналған видеосалоны, саунасы, буфеті, арнаулы қызметшілері: массаж жасаушылар, күзетшілер, такси жүргізушілері бар тұрғын жайлар және бишілер тобы стриптиз, сондай-ақ нәпсіқұмарлық сипатындағы билерді орындайтын түнгі барлардың бөлмелері қалталы шетелдіктер мен жергілікті бай адамдарға қызмет көрсетеді. Сондықтан, олардың қожайындарына, жезөкшелерге, қызметшілеріне түсетін кіріс мөлшері өте жоғары деңгейде. Осындай орындардан гөрі меншік үйлердің притондарға айналдырылған бөлмелерінің немесе жатақхана бөлмесінің жезөкшелікпен айналысуға қолайлығы айтарлықтай төмен деңгейде. Ал оларға қарағанда жыныстық қатынас жасауға арнайы жабдықталмаған күзет үйлері, автобус салондарының т.б. қолайлығы тіпті төмен. Сондықтан, мұндай орындарда жезөкшелікпен айналысу қаркыны да, төлемақысы да әр түрлі деңгейде, демек қоғамдық қауіптілігі де әр түрлі дережеде. Притондарды осындай сипаттамасына қарай үш жікке бөліп саралау қажеттілігі байқалады:
- притондардың осы үш түрінің қайсысын ұйымдастыруына немесе ұстауына қарай, қылмыс субъектілері түрлі мөлшерде кіріс келтіреді. Мысалы, интурист мейманханасының қызметкері я қызметкерлері жезөкшелікке байланысты қылмыстық істерді сексбизнестің бір түріне айналдырып, шетелдік валютамен, көбіне АҚШ долларымен табыс тапса, күзет үйлерін пайдакүнемдік мақсатында жалға берушілер, жезөкшелікпен айналысушылардан 100-200 теңге немесе бір жарты спиртті ішімдік алуы мүмкін. Ал Қылмыстық кодексінің 309-бабында (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) притондардың бірнеше түрге бөлінетіні, притондардың түрлеріне қарай оларды ұйымдастырушылар мен ұстаушылар әр түрлі деңгейде еңбексіз табыс табатыны, кейбірінің көпшілік орындардағы, енді біреулердің өздерінің меншік үйлеріндегі бөлмелерді притондарға айналдыратыны сараланып қарастырылмаған. Осы себепті аталған қылмыс субьектілеріне олардың қылмыс түрлерінің қоғамдық қауіптілігі әр түрлі деңгейде екені ескерілмей, бір келкі қылмыстық жауаптылық белгіленген. Сондай-ақ, 309-бапта притондардың қандай аудандарға орналасқаны да ескерілмеген, осы себепті түрлі қылмыс субьектілеріне бірдей қылмыстық-құқықтық жауаптылық белгіленген. Бұл қылмыстық-құқықтық және моральдық тұрғыдан алғанда әділдік емес.
Айталық, мектепке дейінгі балалар мекемелері, түрлі деңгейдегі оқу орындары, діни орындар, әскери горнизондар, шетел елшіліктері мекен-жайларының жанында және елді мекендердің елеусіз түкпірлерінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау қылмыстары құрамының қоғамдық қауіптілігі бір келкі емес. Аталған орындардағы притондар жас балалар мен жасөспірімдердің, жастардың тәрбиесіне кері әсер етеді, діндарлар мен дінді құрметтеушілердің ар-намысын қорлайды, әскерилерді, әсіресе мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген жауынгерлерді әскери тәртіпті бұзуға итермелейді және шетелдердің ресми өкілдерінің алдында мемлекетіміздің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Ескерерлік бір жайт: АҚШ-та жезөкшелікке ресми түрде рұқсат етілген штаттардың өзінде әскери горнизондардың маңында зинақорлар үйлерін ұстауға тыйым салынған. Мұндай жағдайдың орын алмауына тіпті БҰҰ-да жауапкершілікпен қарап, 1991 жылы Балкандағы НАТО қарулы күштеріне қызмет көрсететін бордельдерді жабуға шешім шығарған. Жергілікті полиция арнайы операция жүргізіп, шешімді жүзеге асыру барысында ресейлік 117 жезөкше Босниядан қуылып, Москваға оралған. Тіпті Ресейде ресми жезөкшелікке рұқсат етілген XIX-ғасырдың өзінде шіркеу, училище, мектеп және солар секілді мекемелерге 150 саженнан жақын жерге зинақорлар үйлерін ашуға тыйым салынған;
Айталық, притондар ұйымдастырушылар немесе ұстаушылар және жеңгетайлардың қылмыс құрамында пайдакүнемдік мақсатында жезөкшелікті өрбіту тәрізді ортақ белгілері болғанымен, сол мақсатқа жетудің әдістері бөлек және қоғамдық қауіптілігі деңгейі де әр түрлі.
Притондар ұйымдастыру немесе ұстаудан гөрі жеңгетайлық қылмысының айтарлықтай жоғары деңгейде ашылатыны белгілі.
Жеңгетайлардың іс-әрекеттерінің пәрменділігі мен нәтижелігі притондар санымен тығыз байланысты. Притондардың азды-көптігіне қарай олардың «жұмыс» қарқыны я күшейіп, я төмендеп отырады. Притондарда бұрын болған клиенттер жеңгетайлардың қызметін қажетсінбейді. Демек, жеңгетайлық қылмысы притон ұйымдастыру немесе ұстау қылмыстарына тәуелді және олардай тұрақтылық сипатына ие емес. Ендеше, қылмыстың осы екі түрі жезөкшелікке байланысты әрі мақсаты бір болса да, әдісі бөлек, қоғамдық қауіптілігі де екі түрлі деңгейде, қылмыс субъектілеріне келтірер кіріс мөлшерінің де айтарлықтай айырмашылықтары бар.
Жеңгетайлық қылмысының құрамы туындау себептерінің негіздері және қоғамдық қауіптілігі дәрежелері әр түрлі құқық бұзушылықтан тұрады. Мысалы, кейбір қылмыс субьектілері (қарауында жас баласы бар жесірлер немесе жалғызбасты әйелдер не көп балалы аналар) жұмыссыздық салдарынан тапшылық пен мұқтаждыққа ұрынғандықтан жеңгетайлықпен айналысуға мәжбүр болады. Енді біреулер кем дегенде отбасының я өзінің тұрмысын орташа деңгейде қамтамасыз етуге жетерлік еңбекақы төленетін тұрақты жұмысы немесе басқадай табыс көзі бола тұра, жеңгетайлықпен пайдакүнемдік мақсатында айналысады. Айталық, көпшілік мекен-жайларының (интурист мейманханалары т.б.) қызметкерлері қызмет жағдайын пайдаланып жеңгетайлықты сексбизнестің бір кәсібіне айналдырады. Мұндай жеңгетайлар көпшілік мекен-жайларындағы притондардың пәрменді жұмыс істеуіне үлкен үлес қосып, жезөкшеліктің өрбуіне де белсенді ат салысады. Ал жезөкшелер мен клиенттердің кездесуін күзет үйлерінде ұйымдастырушы жеңгетайлардың қызметақысы күнкөріске ғана жетеді әрі олар жезөкшеліктің өрбуіне жоғарыда көрсетілген жеңгетайлардай ықпал ете алмайды:
- басшылардың өз қол астында істейтін қыздарды, әйелдерді олардың қызметтегі (жұмыстағы) тәуелді жағдайын пайдаланып, жезөкшелікке тартуының қоғамдық қауіптілігі өзге түрлеріне қарағанда басым.
Егер басшы қызметкерлердің қол астындағы қыздарды, тұрмыстағы әйелдерді олардың тәуелді жағдайын пайдаланып жезөкшелікке тарту немесе оларға жеңгетайлық жасау қылмыстарына қарсы шара қолданылмаса, бұл қылмыстар деңгейі қазіргі кездегіден де жоғары көтеріліп, халықтың әлеуметтік өміріне кең тарала түсуі сөзсіз. Сөйтіп, демократиялық, зиялы, құқықтық мемлекет құруды көздеген қоғамымыз ежелгі Рим империясындағы нәпсіқұмарлық сипаттағы азғындыққа салынған билеушілер, ақсүйектер, жоғары лауазым иелерінің кесірінен қылмыстық-құқықтық, моральдық ахуалы мүлде төмендеген римдіктердің кебін киюі мүмкін.
Сондықтан, аталған қылмыс түрлеріне тиісті қылмыстық-құқықтық жауаптылық белгіленуі керек және мұндай шаралар қыз-келіншектерді жоғары лауазымды басшылардан және білім беру, денсаулық сақтау, заң және құқық қорғау салалары қызметкерлері тарапынан жасалатын қылмыстардан қорғайды деген пікірдеміз.
Егер Сібірдегі саны аз ұлттар мен ұлыстардың биологиялық және ұлттық сана жағынан азғындыққа ұшырауының бір себебі - спиртті ішімдіктерді жаппай тұтыну салдары екенін ескерсек, есірткі заттардың да ұлттық санаға ойсырата зиян шектіретініне күмән туғызбауымыз керек. Сондықтан әлгіндей притондардың тікелей обьектісіне ұлттық сананы да қосу жөн.
Қалталы шетелдіктер мен өзге ұлт өкілдеріне талғаусыз сексқызмет көрсететін қандас жезөкшелер оларға «қазақтар - моральдық азғындыққа ұшыраған халық екен» деген ой салады. Ауғаныстанда қазіргі кезде де ауған қыздарымен жыныстық қатынасқа түскен шетелдіктерді, әсіресе мұсылман емес жат жұрттықтарды өлім жазасына кесетін заң бар. Бұл ислам дінін берік ұстанған ауған халқының ұлттық намысын қорғауды көздеуден туған әрі ауғандықтардың қоғамдық санасы қабылдайтын заң. Әрине, оны біздің қоғамымызда қолданысқа енгізу мүмкін емес.
Ққдамгершілікке қарсы қылмыстардың криминологиялық аспектілеріғынып, дереу халықаралық заңнамалар қабылданды..алатын. гіленгеназақстанда 1991 жылдың алғашқы жартысына дейін жезөкшелік әкімшілік заңды бұзушылық болып саналып, жезөкшелерге айыппұл салынатын. Ал олар тиісті айыппұл мөлшерін төлеген соң, өз кәсіптерімен іле қайта айналысып, қаржы шығындарының орнын бірнеше есе артығымен толтыратын. Жұртшылық жезөкшелікке қарсы бұл шараны жұмсақтау деп жүргенде, әкімшілік кодекстің жаңа нұсқасында жезөкшелікпен айналысу әкімшілік заңды бұзушылыққа жатпайтын болып белгіленеді. Мұндай баптар көңілге қынжылыс тудырғанымен, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою және адамдарды саудаға салуға, үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес жөніндегі Конвенциялардың талаптарына сәйкес келеді. Демек, қандай да бір іс-әрекетке тыйым салынбаса, оның рұқсат етілгені болып табылады деген ойға сүйенсек, елімізде жезөкшелікке белгілі бір дәрежеде рұқсат етілген болып шығады.
Осылайша демократиялық-құқықтық мемлекет құру жолындағы Қазақстанда халқымыздың әлеуметтік өмірінде бұрын болмаған тұрпайы құбылысқа лажсыздық салдарынан жол беріліп отыр. Заңда жезөкшелікке қылмыстық, азаматтық, әкімшіліктік, тәртіптік жауаптылықтардың бір де бірі белгіленбегенін пайдаланып, жезөкшелер өз кәсіптерімен емін-еркін айналысуда. Олардың төменгі сатысындағылар клиенттермен арнайы жабдықталған я жабдықталмаған притондарда ғана емес, түрлі мақсаттағы орындарда жыныстық қатынастың гомосексуалық я лесбиандық тәрізді кез келген түрлерімен айналыса береді. Айталық, мектепке дейінгі балалар мекемелері, түрлі деңгейдегі оқу орындары, діни орындар, әскери горнизондар, шетел елшіліктері мекен-жайларының жанында нәпсіқорлық сипаттағы іс-әрекеттермен айналысудан тайынбайды. Сөйтіп, олар жас балалар мен жасөспірімдердің, жастардың тәрбиесіне кері әсер етеді, діншілдер мен дінді құрметтеушілердің ар-намысын қорлайды, әскерилерді, әсіресе мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген жауынгерлерді әскери тәртіпті бұзуға итермелейді және шетелдердің ресми өкілдерінің алдында мемлекетіміздің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Жезөкшелер мен олардың жыныстық қатынастағы әріптестеріне тиісті жағдайда қылмыстық жауаптылық белгілеу-жезөкшеліктің өзіне тыйым салу емес, оның көпшілік көзінше қоғамдық моральды аяқ асты ету, адамның адамгершілік қасиетін төмендету, қоғамдық тәртіпті бұзу, діндарлар мен дінді құрметтеушілердің діни сенімдерін қорлау, шетелдіктердің алдында мемлекеттің халықаралық беделіне нұқсан келтіру, жас балалардың, жасөспірімдердің, жастардың тәрбиесіне теріс ықпал ету, адамның махаббат сезімі мен неке адалдығын жоққа шығару тәрізді қоғамдық қауіптілігі зор көріністеріне жол бермеу мақсатындағы жария жезөкшелікке яғни көше жезөкшелігіне тыйым салу болып табылады. Ал жезөкшелер я жеңіл жүрісті әйелдер өздерінің жыныстық қатынастағы әріптестерімен нәпсіқорлық сипаттағы іс-әрекеттерімен өз үйлерінде не өздерінің меншігіндегі тұрғын-жайлар болып саналмайтын, түрлі мақсаттағы нысандарда айналысуы құқық бұзушылыққа жатпайды. Бірқатар шетелдіктердің заңнамасында осыған ұқсас жайттарға байланысты белгіленген баптар бар. Айталық, АҚШ-тың жезөкшелікке тыйым салынған штаттарының кейбірінде жезөкшелермен бірге клиенттер де жазаланады. Францияның Қылмыстық кодексінде көше жезөкшелігі мен жезөкшелердің қоғамдық орындарда жүргіншілерге жармасуына жауаптылық белгіленген. Ұлыбританияда да адамдарға жармасқан жезөкшелер заңмен қуғындалады. Тіпті бірнеше ғасыр бұрын ресми жезөкшелікке рұқсат етілген мемлекеттердің өздерінде көше жезөкшелігіне тыйым салу заңы бұрын да болған, қазір де бар. Осындай жаңа бап дайындалып Қылмыстық Кодекске енгізілсе, жезөкшеліктің өрісі тарылып, оған байланысты қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзушылық және моральға жат іс-әрекеттер де азая түседі деген пікірдеміз.
Айта кететін бір жайт: Пәкістандағы жезөкшеліктің барлық түрін қылмыс деп тауып, жезөкшелердің бәрін бірдей ұзақ мерзімге бас еркінен жазалайтын заңға қарағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне енгізуге ұсынылып отырылған бап әлдеқайда иманды болып табылады.
Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды олар орналасқан орындардың негізгі мақсаты қандай екендігін ескере отырып, мынадай үш топқа бөліп, жүйелеуді дұрыс тәрізді:
1-топ. Көпшілік пайдаланатын орындар: мейрамхана, монша, сауна, кафе, казино, бар, түнгі ойын-сауық орны, демалыс үйі, емдеу-сауықтыру мекемесі, сауда орындары (базар, кешенді дүкен т.б.) автовокзал, теміржол мен өзен вокзалдары. т.б.;
2-топ. Жекелеген отбасына я жеке адамға арналған тұрғын жайлар: үйлер, пәтерлер, жатақхана бөлмелері. т.б.;
3-топ. Жезөкшелікпен айналысуға жабдықталмаған орындар: автомашиналардың салондары, күзет үйлері т.б.
Притон ұйымдастыру немесе ұстаудың және жеңгетайлықтың қылмыс құрамындағы жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, жеңгетайлықты Қылмыстық Кодекстің 309-бабынан алып, оны қарастыратын жаңа бап дайындау қажет. Қылмыстың бұл түріне белгіленген жауаптылық притон ұйымдастырушылық немесе ұстаушылық қылмыстарына белгіленген жазаға қарағанда жеңілірек болуы керек. Дегенмен, жеңгетайлық қылмысының құрамы әр түрлі болатындығына қарай жеңгетайлар да бірнеше жікке бөлінетіні ескеріліп, жаңа бап олардың әр қайсына тиісті жауаптылық белгіленген бірнеше тарауға бөлінуге тиіс.
Жеңгетайлардың еңбексіз табыс табуларына мүмкіндік беретін орындарының қандай екендігіне байланысты, оларды мынадай үш топқа жіктеп қарауды дұрыс деген ойдамыз:
1-топ. Интурист мейманханаларындағы т.с.с. притондарда валюталық жезөкшелерді клиентермен қамтамасыз ететіндер;
2-топ. Орта дәрежедегі көпшілікке қызмет көрсету мекемелеріндегі және тұрғын жайлардағы притондарда жезөкшелерді клиенттермен қамтамасыз ететіндер;
3-топ. Жезөкшелікпен айналысуға арнайы жабдықталмаған орындар: автомашина салоны, күзет үйіндегі т.с.с. притондарда жезөкшелерді клиенттермен қамтамасыз ететіндер немесе белгіленген тұрақты орындары жоқ жезөкшелер мен клиенттерді кездесуін ұйымдастырушылар.
Жезөкшелікке тарту және жеңгетайлық көрсету қылмыстарымен күресу тікелей міндеті болып табылғанымен, өздерінің кәсіби қызметтеріне мұқтаж адамдардың тәуелді жағдайын пайдаланып, қылмыстың осы түрлерін өздері жасаған білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және қоғамдық тәртіпті қорғау салалары мамандары қылмыстарының қоғамдық қауіптілігі айрықша.
Жоғарыда көрсетілген жайттарды ескеріп, Қылмыстық Кодекстің 308-бабының (жезөкшелікпен айналысуға тарту) түсіндірмесін мынадай мәтінмен толықтыру жөн: «Көрсетілген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі - қоғамдағы адамгершілік бастауларын бұзу, халықтың (ұлттың) ар-намысын аяқ асты ету болып табылады. Қылмыстың объектілері - қоғамдық адамгершілік, халықтың (ұлттың) ар-намысы, қосымша объектілері - адамның ар-намысы және денсаулығы болып табылады».
309-баптың (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) түсіндірмесін мынадай толықтырылған мәтінмен беру керек: «Көрсетілген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі - қоғамдық адамгершілікті өрескел бұзу, мемлекеттің халықаралық беделіне нұқсан келтіру. Аталған қылмыс түріне оның қай жерде (орында) жүзеге асырылғандығына және айыпкерлердің санына қарай (тиісті) қылмыстық жауаптылық белгіленеді. Жыныстық қатынасқа оның кез-келген түрі (еркек пен әйелдің, еркек пен еркектің (гомосексуалдық) әйел мен әйелдің (лесбияндық) жыныстық қатынасы) жатады. Жыныстық қатынас екі адамның немесе бірнеше адамның өз ықтиярларымен, өзара келісімдерімен жүзеге асырылады. Жыныстық белгілерінің бірдейлігі немесе әр түрлігіне қарамай екі адам болса-бір жұп, үш адам не одан көп болса, бір топ деп есептеледі. Қылмыс субъектілері кәмелет жасына толғандар. Олар жезөкшелер мен нәпсіқұмар еркектер немесе гомосексуалдар мен лесбияндар сондай-ақ, жеңіл жүрісті немесе тұрмыстағы не тұрмысқа шықпаған әйелдер мен нәпсіқорлыққа бейім, үйленген не үйленбеген еркектер де болуы мүмкін. Қылмыс субьектілері мұндай іс-әрекеттерді өз ықтиярымен, өзара келісіп жүзеге асырғандықтан жыныстық белгілеріне (әйел не еркек екендігіне), жыныстық қатынаста қайсысының белсенділік көрсеткеніне немесе кімнің кімнен осы іс-әрекет үшін төлемақы алғанына қарамастан, жұптың не топтың құрамындағылардың бәріне бірдей қылмыстық жауаптылық белгіленеді.
Қоғамдық орындарға - демалыс бақтары жағажайлар, алаңдар, көшелер, аялдамалар т.б. жатады. Қоғамдық көліктерге жолаушылар поезы т.б. жатады.
Көпшілік пайдаланатын орындарға, жерлерге, тұрғын жайлар мен мекен-жайлар алдындағы я ортасындағы алаңқайлар (площадка), тұрғын жайлар мен мекен-жайлардағы подъездер, подвалдар, қызмет орындарындағы қол жуатын орындар мен дәретханалар, демалыс бөлмелері, жүк сақтайтын камералар орналасқан бөлмелер, қоймалар және көпшілік ортақ пайдаланатын өзге мақсатқа арналған бөлмелер мен орындар жатады.
Бұл орындар жезөкшелікпен айналысуға арнайы жабдықталмағандықтан және жыныстық қатынас жасаушылардан оларды пайдаланғандықтары үшін ешкім төлемақы талап етпейтіндіктен притондар болып саналмайды.
Қоғамдық орындарда, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен түрлі дәрежедегі оқу орындары, мемлекеттің құндылығы болып табылатын құрылыс пен мүсіндеу өнерлерінің ғажайып туындылары, діни мекемелер мен шетелдік елшіліктер мекен-жайлары жанында жыныстық қатынас жасаушыларға, өзге орындарда осындай іс-әрекеттер жасағандарға қарағанда, қылмыстық жауаптылықтың қаталырақ түрі қолданылады. Аталған орындарда топ болып жыныстық қатынас жасаушыларға немесе бұрын осындай іс-әрекеті үшін жазаланған адамдарға өзгелерге қарағанда қылмыстық жауаптылықтың қатал түрі белгіленеді. Дәл осындай іс-әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаса, оларға әкімшілік, тәртіптік жаза белгіленеді.
Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық мораль, адамның адамгершілік қасиеті, қоғамдық тәртіп, қосымша объектісі - мемлекеттің халықаралық беделі, халықтың (ұлттың) ар-намысы, жас балалардың, жасөспірімдердің жастардың тәрбиесі, адамдардың махаббат сезімі мен неке адалдығы, діндарлар мен дінді құрметтеуші адамдардың діни сенімдері».
Демек, адам саудасымен шұғылданатындардың кәмелетке толмағандарды түрлі конкурстарға, концерттік бағдарламаларға қатыстыру, тағы басқа сан қилы себептер желеуімен шетелдік сапарларға алып шығып, әрі қарай оларды күңдікке, жезөкшелікке пайдалану мақсаттарына мәжбүр етушілердің заң алдындағы жауапкершілігін күшейтіп, мемлекет тарапынан нақты шаралар қолға алынбайынша, қыз-келіншектердің талайы траффиктің тісқаққан делдалдарының айла-шарғысына алданып, құрбанына айналып, қасірет шегері сөзсіз.
Түркияда зинақорлар үйлерін ұстауға ресми рұқсат етілгенімен, оларда жергілікті ұлт өкілдеріне қарағанда, шетелдік әйелдер көп. Өйткені, түрік азаматтары шариғатта белгіленген неке құқығына байланысты төрт әйелге дейін үйленетіндіктен, басы бос түрік қыздары аз, осы себепті зинақорлар үйлеріне шетелдік әйелдер тартылады. Қазақстанда кейінгі кезеңде тұрмыстары да лауазымдары да өте жоғары азаматтардың екі әйел алу үрдісі көрініс бере бастады. Бірақ олар екінші әйелдерімен шариғат жолымен мешітте ғана некеге отыра алады. Ал «Неке және отбасы туралы» кодексте азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда қиылған неке ғана заңды болып табылады. Мұндай неке түрін заңмен реттеу үшін «Неке және отбасы туралы» кодекске ер адамдарға екі әйелге үйленуге рұқсат беретін жаңа бап енгізу қажет. Тиісті орындар некенің мұндай айрықша түрін заңдастыру алдында арнайы тексеру жүргізіп, ерлердің екінші әйелдерге үйленуіне бірінші әйелдерінің және балаларының келісім бергендігіне, ерлердің екі әйелді де материалдық, рухани жағынан қамтамасыз ете алатындығына және оларға тең дәрежеде қарайтындығына міндетті түрде көз жеткізулері керек.
Мысалы, Канада, Израиль елдеріндегі қылмыспен күрес жүргізу және оның алдын алу іс-шараларына жастар клубтары да, ұлттық орталықтар да, діни бірлестіктер де белсене қатысады. Қазақстандық қоғамда да осындай заңдық іс-әрекеттерді жүзеге асыра алсақ, сонымен бірге бұрынғы қазақ қоғамындағы халық арасынан шыққан билер сотының іс-тәжірибелерін қайта жаңғыртып, қолданысқа енгізсек, қылмыспен тиімді күрес жүргізуде рөлді адамдық фактор иеленер еді.
Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату (313-бап) негізінен Батыс елдерінде, Ресейде орын алған. Өкінішке қарай, қылмыстың бұл түрі кейінгі кезеңде Қазақстанда да көрініс бере бастады. Қылмыс материалдарының біраз бөлігінде неофашизмді дәріптеу, кейбір халықтарды нәсілдік, ұлттық, діни кемсітушілік тәрізді қауіпті саяси мән айқын аңғарылады.
Өкінішке қарай, қазақстандық ғылымда бұқаралық коммуникация құралдарында қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды көрсету тәрізді әлеуметтік фактордың кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына теріс ықпал ететін қылмыстық аспектілерін жеке тақырып ретінде зерттеу қолға алынған жоқ. Мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін бұл мәселеге түрлі ғылым салаларында айрықша назар аударылып, дербес зерттеу обьектісіне айналдыру өте қажет-ақ.
Біз өзге адамдарға дұшпандықпен қарау сезімі бойында қалыптаса бастаған балалар мен жасөспірімдердің телеқаһармандар жөніндегі пікірін жинап, жеке және қалыпты әдістемелерді қолданып зерттеу жүргіздік. Зерттеуде олардың өзге адамдарға деген дұшпандық сезімі деңгейін анықтау, ата-анасына, қарт адамдарға, өзінен жасы кіші балаларға, бейтаныс адамдарға, жануарларға деген көзқарасын білу, сүйікті телеқаһармандарын айқындау мақсаты қойылды.
Бұл заңдық-құқықтық шараларды жүзеге асыру барысында бірқатар елдердегі телевизия және Интернет арқылы таратылатын ақпараттардың мазмұнына бақылау жасау жөніндегі тәжірибелерін пайдалану қажеттілігі де байқалады. Солай десек те, жаһандану дәуірінде ақпараттық кеңестікке заңдық-құқықтық бақылау орнатуға ұмтылу, басқаша айтсақ, ақпараттық қатынасты қылмыстық құқық нормаларымен реттеуге бел байлау – соңы халықаралық деңгейде пкірталас тудыратын өте күрделі және аса қиын іс.
Қандай да бір туындыны сараптамадан өткізіп, қоғамдық қауіптілігі бар туынды деген қорытынды шығарылғанымен, оларды жасаушылар, таратушылар, насихаттаушылар, сатушылар бұл қорытындымен келісе қоймайтыны белгілі. Өйткені, олардың дүниетанымы, санасы қазақстандық заңды құрметтеуші азаматтардікімен орайлас келе бермейді. Айталық, батыстық киногерлер атыс-шабысты көрсететін, күштілердің әлсіздерді аяусыз, асқан қатыгездікпен басып-жаныштауын дәріптейтін, оқыс төтенше оқиғаларға толы туындылар үлкен сұранысқа ие, өтімді тауар ретінде бағаланады. Шындығында, мұндай тауарлар оларға мол кіріс түсіретін пайда көзі болып табылады. Сондықтан шетелдік киногерлер өз өнімдерінің біздің бұқаралық коммуникация құралдары арқылы таралуын барынша қорғайды. Экономикалық мүдделерінің халықаралық заңдарға, мәдениет саласы бойынша мемлекетаралық келісімдерге қайшы келмейтінін дәлелдеуге тырысады. Ал шетелдік туындыларды біздің елде тарату, насихаттау, көрсету, сату ісімен айналысатын қазақстандық азаматтар көп жағдайда шетелдердегі мырзалармен тығыз байланыста жұмыс істейді және солардың қолдауына сүйенеді. Соның нәтижесінде, қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кету мүмкіндігі бар екенін пайдаланып, қылмыс жасауға пайдакүнемдікпен қасақана ниеттенеді.
Демек, қатыгездікпен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату қылмысының алдын алудың заңдық-құқықтық нормаларынан өзге де тетіктерді іске қосуымыз қажет. Мысалы, балалар мен жасөспірімдерді имандылық, ізгілік, кішіпейілдік тәрізді асыл қасиеттерге баулу, оларға қоғамдық адамгершілік пен ұлттық тәрбие беру мәселелерін БАҚ –та жоғары деңгейде көтеру, осы тұрғыда өте тартымды, қызғылықты әрі мазмұнды телебағдарламалар дайындау ісін жүйелі жолға қою сияқты мәдени-әлеуметтік іс-шаралар кешенін жүзеге асыру. Мән-мағынасы ұлттық идеологиядан тұратын, тарихи және заманауи тақырыптарды қазіргі қоғам мен заман талабына орай ашатын мультфильмдер мен көркем фильмдер түсіріп, киноөндірісінде осы бағытқа басыңқы көңіл бөлу де көздеген нәтижеге жақындата түседі.
Тек бәсекеге қабылетті отандық туындылар ғана шетелдерден бастау алатын, балалар мен жасөспірімдерге теріс тәрбие беретін, қатыгездікпен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды ақпараттық кеңестіктен ығыстырып шығара алады. Сол шақта мұндай туындыларды заңсыз тарату қылмысының өрісі тарылып, қоғамдық қауіптілігі мейлінше азаяды.
Қылмыстық Кодекстің 314-бабының түсінігінде «Өлгендердің денесіне немесе уақытша жерленбеген адам сүйектеріне қатысты кез келген заңсыз әрекет: зираттан шығарып алу, оларды шешіндіру, бөлшектеу, өлгендердің бірге жерленген нәрселерін алу – қорлау болып табылады», - делінген.
Криминологиялық жағдайда опат болғандардың мәйіттеріне, алдымен, қылмыстық істі тексеруге келген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сонсын сот медициналық сараптамасын өткізетін мүрдехана қызметкерлерінің адамгершілік сезімімен қарайтыны күман тудырады. Олардың мәйіттерді қорлайтыны жөніндегі, әдетте, жұртшылық арасында алып-қашпа сөз ретінде айтылатын әңгімелердің негізділігін анықтау мақсатында, криминологиялық оқиғаларға куә болған және мүрдеханаларда болған 15 адамды іздестіріп тауып, әңгімелестік. Олар біздің мақсатымыз қандай да бір адамды жазалау емес, Қылмыстық кодекстегі мәйіттерді қорлаудан сақтайтын заңды күшейту екенін білген соң, тиісті ақпараттарды бере бастады. Бұлардың тоғызы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыс жасалған жерде мәйітке алдын ала сараптама жасаған соң, мәйітті, қол-аяғы, басы бүгіліп қалған болса, әдетте аяқпен теуіп «қалыпты пішінге» келтіретінін, мәйітті, әсіресе, ауылдық елді мекендерден, не елсіз жерлерден қалалардағы мүрдеханаларға жануарлардың өлексесі сияқты қылып немқұрайды тасымалдайтынын айтып берді.
Ал бес адам мүрдехана қызметкерлерінің мәйіттерді тас еденмен сүйреткенін, сот медициналық сараптамасын жасаған дәрігерлердің мәйіттің кейбір ішкі ағзаларын орнына салмай, ішіне мақта, дәке тағы басқа заттарды тығып, тігіп тастау оқиғасын өз көзімен көргенін айтты.
Осы ақпараттардың шындыққа сәйкес екені күман тудырмайды. Өйткені, ақпарат беруші адамдар қандай да бір мүддені көздемейтін және айтқан сөздеріне жауапкершілікпен қарайтын адамдар санатынан болатын.
Жоғарыда айтылған әрекеттер адамгершілік сезімі мен діни сенім тұрғысынан қарағанда да, мәйітті қорлау, сондай-ақ оның аруағын қорлау және марқұмның туған-туыстарына моральдық зиян шектіру, яғни адамгершілік сезімін, діни сенімді аяққа таптау болып болып табылады.
«Өлген адамның мәйітіне адамгершілік сезімімен қарамау, мәйітті сот медициналық сараптамадан өткізу кезінде, оның қандай да бір дене мүшесін, марқұмның туған-туыстарының келісімінсіз мүлде алып тастау немесе алып қалу - мәйітті қорлау болып табылады».
Міне, осы мәтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 314-баптың түсінігіне енгізілсе, мәйіттерді қорлаудың бір түріне заңдық негізде тосқауыл қойылар еді. Сонда бұл бап кәсіби қызметі криминологиялық жағдайларда жұмыс істеуге міндеттейтіндіктен, мәйіттерге немқұрайды қарауға әбден дағдыланған құқық қорғау қызметкерлері мен сот медициналық сарапшылары тарапынан мәйіттерді қорлау әрекеті мейлінше азая түсер еді.
Кейінгі кезде, баспасөзде, шетелдіктердің балалар үйіндегі аурушаң балалардың өзін асырауға алатыны, мұның өзі адамгершілік ниеттен туған іс емес деген сыңайдағы жарияланымдардың жарық көруі де, адам мүрдесінің органдарын және тінін заңсыз алу тәжірибесі бар екенін, оның біздің елде де орын алуы мүмкін екенін білдіреді. Демек, мұндай баптың Қылмыстық Кодекстен орын алуын қуаттауымыз керек.
Жануарларға қатыгездік жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті саралау мәселелері теориялық және практикалық жағынан зерттелуі деңгейінің төмендігі, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің аталған қылмыстық жауапкершілікті қолдануы практикасын тақылау мен тиісті қорытынды жасауға арналған зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалуда. Бұрынғы еңбектерде аталған проблеманың жекелеген мәселелері ғана қарастырылды және бұлардың өзі дербес зерттеу обьектісі болып табылмайды. Мәселен, қаңғырған иесіз жануарларды сәті түссе еш ойланбастан өлтіре салатын, не оларды аулап, жоюмен айналысатын немесе жануарларды азық бермей, я ұрып қинап, азаптау арқылы адамдар тәрізді түрлі әрекеттер істеуге үйретуші тұлғалардың ісі логикалық ойлау тұрғысынан қылмысқа жатса да, заңда ондай тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік, я әкімшілік шара белгілеу мәселесі ешбір еңбекте қарастырылмаған. Бұқалар мен адамдардың сайысы (коррида), әтештерді өзара төбестіру сайысы, оған қатысушының бірінің өлуіне, не мертігуіне әкеліп соқтырса да, сондай-ақ бұдан қоғамдық адамгершілік зардап шексе де, сайыстарды өткізу мен ұйымдастыру заң тарапынан қудаланбайды.
Түрлі есептеулер бойынша, қазіргі кезде, ғаламшарда 1,5-нан 2 миллионға дейін жануарлар түрі тіршілік етуде.
Зерттеудің обьектісі - халықтың денсаулығы мен қоғамдық адамгершілік және оның әлеуметтік-құқықтық аспектілері, тақырыбы жануарларға қарауға байланысты қатыгездік ұғымы мен мазмұны.
"Құқықтық мемлекетке тән сипат - ондағы құқықтық мәдениет деңгейінің жоғары болуы. Нарықтық қатынасты қалыптастыру үшін бұл шарт бірінші кезекті маңызға ие болады. Ал құқықтық мәдениеттің деңгейін қабылданған заңдардың саны емес, олардың барлық деңгейде орындалуы анықтайды. Бұл жерде адамдарда заңдарға, нормативтік құқықтық актілерге деген қастерлі сезім болуға тиіс, себебі құқықтық нормалар адам бойына ұялағанда ғана күшіне енеді, жұмыс істей бастайды". Құқықтық тәрбие - ұзақ та күрделі процесс.
Адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрес заңнаманы жетілдіру, заң саласы қызметкерлерінің құқықтық тәрбие беру ісін жүйелі жолға қою, адамгершілікке тәрбиелеу, қоғамдық тәртіпті қадағалау, ұлттық әдет-ғұрыптың озық үлгілерін насихаттап, әлеуметтік-қоғамдық өмірге қайта орнықтыру ісімен айналысатын қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыру тәрізді кешенді іс-әрекеттер жиынтығымен бірге жүргізілгенде ғана айтарлықтай оң нәтиже бермек.



Каталог: modules -> kaf
kaf -> Ф. 4-72 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Мұражайтану және діни өнер»
kaf -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5В011400
kaf -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы «Ортағасыр Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5В011400
kaf -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша 5В011400
kaf -> Пәннің/мамандықтың оқу-әдістемелік кешені барлық мамандықтар үшін «Қазақстан тарихы»
kaf -> Ф. 4-71 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы 5В011400 – «Тарих» мамандығы студенттеріне арналған «Қазіргі дәстүрлі емес діни ағымдар»
kaf -> Музыка мәдениеті мен өнер терминдерінің Қазақша-орысша-ағылшынша сөздігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет