Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі



бет11/18
Дата12.09.2020
өлшемі240,78 Kb.
#78126
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Отчет Шалкар

Витаминдер организмнің дұрыс қалыптасып, одан арғы қалыпты тіршілігі үшін өте қажетті заттардың бipi. Организмге өте аз мелшерде қажет болғанмен, әpбip витамин өзіне тән реакцияларға қатынасады. Витаминдердің организмдегі аздығына жас балалар өте сезімтал келеді. Олар витамин жетаспесе, тез шаршап, жиі ашуланады, тәбеті де нашарлап кетеді. Үлкен адамдардың витаминге деген тәуліктік қажетілігі мынандай: А витаминіне — 0,19 мг,. Е витами­ніне — 25 мг; Bt витаминіне — 1,0—1,5 мг; В2 витаминіне — 1,3—1,7 мг; РР витаминіне — 10—20мг; В6 витаминіне — 1,4—2,0 мг; В12 вита­миніне — 5—б мг; С витаминіне — 40—80 мг; био­тин витаминіне — 0,14 мг т. Б [5].

Майда еритін витаминдер. А витамині зат алмасу процесіне қатысып, организмнің өсуіне және әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруына көмектеседі. Сүтте А витамині орта есеппен 0,025 мг/%. А витамині жаз айларында аяғымен жайылған сиыр сүтінде көп болады. Сонымен қатар ол сүт майының тотығып, бұзылмауына да септігін тигізеді. А витамині сүтті қыздырғанда, қайнатқанда бұзылмайды, оның сүттегі мөлшері де азаймайды [29].

Д витамині (кальциферол)— организмде фосфор, кальций алмасуына қатысады. Витаминнің осы түрі жетіспесе, балалар рахит ауруына жиі шалдығады [30].

Е витамині жетаспесе малдың, адамның ұрықсыз қалуына әкеп соқтырады. Мұның сүт құрамындағы мелшері — 0,09 мг/%. Жаз айла­рында сауылған сүтте Е витамині көп болады. Сүтті қыздырғанда, қайнатқанда оның мөлшері тым азайып кетеді. Сүттің құрамында майда еритін F, К витамин­дері де кездеседі [31].

Суда еритш витаминдер. B1 витамині ор­ганизмде белоктың, майдың, углеводтардың ал­масуына әсер етеді. Организмде бұл витамин жетіспесе нерв жүйесі аурулары өршиді. Бұл сүт құрамында небары 2-3мг мөлшерінде ғана кездеседі [26].

Сүтті қыздырған, қайнатқан кезде В1 витамишніңмөлшері 10—25% азаяды.

В2 витам ин i — бipiншi рет суттің сары суынан бөлініп алынған. Организмде В2 витаминi жетіспесе, тканьдердің тыныс алу процесі на­шарлап, органикалық заттардың тотығуы төмендейді. Мұның сүт құрамындағы мөлшері — 0,15 мг/%. Cүттi қыздырғанда, қайнатқанда В2 витаминнің мөлшері азаймайды [12].

В12 витамин құрамына кобальт кіреді. Организмде осы витаминнің азаюы қаны аздық ауруына шалдықтырады. Сүт құрамын­дағы мөлшері — 0,4 мкг [15].

С витамині жепспесе, адам цинга ауруына шалдығады. Витаминнің бұл түрі тотығу- тотықсыздандыру процесіне қатысады. С витаминнің сиыр сүтіндегі құрамы — 1,5 мг/%, бие сүтіндегі құрамы — 10 мг/%, кейде одан да жоғгары. Сүтті қайнатқан, қыздырған кезде С витаминнің мөлшері 30—60 процентке дейін азаяды [27].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет