Қазақстан Республикасында тамақ өнімдерінің сапасын басқару.Қазақстан Республикасында НАССР принциптері негізінде тамақ өнімдерінің сапасын басқару бойынша сапа жүйесінің мемлекеттік стандарты ҚР СТ 1179-2003 қолданысқа енгізілген. Бұл жүйенің өнім қауіпсіздігінің технологиясы деп аталуы тегін емес [8]. НАССР жүйесі әлемдік тамақ индустриясында жетекші орын алады және азық-түлік тауарларын өндіруші кәсіпорындар өнімдерінің қауіпсіздігіне деген тұтынушылардың сенімділігін нығайтады. Себебі, НАССР жүйесі бойынша тамақ өнімдерін өндіру саласындағы қауіптіліктерді анықтау және оларды басқару немесе алдын алу (жою) тәсілдері ғылыми негізде жүзеге асырылады [9]. НАССР жүйесі қызметкерлердің тамақ өнімдері қауіпсіздігі жоспарларын әзірлеу, бақылау құралдарын енгізу жұмыстарына белсенділікпен қатысуына ықпал етеді[10].
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және оларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын талаптар субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылады.
2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі:
1) субъектілердің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауы; P001783.
2) субъектінің тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне өндірістік бақылау жүргізуі;
3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау; 4) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;
5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
3. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестері (сатылары) уәкілетті органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады .
4. Мынадай көрсеткіштердің бірі бойынша
1) сапасыздығының айқын белгілері бар (бүлінген, бұзылған, ластанған);
2) радиологиялық, уыттылық, химиялық және (немесе) микробиологиялық нормативтерден асқан;
3) қауіпсіздігі куәландырылған және шыққан тегі расталған құжаттары жоқ;
4) белгіленген жарамдылық мерзімдері жоқ немесе жарамдылық мерзімдері өткен;
5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында көзделген мәліметтермен таңбаланбаған;
6) ұсынылған ақпаратқа сәйкес емес;
7) жалған тамақ өнімдері болып табылатын, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тамақ өнімдері оларды өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) жіберілмейді.
Өнімдегі әртүрлі химиялық заттар құрамына шектеулер қойылып, қауыпсіздік шаралары қолданылса да, тұтынушылар қаупі төмендемей келеді. Бұл саудада химиялық заттарды қолданбай өңделетін, пестицид минералдық қоспаларсыз өсірілген альтернативті өнімнің шығуына себепті болады. Мұндай өнімдерге деген сұраныс өсуде және жоғары бағаға қарамастан барлық жағдайда қанағаттандарылмайды.
Әрбір ауыл шаруашылығы және тағамдық өнеркәсіптер салаларында жүздеген мемлекеттік стандарттар бар. Мемлекеттік ұйымдардың сапасын бақылау өңдейтін кәсіпорындарда тікелей ұйымдастырылады. Әрбір жеткізілетін өніммен үлгі алынып, сыналады. "Тұтынушылардың құқығын қорғау" және "сертификациялау туралы" заңдарына сәйкес барлық тағам өнімдерді стандарттау және сертификациялау Департаменті мен стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік комитет жауап береді.
Дамыған елдерде тұтынушылардың көпшілігі альтернативті жолмен алынған мал шаруашылық өнімдеріне сенімдерін білдіреді.
Экологиялық қауіпсіз өнімдерін өндіретін өндірісті дамыту үшін сол өнімді идентификациялауға және оның сапасын бақылауға қажетті жүйелі ұйымдастыруды талап етті. Батыс Европа мен АҚШ-та бұл мәселелерді шешу кезінде қажет болатын белгілі бір тәжірибе жиналған.
Экологиялық қауіпсіздік өнімін өндіретін өндіріс проблемасы біртекті болмайды, өйткені экологиялық қауіпсіздік өзінің көптеген сипаттамалары мен параметрлерімен анықталып, жалпы экологиялық орта жағдаймен, елдің, дүниежүзінің аумақтық экологиялық жағдайымен қарым–қатынасын қарастыру керек.
Осыған байланысты мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің экологиялық қауіпсіздігін кем дегенде екі аспектіде қарастыру керек. Біріншісі экологиялық таза өнімді өндіретін өндірісті агротехникалық және технологиялық жағынан қамтамасыз ету болса, екіншісі – қоршаған ортаның табиғи экологиялық тұрақтылығының сақталуын қамтамасыздау болып табылады.
Табиғатты химиялық ксенобиотиктерге улы элементтер (сынап, мышьяк, кадмий, қорғасын, мыс, цинк), пестицидтер, олардың метоболитттері мен ыдырау өнімдері (хлороорганикалық, фосфоорганикалық, дитиокарбоматтар, метилбромид), радиоактивті изотоптар (цезит-137, стреицит-90, йод-131), нитрат, нитриттер, нитрозаминдер, ароматты көмірқышқылдар, полихлорланған бефитилдер, антибиотиктер, транквилизаторлар және қаптайтын материалдан бөлінетін заттар жатады.
Табиғаты биологиялық ксенобиотиктерге бактериялар, бактериалды токсиндер, микроскопиялық саңырауқұлақтар, микотоксиндер, ауыл шаруашылығының малдарының паразиттері және вирустар жатады.
Қоршаған ортаны қандайда бір химиялық заттармен ластану дәрежесіне байланысты орта экологиялық дағдарысқа ұшырайды. Мұның нәтижесінде экологиялық өнім өндірудің бүкіл циклы бұзылады.
Бұл тізбектің бастапқы сатысы топырақ болып табылады. Топырақ өзінің сіңіру қасиетіне байланысты өсімдіктерге, жануарларға, ең соңында мал шаруашылық өнімдеріне тасымалдайды.
Мал шаруашылығынан экологиялық таза өнім алу үшін жоғарыдағы жүйенің әр тізбегіндегі ксенобиотиктер мөлшеріне бақылау жүргізу керек. Тізбектің әр сатысында ластығын химиялық заттардың шектеулі мөлшерден аспауын қатаң түрде қадағалап отыру керек.
Ал қоршаған ортаның жағдайын жақсарту үшін, сол ортаны ластандыратын объектілерді айқындап, лас заттардың мөлшерден көп шығу себебтерін табу керек және де олардың мөлшерін азайту, мүлде жоққа шығару шараларын іске асыру керек. Аймақтағы өндіріс, ауыл шаруашылығының және де басқа объектілердің бір-бірімен әлеуметтік, өндірістік және тағы басқа байланыстарын айқындап, оларды жеке-жеке распортизациялау жүйесін құру қажет. Мал шаруашылығының өндірістік жүйелері мен экология.
Адам санының прогрессивті өсуіне байланысты тұтынушылардың ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс артуда, ал бұл жағдай оларды өндірудің ресурстық базасының деңгейінің де көтерілуіне әкеліп отыр.
Әлемде экологиялы балансталған ауыл шаруашылығының өндірістік жүйесі бар, онда мал шаруашылығының элементі өсімдік шаруашылығымен үздіксіз байланыста.
"Мал шаруашылығы-агроэкожүйе" балансының тұрақтылығына мына факторлар кері әсер етеді: орталық кәсіпорын қалдықтарымен ластануы, азондық тесіктердің пайда болуы кең көлемді территориялардың босауы және тағы басқа.
Экологиялық таза өнім алу үшін мал шаруашылығын өндірістік жүйеге біріктірген өте тиімді болып табылады. Мал шаруашылығында ұқсас технологиямен бірнеше өнімді өндіретін, құрылымы мен функциясы ұқсас бір топ шаруашылықтарды мал шаруашылық өндірістік жүйе деп атайды.
"Мал шаруашылығы"-"Агрожүйе" саласында экологиялық таза өнімдер шығаруға кері әсерін тигізетін көптеген факторлар бар. Олардың негізгісі есебінде қоршаған ортаның өндірісінің қалдықтармен ластануы, "азон тесіктерінің" пайда болуы, ормандардың жойылуы, даланың шөлдеуі.
Қоршаған ортаның ластануы. Өңдейтін кәсіпорындар ластанудың қайнар көзі болмауы керек. Егер өңдеу процесі кезінде қоршаған ортаға кері әсер ететін болса, онда оны залалсыздандыру үшін технологиялық, ұйымдық шаралар жүргізілуі керек. Тәжірибе жүзінде осы шарттар орындалмаса, сертификат берілмейді.
Экологиялық бағалау әдістері мен жалпы қағидалар.
Сапалы экологиялық бағалау әдістерімен өндіріске және өнімнің сапасына біркелкі әдістемелік принциптерді және экологиялық бағалау ережелерін бекітеді.
Экологиялық бағалаудың негізгі мақсаты - белгілі бір объектінің экологиялық бағаға сай екендігін және ондағы экологиялық жағдайдың деңгейін белгілеу, яғни экологиялық талаптардың орындалуын бағалау болып табылады. Экологиялық бағалаудың деңгейі экологиялық талаптарды жүзеге асыруға қажетті сандық және сапалық мәселелерді шешумен белгіленеді.
Сапаны экологиялық бағалауды өнімнің қауіпсіздік деңгейін бағалағаннан кейін келесі жағдайда жүргізіледі:
өнімді сертификаттағанда;
ең жақсы өнім мен технологиялық процесс вариантын таңдау кезінде;
өнімнің сапа көрсеткіштері мен технологиялық процестерді жобалау кезінде;
өніммен технологиялық процесс сапасын бақылау кезінде;
өнім мен технологиялық процестің сапасы туралы мәліметті талдау кезінде.
Сапалы экологиялық бағалау кешенді, дифференциалды, аралас болуы мүмкін.
Сапалы экологиялық бағалаудың комплекстік түрі сапаның дейгейін тек бір интегралды көрсеткіш арқылы бағалауда жүргізілетін бағалау түрі. Сапалы экологиялық бағалаудың дифференциалды түрі сапа деңгейін бірнеше көрсеткіштер арқылы бағалауда жүргізілетін бақылау түрі.
Экологиялық – ол сапа деңгейін көрсететін интегралды экологиялық көрсеткіш. Ол белгілі бір объектіні жасағанда немесе өндіргенде экологиялық талаптардың қаншалықты сақталып қолданылғандығын мінездейді.
Қасиет – объектіні қолданғанда немесе жасағанда байқалатын бағалау объектісінің ерекшелігі. Сапа көрсеткіштері объектінің экологиялық қасиетін көрсететін сандық көрсеткіштердің мінездемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |