Сапа деңгейі – стандартты үлгінің сапа көрсеткіштерін бағаланатын үлгінің сапа көрсеткіштерімен салыстыру арқылы байқалатын көрсеткіштер.
Экологиялық талаптар - өнімнің, қызмет көрсетудің, процестің адамға және қоршаған ортаға зиянды әсер етуін мінездейтін талаптар жиынтығы.
Сапаның экологиялық мәнін бағалаған кезде келесі әдістер қолданылуы мүмкін:
экспериментальді – бағалау техникалық өлшеу құралдары арқылы жүргізіледі;
эксперттік – бағалау білікті мамандардың ой пікірінің қорытындысы негізінде жүзеге асады;
есептеу – басқа параметрлер арқылы алынған мәліметтерді есептеу арқылы жүргізілетін әдіс;
Сапалы экологиялық бағалау жөніндегі сарапшылар тобының құрамына сапаны бағалау ерекшеліктерімен таныс экология аумағында жұмыс істейтін мамандар кіреді.
Экологиялық сараптауды жүргізудің негізгі этаптары.
Экологиялық сараптаманы транспорттық құжаттарды, сапалық құжаттарды, ветеринарлы – санитарлық куәлікті, мемлекеттік стандарттарды, техникалық шарттарды, зертханалық зеттеулердің хаттамаларын мұқият қараудан бастайды.
Сыртқы түрін қарау кезінде тараның сыртқы қалпына және таңбалауына аса көңіл бөлу керек. Қорапты ашардың алдында олардың көлемі және қораптың сыртқы қалпына қарайды. Егер партия үлкен болмаса, онда қораптардың барлығы ашылады. Егер ашылған қораптың ішіндегі өнімнің сапасы күмән тудырса, онда үлкендігіне қарамай партияның барлығы ашылады. Бірақ бұндай тәсіл көп қолданылмайды, себебі ол қымбатқа түседі.
Зертханада өнімнің сапасын органолептикалық немесе сенсорлық әдіспен, физико-химиялық тәсілмен анықтайды.
Экологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша сол өнімнің сатуға жарамдылығы анықталу керек. Ол тек өнім сапасы стандарттар мен техникалық құжаттардың талаптарына және токсикологияның эпидемиологиялық тұрғыдан қалыпты болғандағына қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |