Қоштасу рәсімі.
Жаттығу «Әткеншек».
Нұсқау: студенттер қолдарын жанындағы адамның иығына қойып шеңбер құрып орналасады. Біреуі «Тоқта!» деп айтқанша барлығы ақырын адымдап оңға қарай жылжиды. Ол ойыншы сабақ жайында біршама жағымды пікірін білдіреді. Одан кейін топ кімде-кім «Тоқта!» деп айтып, өзінің топ жайында жағымды пікірін білдіргенше ақырын адымдап солға қарай жылжиды.
8- сабақ.
Тақырыбы: «Толеранттылық өмірдің нормасы ретінде»
Сабақтың мақсаты: коммуникативті өзара әрекеттестіктегі толеранттылыққа түсінік беру. Қарым-өатынастағы толеранттылық және біліктілік тәсілдері арқылы конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау, «даналық сабақтары», бейнематериалды көру, ойындар мен жаттығулар, өзін-өзі талдау.
Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, аудио-және бейнематериалдар, қағаз, маркерлер.
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу рәсімі. Шаттық шеңбері.
Жаттығу «Біз қалай ұқсаспыз»
Мақсаты: студенттердің топтық ауызбіршілігін арттыру.
Нұсқау: студенттер шеңбер құрып орналасады, жүргізуші өзімен шынайы немесе ойдан шығарылған ұқсастықтың негізінде ортаға бір студентті шақырады. Барлық студенттер ортағы шақырылмайынша ойын жалғаса береді.
Дәріс-әңгімелесу. Өмір заңдарын білу өзге заңдардан артық,
Ал өзін-өзі жетілдіруге тікелей жетелейтін жетекші білім
Ол маңызы бірінші кезектегі білім болып табылады
Спенсер Герберт
Оқытушы. Телефон, телеграф, компьютер және т.б. арқылы жеке ортамыздың шекарасы кеңейіп жатқан біздің қарқынды заманымызда біз достарымызды таңдап, олармен араласып, олардың тағдырына олардың бізге де ықпал еткеніндей әсер етеміз, ұстаз боламыз, яғни өз мойнымызға жауапкершілікті аламыз. Ал Сент-Экзюпери «Біз қолға үйреткендерімізге жауаптымыз» деген екен. Оның рөлін және сол қарым-қатынастағы біз үшін құнды дүниені түсіне білу маңызды. Өз өмірімізде қабылдаған әрбір шешіміміз таңдауға айналады, демек әлденеден бас тарту болып табылады. Оның құны қандай болуы мүмкін? Адам алдына мақсат қойғанда құндылықтар жайында ұмытпауы тиіс. Адамның өзінің дамуының барысында қоғамдық маңызды құндылықтарды, әлеуметтік нормалар мен бағдарларды меңгеретіні белгілі. Сол әлемге енген әрбір адам бірден сол қоғамның мәдениетімен ұштасады.
В.С.Мухина «адамзат өзінің дамуында сол адамзатпен жинақталған рухани тәжірибені меңгеру және әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестік арқылы тек сол орта жағдайында тұлға деңгейіне дейін біршама көтеріле алады» деп атап көрсетеді. Толеранттылық бұл – өзге қисын мен көзқарастарды, ерекшелену, ұқсамау құқығын мойындауға дайындық. Ол жүйені (тұлға, қоғам) ішінен тұрақтандыратын фактор. Толеранттылық құндылық, бағдар және тұлғалық сапа ретінде қарастырылады.
«Толеранттылық» сөзінің астарында әртүрлі ұлттық мәдениеттердің түсінігіне назар аударарлық.
tolerancia (испанша) – өзінікінен өзге идеяларды немесе көзқарастарды мойындау қабілеті.
tolerance (француша) – өзгелерге өзінікінен басқаша ойлауға немесе әрекет етуге жол берілетін қатынас
tolerance (ағылшынша) – шыдамды болуға даярлық, кішіпейілдік.
kuan rong (қытайша) – басқаларға қайырымды болуға мүмкіндік беру және қайырымдылықты қабылдау.
tasamul’(арабша) – кешірім, кішіпейілдік, жұмсақтық, рақымшылдық, жанашырлық, мейірбандық, шыдамдылық, өзгелерге деген пейіл.
Бағыты бойынша толеранттылықты төмендегіше ажыратуға болады:
- сыртқы толеранттылық (өзгелерге) – тұлғаның өзгелердің дербес пікірін, мойындауға, даулы жағдайды әртүрлі жақтан қарастыруға, әртүрлі аспектілері мен дәлелдерін ескеруге мүмкіндік беретін қалыптасқан сенім.
- ішкі толерантталық (ішкі тұрақтылық) – даулы жағдайда тепе-теңдікті сақтау, шешім қабылдау, әрекет ету қабілеті.
Енді «Толеранттылық қағидаларының деакларациясы» (1995 жылы 16 қарашада Парижде ЮНЕСКО-ның 185 мүше-мемлекеттері қол қойған) ұсынған «толеранттылық» ұғымының анықтамасын қарастыралық.
Толеранттылық «адам даралығы көріністерінің өзіндік айқындау түрлері мен тәсілдеріміздің, әлеміміздің әралуан бай мәдениетін сыйлауды, қабылдауды және түсінуді» білдіреді. Оған білімдер, ашық-жарқындылық, қарым-қатынас және ой, ар және сенім еркіндігі ықпал етеді. Толеранттылық бұл – әралуан еркіндік. Бұл тек моральды борыш емес, сонымен қатар ол саяси әрі құқықтық қажеттілік. Толеранттылық бұл – соғыс мәдениетін бейбітшілік мәдениетімен алмастыруға ықпал ететін және бейбітшілікті қол жетімді ететін рақым». Сапалы өмір сүріп, тіршілік ету үшін өзіңе және айналаңдағы әлмге деген өзіңнің қатынасыңды реттей отыра оған үйренген маңызды. Толеранттылық тұлғаның нормаларға, бағаларға және өзін-өзі бағалауға саналы қатынасының арқасында оның күрделі өмірлік жағдайларда өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді. Ол өзге адамның ұстанымына сыйлы қатынасты сақтай отыра, дербес ұстанымын қорғау іскерлігіне байланысты. Сонымен қатар өзгені арандатуға бейім, реніш тудыратын, ашуландыратын жағдайлар мен адамдардың болатыны белгілі. Толеранттылық қатаң өзара әрекеттестік жағдайын қашуды емес, түзетпелі қарсылықты, өзара әрекеттестіктің қиын жағдайларында эмоцияларыңызды шиеленістірмей, дұрыс арнаға бағыттап, соққыға іштей берілмейтініңізді болжайды.
Көмекке мұқтаж адамға өз ойын таңбай жәрдемдесу даярлығы, өзгелерге қарағанда өзіне талапшыл болу, айналасындағыларға жауапкершілікті өз мойынына алу, жиі күлімсіреу және жақсы көңіл-күйде болу.
Достарыңызбен бөлісу: |