Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



бет28/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#40597
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47

Қайрат Рай,

филология ғылымдарының кандидаты

Алматы. Қазақстан
Әлемдік білім кеңістігіндегі өркениетті елдер тәжірибесі жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу үдерістерінде өзінің ұлттық құндылықтарына аса қатты мән беру қажеттігін көрсетіп отыр. Саналы ұрпақ қалыптастырудың басты шарттарының бірі ретінде ана тіліне, төл мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне беріктікті ұстану ел болашағының баянды болуының да кепілі саналады. Бұл жаңа дәуірдегі интеграциялық білім беруге барынша жауапкершіікпен қарауды талап етеді.

Тілді оқыту үдерісінде оны әдебиетпен байланыстырудың өзіндік артықшылықтары бар. Өйткені тіл де, әдебиет те ұлттың рухани қазыналары әрі ұрпақ жалғастығының көзі болып табылады. Сондықтан олардың арасындағы сабақтастықтың болашақ қоғам иелерінің рухани-адамгершілік қасиеттерімен қатар олардың кісілік келбетін айқындауда, елжанды тұлға деңгейінде тәрбиелеуде атқаратын қызметі зор. Бұл ұлттық мамандарды дайындайтын техникалық жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді меңгертуге де тікелей қатысты. Аз ғана уақыт мөлшерінде оқытылатын қазақ тілінің білім сапасын арттырудың бір жолы ретінде тіл мен әдебиеттің интеграциясы білімнің құндылықтық бағдарын күшейтуге мүмкіндік береді.

“Құндылықтар – дүниедегі әр түрлі құбылыстар мен мен деректердің жеке тұлғалық, қоғамдық және өркениеттік деңгейдегі маңыздылығын білдіретін ұғымдар. Олар – әлеуметтік практикадағы субъектіаралық, адамаралық қатынастарды реттеуші рухани мәнділік. Құндылықтар – адам өмірінің мәнділігін, бағыт-бағдарын анықтаушы рухани күш”- деп құндылықтардың мәнін өте нақты атап көрсетеді отандық философ Серік Нұрмұратов [1, 14].

Құндылықтық сипаты басым білім адамның ішкі мәнімен байланысады, көздеген мақсаттарға қарай жетелейді. Кез келген құбылыстың ішкі мәнін анықтау үшін “Адам – Әлем” арасындағы қарым-қатынастың белгілі бір деңгейі, сапасы қалыптасуы керек. Сонда ғана Субъект пен Объектінің, Субъект пен Субъектінің арасында, басқаша айтқанда, адам әлемінде құндылықтар қалыптаса бастайды. Бұл үдеріс Субъектінің құбылысты жеке Мендік тұрғыдан бағалауынан басталады. Әрине, бағалау деңгейіне жеткенге дейін әрбір жеке МЕН өзінің даму, қалыптасу жолынан өтеді. Сөйтіп, ол өз тұжырымдарын белгілі бір өлшемдер, ұғымдар, ойлар түрінде жеткізуге икемделеді. Мәселен, адам сөз өнерін құндылық деп тану үшін бірнеше сатылардан өтеді. Ең алдымен, сөз оның ойды жеткізуінің, өзгелермен қарым-қатынас жасауының құралы болса, кейін сөз өнері туралы ұғымы кеңейе келе көркем сөздің адам өміріндегі маңызын таниды, оның әлеуметтік мәнін түсінеді. Ендігі жерде әдебиет ол үшін құрал болудан өміртанымдық, моральдық негізге айналады.

Қазақ тілі сабақтарында оқу материалдары ретінде қамтылатын көркем шығармалар – рухани құндылықтарды қалыптастырудың да қайнаркөзі болып саналады. Ол үшін алдымен руханилық деген мәселенің мағынасын аша алу керек. “Руханилық – адамды адам ететін, оны қозғалтушы, дамытушы күш. Руханилық – барлық Әлемге эквивалентті адамның Универсуммен жіктелмейтін үйлесімділігі. Адамның жалпы әлеммен үйлесімділік тұтастығын сезінетін, соған реалды енетін күйі – руханилық”- деп тұжырымдайды философ І.Ерғалиев [2, 82].

Қазақстандық философ Г.Г.Соловьева “руханилық – адамның ішкі жарықты, нұрды қабылдай білу қасиеті” деп анықтама береді [3, 96]. Олай болса, көркем шығармалардағы рухани құндылықтарды тану сол кезеңдегі Субъектінің ішкі дүниетанымын түсіну арқылы қоғамдағы өріс алған адами қатынастар жүйесін тануға жол ашады деген сөз. Өйткені әрбір шынайы көркем туынды – рухани құбылыс. Бұл адамдар арасындағы қатынастың басты құралы тілді меңгертуде аса маңызды ұғым болып саналады.

С.Нұрмұратов рухани құбылысқа тірек болатын негіздерді атап көрсетіп, оларға жан-жақты сипаттама береді. Төменде сол негіздердің әрқайсысының мәнін өзіміз ұсынып отырған көркем шығармадағы құндылықтар жүйесімен қалай үндесетінін сабақтастырып көрсетеміз:

1.Білімдік негіз. Ол ақиқаттың сан қырлы құрылымын түсіну үшін қажет. Мұнда автор білім адамның рухани дамуы мен оның жаратымпаздық қасиеттерін ашуға қызмет етуі тиіс деп тұжырымдайды. Білімнің санына емес, сапасына мән беру керек деген байлам жасайды. Білім арқылы адам айналасына құрметпен, шынайылықпен қарауға үйренуі тиіс екендігін атап көрсетеді. Біздіңше, бұл концепция болашақ мамандардың мәдени мұраларға саналы қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тіл мен әдебиеттің сабақтастығына құрылған оқу материалдары тілдік талғамды қалыптастыруда өзіндік рөл атқарады.

2. Имандылық негіз. Бұл адамды өзімшілдіктен, көрсеқызарлықтан сақтаудың бірден-бір жолы ретінде түсіндіріледі. Мұнда адамды, жалпы табиғатты сүйе білу қабілетінің артуына мән беріледі. Олай болса, бұл түйін де біздің сөз өнері адамдар арасындағы рухани байланыстың алтын көпірі болды деген ұстанымымызбен сәйкес келеді.

3.Моральдық немесе тағылымдық негіз. Мұнда адами қасиеттерді білдіретін ұстанымдар мен іс-әрекеттер жүйесі маңызды саналады. Бұл әр адамның өзін өзі және өзгелерді сыйлай алуы қажет екендігіне мән беруді қажет етеді. Ал көркем шығарманың ең басты қағидасы – адамгершілік. Ендеше бұл да біздің зерттеу бағдарымызға тірек бола алады.

4. Эстетикалық негіз. Бұл – әлемнің әсемдігін құрметтеумен сабақтас дүние. Мұнда жаратылысқа, табиғатқа деген құрмет сезімі жатыр. Көркем сөз тұрғысынан келгенде бұл негіздің мәні әрбір адам сол әлемнің бір бөлшегі, ендеше, оны құрметтй білу – парыз дегенге саяды.

5. Философиялық негіз. Бұл тұжырымның өзегі – “руханилық – іс жүзіндегі Махаббат, барлығына және барлық нәрсеге деген Махаббат, ол негізінен әрбір адамға тән және ол оның шынайы адами дамуына қажетті дүние”. Бұл жерде әр адамның өзінің өткеніне, бүгініне, келешегіне сын көзімен қарау керектігі көрсетілген. Олай болса, жас ұрпақтың әдебиет туралы білімдерінің тек бүгінмен ғана шектелмей, оның кешегі заманнан жалғасып келе жатқан тамырларын танытуды, ертеңгі өмірге қажеттігін мойындата білуді керек ететінін дәлеледейді.

6. Психологиялық негіз. Мұнда жанның жай ғана физиологиялық қажеттілік емес, алдымен психологиялық ерекшеліктерден туындайтын адами қасиет екені ашып көрсетіледі. Жанның арқасында ғана мейірімділік, жылылық, сұлулық табиғи сұранысқа ие болатыны тұжырымдалады. Бұл пікір де сөз өнерінің өнбойында адамдар арасындағы әр қилы қатынастар тұғыр болып тұратынын дәйектейтін қағидалармен үйлеседі.

7. Өнерлік негіз. Руханилықтың әлеуметтік салада кең таралуына жол ашатын негіз. Мұнда нағыз өнер туындысының мәңгіліктігіне, оның адамның рухани жаңаруына жол ашатындығына мән беріледі. Бұл орайда сөз өнерінің негіздерін ұлт тарихындағы ұлы сөз зергерлерінің туындыларынан табуға ұмтылыстың дұрыстығына тағы бір көз жеткіземіз.

8. Шығармашылық негіз. Мұнда шығармашылықтың шынайылығына, прагматистік есепке құрылмауына, әрбір туындының шығармашылық шабыттың шыңындағы дүние болуына мән беріледі [1, 57]. Сөз мәдениетінің шыңы деп аталатын көркем әдебиеттің мәні де, ең алдымен, сол сөздің адамның ішкі дүниесінен қайнап шыққан, ешкімге ұқсамайтын даралығында екендігін жас ұрпақ санасына сіңіруде де осы концепциямен толық үндестік бар.

Бұл тұжырымдарды жинақтай келгенде жалпы адамның дүниетанымының негізін оның сол құндылықтарға деген көзқарасы құрайтынын айтуға болады. Өйткені өмірдің әлеуметтік мәнін ашатын, оған гуманистік келбет пен шынайы нәр беретін дүниелер – рухани байлықтар.

Рухани құндылықтардың ұғымдық негіздері, қайнар көздері “руханилық”, “жан”, “мәдениет”, “адам” деген категориялармен астасып жатыр. Сондықтан рухани құндылықтарды адамның шынайы болмысының нығаюына игілікті әсер ететін, тұлғалық дамуына өзек болатын, еркіндігін шығармашылықпен, жасампаздықпен көрсетуге мүмкіндіктер беретін Ақиқаттың нұрлы құбылыстары дейміз. Рухани құндылықтар адамның ішкі әлеуетін көтереді, рухани үйлесімділігіне әсер етеді. «Рухани махаббатқа адамның жалпы әлемге, тіршілік иелерінің барлығына, табиғатқа, өзінің әрекеттеріне, еңбегіне деген ықыласы жатады. Бұл деңгей – рухани дамудың биігіне көтерілген, Үміт пен Сенімді өздеріне рухани құндылықтар еткен адамдарға ғана тән нәрсе» [4, 119].

Шығыс, Батыс елдерінде және еуразиялық кеңістіктерде қалыптасқан рухани құндылықтардың тұтастығы мен сапа жағынан айырмашылықтарын анықтау адамзат философиясы тарихының бүгінгі таңдағы келелі мәселелерінің бірі болып отыр. Өйткені әлемдегі халықтардың, ұлттардың, нәсілдердің бәріне жалпы адамзаттық құндылықтармен қатар, әр халықтың өзіне тән тарихи қалыптасқан рухани, мәдени байланыстарын, адамгершілік қасиеттерін, яғни өзіндік құндылықтарын ескеру аса қажет. Тарихтың бүгінгі белесінде осы құндылықтарды жандандыру, солардың негізінде жаңа белеске көтерілу қазіргі таңның талабына айналуда. Сондықтан да белгілі бір жағдайларға байланысты қазақ халқының тоқырауға ұшыраған, кері түсіндірілген ұлттық құндылықтарын терең зерттеу, олардың мәнін айқындау, жалпыадамзаттық өркениет аясындағы рөлін ашу, бағыттарын айқындау – қазіргі уақыт сұранымы. Ұлттық құндылықтардың мәні өзінің зерттеу қажеттілігімен немесе қазақ халқының сана-сезімін оятуға бағытталуымен ғана шектелмейді. Бүгінгі ғаламдану заманында әр халықтың болмысы тарихи тамырлас рухани негізде қалыптаспаса, өрісі тарылып, ішкі және сыртқы жойқын күштерге төтеп бере алмайды. Рухани тәуелсіздіктің мәні – адамның дүниеге көзқарас жүйесінің қалай қалыптасуына байланысты. Біздің рухшылдығымыздың қайнар көзі сонау сақ философы Анақарыстан, қытай философы Конфуцийден, орта ғасыр ойшылы әл-Фарабиден, Абай мен Шәкәрім идеяларынан бастау алады.



Платон «мінсіз мемлекет жасаудың жолы – оқу, ал тәрбие ісінің басты міндеті – адамдарды ізгі ниетті, ержүрек, таза, өнерлі азаматқа айналдыру» деген болатын. Осы айтылған талаптардың қайсысы да адамның ішкі мәдениетіне, адамгершілік сапаларына, сөйлеу әдебіне тікелей қатысты екені сөзсіз. Олай болса, жоғары мектепте оқытылатын пәндердің ішінде болашақ маманның қарым-қатынас әдебін қалыптастыратын қазақ тілі пәнінің басты міндеттерінің бірі сөз мәдениетіне үйрету болуы әрі қажеттілік, әрі міндет болып шығады. Философияның басты тақырыбы адам мәселесі болса, сол адамның адамдық қалпы, жеткен дәрежесі оның әлеуметтік сипатына келіп тіреледі. Бұл орайда сөз көркемдігінің, бедерлілігі мен бейнелілігінің үлгісін танытатын әдеби шығармаларды қолдану студенттердің эстетикалық қабілетін, көпшілік алдында шебер сөйлеу дағдыларын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркем сөйлеуге, терең ойлауға жетелейтін жұмыс түрлерін ұсынудың амал-тәсілдерін дұрыс табу оқытушының біліктілігіне байланысты. Сондықтан тіл сабақтарындағы өздік және шығармашылық тапсырмаларды іріктеуде олардың көркем сөз өнерімен байланыста құрылуына назар аударылады. Студенттердің тілді білу деңгейлеріне қарай мұндай тапсырмалар сараланып беріледі. Мәселен, бастауыш деңгейдегі топ студенттеріне көркем шығармалардағы негізгі ойды, тақырыпты анықтату, сөздіктермен жұмыс, синоним, антоним, омоним, ауыспалы мағынадағы сөздермен жұмыстар арқылы сөздік қорын байыту, талдау жұмыстарына баулу көзделеді. Ал жалғастырушы топтар үшін көркем туындылармен жұмыстар өзінің ой түйіндерін жазуда көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдарды пайдалану үлгілерін үйрену сипатындағы тапсырмаларды орындату, мәтіндерді өңдеу, ой қорытындыларын шығару, тілдік талдау жасау нәтижесінде шығармашылыққа баулу, шешендік сөзге үйрету сипатындағы жұмыстар олардың тілдік талғамдарын жетілдіруге оң ықпалын тигізеді. Жетілдіруші топтарда сөз шеберлігіне арналған тапсырмалардың қай-қайсысында да студенттердің образды ойлау қабілетін, сөз талғау дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мақсаттары жүзеге асырылады. Сонда әдеби көркем туындылар қазақ тілінің әрі теориялық заңдылықтарын дұрыс қолданудың жолдарын таныту үшін де, студенттердің әдеби тіл нормаларына сай көркем сөйлеу, шешен сөйлеу секілді өмірлік дағдыларын жетілдіру үшін де қажетті құрал қызметін атқарады. Мәселен, Жүсіп Баласағұнның даналық ойларының ішінде біздің тақырыбымыздың өзегіне алынған тілдік білім мен көркем сөйлеудің бірлігіне қатысты нақты тұжырым бар. Ол:”Білім – тұл, тілден шығып есілмесе”, -дейді. Бұл тіпті қазақ тілі пәні үшін ғана емес, жалпы қазіргі жаңа педагогиканың бағытымен толық сай келетін қағида. Жүсіп Баласағұн еңбегінің оқу үдерісінде сөз әдебінің, ойды көркем әрі тұжырымды жеткізе білу шеберлігінің айқын мысалы бола алатын нақты үлгілері де өте мол. Сондықтан жоғары мектепте оқытылатын қазақ тілі сабақтарының оқу материалдарында ғалымның даналық ойлары мол беріліп отырылады. Себебі Ж.Баласағұн шығармаларында халық фольклорының мүмкіндіктері жазба тіл мәдениетімен шебер қиюласқан. Бұл да студенттердің өз қорындағы түрлі аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, өлең-жырларды сөз арқауымен сабақтастыра өруіне үлгі етіп пайдалануына айқын жол бола алады.

Сөзімізді түйіндей келгенде, мәдениеттің өрлеуі мен құлдырауы, ыдырауы мен бірігуі қоғамдық үрдістерге тән объективтік құбылыстар болып саналады. Ұлттық тарихымызды зерделей қарағанда рухани құндылықтардың да мәнінің өзгеріп алмасып отырғанын көреміз. Замана талабы, дәуір шындығы адамзаттың ұғымы мен түсінігінде әрдайым жаңа леп туғызып отырады. Міне, сондықтан да қолдағы рухани құндылықтардың мәні мен орнын тап басып танып құрметтей алуға үйретуде тіл мен әдебиеттің өзара сабқтастығын сақтау, оны жеткізу рухы берік, ойы биік, сөзі мәнді ұрпақ тәрбиелеудің бір шарты болып саналады.

Әдебиеттер:

1.Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік және философиялық талдау. -Алматы, 2000.- 181.

2.Ерғалиев И. Формирование духовности человека и философия//Казахстанская философия в канун ХХІ века. -Алматы, 1998.- 207.

3.Соловьева Г.Г. Вл.Соловьев: вера и любовь//Проблемы духовного развития. -Алматы, 1998.- 193.

4.Қасабек А, Қасабек C. Искание истины. Алматы: Ғылым, 1998. -144 с.

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ТЕХНОЛОГИИ КЕЙС-СТАДИ НА ЗАНЯТИЯХ ПО РУССКОМУ ЯЗЫКУ В ЭКОНОМИЧЕСКИХ ВУЗАХ

Рзалиева А.А.,

магистр филологии, старший преподаватель

КазЭУ им. Т. Рыскулова,

г. Алматы, Республика Казахстан
В выборе методов, технологий обучения, в построении занятий, – во всем проявляется мастерство педагога. И это мастерство при совершенствовании постепенно перерастает в искусство. Деятельность педагога в чем-то сродни с режиссерской работой [1, с. 4]. 

В современной педагогической науке высокую популярность в качестве метода подготовки будущих специалистов приобрел метод кейс-стади. Первоначально этот метод применялся для получения навыков в поиске решений и основывался на реальных ситуациях.

Метод ситуационного анализа состоит в том, что стажер, ознакомившись с описанием организационной проблемы, самостоятельно анализирует ситуацию, диагностирует проблему и представляет свои находки и решения в дискуссии с другими стажерами. Этот метод нацелен на получение стажером реального опыта по выявлению и анализу сложных проблем. Контролируют действия обучаемых специально подготовленные руководители-инструкторы [2, с. 15]. 

При профессионально-ориентированном обучении русскому языку важно использовать такие технологии, которые помогали бы студентам объективно оценивать реальную ситуацию, выделять проблему, учитывать интересы других людей, устанавливать с ними контакты, влиять на их деятельность. Для этих целей как нельзя лучше подходит метод анализа конкретных ситуаций (кейс-стади).

Решение кейса позволяет развивать навыки критического мышления, а также актуализирует определенный комплекс знаний, который необходимо усвоить при разрешении заявленной проблемы. В основе метода конкретных ситуаций лежит имитационное моделирование: использованию этого метода в обучении предшествует разработка конкретного примера или использование готовых материалов с описанием реальной ситуации.

Это может быть констатация каких-либо событий, описание какого-то конфликта или проблемы, эмоционально-поведенческих аспектов взаимодействия – моделируется соответствующий содержанию обучения процесс в реальных условиях.

Ключевые вопросы преподавателя при анализе ситуации могут быть следующими: «Что вы сделали?», «Какие аспекты действия вы считаете правильными?», «Что можно было сделать лучше?», «Как вы можете решить эту проблему?» Эти вопросы способствуют выработке у обучаемых способности по-новому смотреть на мир: на конкретную работу, организацию, собственную деятельность и взгляды.

Технология ориентирована на будущую профессиональную деятельность, направлена на переоценку своей деятельности, выработку новых подходов: «Что мы могли бы сделать?», «В чем состоит проблема?», «Каковы возможные пути подхода к проблеме?», «Что может произойти и к чему может привести, если…?»

При правильно технологически выстроенной работе с конкретной ситуацией  происходит  «погружение» будущих специалистов-экономистов в определенные обстоятельства, его собственное понимание ситуации, оценивание обстановки, определение проблемы и ее сути.

Обучаемые определяют свою роль в решении проблемы и вырабатывают целесообразную конкретной ситуации линию поведения. Во время подведения итогов участник ситуационного анализа должен провести коррекцию своих взглядов, соотнести их с групповыми взглядами и выработать планы на будущее.

Кейс представляет собой реальную жизненную ситуацию, описание которой отражает какую-нибудь практическую проблему. В идеале проблема не должна иметь однозначного решения. В кейсе обязательна какая-то интрига, позволяющая поддерживать интерес к ситуации;возможны несколько возможных вариантов решения кейса.

Кроме того, должны быть четко очерчены временные рамки ситуации и дана вся информация для анализа кейса. Важным условием считается присутствие в кейсе «действующего лица», ответственного за принятие решения.


Метод представляет собой специфическую разновидность исследовательской технологии, т.е. объединяет в себе операции исследовательского процесса и аналитические процедуры. Кейс выступает как технология коллективного обучения, которая интегрирует технологии развивающего обучения, включая процедуры индивидуального, группового и коллективного развития, формирования определенных личностных качеств обучаемых.
В методологическом плане кейс-метод можно представить как сложную систему, в которую интегрированы другие, более простые методы познания. В него входят моделирование, системный анализ, проблемный метод, мыслительный эксперимент, методы описания, классификации, игровые методы, которые выполняют в кейсе свои роли.

Кейс должен отвечать следующим условиям:

- наличие реально существующей группы людей, организации, на основе которой разработана ситуация;

- определенная хронология событий, временные рамки,

наличие реальной проблемы, конфликта;

- ситуация должна быть представлена в «событийном» стиле, где отражены не только события, но и персонажи,  их действия, поступки;

- действие, разворачивающееся в кейсе, должно содержать интригу [3, 45]. 

  Метод ситуационного анализа имеет несколько основных характеристик:1) использование фактических организационных проблем;

2)возможное участие максимального количества студентов в изучении, выяснении иных точек зрения, сравнении различных взглядов на принятие решений;

3)минимальная степень зависимости обучаемых друг от друга, считающих, что у стажеров есть право как на правильные, так и неправильные ответы, так как, несмотря на возможную неполноту ситуаций, они взяты из реальной жизни;

4) участники стараются сделать метод ситуационного анализа проходящим через все последовательно создающиеся уровни развития сценария.

Преподаватель играет (или должен играть) роль критика. Он вовсе не лектор или распространитель книжных принципов, а катализатор учебного процесса. Педагог должен также быть полезным источником информации по изучаемому вопросу, чтобы поддерживать активную дискуссию среди студентов.

Примерные этапы создания кейса:

1) выбор темы, т.е. природы проблем, охватываемых данным кейсом, делается прежде, чем избрать конкретное предприятие, которое проиллюстрирует данную проблему (такой темой может, например, быть: применение метода сегментирования в маркетинге; создание маркетинг-плана на три года для какого-либо товара промышленного назначения; проблемы, порожденные внедрением новой системы вознаграждения на каком-либо предприятии и т.п.);

2) исследование «предприятия–кейса»;

3) выбор ситуации на предприятии;

4) сбор информации;

5) редактирование кейса;

6) проверка и окончательная редакция.

Кейс могут составлять такие элементы:

• формулировка проблем: беспорядочная, упорядоченная, четко идентифицированная;

• определение плана действия: эскизное решение, множественные эскизные решения, предложение возможного решения с подробной программой действия, предложение возможных решений с соответствующими подробными программами действий;

• результаты плана действий: план действий использован и результаты известны.                      

До результата добираются кейсы с четко идентифицированной проблемой и всеми этапами определения плана действий.

Технология работы с кейсом в учебном процессе включает в себя следующие этапы:

- индивидуальная самостоятельная работа обучаемых с материалами кейса (идентификация проблемы, формулирование ключевых альтернатив, предложение решения или рекомендуемого действия);

- работа в малых группах по согласованию видения ключевой проблемы и ее решений;

- презентация и экспертиза результатов малых групп на общей дискуссии (в рамках учебной группы).

По сравнению с традиционными формами ведения занятий при использовании метода кейс-стади меняется взаимодействие преподавателя и обучаемого: активность педагога уступает место активности студентов, а задачей преподавателя становится создание условий для их инициативы.

Преподаватель выполняет функцию помощника в работе, одного из источников информации. Технология кейс-стади обеспечивает взаимопонимание, взаимодействие, взаимообогащение и, что особенно важно, формирует мнения, отношения, навыки поведения в будущей профессиональной деятельности.



Литература

1.Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Искусство преподавания: концепции и инновационные методы обучения: учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.– 198 с.

2.Десслер Г. Управление персоналом. – М.: Издательство «Бином», 1997. – 166 с.

3.Тёмина С. Ю. Кейс-метод: активное обучение принятию профессиональных решений / С. Ю. Тёмина // Среднее профессиональное образование. – 2010. – № 1. – С. 44–46.



Резюме

В современной педагогической науке высокую популярность в качестве метода подготовки будущих специалистов приобрел метод кейс-стади. По сравнению с традиционными формами ведения занятий при использовании метода кейс-стади меняется взаимодействие преподавателя и обучаемого: активность педагога уступает место активности студентов, а задачей преподавателя становится создание условий для их инициативы.



Summary

In modernteaching sciencehigh popularityas a methodof training futureprofessionalsbecomea case studymethod. Comparedto traditional formsoftrainingwhen using thecase studychangingthe interactionof the teacher andthe student: teacheractivitygives way toactivity of students,and the task ofthe teacheris to createconditions for theirinitiative.



12 жылдық мектептің 5-сыныбында қазақ тілінен электрондық оқулық жасаудың мүмкіндіктері

Ә.А.Торсықбаева,

ҚазМемҚызПУ 2-курс магистранты.

Алматы, Қазақстан
Қазақстанның болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесін, ғылым мен білімнің өркендеуіне, жас ұрпақты жан-жақты дамытуға тікелей байланысты. Жаңа ақпараттық технологиялардың қоғам салаларында кең қолданылуы мектепте оқу үрдісінде оқушылардың оларды жіті меңгеруін талап етеді.

Осымен байланысты мемлекеттік бағдарламаларда, сондай-ақ, оқу үрдісінде педагогикалық және ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы орта білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі екендігі атап көрсетілген [1]. Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге Президентіміз Н.Ә.Назарбаев та назар аударып, Республикалық мұғалімдер сьезінде: «ΧΧ ғасырдың ІІ жартысында белгілі болған нәрсе – ΧΧІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын. Сол секілді осы мақаламызда 12 жылдық мектептің 5 сыныбына арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша электрондық оқулық жасаудың теориясы мен тәжірибесіне тоқталамыз. 12 жылдық  білім беру жүйесіне көшу – әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. Еліміздің 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі - ұлттық білім беру жүйесін жаңаша сипатта, дүниежүзілік білім беру орталықтарының озық тәжірибелерін пайдалана отырып, білім сапасын арттыру және білікті, саналы, шығармашылық ұрпақ тәрбиелеуді көздеген заман талабы [2].

12 жылдық білім жүйесі бойынша, бала мектепке 6 жасынан баратын болады. Бастауыш білім беру жүйесі - 1-4 сыныптар аралығында болса, 5-10 сынып оқушылары толық орта білімге ие болады. Ал, 11-12 сыныпта оқушылар қандай да бір профиль арқылы белгілі бір мамандыққа бейімделеді. Бұл жүйе бойынша орта мектепті тәмамдаған жас жеткіншек жоғары немесе арнайы оқу орнына түсе алмаса, қол қусырып үйде отырмайды. 12 жылдықта алған кәсіптік мамандығы бойынша, еңбек істеуге қабілетті болады [3].

Лексикология және фразеология - тіл білімінің қызықты да күрделі саласы. Өйткені тілдің сөздік қорын игеру арқылы бала тілі дамиды, сөздік қоры молаяды, сөзді дұрыс қолдану дағдысы қалыптасады. Осы кезеңде балалардың қарапайым сөйлеу тілін күрделендіріп, әдеби тілде сөйлеуге әрі жазба тілін дамытуға мүмкіндік туады.

Осы міндетке қол жеткізу мақсатында оқулықтың лексикология мен фразеология тарауының лексикалық материалдары түгелдей салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тілек-бата, тыйымдар мен ырымдар, қасиетті ұғымдарға байланысты материалдардан құралды. Мақаламыздың мақсаты – 12 жылдық мектептің 5-сыныбына араналған электронды оқулықтағы лексика және фразеология салаларында қамтылған тақырыптар мен оқыту әдіс-тәсілдерінің берілу жолдары және олардың оқушының интеллектуалды дамуына әсері туралы мәлімет беру. Мәтіндердің белгілі бір тақырыптар аясында берілуі, біріншіден, мұғалімнің сабақтың тәрбиелік мақсатын дұрыс ұйымдастыруына мүмкіндік берсе, екіншіден, тіл ұстарту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруына жағдай туғызады, әрі оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, атап айтқанда сол тақырыпты жан-жақты зерттеуіне ықпал етеді. Бұл саланың материалдары 6 тарауға топтастырылған


  1. Сөз. Ұғым. Мағына

  2. Сөз мағынасының дамуы. Көп мағыналы сөздер.

  3. 3. Омоним. Синоним. Антонимдер.

  4. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қоры.

  5. Тұрақты тіркестер.

  6. Мақал-мәтелдер.

Оқулықтағы мәтіндер жүйелі, тұтас түрде берілген, сондай-ақ тапсырма-жаттығулар оқушының сөйлеуіне мүмкін беретіндей, логикалық шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында қатысымдық талаптарды жүзеге асыратындай етіп ескерілген. Сол себепті электрондық оқулық материалдарын өте қызықты етіп беруге мол мүмкіндік бар.

Атап айтқанда, «Сөз, ұғым, мағына» тақырыбы» оқыту барысында үй, шаңырақ, киіз үй сөздерінің мағынасын түсіндіру үшін суреттерді молынан пайдалануға, киіз үйдің бөлшектерін суреттер арқылы бере отырып, толық этнолингвистикалық мәліметтер беруге болады. 61-беттегі 3-жаттығудағы сөзжұмбақтардың жауаптарын сурет түрінде берген тиімді. Кітапта берілген әр түрлі суреттер толық иллюстарцияланады. «Күздеу» тақырыбына қатысты табиғат суреттерін беру арқылы эстетикалық тәрбие бере отырып, көптеген шығармашылық тапсырмалар дайындауға болады.

69-беттегі «Қара шаңырақ» сөзінің түсініктемесін берген кезде соған қатысты сөздер тізбегін жасау үшін де көптеген суреттер топтамасын беру, оны музыкамен көркемдеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туады.

72-77-беттердегі әр түрлі ырымдар мен тыйымдарға қатысты оқиғалы сюжеттер (мультимедия) қолдануға мүмкіндік бар.

82-беттегі «Жеті ата» өлеңімен жұмыс істеу барысында «ретімен қойып шық» ойынын пайдаланып, немере, шөбере, шөпшек, туажат, т.б. рет-ретімен орналастыруға байланысты тапсырма беруге болады.

«Омоним, синоним, антоним» тақырыптарын өту барысында компьютер мүмкіндігін кеңінен пайдаланып, сөзжұмбақтарды шешкізуге болады.

84-беттегі «Қасиетті сандар» тақырыбындағы материалдарды да мультимедиямен ұштастыруға болады. Оқулықта көп кездесетін мақал-мәтелдерді есте жақсы сақтау үшін олардың тізбесін қосымша ретінде жинақтап берген тиімді болған болар еді.

88-беттегі «Балуан Шолақ» әңгімесін балуан туралы кинофильмнен үзіндімен ұштастырған баланың танымдық қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Сондай-ақ, 90-91-беттерде берілген түрлі салт-дәстүрлерді қимыл-қозғалыс, оқиға түрінде қосымша жеткізуге болады.

«Бата беру» мәтінін қолдану барысында оқулыққа қосымша баланың жас шамасына сай, жаттап алуға ыңғайлы бірнеше баталарды қосымша ретінде енгізіп қоюға, әйгілі би-шешендердің суреттерін беруге болар еді.

Бүгінгі оқу бағдарламасының оқытушылар алдына қойып отырған негізгі міндеті – оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білетіндей дәрежеде оқыту болып табылады. Оқу тәрбие жұмысының сапасы оқытушының біліміне, шеберлігіне, мәдениетіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Жетілдірілген бағдарлама бойынша пәнаралық байланысқа айрықша назар аударылады. Қазақ тілін қазіргі заман талабына сай басқа ғылым салаларымен байланыстыра оқыту, шәкірттердің пәнге қызығушылығын арттырады.

Қазақ тілі пәнін географиямен, табиғаттанумен байланыстыруға «Ұлы Жібек жолы» мәтіні өте тиімді. Аталған тақырыппен жұмыс барысында Ұлы жібек жолын карта арқылы беру, ондағы тауларды, қалаларды, ел аттарын картаға белгілеу жұмыстарын қоса жүргізіп отырса, балалардың дүниетанымы артта түскен болар еді.

Пәндерді байланыстырудың тиімділігі туралы атақты педагогтар Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская өз еңбектерінде айтқан болатын. Ол пікірлер бүгінгі өмір талабымен ұштасып, оқу процесінде саналы тәрбие мен сапалы білім беруде жалғасып келеді. Пәнаралық байланыс қазақ тілі пәнінде – тарих, әдебиет, бейнелеу өнері, музыка ғылымдары, математика т.б. арқылы жүзеге асырылады. Гуманитарлық бағыттағы пәндерді байланыстыра оқыту – оқушылардың эстетикалық рухани дүниетанымын кеңейтеді. Ол оқу тәрбие процесіндегі түрлі жұмыстар арқылы бірте-бірте дамиды. Электрондық ресурстар осындай байланыстырды жүзеге асыруға мол мүмкіндік береді.

Электронды оқулық, оқу құралдарының ең бір тиімді тұсы - оқушылардың білімін бағалауға зор мүмкіндік беруі. Әр блоктан соң берілген тест тапсырмаларын оқушылар оқулықпен жұмыс барысында өзін-өзі тексеру мақсатында да, білімді бекіту мақсатында да пайдалана алады. Сондай-ақ әр үлкен тараудан соң мұғалім оқушыларды тестілеуге мүмкіндік алады.

Оқулықтағы мәтіндерді, өлеңдерді дыбыстау, оны қажет кезінде тыңдатып, қайталатып отырудың да маңызы зор.

Электрондық бағдарлама мүмкіндіктерін пайдаланып, бейнелеу өнері туындыларын енгізу оқушыларға, эстетикалық тәрбие беруде, олардың саяси-идеялық танымын қалыптастыруда ерекше орын алады. Эстетикалық тәрбие балалардың көркем өнердің барлық салаларында ұлы шеберлер жасаған аса құнды мұраларды терең түсінуін, сол шығармалардан рахаттанып, рухани ләззат алуын көздейді, тілін дамытады. Өнертану деректері жас шәкірттердің өнерге ынтасын, қызығушылығын арттырады. Бейнелеу өнері оқушыларды еңбекке баулиды, тарихи және мәдени ескерткіштерді эстетикалық тұрғыдан бағалауға, табиғатты қорғай білуге үйретеді. Суреттер санамызда сөйлеп, оқиға мазмұнын көз алдымызға келтіреді. Сөйтіп, автордың айтып отырғанының бәрі өзімізге таныс нәрседей болып көрінеді.

Әрбір тараудың соңында теориялық материалдарды қайталау сұрақтары мен дұрыс жауаптарын белгілеуге тест үлгісі ұсынылады.

Қорыта келгенде, электронды оқулықтағы кез келген материал өзара терең байланысты, оқушының танымдық қабілеті мен жалпы тілдік дамуына бағытталған, сондықтан болашақ ана тіліне жетік, ұлттық құндылықтарды қастерлей білетін шәкірт тәрбиелеуде үлкен маңызы болады деген үміттеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет