Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



бет36/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#40597
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47

Резюме

Творчество Ахмета Байтурсынова остается высоким холмом в историй развитии казахской литературы в начале ХХ века. Он действительно сделал основу поэзии жаждующую независимость. Ахмет Байтурсынов принес в казахскую поэзию пример поэзии, который стремился к свободе. Он был «духовным вождем» казахского народа в начале ХХ века. Овладел множество исскуств и наук. Боролся для того, что бы пробудить национального сознания своего народа.



Summary

Masterpieces of Akmet Baitursynov had significant effect on developing Kazakh literature in XX century. He wanted the Independence of Kazakh nations and was founder of Kazakh poetry. He encouraged the readers to develop spirituality and in the beginning of XX century he was named ‘the leader of Kazakh intellectuals’. Akhmet Baitursynov`s great talent let him try his hand at poetry, science and in other spheres of culture. The whole life of Akhmet Baitursynov was full of ardent care for Kazakhs self-determination.


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

З.Б.Кульманова,



Қайнар университетінің 2-курс магистранты.

Алматы. Қазақстан
Әр халықтың қайталанбайтын ұлттық ерекшеліктерін, өзіне тән өзгешеліктерін құрайтын әдет-ғұрып лексикасы бар. Ол рухани дүниені де, материалдық дүниені де түгел қамтиды. Солардың ішінде өзінің ғасырлар қойнауына кететін терең тарихымен, жүйелі құрылымымен, мәдениетаралық коммуникация үшін ерекше маңызды танымдық құндылықтарымен ерекшеленетін сөздер тобы – туыстық атаулар.

Туыстық қатынастардың бойында сақталып отырған рухани мәдениет көріністерін ұлттың танымдық тәжірибесімен сабақтастыра отырып, жүйелі түрде қарастырудың қажеттілігі де өзектілігін айғақтайды.

Туыстыққа қатысты лексиканың аялық білім негізіндегі елтанымдық, мәдениеттанымдық, әлеуметтік мазмұны сипатталады. Туыстық лексикасының құрамы, тарихи және лексика-семантикалық құрылымы айқындалды.

Қазақта туыстық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа бөліп қарастырады. Біріншісі - адамның әкесі жағынан туысатын өз жұрты, әйелдер төркінім деп атайды. Екіншісі - шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты. Үшіншісі - әйелі немесе күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты.

Адамның өз жұрты 7 ұрпаққа таратылып айтылады. Қазақта 7 атаға дейін қыз алысуға тыйым салынған. Аталарымыз туыстық қан араласса, ұрпақ азады деп, бұл тәртіпті берік сақтаған. Кімде-кім мұны бұзса, қатаң жазаланатын болған [1, 36].

Қазақ халқында ұрпақ санау еркектер тарапынан жүргізілгендіктен, ең алдымен жігіттің үш жұртына тоқталуды жөн көрдік /15, 40/. Жігіттің ағайын жұрты - жеті атадан белгілер болып табылады. Ата-анасынан кейінгі ең жақын туыстары аға-іні, апа-қарындастары. Бұлардың ішінде жасы үлкен болғандықтан, ағаның орны ерекше болады. Ағаға қарсы шығу дәстүрімізде жоқ, сондықтан жасы кішілер оны сыйлап, айтқанын екі етпей орындайды. Ағайынды туыстар арасындағы туыстық сыйластық, жарасымды әзіл-қалжың, ойын-күлкі қайын мен жеңгені достастырып, оларды татулыққа, сыршылдыққа баулыйды [2, 89].

Жігіт үйленгеннен кейін осы әдемі қатынас - біршама солғындай түседі, өйткені абысынды екі әйел үнемі бір-бірімен тату-тәтті тұра алмайды. Мұның әсері аға-ініні де бейжай қалдырмайды. Алайда екі туыс қарым-қатынастағы туыстық желіні үзбеуге тырысады. Қазақта ағасы қайтыс болған жағдайда айттырған қалыңдығына інісі үйленетін болған, керісінше, інісі қазаға ұшыраған жағдайда, келінін ағасы әйелдікке алған. Бұл дәстүр ғылым тілінде левират деп аталады. Левират (лат. levir - қайнаға, қайын іні) - жесір әйелді қайтыс болған ерінің інісіне тұрмысқа шығуға міндеттейтін некелік ғұрып. Левират рулық құрылыс кезінде көптеген халық арасында кең тарады. Рулық құрылыс ыдыраған заманда және таптық құрылыс тұсында бірсыпыра халықтарда (Кавказда, Орта Азияда, еврейлер арасында) көпке дейін сақталды [3, 58].

Жігіттің ағайын жұртының ішінде апа (әпке) - қарындастың орны бөлек. Бір анадан туылғанымен, әпке мен қарындас - жат жұрттыққа жаралған жандар. Сондықтан оларды ата-анасы қалай аялап өсірсе, аға-бауырлары да солай құрметтеп, сыйлап өтеді.

Ал, жігіттің әйелінің барлық туыстары, яғни төркіні қайын жұрт саналатыны белгілі. Жігіт келіншегі шыққан шаңырақтың адамдарын қайыным деп қадір тұтады. Олар - қайын ата, қайын ене, қайын аға, қайын бике, балдыздар. Жігіт қайын ағасы мен қайын бикесінің дәрежесі тең деп санап, өз ағасы мен әпкесіндей құрметтеп сыйлайды. Ал, балдыз бен жезденің қарым-қатынасына келетін болсақ, мұнда халық дәстүрінде қайнысы мен жеңгесі сияқты, балдыздар мен жезденің емін-еркін ойнауына ерік берілген. Балдыздар қалай әзілдесе де, жезденің ашулануға хақысы жоқ.

Бір отбасының екі қызына үйленген жігіттер бір-біріне бажа саналады. "Төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бажа тату' деген мақал тегін айтылмаған болар. Өйткені, апалы-сіңлілі екі қыз бірін-бірі еш уақытта күндемейді. Сондықтан әйелдері тату болғандықтан, бажалар да "бас тырнаспайды" [4, 75].

Қайын жұрт үшін күйеу баланың орны бөлек. Өз қызын аялап өсірген ата-ана күйеуді де өз балам деп есептейді. Күйеу мен қайын жұрттың арасындағы қарым-қатынастың ұзақтығы - қыздың ұзақ өмір сүруіне, төркінін ұмытпай жиі қатынас жасап тұруына, ақылына, күйеуі мен түскен жұртыңдағы беделіне байланысты болады. Ал ұзатылған қыз ұзақ жасамаса, оның орнына балдыз беру әдеті орындалмаса, сол жылдан бастап басқа жерден екінші әйел алған күйеудің де алғашқы қайын жұртымен қарым-қатынасы аяқталады. Бірақ бұған байланысты екі елдің арасындағы құдандалық қарым-қатынас тоқталмайды. "Сүйек жаңғырталық" деп қайта құда болып, бір-бірінен тағы қыз алысып, қарым-катынас созыла береді. Сондықтан да болу керек қазақта "күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық" деген мақал қалыптасқан. Сыйлас құдалар бір-біріне керек болған жағдайларда көмектесіп, бір-бірінің қуанышына бірге қуанысып, ренішіне бірге қатысып, біріне-бірі сүйеу болатын. Құдандалы ел арасындағы мұндай ұзақ (мың жылдық) қарым-қатынас, кайта-қайта сүйек жаңғыртылып. бір-біріне құда түсіп отыру әдеті бір кездерде қазақтар арасында эндогамиялық заңының болғанын айғақтайды. Эндогамия (грек, endo - ішкі, gamos - неке) - бір қоғамдық топтың (ру, тайпа, каста, әулет) өз ішінде қыз алысу дәстүрі, Л.Морганның сөзіне қарағанда, қоғамдық құрылыстың алғашқы кезеңінде тайпалық топтарда эндогамия (қыз алысу) болса, оның ішіндегі руларда экзогамиялық (қыз алыспау) болған. Алғашқы қоғамдық қатынастың ыдырау кезеңінде бірсыпыра халықтардағы (малагасиліктерде, бантуле, арабтарда, өзбектерде, туарегеттерде және Дағыстандағы кейбір халықтарда) рулар немесе патронимия ішінде қыз алысу басталған. Дүние-мүлікті сыртқа шығармауға эндогамия тиімді болған. Немерелер мен шөберелер, нағашылар мен жиендер, бөлелерге некелесуге рұқсат берілген. Үндістан мен Полинезиядағы касталар, Октябрь революциясына дейінгі қазақ арасында (төрелер мен қожалар әулетінде) эндогамиялық әдет көпке дейін сақталып келді" [5, 47].

Қазіргі кездегі неке құрылу заңы ғылым тілінде моногамия деп аталады. Моногамия (грекше моно жеке және gamos - неке), яғни дара неке семья және некенің тарихи формасы. Бір еркекпен бір әйелдің тұрақты неке құруы. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңінде жұпты неке негізінде пайда болып, кейіннен некенің үстем формасына айналды" [1, 45].

Сөйтіп, қазақ халқындағы туыстық қарым-қатынас негізінен жеті атаға дейін созылып, одан әргі қатынас құдандалық байланыспен жалғасады. Бұлай дейтініміз қазақта эхзогамиялық барьер ру ішіндегі жеті атаға, яғни сегізінші ұрпақтардың бірі мен бірі некелесуге хақы бар. Жетісу төңірегінде 10-13 атаға толса да экзогамиялық тәртіпті сақтап отырған топтар бар. Міне, үйленуге және некеге байланысты осындай туыстық қарым-қатынастар туып, өз сабақтастығын жалғастыра түседі.

Енді нағашы жұрт пен жігіт арасындағы қарым-қатынасқа келейік. Жігіттің шешесінің туыстарының барлығы нағашы аталып, өзі оларға жиен болатыны баршаға белгілі. Туыстык қатынасы жақын тікелей нағашылары - нағашы ата, нағашы әже (ana, шеше), нағашы, нағашы аға және нағашы жеңге, нағашы ana мен нағашы жезде, нағашы іні, нағашы келін, нағашы қарындас және шешесінің ала, сіңлілерінен туған балалар - бөлелер болып келеді. Егер шешесімен бірге туған қыздардан туса бөлелер болады, ал нағашысының қыздарынан туса немере бөле делінеді. Нағашысына жиен әрдайым батыл болған. Әзілі жарасқан жиен қашан да нағашы жағынан "серкеш" даулаумен болады. Нағашылар жиенінің талабын құп алып, тілегін қайтармайды. Жиенін өз қолынан үйлендіріп, басына отау тігіп, алдына мал салып беретін нағашылар да болған. Нағашы мен жиен арасындағы қарым-қатынас алым-берімге ғана қатысты емес. Нағашы мен жиен – туыстық жағынан мәңгілік ажырамайтын тұлғалар.

Өз анасын жігіт қалай қадірлесе, нағашы жұртын да "өз жұртым" деп қабылдайды, сыйлайды. Міне, жігіттің үш жұртымен қарым-қатынасы осындай.

"Ағайын жұрты - күншіл, нағашы жұрты - сыншыл дегенді ата-бабаларымыз тегін айтпаған болар.

Қазақ халқы жақын - жамиғатымен қыз алыспайтыны белгілі. Осы уақытқа дейін көптеген рулар он екі, он үш, одан да көп атаға толса да қыз алысу туралы ойланбайды. Себебі, жеті атаның өзі бір шаңырақ астынан ұзап шыға қоймағаны байқалады. Мысалы, жігіт атасымен, әке-шешесімен бірге тұрады делік, оның баласы атасына шөбере болады. Оны қосқанда бес ата болады, яғни атасы, өзі, баласы, немересі, шөбересі. Сонда үйдің сыртында қалатыны немене мен шөпшек қана, жеті ата деген осы. Ендеше бұлардың ұрпақтары қалай қыз алыспақ?! Ондай болса, ата-тек атауларына зер салып көрсек халқымыз жеті атаны мына төмендегідей таратып айтқан:



Немере - ұлы мен қызынан туылған перзенті, ұл мен қызы, екінші ұрпақ.

Шөбере - немереден туылған перзент, ұл мен қызы, үшінші ұрпақ.

Шөпшек - шөбереден туылған балалар, төртінші ұрпақ.

Немене - шөпшектен туылған балалар, бесінші ұрпақ.

Туажат- неменеден туылған бала, бір атадан тараған алтыншы ұрпақ.

Жүрежат - туажаттан туылған бала, бір атадан тараған жетінші ұрпақ.

Жұрағат - жүрежаттан туылған үрім-бұтақ, әулет [2, 344].

Туыстық қатынасты қастерлеп, оған зор мән берген халқымыз шеше жағынан тарайтын туыстарын да жиен, жиеншар, дегеншар, көгеншар, жүрежат деп бес-алты атасына дейін ұмытпайды. Туыстық атаулар номинативтік атау (әке, шеше, т.б.;. қаратпа атау (көке, ana, т.б.) деп ажыратылады. Ұл жағынан тараған үрім-бұтақ атауы біраз ұрпаққа дейін барады екен: бала-немере-шөбере-шөпшек-немене-туажат-жүрежат-жүрағат.

Әр азаматтың өзінің туыстық негізін өз жұртым, қайын жұртым, нағашы жұртым деп үшке ажыратып атауы да қазақ халқына тән туыстық байланыс пен қарым-қатынасының жөн-жосығын танытатын ерекшелік.

Жас ұрпақты тіл өнері мен сөз мәдениетіне баулу, бай да шұрайлы тілімізді қадір-қасиет тұтуға тәрбиелеу отбасы, ошақ қасынан басталмақ. Сәбидің алғаш көз ашқаннан көретіні - ана-анасының мейірім шуағымен нұрланған ақ дидары, еститіні - оның ер жетіп, елге қадірлі азамат болуын тілеген бесік жыры. Жарық дүниеге келген нәрестенің тілі дыбысталуы жеңіл туыстық атаулармен шығып, «апа», «ата»-лап сөйлей бастауы ата-анасының жанын жадыратып, әсерлі сезімге бөлері анық.



Әдебиет:

1. Диуанова Р.К. Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың мағыналық құрылымы мен лексикографиялану ерекшеліктері. – Алматы, 2010. – 134 с.

2. Сарыбаева М.Ш. Система обозначения родства в английском, русском и казахском языках: дисс... канд.филол.наук. – Алматы, 1991. – 184 с.

3. Покровская Л.А. Термины родства в тюркских языках // Историческое развитие лексики тюркских языков. –М.: Изд-во АН СССР, 1961. –С. 1-82; Номинханов Ц.Д. Термины родства в тюрко-монгольских языках // Вопросы истории и диалектологии казахского языка. –Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1958. Вып.1. – С.42-48; Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. Т. I-IV. СПб., 1888-1911; Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. – Казань, 1861; Будагов Л. Сравнительный словарь турецко-татарских наречии. СПб., 1869. Ч.1-2.

4. Махмудов Х., Мұсабаев Ғ. Қазақша-орысша сөздік. Екінші басылым. Алматы, 1988. – 670 б.

5. Киргизско-русский словарь. – Оренбург, 1897. – 442 с.

6. Щерба Л.В. Опыт общей теории лексикографии // Известия АН. Отд. л-ры и языка‚ –1940. Вып.3. – С. 89-117.

7. Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әлемінде. Этнолингвистикалық сөздік. 1-том. Адам. Алматы, 2009.

8. Киргизско-русский словарь. – М.: 1985, 1-том. – 850 c.

9. Кушербаев Ж. «Краткий русско-киргизский дорожник со словарем. Омск, 1911. – 350 c.



Резюме

В статье рассматривается система наименований и терминов родства казахского языка, представлена огромным количеством языковых единиц, содержащих крайне разнообразную информацию и фоновые знания этнокультурного характера. В них наиболее ярко отражены мировосприятие, система духовных ценностей, культурно-поведенческих стереотипов, морально-этическое мировоззрение казахского народа.



Summary

Of all Turkic languages Kazakh is known to be the language rich of the related names. All people have words that denote their own national peculiarities and habits. They include both spiritual and material values. Among them are the related names which have long and rich history for the centuries. It is of great importance for intercultural communication as well.


«АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ: ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР КӨРІНІСІ

Г.Қусаинова,

ҚазМемҚызПУ 2-курс магистранты,

Алматы, Қазақстан

Ғ.Мүсіреповтың «Мұхтардан қалған сөз - өлмейтін, өшпейтін асыл сөз, жан сөзі, жүрек сөзі» [1,16] деген ұлағатты пікірі бар. Шынында да нан тіліміздің қадір-қасиетін бір адамдай бағалап, оның дамып, өркендеу жолына қосқан сүбелі үлес қосқан М.Әуезов еңбегі күні бүгін де, тіпті күні ертең де өз бағасын жоймақ емес.

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды.

«Абай жолы» эпопеясы нақты тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының тыныс тіршілігінің энциклопедиясы ретінде сан алуан мәдени, тарихи, саяси-әлеуметтік т.б. ақпараттарға бай. М.О.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті.

М.Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947) онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұрады: 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т. б. бәрі бар.

Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған.



Салт-дәстүр дегеніміз не? - деген сұраққа ғалым  У. Шәлекенов жинақтаушы атауы ретінде «тұрмыс» деп бір сөзбен жауап беруге болады деген.

Ұлттық салт-дәстүрлер - тарихи көне үрдіс. Ол белгілі бір топтың (ру, тайпа, ұлт) өзіне тән өмір сүру жүйесі негізінде туып қалыптасады.

Дәстүр - мәдениеттілік белгісі. Ол ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық. Сонымен қатар бұл уақыт сынына төзген, өркениетке бет бұрған халықтың барынша жүйеленіп қалыптасқан өзіне тән өмір сүру формасы.

Бұдан ол өзгермейді деген пікір тумауға тиіс, керісінше, салт-дәстүр уақыт талабына сай кешегінің негізінде дамып, жаңарып отырады. Әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы болады. Оларды халықтың келбеті, тәрбиелік ережесі деуге болады. «Абай жолында» қазақ ұлтының ХІХ ғасыр аяғындағы тұрмыс тіршілігі, көшпелі өмірінің көрінісі, салт-дәстүрлері кең түрде баяндалған.

«М.Әуезов – шығармалары ұлттық шеңберден шағындап көтеріліп, әлемдік мәдениеттің қымбат қазынасына толымды қор болып қосылған ұлы суреткер» - дейді академик Р. Нұрғали.



«Әйгілі эпопеяда қазақтың көркем әдеби тілінің бай қоймасы жасалынды; ұлттық тұрмыс шынайы суреттелінді; ұлттық дәстүрлер мен дала заңдары, мал баққан халық шаруашылығы сол қалпымен көріне білді. Әрине, мұндай ұлы туынды жасау үшін М.Әуезовке үлкен суреткер ғана болу аздық етті.Ол әмбебап әдебиетшілігінің үстіне талғампаз тілші, терең тарихшы, дана философ, білгір этнограф, жіті психолог, тамаша педагог та болды»,-дейді профессор Д.Ысқақұлы

О баста адамзат баласының өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы негізінде туындаған халықтың 1) салт-дәстүрлер, діни әдеп-ғұрыптар, 2) маусымдық халықтық мерекелер және 3) отбасылық той-томалақтар деп үш топқа бөлінеді. Осының негізінде М.Әуезовтың «Абай жолы» романында салт-дәстүрге байланысты сөздерді осы үш топқа бөлініп қарастырылды.

1. Маусымдық мерекелерге жалпыхалықтық тойлар жыл басы тойы - Наурыз, жаз тойы - қымызмұрындық, күз мейрамы - Мизам (шопандар тойы мен сабантой) қыс тойы - соғым енеді. Кәсіптік мейрамдар да маусымдық мерекеге саналады. Оларға: белбау, тулақ-шашар, шашыратқы, сіргетағар, қоныс тойы, күйек байлау, жүн қырқар, күйек шашу т.т. жатады.

2. Ат отбасылық той-домалақтарға: үйлену тойы (құда түсу, жаушы жіберу, қыз таңдау, қарғыбау, үкі тағар, ұрын бару, жар-жар, келін түсіру т.б.) құрсақ шашу, қырқынан шығару, ат қою, айдар тағу, тұсаукесер, тілашар, сүндет тойы, мүшелі тойы, сапар тойы,

3. Діни әдеп-ғұрыптар: жерлеу салттары (қара тілу, аза тұту, жаназа шығару, жоқтау, тұлдау, ас беру) осы топқа кіреді.

Адам баласы дүниеге келгеннен бастап қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі ғасырлық наным-сенімі, таным түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жиналған салт-дәстүрлер аясында өтеді. Мұндай сөздер адам дүниеге келгеннен бастап, дүние салғанға дейін бүкіл өмірін қамтиды. Оны мынандай кезеңдерге бөлуге болады. Мысалы:

  1. 1. Бала дүниеге келгенге дейінгі кезең: (құрсақ шашу, жеріктік, бел немесе бесік құда).

  2. 2. Дүниеге келген кезден бір жасқа дейінгі кезең: (шілдехана, қалжа, ат қою, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсаукесер, тоқымқағар, көгетүп, айдар, кекіл, тұлым қою, тұмар тағу).

  3. 3. 5 жастан 7 жасқа дейінгі кезең: (сүндет тойы, құлақ тесу, тайға мінгізу, жиенқұрық алу, шілдірге сигізу, аттастыру, жеті ата, асату, базарлық, байғазы, тілашар).

  4. 4. Кәмелетке толған, яғни үйлену жасына келген кезең: (бастаңғы, енші, ұйқыашар, селт еткізер, тыйым, қарғыбау, құда түсу, құда тартар, қалыңмал, киіт, құйрық-бауыр, өлі-тірі, қынаменде /ұрын келу/, қыз танысу, сыңсу, қыз ұзату, неке қияр, жар-жар, ау-жар, аушадияр, тұйемұрындық, шаңырақ түйе, келін түсіру, беташар, күйеуаяқ босаға майлау, өңір салу, ілу, немеурін).

  5. 5. Дүниеден өту кезеңі: (көңіл айту, естірту, арыздасу, жоқтау; көрісу, жаназа, сүйекке кіру, киім беру, аманат қою, топырақ салу, бата оқыр, дұға /құран/ оқу, тұлдау, әруақты еске алу, шек беру, ас).

Салт-дәстүрге байланысты сөздердің ішінде күрделі зат есімдер басым. Олардан халықтың тұрмыс-тіршілігін, таным ойын аңғартуға болады. Әрбір күрделі зат есім сол заманның бет-бейнесі, көрсеткіші. Бұл тілдегі заңды құбылыс, өйткені тіл өмірмен өзектес. Халықтың тарихының, дәстүрінің, мәдениетінің дамуында тіл негізгі қызмет атқарады. Қазақ халқының ұлттық дүниетанымында орныққан ұғымына қатысты атаулар: табиғат пен құбылыс, тіршілігі мен кәсібі, еңбек пен күресі т.б. оның тілінен аңғарылады.

Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына қайта оралудың рөлі туралы Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге, дәстүрлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз. Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи-мәдени мұраларына қайта оралу - бұл әрине оң процесс».

«Қай халық болса да өз тарихын, төл дәстүр-салтын, ауыз әдебиетін, тілін қастерлейтіндігі» туралы академик М.Қозыбаевта еңбегінде көрсеткен [3].

Академик Ә.Қайдаров «Қазақ тілінің өзекті мәселелері» деген еңбегінде: этнолингвистика жайында «Этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен тілден іздеуіміз керек» - деген [4].

М.Әуезовтің «Абай жолы» романында салт-дәстүрге байланысты сөздер кеңінен пайдаланған. Бұл сөздердің этнолингвистикалық сипатын анықтап, морфологиялық құрылымын талдаудың қазақ тіл білімі үшін маңызы ерекше. Мысалы, «Бата» сөзінің этнолингвистикалық сипатына тоқталайық:

БАТА (дәстүр: бата беру, бата алу) «Батаменен ер көгерер» (мақал). Ақ тілеудің белгісі - бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар.

  1. Жас талапкерге бата. Жолың болсын! ...- Я, құдая, зар тілегім болсын. Бейуақтағы тілегім. Осы қарашығыма әкесінің осы ит мінезін бере көрме!.. Тас бауырлығын бере көрме!.. Я, жасаған!-деп, құрысқан әлсіз қолдарымен әжімді, мейірімді жүзін сипап бата берді. Ұлжан да ішінен «аумин» деп бата қылды... [М.Әуезов «Абай жолы», (Қайтқанда) І кітап, 46 бет, 2002ж].

...Кейін үйге келгенде, Жұмабай Құнанбайдан сәлем айтты да:

  1. Мына баласына - өзіңіздің шәкіртіңізге фатихасын сұра деп еді,-деген. Қазірет: «- Бәрәкалла, бәрәкалла... бирахматика я архамәррахимин,- деп отырып, Абайға қол жайып бата берген-ді [М.Әуезов «Абай жолы», (Қайтқанда) І кітап, 25 бет]. ...Мұның ұғымтал зеректігіне қатты ырза боп, шын сүйсінген Барлас бір оңашада, жай ғана тақпақтап:

Шырағым, ер жетерсің,

Ер жетсең, сірә, не етерсің,

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң шыңға жетерсің,-деп кеп Абайға домбыраны ұсынды.



  1. Міне, балам, осы менің батам болсын.Тіпті шынымен мейірім түсіп айтқызып отыр,-деді [М.Әуезов «Абай жолы», (Қайтқанда) І кітап, 56 бет, 2002ж].

  2. Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
    2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
    2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
    2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
    2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
    2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
    2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
    2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
    2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
    2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
    2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет