Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



бет33/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#40597
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47

Әдебиет:

  1. Бисенғали З. Нұрлы әлем, Егемен Қазақстан, 8 шілде 2008.

  2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы: Атамұра, 2003.-208 б.

  3. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Алматы: Қазақ университеті, 2003.-284 б.

  4. Шалабаев Б. Көркем шығарма тілі және оны мектепте оқыту Алматы, Мектеп 1982.

  5. Нұрмағанбетов Т. Айқай. Алматы: Өнер, 2001.- 485 б.


МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ СЕНТИМЕНТАЛИЗМ

Ұ.Б.Ерімбетова,

Қайнар университетінің магистранты

Алматы, Қазақстан
ХХ ғасыр – қазақ әдебиеті үшін алдыңғы ғасырларға қарағанда біраз өзгерістерді енгізіп, ілгері өрлеуге бет бұрған ғасыр болды. Мұның себебі, сол кездегі тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты еді. Бұл тұста қазақ ақын-жазушыларының шеберлігі арта түсіп, ұлттық әдебиет сан түрлі жаңа жүйелермен байыды. Қазақ поэзиясы бұрынғы өсиет өлең, арнау, толғау, жыр сияқты басым болып келген ескі жанр түрлеріне жаңалықтар қосты. Яғни, қазақ әдебиеті өзінің тарихи даму жолында әлем әдебиетінен барша әдебиеттерге тән ортақ заңдылықтарының сырын үйрене отырып, өзіндік ұлттық ерекшеліктерін нығайту жолында ұтымды пайдалана білді. Сол тұста қазақ әдебиетіне Еуропа және Ресей әдебиетінен келген әдеби заңдылықтардың бірі – әдеби ағымдар еді. Символизм, романтизм, натурализм, сентиментализм, экзистенциялизм, имаженизм, импрессионизм және тағы да басқа әдеби ағымдар қазақ әдебиетіне етене еніп қана қоймай, әдебиеттегі түрлі жанрлардың түрленуіне және көркемдік-эстетикалық толысуына себеп болды. Әсіресе, әдеби жанрлардың ішінде тек қара өлең, арнау, мадақ өлең, толғау сарынында көрініп жүрген поэзия жанрына символизм, сентиментализм, натурализм сынды әдеби ағымдар біршама өзгерістер енгізді. Қай жанрда кездессе де, бұл әдеби ағымдардың өзіндік мақсаты, айтпақ ойы болды. Соның ішінде сентиментализмнің мақсаты – аянышты тағдырларды бейнелей отырып, өмірден түңілу, болашақтан күдер үзу арқылы, адамдар жүрегінде аяныш, қайырымдылық сезімін оятып, оларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Сентиментализм (французша etiment – сезім, сезімталдық деген мағынаны білдіреді) ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысымен ХІХ ғасырдың басында пайда болған ағым. Ол Еуропа әдебиетінде дамыды, ал ағылшын әдебиетінде оны Л.Стерн орнықтырды. Оның «Франция мен Италияға сентиментальды саяхат» (1768) атты аяқталмаған романы Еуропа елдерінде кең тарады. Ал, орыс әдебиетіндегі сентиментализмнің ең көрнекті өкілі Н.М.Карамзин. Карамзиннің «Бедная Лиза» атты повесінен сентиментализмнің негізгі сипат-өзгешеліктерін көруге болады. Сентименталистер адамды жылата отырып, оның санасына емес, тікелей сезімі мен жүрегіне әсер ететіндей етіп жазды. Себебі, олардың ойынша, жүрек сезімге, ал сезім сананың өзгеруіне әсер етеді дейді. Олар бұл жолда түрлі тәсілдерге жүгініп отырды. Яғни, жеке адамдардың жан дүниесін, көңіл-күйін суреттеуге ерекше мән берді. Сондай-ақ, шығармаларында күнделікті тұрмысты, тіршіліктің жеке көріністерін сипаттау мол орын алды. Зерттеуші З.Қабдолов сырттан келген сентиментализмнің қазақ әдебиетіне тигізген ықпалы жайлы былай дейді: «Сентиментализм ағымы әдеби шығармаларға көл-көсір лиризм дарытты; класссицизм тұсында тым аспандап кеткен асыңқы әуенді жерге түсірді; жұрт назарын арсы-гүрсі сырт әрекеттерден гөрі ішкі сырына аударыңқырады; әдеби шығармалардың классицизм тұсында ұмыт қалған прозалық түрлерін туғызып, оларға әжептәуір табиғи, шыншыл сипат берді» [1,342]. Қазақ әдебиетіне етене енген сентиментализм ағымы тек проза ғана емес, поэзия жанрына да әсер етпей қоймады. Сентименталистік сарында жазылған қазақ прозаларына С.Торайғыровтың «Қамар сұлуы», М.Кәшімовтың «Мұңлы Мәриямы», Ж.Аймауытовтың «Ақбілегі» жатса, поэзияда сентиментализм бағытында шығармалар жазған нағыз лирик-сентменталист ақын деп М.Мақатевты айтуға болады. Поэзия әлемінде өзіндік өрнегі бар Мұқағали оқырманның ішкі әлеміне, сезім күйіне, ой толғанысына ене отырып, өзі өмір сүрген қоғамдағы қайшылықты тұстарды дөп баса жеткізе білген ақын. Ақын өлеңдерінде көбіне қуаныш пен шаттыққа қарағанда, көз жасы мен мұң, жан жүрегінің айқайы жүреді.

Уай, өмір! Көрсеткенің осы ма?

Тыйым салшы көздің мына жасына!

Мінәжат қып күн-түн демей зарласам,

Бақыт құсы келер ме екен қасыма?

... Ақыл айтар бір адамды таппадым,

Жалынсам да ешбір жанға жақпадым.

Әлі бастан қуғын көріп өмірден,

Көңілімді көр ішінде сақтадым [2, 39б.], – деген өлең жолдарында да сентименталистік элементтер бар. Мұнда автор өмірдің түрлі соқпағына, тезіне түскен – өмірден алған қиындықтарын ашына суреттей отырып, қоғамда да автордан басқа осындай өмір сәтсіздіктеріне ұшыраған адамдардың бар екенін, олардың тағдыры автордың тағдырына ұқсамас үшін, мұндай жандарға қол ұшын созу керектігін оқырманға ұғындырып, оқырман жүрегінде қайырымдылық сезімін тудыру.

Негізінен, сентименталистер адам жанын тебірентудің түрлі тәсілдеріне жүгініп отырады. Мәселен, олар өз шығармасына кейіпкер таңдауда төрт құбыласы тең, өмірден өз орнын тапқан, мақсаты орнықты адамды емес, қарапайым ортадан шыққан, сондай-ақ, тағдырымен тайталасып өмір сүріп жатқан адамдарды алады. Жоғарыда атап өткен С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», М.Кәшімовтың «Мұңлы Мәриям», Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романдарының басты кейіпкерлері – қазақ әйелінің ауыр тағдырын, мүсәпір халін бейнелеу үшін авторлардың өздері таңдап алған Қамар, Мәриям, Ақбілек секілді күллі қазақ әйелдерінің атынан алынып отырған бір-бір кейіпкерлер болса, ал Мұқағалидың кейіпкері ол – өзі. Яғни, автор өзінің тағдырын, өз басының қайғысын, өз басының мұңын жырлай отырып, оқырманның санасына тікелей субьективті түрде әсер етеді. Бұл – ақынның нағыз шеберлігі. Белгілі ғалым Т.Әбдірахманова: «Ақын өзі туралы айта отырып, тек өзі ғана болып қалмайды. Қоғамдық ақыл-ойдың тәжірибесінен тоқып, білгеніне сүйене отырып, уақыт тынысын, заман сырын, өз қоғамының рухани өмірін бейнелейді. Ақын шығармашылығында, оның әрбір лирикалық шығармасында қоғамдық адам, адам мінезі тұр деп қарауға тиіспіз. Ол – ақынның әрбір өлеңінде адам мінезінің бір қыры бейнеленіп жатады деген сөз»[3, 303б.], – дейді.

Сентименталистердің бұл бірінші тәсілі еді. Ал, екінші тәсілі – олар өз шығармаларында адамның көңіл-күйіне әсер ететін экспрессивтік мағынадағы қаратпа сөздер, риторикалық сұраулар, ерекше мәндегі етістіктерді көп қолданады. Немесе шығармаларында бір сөз, әлде сөз тіркесі бірнеше рет қайталанып келеді. Мәселен, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында»: «Уау, дүние! Мұны естіген Қамар не халде, Омар не халде?.. Біраздан соң Қамардың басына түскен қайғы секілді түйдектелген ызғарлы ұшпаның бұлтымен аралас мейірімсіз кеш қараңғысы келіп жайлады», «Есіл, Қамар-ай! Шыныменен сол жауызға кетесің-ау!» [4, Б 35-36] деген аз ғана жолдардың өзінде-ақ, оқырманның көңілін құлазытатын «қайғы», «ызғар», «мейірімсіз», «қараңғылық», «жауыз» секілді бірнеше песссимистік сөздер мен қаратпа сөздер екі-үш рет қайталанып отырса да, көзге ешқандай оғаш көрінбейді, шебер өрілген. Сондай-ақ, оқырманның сезіміне бірден әсер ететіндей сезімтал және қарапайым. Бұл прозаға қатысты айтылған дүние. Жазбақ ойыңды, айтпақ пікіріңді қанша жеткізгің келсе де шектеу жоқ. Ал, поэзияда мүлдем басқаша. Ұйқасқа сұранып тұратын небары бір шумаққа айтпақ бір ойыңды сыйғызу, оның үстіне жоғарыдағыдай тәсілдермен көрерменнің сезіміне кіру оңай шаруа емес. Мұндай шеберлік екі ақынның бірінің қолынан келе бермейтін дүние. Ал, Мұқағалидың поэзия әлемінде ойып өзіндік орын қалдыруының бір себебі де осы әдісті ұтымды пайдалана білуінде. Жалпы, Мұқағали өлеңдерінде сөздердің қайталануы мен қаратпа сөздер жиі ұшырасады. Бұл автор жан айқайының шынайылығын және айтпақ ойының нақтылығын білдіреді. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы:

Қасиет!..

О, қасірет!

Осындай ма ең?!

Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең?!..

Қасиет!..

Қасиеттер ұшып кетті,

Қасірет!..

Қасымдағы досымдай ма ең!..

Қасиет...Қасірет...

Қасірет... Қасиет... [5, 475 б.], – деген жолдар сәтті шыққан. Мұнда «қасиет» сөзі бес, ал «қасірет» сөзі төрт рет қайталанып келген. Алайда, өлеңнің көркемдігін осы қайталаулар ашып тұр. Бұл сөздер өлең көркемдігін ашып қана қоймай, поэманың шарықтау шегінің де, шешуінің де қызметін атқарып тұр. Яғни, автор бүкіл поэмадағы айтпақ ойын осы тәсілмен оп-оңай жеткізе білген. Оқырманның жылап-күйінетін де, ойланып, бір шешімге келетін де тұсы – осы. Мұндағы «Қасірет!.. Қасымдағы досымдай ма ең!..» деп бауыр еті баласына жабысқан дертті меңзесе, «қасиеттер ұшып кетті» дегені – өлімші халде жатқан ауру баласына мына аққу қанының қасиеттілігі көмек болмайтынын түсініп, аққудан да, баладан да ұшқан жан тәсілімін айтып отыр. Ал, «Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең?!..» деген бір ғана жол аққуды өлтірген әйелдің қап-қара қалың шашын жайып жіберіп, екі қолын аспанға соза өкінген шағын картинаны дайын түрде көз алдымызға алып келіп тұр.

Өмір әділетсіздіктерін, адамның сезімталдық қасиеттерін ояту арқылы түзетуге ұмтылған сентименталистердің тағы бір тәсілі ол – табиғат. Автор қалай да болсын оқырманды жылата отырып өз ойын айту керек болды. Бұл жолда олар табиғатты жандандыруды ұтымды пайдаланды. Сентименталист- қаламгер айтпақ ойын жеткізуде кейіпкерінің жан әлеміндегі өзгерістерін баяндай отырып, табиғатпен өзін немесе кейіпкерін тілдестірді. Табиғатты да қоғамдағы әр түрлі мінездегі адамдарға теліді. Кейде оны мейірімнен жұрдай болып, жалғыз қалған кейіпкерінің жанашыры етіп алса, кейде оның басына төнген жауыздықтың символы ретінде қолданды. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романында мынадай жолдар бар:

«Саялдық қара бұлттар-ау! Ақбілектің жанын тұншықтырған қара тұман аз болды дедіңдер ме, үстіне мұнша төнгенше, анау асқар таулардың басына төнсеңдерші!

Күздің сарғыш жапырақтары-ау! Кімді әлдилеп сыбырлап тұрсыңдар? Сұлудың жүрегін жанышқан ауыр шерді сендер сейілтем дейсіңдер ме?.. Ой, мейірімсіз шіркіндер-ай! Сендердің тілдеріңді Алтайдың жаралы аруы білмейді ғой! Сендердің қас қабағыңа қараймын, сендерге еркелеймін деп есіл сұлу мұндай күйге ұшырады ғой! Жел мен бұлттың алласына сенем деп сенделіп қалды ғой!..» [6, Б178-179]. Оқиғаның аянышты және оқырманның жан дүниесіне әсер ететін де тұсы – дәл осы жері. Сондықтан, автор оқиға сыртындағы баяндау рөлін шұғыл тоқтатып, кейіпкерінің басына түскен қорқынышына шырылдай, оған өзі араша түсіп отыр. Жазушы субьективті түрде табиғатпен тілдесе отырып, оқырманның жан дүниесіне меланхолиялық-пессимистік көңіл күй қалыптастыруға тырысқан. Ал, поэзия жанрында табиғатқа жан бітіріп, оны шебер суреттеуде Абайдан асқан суреткер жоқ. Мұқағали Абай дәстүрін жалғастырушы ақындардың ішінде алдыңғы шепте. Тауда туып, тауда өскен Мұқағалидың бұл тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Өзінің туған жерін, ондағы әсем табиғатты жырға қосу – барлық ақынның перзенттік парызы. Алайда, мұзбалақ ақын Мұқағали айналасындағыларға табиғат деп емес, оларды өз жанының бір бөлшегі деп түсінді. Адам мен табиғатты тұтастықта таныды. Өмір сүрген қоғамынан көп шеттеу көрген ақынның бар жанашыры да, сырласар досы да табиғаты болды. Мұңайса, Әке–тауына басын сүйеді, жылай қалса – нөсер жауынына көз жасын жасырды, сүрінсе, Ана–жеріне мұңын шақты. Өзін табиғатқа теңеді, табиғатты өзіне балады.

Жаз едім кеше,

Айналып күзге барам ба?!

Жалын жоқ,

От жоқ, жасыған мынау жанарда.

Ауытқып кетті аймалап тұрған самал да,

Кеулеп тұр, міне

Дауыл ма, әлде боран ба? [7, 96б.].

Мұнда да Ақбілектің басындағы жағдай қайталанып тұр. Айналасындағы адамдар түгілі, тіпті, табиғаттың өзі де олардан сырт айналған. Автор дүниемен жарастығы жоғалған, келісім таппаған жанның ішкі әлемінің аласапыранын барынша шегіне жеткізу үшін пейзаждың сентименттік күшін ұтымды пайдалана білген.

Жер


Жер!

Сенің есігіңді қағып тұрмын,

Сен бесігім болмасаң, нағып тудым?!

Өз ұямды өзіме қимайсың ба,

Неге мұнша пендеңді сабылттырдың?!

...Жер!


Менмін... Адаммын ғой...

Аясаңшы!


Адаммын,

Күнде сенің арқаңды тепкілеген [7, 126б.].

Ал, мұнда автор табиғатпен тікелей тілдесе отырып, субьективті эмоцияға ерік берген. Тағдырына оқырманды да ортақтастыру арқылы олардың сезім жүйелеріне әсер етуді көздеген. Яғни, өзінің аянышты халін табиғат арқылы жеткізіп, оқырманды қайырымдылыққа үйрету, олардың жанашырлығын қалыптастыру сияқты түпкі мақсатынан айныған жоқ. Демек, Мұқағали Мақатаев – нағыз сентименталист ақын.

«Поэзия – адам сезімінің айнасы. Ол адамзатты поэзияға ғана тән белгісіз жұмбақ күш пен сезімнің алуан түрлі рахатына бөлейді, жақсы көру, жек көру, сүйсіну, қуану, мұңға бату – осының бәрі тұтастай алғанда адам жанының табиғи нәрі, рахат сәттері. Өйткені, мұңның да, қуаныштың да өзіндік ләззаттары бар. Поэзия сезінуге тәрбиелейді, адам жүрегінің кез-келген қара байыр құбылысқа үн қоса бермейтін нәзік қылына жан бітіреді. Поэзияның жұмбақ та керемет күші, міне, осында» [8,9б.]. Көзінің тірісінде осылай деген Мұқағали – өз поэзиясы арқылы тек өзі өмір сүрген кезеңнің ғана емес, бүкіл заманалық мәселелерді, адамзаттық құндылықтарды дәріптеп кеткен ақын.



Әдебиет:

1.Қабдолов З. Сөз өнері. –Алматы: «Санат»,2007.-360б.

2.Мұқағали. І том,–Алматы: «Жалын», 2001

3.Әбдірахманова Т. Ақындық шеберлік сыры. –Алматы: «Ғылым», 1985

4.Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. ІІ том. –Алматы: «Ғылым», 1993

5.Мақатаев М. Жырлайды жүрек. Құрастырушы: Айдарова Б. –Алматы: «Жазушы» 1989

6.Аймауытов Ж. Шығармалары: Романдар,повесть, әңгімелер, пьесалар. Құрастырушы: Атымов М., Керейқұлов Қ. –Алматы: «Жазушы», 1989

7.Мақатаев М. Аманат. Құрастырушы: Алтай А. –Алматы: «Атамұра», 2002

8.Мақатаев М. Күнделік. –Алматы: «ҚазАқпарат», 2009

Резюме

В статье рассматривается влияние казахского акына на литературные направления, том числе на сентиментализм.



Summary

In article influence of the Kazakh akyn on the literary directions, that number on sentimentalism is considered.


АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ

Н.Б. Денгелбаева,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің магистранты

ғылыми жетекшісі: С.Т. Мұсаева, п.ғ.к.

Шымкент қаласы. Қазақстан
Рухани байлық пен мәдениет – қоғамның басты құндылықтарының бірі. Адамзат баласының бүгінгі таңда рухани дүниетанымын, өнерге, халықтық мұраға бейімдеуге мәдени құндылықтарды жаңғыртып таратудың ақпараттық орталығы – кітапхана. Кітапхана білім беру ұлттық мәдениеттің мәйегін насихаттау мен дамытуда ақпараттық, анықтамалық жаңалықтарды жан-жақты оқырмандарға қызмет көрсететін бірден-бір орын. Кітапхана барлық уақытта адамзаттың даналығын, халықтың рухани мұрасын сақтаушы, онда қазіргі кезде көне қолжазбалар, әрі осы заманғы ақпараттары мен электронды тасымалдаушы қорлары жинақталған.

Кітапханалардың ақпараттық-ағартушылық қызметі, біздің қоғамның мәдениет деңгейі, Қазақстанға лайықты имидж бен әлемдік қоғамдастықта жоғары бедел әкелуге лайықты. Тек кітапханашыларға осы стратегиялық маңызды саяси мақсатты іске асыруға ерекше орын беріледі.

Президент Жолдауында қазақ халқының көпғасырлық дәстүрі, тілі, мәдениетін сақтап, дамытып, сонымен қатар ұлтаралық әрі мәдениетаралық келісімді қамтамасыз етіп отырмыз делінген. Кез-келген елдің мәдениетінде басты орынды кітапханалар алады. Қазіргі күні айрықша коммуникациялық және ақпараттық жүйелерді өркендетуге көңіл бөлініп отырған кезде, оларды дамыту мәселелері бүкіл қоғам үшін көкейкесті болып қала бермек.

Халыққа Президенттің Жолдауында мәдениеттің, Қазақстан мемлекеттілігін нығайтудағы ролі, ел тарихын зерттеуге оның маңыздысы ерекше айтылған. Бұндай көлемді міндеттерді шешуде, мекемелер саны бойынша, тұрғындарға қызмет көрсету, ұсынатын қызмет көлемі бойынша мәдениеттің ең кең саласын құрайтын кітапханаларға маңызды орын беріледі.Қазіргі кезде ақпарат дәстүрлі баспа түрінде ғана емес, электронды түрде беріліп, әрі тартымды, сұранысқа көп ие болды. Барлық ұйымдар мен мемлекеттік институттарды оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, ақпаратпен жұмыс істей білуі қалыптастыру үшін барлық күш-жігерді біріктірер кез келді. Кітап беделін арттыру қажет. Сонымен қатар, кітапханаларды одан ары модернизациялауды, жаңа технологияларды ендіруді, кітапқа жаңа электронды қызмет көрсету арқылы еркін кіруге жағдай жасалынып жатыр. Ірі республикалық, аймақтық кітапханалары, әсіресе ауылдық кітапханалар ұлттық жобасына кірген.

Қазіргі күндері кітапханаларды интернет-зал, интернетті қоғамдық пайдалану орталығы, құқықтық ашық ақпарат орталығы және басқа бағдарламалар жұмыс істеуде. Дәстүрлік кітапханалық қызмет көрсетумен қатар, оқырмандарға жаңа ақпараттық қызметтер, қашықтықтан қызмет көрсету, виртуалды анықтамалық қызмет, құжаттарды электронды жеткізу ұсынылады. Кітапхана мәдени ғажайып ретінде, іштей және сырттай өзгеріп әрі қайта құрылып, көптеген ғасырлар бойында өмір сүріп келеді. Ақпараттық қоғамдық өту, ақпараттың негізгі массивін электронды (цифрлық) формасына ауысу мен бір мезгілде бұл мәліметтерге кез-келген жер мен қалаған уақытта қол жеткізуге мүмкіндік беретін ақпараттық коммуникацияның принципиалды басқа жүйесі қалыптасады [1].

Қазіргі кезде Қазақстан кітапханаларының ресурстық-ақпараттық мүмкіндіктері өте үлкен. Олар санды ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен ұсынудың дамыған мүмкіндігі бар және оларды пайдалануды ұйымдастыратын жаңа дәуірдегі көпшілік ақпараттық-электронды орталықтар. Электронды кітапханалардың ақпараттық ресурстарының толық мәтінді құжаттары, санақ мәліметтер, графикалық аудио-бейнересурстары, геомәліметтері және т.б. дәстүрлі кітапхана электронды каталогтарынан күрделі интегралді жинақтарына дейін жан-жақты сипатта болады.

Бұл жаңа көзқараста кітапханаларда «ақпараттар компоненттері», оның жеке даралығы және басымдылық ролі күшейіп, оның құжат қорларына деген екінші кезектегі көзқарастар жойылуда. Кітапханалар көптеген ақпарат көздерінің виртуалды табиғатына, санқырлы ақпарат тасымалдаушыларға сүйенеді, басқа кітапханалар қорларына Оn-line режимінде кіруді ұйымдастырады. Кітапхана тәжірибесінде Интернетті пайдаланудың келесі беталысы басқа ұйымдардың ақпараттық ресурстарын беру болып табылады. Бүгінгі күні бұл құбылыс электронды толық мәтінді басылымдарға қол жеткізу түрінде даму үстінде, бұл қолданушыларға ақпараттар қызметі спектрін кеңейтін қана қоймай, іс-жүзінде оң репертуарын кеңейтіп, жарияланымдарды пайдалануға мүмкіндік туғызып, жинақтаудың қосымша мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қазақстанның кітапхана кеңістігіне кітапханаларды ақпараттандыру, оның саясатының принциптері мен ережелері ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында қалыптаса бастады. Қазақстан кітапханалары тұңғыш қадамнан соң корпоративті өзара іс-әрекеттен кітапхана-ақпараттық жүйелер мен технологиялар дамуы мен табысты ендіру негізін көреді. Бүгінгі күні кітапханалардың қоғам үшін маңызы артып отыр, себебі олар барлық азаматтардың білімге, ақпаратқа, мәдениетке қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Тағы бір өте маңызды нәрсе, кітапханалар Интернет арқылы алынатын білімді ұйымдастырушысы болуда, осыған байланысты кітапханалардың білім беру функциясы артуда [2].

Ақпараттық қоғамның әлеуметтік институты ретінде кітапханалар мәртебесін айтар болсақ, демократиялық институт функциясын атқаратын кітапханалар маңызы арта түсуде. Евроодақ эксперттерінің айтуы бойынша кітапханаларды «қазіргі демократияның бір тірегі» ретінде қарау керек. Ал адамзат қызметінің барлық саласына үздіксіз өсіп отырған электронды ақпарат беталысы кітапхананы ақпараттық және қоғамдық институт ретінде шұғыл мәртебесін арттырады. Халықаралық кітапханалар қауымдастығының федерациясы (ИФЛА) кітапхана ісі, ақпараттық қызмет және оны пайданушылардың мүддесін көздейтін үкіметтік емес, коммерциялық емес жетекші ұйым. Оның негізгі мақсаты – бүкіл дүние жүзі кітапханаларының, кітапханалар қауымдастығының өзара байланысын нығайту, олардың жұмысын жетілдіруге бағыт-бағдар беру, бүкіл әлемдік бағдарламаларды жасақтап, оларды жүзеге асыру.

Бүгінде Интернет желісі барлық елде тараған, бірақ қажетті ақпаратты бүкіләлемдік желіден іздеп табуға мүмкіндік жасауға кітапханалардың ролі маңызды.

Қорытындысында кітапхана жұмысының күтілетін нәтижесі көбінесе коммерциялық тұрғыдан бағаланып, сонымен оның әдеттегідей әрекет, білімді қолданушыға дейін жеткізу тәртібі бұзылып, бақылау мен басқару қиынға соғады. Бүгінгі күні бұл кітапханашыға ақпараттық кеңістікті қалыптастыру процесіне қатысушы ретінде қойылатын талаптың өсуіне куә қажетті мәселе.

Оқырманның ой-пікірін сараптап, сұраныс талаптарын қанағаттандырып отыруда, жас оқырмандарды кітап оқуға, қызықтыруда, қазіргі кітапханашыларда ізденіс, ой-пікір айту орнықтылығы бар деуге болады. Қазіргі оқырмандарды өзгелермен салыстыру арқылы шама-шарқынды бағамдайсың, озық үлгілерімен танысып, өнерге алуға болады. Осындай мәдени тәрбиелік мәні бар іс-шараларды жүргізудің арқасында ғана кітапты насихаттау жұмысының жемісін көре аламыз.

Кітапхана – мәдени, ағартушылық, ақпараттық, білім және басқа әлеуметтік қызметтерді атқаратын, иелігінде баспа және қолжазба, сонымен қатар графикалы, аудиовизуалды материалдары бар және оларды жеке немесе заңды тұлғаларды уақытша қолдануына беретін мекеме. Кітапханалар азаматтық заңнамада қарастырылған ұйымдастырушылық-құқықтық түрде құрылады, кітапхананың құрылтайшылары жеке және заңды тұлғалар болады.

Кітапхана ісі міндетіне кітапхана жүйелерін дамыту мен құру, олардың қорларын өңдеу мен қалыптастыру, кітапхана тұтынушыларына кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-ұйымдастырушылық қызмет көрсету, кадрларын дайындау және кітапханалық кадрларын квалификациясын көтеру, кітапханаларды дамыту ісін ғылыми және әдістемелік жағынан қамтамаыз ету. Кітапханалық жүйе әкімшілік-аумақтық өлшем көлемінде халыққа қызмет көрсететін жалпы кітапхана мен ақпарат қорын тиімді қолданумен қамтамасыз ету мақсатында бір профильді кітапханаларды құрылымдық-біртұтас оқуға біріктіріледі.

Кітапхана жүйесі әлеуметтік-мәдени және ақпараттық ортаның дамуында қоғамның нақты қажеттіліктерінен туып отырған келесі жағдайларды қалыптастырады:

1) Қазақстан Республикасының кітапханалары Қазақстанның мәдени мұрасының айрықша құнды объектілеріне жатады және тек қана мемлекеттің меншігі болып табылады, оның меншік түрлерін өзгертуге, жоюға немесе қайта құруға рұқсат етілмейді, сонымен қатар қордың басқаларға берілмеуіне кепілдік беріледі. Кітапхана кітапханалық қызмет көрсетудің ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру орталығы болып табылады, салалық кітапханалық және ақпараттық бағдарламаларды іске асыру мен өңдеуге қатысады, өзінің қызметі мен қаржыландыруын анықтайтын ерекше статусы бар.

2) Республикалық мамандандырылған кітапханалар (балалар, жасөспірімдер, зағип және нашар көретіндер) орталық статуска ие. Сәйкес профильді кітапханалар қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару мақсатында олар аймақаралық орталықтар құрайды.

3) Жергілікті органдармен құрылып, аудандағы кітапхана ісінің үйлестіруші және әдістемелік-үйымдастырушы орталығы болып саналатын, кітапхана қызметін көрсетумен қамтамасыз ететін облыстық кітапханалар.

4) Ғылыми-қолданбалы іс-шаралар мен ақпараттық қызмет көрсетуге жәрдемдесу қызметтерін атқаратын ведомстволық кітапханалар.

5) Оқу орындары мен басқа оқу ұйымдарының кітапханалары.

Қазіргі талғамға сәйкес кеңістікте ақпарат ең маңызды ресурс болып танылып, жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар мен техникаға айналып, ал ақпараттық орта әлеуметтік және экологиямен қатар адам тіршілігінің жаңа ортасына айналады. Осыдан шығатын жағдай ақпараттық кеңістік және материалдық базаның өркендеуі ғана емес, қоғамның интеллектуалдығын дамытумен, жаңа білім жасап, қолдану және сақтай білуімен сипатталады.

Ақпараттық кеңістік қалыптасу процесінде өзіндік технологиялық мәдениет қалыптасады [3]. Кітапханашы-библиограф кәсібінде принципиалды түрде ақпарат жинаудан білім жинауға ауысуы өтеді. Зерттеу мәдениеті және кітапхана қызметкерінің психологиясына жаңашылдықтың, қолданушылықтың, ақпарат құндылығының стандартты межелерінің орнына біртіндеп пайдалылық межелері ендіріледі. Бұл жерде бір түсінетін нәрсе пайдалылық ғылыми категория емес, прагматикалық болып табылады. Білім пайдалылық тұрғысынан ұдайы түрде оны қандай мақсатқа қолдануына байланысты қаралады. Қорытындысында кітапхана жұмысының күтілетін нәтижесі көбінесе коммерциялық тұрғыдан бағаланып, сонымен оның әдеттегідей әрекет, білімді қолданушыға дейін жеткізу тәртібі бұзылып, бақылау мен басқару қиынға соғады.

Бүгінгі күні бұл кітапханашыға ақпараттық кеңістікті қалыптастыру процесіне қатысушы ретінде қойылатын талаптың өсуіне куә қажетті ғылыми мәселе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет