Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы


ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ



Pdf көрінісі
бет84/103
Дата12.04.2022
өлшемі2,84 Mb.
#138952
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103
Байланысты:
12-letka 1 2021
физра 7, Элон Маск Мухит Дильназ, ОШ СОР Физика ЕМН 10 класс рус, 6 семинар, БЖБ 3 токсан №2
ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
экологиялық дағдарысы туралы зерттесе, 
ал география сабағында географиялық 
қабатты тиімді пайдалану мен қорғау, 
географиялық орта мен геожүйе, табиғи 
кешенге адамдардың шаруашылық 
қызметіне тигізетін әсерін зерттейді.
Ғасырлар бойы ойын табиғаттың 
қожасы, әміршісі ретінде сезініп келген 
адам, бойындағы оған деген тұтынушылық 
қатынасын психологиялық тұрғыдан қайта 
құру қажеттілігі туып отыр. Бұл проблеманы 
алдын алудың бір жолы – көпшілікке 
экологиялық білім беру.
Өйткені қоғам мен табиғаттың өзара 
біріне-бірі әсер ететіндігі туралы көпшілікке 
білім беру, адамның тәжірибелік іс-
әрекетінде басшылққа алатын табиғатты 
қорғау дағдыларын қалыптастырады. Жас 
ұрпаққа экологиялық білім жалпы және 
арнаулы білім берудің бір бөлігі ретінде 
жан-жақты дамытуға, оның азамат ретінде 
қалыптасуына бағыт алған.
Қазіргі уақытта «Экология» деген ұғым, 
үлкен территориялық және тәжірибелік 
маңыз алған ғылымның барынша 
тез дами бастаған саласының біріне 
айналды. Экология дегеніміз – табиғатта 
пайдаланудың ғылыми – теориялық негізі. 
Ол жастарға білім мен тәрбие беру ісін 
жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін 
атқара алады. Бұл тарихи тұрғыдан алғанда, 
адамның табиғаттағы және әлеуметтік 
ортадағы болмысында кездескен алғашқы 
проблемалары еді. Сондықтан, әлеуметтік 
экологиялық тақырыптарға байланысты 
пайымдауларымыз ежелгі замандардан 
бергі қоғамдық сананың элементтері 
болып келіп және олардың байлығын 
молайта түсуге байланысты әр адамның 
іс-әрекеттерінен көрінбек. Экологиялық 
білімді тереңдету, экологиялық тәрбие 
беру, ол үшін арнайы мамандар даярлау 
– жалпы білім беру жүйесінің алдыңғы 
шарты. Кезінде орта ғасыр ғұламалары 
да табиғатты қорғауға байланысты өз 
көзқарастарын білдірген. ІХ-ХV ғасырларда 
қазақ топырағынан шыққан ғұлама 
ғалымдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қожа 
Ахмет Иасауи, М.Қашқари, С.Бақырғани, т.б. 
метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, 
география, этика, т.б. ғылымдар жайлы 
жазған еңбектерінің мәні ерекше. Соның 
ішінде Әл-Фараби медицина, биология, 
география ғылымдарын теориялық 
философиялық тұрғыдан негіздеуге көп 
күш жұмсады [1]. 
Мәселен, «Адам организмі жай-
лы», «Жануарлар организмі жайлы», 
«Темпераменттер туралы», т.б. еңбек-
тер жазған. Онда: «...адам баласы жара-
тылыстың, бүкіл жан иесі атауларының 
биік шоқтығы, сондықтан оны құрметтеу, 
қастерлеу керек» деп түсіндіреді. 
М.Қашқаридің қайсы бір жәйттерін 
алмаңыз, үлкен әлеуметтік-этикалық ой-
тұжырымдар, парасат, табиғат көріністерін, 
білімділікті арқау етіп алған. Табиғат 
көріністерін бейнелейтін пейзаж лирикасы 
мен жыл маусымдарына арналған 
өлеңдерін оқи отырып, табиғаттың 
әсемдігін, сұлулығын танып-білудегі сана-
сезімдерін, ой-пікірлерін, сол кездегі 
аңшылық дәрежесін байқаймыз. 
Әл-Фарабидің, М.Қашқаридің көптеген 
философиялық және натурафилософиялық, 
әлеуметтік-этикалық тұжырымдарында да 
жаратылыстану жайында айтқан бағалы 
пайымдаулар мен ғылыми қорытындылар 
кездеседі. 
Даму жөніндегі диалектикалық ілімнің 
негізгі салмағы «барлығы да дамиды» 
деген пікірді жәй ғана тұжырымдауда 
емес, керісінше, осы дамудың механизмін 
ғылыми тұрғыдан түсінуде жатыр. Дамудың 
диалектикалық тұжырымдамасының басты 
ерекшелігі: даму дүниеде бар нәрселердің 
сан жағынан жәй ғана өсуі (көбеюі немесе 
азаюы) деп қана түсіндірілмей, ескінің 
құру, жойылу және жаңаның пайда болу 
үрдісі ретінде ұғындырылады [2]. Бұл үрдіс 
сан өзгерістерінен сапа өзгерістеріне 
және керісінше өту заңына негізделеді. 
Сан өзгерістері үздіксіздіктің, бірте-бірте 
жүретін дамудың үзілісі түрінде болады. 
Мұның өзі даму сан өзгерістері мен сапа 
өзгерістерінің бірлігі болғандықтан


67


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет