Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет43/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   153
Жалмаханов Ш.
Карағанды/Қазақстан


ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨП МАҒЫНАЛЫЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСЫ

Түркі тілдеріне ортақ сөздердің әр түрлі мағынада болуы әрбір ұлттың заттар мен құбылыстарды өзіндік ұлттық таным, көзқараспен тануымен байланысты. Қазіргі түркі тілдерінде бір сөздің әр түрлі құбылысты, немесе керісінше бір құбылысты әр түрлі сөзбен атауының басты себебі халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенім, кәсіп-шаруашылық, табиғаттық-климаттық құбылыстар мен жағдайларға қатысы бар. Белгілі бір объективті шындықты түркі халықтарының әр түрлі тануының басты себебі әрбір ұлттың, тіпті оның өкілдерінің дүниетанымдық ерекшеліктерімен байланысты, бір ұлт өкілдерінің дүниені тануы әр қалай. Дүниетаным адамның көзқарасын, психикасын, логикасын, талғамын, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенімдерін және т.б. қамтиды. Сондықтан да әрбір ұлт, халық, адам бір формаға бірнеше мазмұн, бір мазмұнға бірнеше форма сыйғызуы мүмкін.


Заттар мен құбылыстар, сын-сипат, қимыл-қозғалыстар неғұрлым көп танылған сайын, күнделікті өмірде жиі қолданылған сайын көп мағыналы бола береді. Сөз семантикасының бір халықта аз мағыналы, бір халықта көп мағыналы болуы әрбір халықтың белгілі бір сөз белгілейтін нысанды аз немесе көп тануымен, қолданылуымен байланысты. Мәселен, Сібір халықтарының мұздың 11 түсін, қазақ халқы малдың 30-дан астам түсін айырады. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің мағыналары аз болған сайын қазіргі түркі тілдеріндегі мағыналары көп бола түседі, ал қазіргі түркі тілдеріндегі мағыналары аз болған сайын қазіргі қазақ тіліндегі мағыналары азая береді. Демек белгілі бір нысанды әрбір халықтың тануының өзінде сандық және сапалық өзгешелік болады.
Сөздегі көп мағыналықтың жалпы түркі тілдерінде 3 түрлі көрінісі бар. Олар: 1) бір тілде бірнеше затты бір сөзбен атау – бір тілдік немесе тіл ішілік полисемия, 2) бір сөзбен бірнеше тілде, бірнеше затты атау – бірнеше тілдік немесе түркілік полисемия, 3) бір затты бір тілде жергілікті ерекшеліктеріне қарай бірнеше сөзбен атау, немесе бір затты бірнеше тілдің диалектісінде бір сөзбен атау – диалектілер аралық полисемия.
Жалпы ұғым, тілге қатысты алғанда жалпы мағына, кейде константтар деп те аталады. Константтар дегеніміз – тілдің немесе тілдердің, дамуының барлық кезеңдерінде, яғни синхрониясында да, диахрониясында да өзгеріссіз қалатын элементтер. Ал семантикалық константтар дегеніміз – тілдің даму тарихында тұрақтылығын сақтайтын семемалар. Белгілі бір сөздерді белгілі бір тіл немесе тілдер ішінде жалпы мағынасы мен мазмұнын тектес етіп байланыстырып тұратын семемалар – сөздердің лексикалық-тақырыптық, лексикалық-грамматикалық топтары өзгеріске түссе де айнығысыз қалатын бірліктер. Оған төмендегі бірнеше мысалдар арқылы көз жеткізуге болады. Жалпы түркі тілі кезеңінде, яғни түркі ескерткіштері ортақ, қазіргі түркі тілдері тұтас тіл болғанда, сөздер заттарды бөліктерге, қимыл-қозғалыстарды бағыттарға, сын-сипатты реңдерге бөлшектемей атаған. Мәселен, балтыр деп түркімен, түрік, әзірбайжан, гагауыз, қырым татарлары, қарайым, құмық, қарашай, балқар, тува, өзбек, якут, қырғыз, ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт, қарағас, алтай, телеуіт және қазақ тілдерінде “адам жіліншігіндегі бұлшық етті” атаса, әзірбайжан, түркімен, қырым татарлары, қарайым, құмық, татар, өзбек, тофалар тілінде “сирақ, жіліншік”, түрік, гагауыз, қарайым тілдерінде “аяқ”, якут тілінде “малдың алдыңғы аяғы”, қарайым тілінде “сан”, түркімен тілінде “өсімдік сабағы”, якут тілінде “қол”, қарайым тілінде “буын” аталады. “Манихей мәтіндері” ескерткішінде алғашқы мағынада қолданылады.
Бұдан: 1) түркі ру-тайпалары бірге болған кезде танылған зат-құбылыстар, оларға таңылған атаулар мен олардың мағыналары сол күйінде қалған, немесе алшақтай қоймаған;
2) сөздің мағынасының бірдей, немесе жуық болуы олардың уақыт, мерзім жағынан көнелігін білдіреді. Мағына алшақтығының ұлғаюы – жеке халық, дербес ұлт болып бөлінуінің нәтижесі;
3) түркі тілдерінің туыстығының басты семантикалық белгісі – жалпы ұғым, жалпы мазмұнының ортақтығы, ал олардың жеке тілдік басты семантикалық белгісі – жеке ұғым, жеке мағыналарының өзгешелігі бар деген түйіндер жасауға болады.
Зат атауының, сөз мағынасының өзгеруінің жалпыдан жалқыға, деректіден дерексізге немесе керісінше болуы өзгеріс процесінің логикалық типтері. Логика зерттеушісі Д.П.Горский сөзімен айтқанда, адамның абстрактылы ойлауының дамуында белгілі бір белгілер негізінде абстракциялану арқылы танылушы зат танылған құбылыстың, немесе абстракциялаушы заттың атымен аталуы мүмкін.



Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет