Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


Атабай Б.А. Алматы/Қазақстан ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРКІ СӨЗДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ



бет55/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   153
Атабай Б.А.
Алматы/Қазақстан


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРКІ СӨЗДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Өзге де түркі тілдері сияқты, қазақ тілінде көне дәуірдің элементтері сақталған. Бұл элементтер арқылы тіліміздегі лингвистикалық қабаттарға көз жүгіртіп, даму жолдарының қандай кезеңдерден өткенін зерттеуге мүмкіндік аламыз. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі лексика мен қазіргі қазақ тіліндегі ортақ сөздерді салыстыра зерттеу арқылы кейбір сөздердің бұрынғы, көне фонетикалық және құрылымдық келбетін анықтауға, сонымен қатар семантикалық дамуын анықтауға болады.


Қазақ тілінде көне түркі жазба ескерткіштеріндегі лексикамен фонетикалық құрылымы мен мағынасы жағынан сәйкес келетін тұстар көп.
Көне түркілік жазба ескерткіштердің тілін қазақ тілімен салыстыра зерттегенде й - ж ауысулары бойынша қалыптасқан йиғла- жыла, йална -желінде, йайла- жайла сияқты сөздердің көп екеніне көз жетті.
Көне түркі ескерткіштерінің тіліндегі кейбір сөздердің мағынасы тарылып, қазіргі тілімізде басқаша сипат алған. Яғни сөз мағынасы бір жағынан тарылып, екінші жағынан кеңігені байқалады.Мысалы, й-ж сәйкестігімен келетін сөздердің қатарында мағынасы тарылған сөздер де бар, мысалы қазіргі қазақ тілінде жая сөзі жылқы мен сиыр мүшеге бөлгенде малдың жонынан бөлінетін еттің түрі ретінде түсінеміз. Ал көне түркі тілінде бұл сөзді адамның бөксесі деген мағынада қолданған, М.Қашқари йайа тек адамға қатысты айтылады деген.
Қазақ тіліндегі көне сөздердің арасында төрт түлік пен жануарлардың атауларында да назар аударуға тұратын мысалдар жеткілікті. Мысалы қазақ тіліндегі қой, сиыр, жылқы, атан, бұзау, бұқа, өгіз, ешкі, теке, шыбыш, айғыр, арқар, ат, қысрақ, құлан, тай, құлын, бура, інген сөздері жазба ескерткіштердегі лексикамен мағынасымен дәлме- дәл келеді, құрылымдық жағынан өзгергендері де бар. Бұзау сөзі ескерткіштерде бұзау сөзі бұзағу, бура сөзі буғра, қошқар сөзі қужңар, саулық сөзі сағлиқ, тоқты сөзі тоқли, сиыр сөзі сиғир, лақ сөзі уғлақ, тышқан сөзі сычқан болып жазылған. Бұзау, бура, сиыр, лақ сөздері үнемдеу заңының әрекетінен пайда болған өзгерістер. Тышқан сөзі дыбыс алмасу салдарынан өзгерген.
Көне түркі сөздерінің қалыптасу жолдарын қазіргі қазақ тілімен салыстыра зерттеу түркі тілдерінің тарихи лексикологиясы үшін әрқашан маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет