Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


Шадкам З. Астана/Қазақстан ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ДІНИ СЕНІМ ЫҚПАЛЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН ТІЛДІК БІРЛІКТЕР



бет58/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   153
Шадкам З.
Астана/Қазақстан


ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ДІНИ СЕНІМ ЫҚПАЛЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

Бүгінгі таңда адам дүниетанымына ерекше мән беріліп, мәдениет пен тіл сабақтастығы, мәдениет пен ұлт сабақтастығы қатынасын, жалпы адам дүниетанымының тілдегі, мәдениеттегі көрінісін зерттеудің жаңа бағыттары пайда болуда. Тіл қанша зерттелгенімен оның құпия сырлары мен жұмбағы әлі де шексіз екеніне, жаңа қасиеттері, жаңа қырлары, бұрын бізге байқала бермейтін тылсым күші мен құдіреті бар екеніне тілдің тереңіне үңілген сайын көз жеткізесің.


Адамзат бүгінгі күні әлем, дүние, қоршаған орта туралы барлық мағлұмат лингвистикалық каналдар арқылы беріліп, адам тілінде сақталатынына көзін жеткізеді. Орасан зор мағлұматты адамзат сөз арқылы меңгеріп, сөз арқылы түсіне алады. Өзінің дүниеге деген көзқарасын да сөз арқылы жеткізеді. Ол тілде сақталып ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Тіл теориясы мен мәдениет теориясының тоғысуында пайда болған тіл білімі саласы лингвистикалық мәдениеттану (лингвокультурология) ғылымы тіл білімі мен мәдениеттанудың түйісуінен пайда болған, халық мәдениетінің тілдегі көрінісін зерттейтін сала. Лингвистикалық мәдениеттану ғылымының негізгі мақсаты — ата-бабалар рухани дүниесінің тілде қаншалықты көрініс тапқанын анықтау, зерттеу, талдау, көрсету, дәлелдеу.
Тіл – рухани күш десек, тіл және басқа да семиотикалық таңбалар арқылы адам кез келген құбылысты қабылдап, оған баға беріп өз көзқарасы мен ойын білідіре алады. Себебі, тіл адамды қоршаған ортадан, болмыстан, шындықтан, адам ойынан тыс болуы мүмкін емес. Адам дүниетанымының ерекше бір көрінісін Алла атымен байланысты қалыптасқан тілдік бірліктерден көруге болады. Мұсылман қауымының сенетін, сүйенетін, жалбарынатын жалғызы ол – Алла. Түрік және қазақ тілдерінде Алла атымен байлынысты қалыптасқан тілдік бірліктерді діндар немесе белгілі бір дәрежеде дінге сенуші адамдар ғана емес, әлеуметтік, жыныстық, діни ерекшеліктеріне қарамастан жас та, кәрі де қолданады.
Адам сиынуға жарар бір Алла бар деп есептейді. Адам ұғымынша басқа жаратылыстың бәрі Алланың құлы. Алла мінсіз. Оның адам ұғымындағы сипаты өте биік, аса зор.

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет