Allah büyüktür [Аллах бүйүктүр!] (Құдай үлкен), Allah bir [Аллах бир] (Құдай жалғыз) тіркестері адам санасында неше ғасыр бұрын қалыптасса да, күні бүгінге дейін ескірмей қолданып келе жатыр.
Құдасов С.Ж. Шымкент/Қазақстан
«ДАНА ХИКАР СӨЗІ» ТІЛІНДЕГІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Дана Хикар сөзі» тілінің морфологиялық ерекшеліктерін сөз еткенде сөздердің құрылымы, сөз таптары және олардың жасалу жолдары, грамматикалық категориялардың даму және қалыптасу тарихы жан-жақты қарастырылады.
Зат есімдерге тән септік, көптік, тәуелдік және жіктік категориялары қолжазба тілінен де көрініс тапқан. Ескерткіш тіліндегі жалғаулардың қазіргі түркі тілдерінен аса көп айырмашылығы болмағанымен де, олардан мынадай өзіндік ерекшеліктерді көруге болады:
- жалғаулар қатаң дауыссыз дыбысқа басталмайды. Қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерден кейін де ұяң дауыссыздан басталатын жалғау жалғанады;
- дауысты дыбысқа аяқталған сөздерге дауысты дыбысқа басталатын жалғаулар дәнекерлеуші дауыссыздар арқылы жалғанады;
- тәуелдік жалғаулар үш жаққа (І жақ, ІІ жақ, ІІІ жақ) және жекеше, көпше болып бөлінеді де буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне байланысты бірнеше фонетикалық вариантта келеді;
- барыс септігі жатыс септігінің орнына жұмсала беретін құбылыс байқалады;
- табыс септігі жалғауының орнына барыс септігі жалғауының қолданылуы және барыс септігі жалғауының жасырын келуі кездеседі;
- кейде жатыс септігінің орнына барыс септігі жалғаулары қолданылатын жағдайлар бар.
Зерттеліп отырған ескерткіш тілінде жіктік жалғауының рөлін басқа да қыпшақ тіліндегі ескерткіштердегідей жіктеу есімдіктері атқарады.
Сөзжасам жүйесінде заттар мен ұғымдардың атаулары тек түбір күйінде ғана емес, жұрнақтар арқылы жасалған туынды түбірлермен де берілгендігін көреміз. Бұл жұрнақтардың көпшілігі әрі зат есім, әрі сын есім жасайды. Кей жұрнақтар еш өзгеріссіз кейде зат есім, ал кейде сын есім тудырса, енді бір топ жұрнақтар тілдің тарихи даму барысында түрлі фонетикалық варианттары пайда болып, бірі зат есім, енді бірі сын есім тудырушы жұрнақ ретінде қалыптасқан.
Қолжазба тілінде етістіктер түбір күйінде де, туынды түбір күйінде және есім сөздер мен көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі етістік күйінде де кездеседі. Сондай-ақ етістіктерге тән барлық категорияларды да көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |