Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет63/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153
Шаймерденова К.
Астана/Қазақстан


ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ

Тілдерге генеалогиялық жақтан классификация жасаудың тіл білімі үшін берері мол. Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақын екендігін көрсетіп беретін салыстырмалы-тарихи зерттеулер. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерінің ұқсас белгілері өте көп.


Түркі тілдеріне ең алғаш классификация жасаған ғалым – Махмуд Қашғари. Ол түркі тілдерін 1) Қашғар қаласынан Жоғарғы Шыңға дейінгі территорияны мекендеп жатқан тайпалар тілі. 2) Румға дейінгі жерлерді мекендеген тайпалар тілі деп екіге бөлген.
Етістіктің аталған категорияларының ішіндегі рай категориясы көп сөз етіледі. Рай категориясы рай тұлғаларынан тұрады. Қазақ тілі оқулықтары рай категориясын әдетте былай деп анықтайды: сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі етістіктің райы деп аталады [1]. Рай категориясының мазмұны мынадай бөліктерден тұрады: 1/. Іс жайлы хабар- бұл мән ең алдымен ашық рай формалары арқылы беріледі, 2/. Істің істелу мүмкіндігін, оның орындалу дәрежесін білдіру- бұл мәндер қалау, шартты райлар түрлері арқылы беріледі. Түркі тілдері грамматикаларында рай түрлері әр түрлі болып келеді. Олардың саны 4-тен 12-ге дейін жетеді. Мысалы, қарайым тілінде төрт түрлі рай көрсетілген – ашық, бұйрық, қалау, шартты райлар, қазақ тілінде негізінен осы райлар аталады. Ал гагауз тілінде бұлардан басқа мақсат (міндет-долженствовательное наклонение) райы бар. Саха (Якут) тілінде он түрлі рай аталады: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, мүмкіндік рай, бекіту (қостау) рай, мақсат рай, болмаған не істелмеген істі білдіру райы, әдеттегі болған істі білдіру райы, үндеу райы, болжау райы т.б., әзірбайжан тілі мамандарының бір тобы бұл тілде төрт рай түрі бар десе, екінші бір тобы он екі рай түрі бар деп көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет