Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет65/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153
Усипбаева П.С.
Астана/Қазақстан


ТҮРІК МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ТІЛДІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Бірнеше ғасырлардан бері күні бүгінге дейін жалғасып бірбірін байланыстырып келген мәдениет және тарих баулары ол- тіл болып саналады. Тіл- мәдениетімізді көрсетіп дамытатын ең басты рухани элемент. Сол себепті бір тілдің байлығы, мәдениеттің байлығы болып есептеледі.Дамыған мәдениетті де жеткізетін- дамыған тіл, ол- тілді жандандыра түседі. Мәдениет- қандай да бір ұлттың өзіне тән даму жолында және өркендеу бағытында әлсін- әлсін жүгінетін қайнар бұлақ деуге болады.


Мәдинет қоғамның тілі, тәрбиесі, әдет- ғұрпы және өнері сияқты құндылықтардан пайда болып, келе келе сол қоғамның өмір салтына арналған, әр бөлігі аса маңызды негіздер жиынтығы. Бұл негіздерді елемеу- көрсоқырлық, ал қоғамды одан алшақтату оны бағдарынан айырады, ал мәдениетінен айырылған ұлт қараңғылықтың батпағына батып жоқ болады. Әрбір халықтың өмірінде мәдениет өте маңызды орын алады. Бір ұлттың өткенімен біте қайнасқан және рух тамырларымен тығыз байланысқан «мәдениет» сол халықтың өмір сүру мен даму жолдарын ашып, нұрландырады.
Қазақстанымыз егемендігін алғалы тілімізді, дінімізді, салтымызды және әрине мәдениетімізді жақыннан танып, біліп, үгіттеуіміз, өркениетіміздің, ұлтымыздың дамуына себеп болып отыр.
Мәдениет пен тілдің біріккен жерінің бір талы ол салт-дәстүр.
Осы мақалада қазақ жене түрік салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері туралы айтылады. Соның ішінде құда түсу рәсімі, үйлену той рәсімі, баланың дүниеге келуіне байланысты рәсімдер мен тамақ жасау жене басқада ұлттық дәстүрлер туралы қысқаша мәліметтер қамтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет