Қазаңстан Республикасы Білім жене ғылым министрлігі М.Өтемісов атындагы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет22/35
Дата09.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#131177
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
Pedagogikalyk sheberlik Muhanbetzhanova

о қ ы т у ш ы н ы ң
студенттер ұжымына немесе жеке 
студентке 
мақсатты, 
жүйелі 
түрде 
ықпал 
етуі. 
Басқарудағы 
оқытушының міндеті - басқарылатын процестің күйін өзгертіп отыру, 
оны белгіленген деңгейге дейін жеткізу, дамыту.
Сабақтың тиімділігі окушылардың танымдық әрекетін жэне 
ақыл-ойын дамыту процесін басқарудың рационалды жолдарын 
қолданумен қамтамасыз етіледі. Оқу үрдісінде танымдық эрекеггі 
басқару көптеген факторларга тэуелді. Соның бірі - оқытушының өз 
сабағына, пэніне оқушыларды қызықтыра білу іскерлігі. Себебі 
қызығушылық психикалық процестердің барлыгына: қабылдауға, есте 
сақтауға, назар аударуға, ойдлауға, ерікке жагымды эсер етеді.
Оқушылардың окуға деген қызыгушылығын тудырудың негізгі 
шарттары:
1. Егер оқушы, студент оку үрдісінде белсенді болса, өз бетімен 
іздену, «жаңа білімді табу» процесіне енгізілсе, проблемалык 
сүрақгарды 
шешетін 
болса, 
онда 
оның 
танымдық 
қызығушылығы, пәнге деген жэне ойлау еңбегі процесінің озіне 
де махаббаты артады.
2. Оку еңбегі, басқа да еңбектің түрлері секілді, түрлендіріліп 
отырса қызықгы болып келеді. Біртекті ақпарат жэне біртипті 
тапсырмалар зеріктіреді.
3. Пэнге қызығушылықгы тудыру үшін оның қажеттілігін
маңыздылыгын, мақсатын түсіну қажет.
4. Жаңа материал негүрлым өткен материалмен байланысты болса, 
согурлым қызықты болады.
5. Оқу материалының эмоционалдығы, ашықтығы окушыға, оның 
пәнге деген қатынасы ерекше эсер етеді.
Адамның өзінің ішкі ресурстарын талдау жэне оларды өзі 
таңдаган 
мамандықтың 
талаптарымен 
салыстыру 
нэтижесінде 
мамандық тандалады. Мамандықгы таңдау — адам өміріндегі маңызды 
шешім, адамның қоғамда өзін бекітуінің негізі. Мамандықты таңдау -
бір сәтті акт емес, ол ұзақгыгы сыртқы жағдайларға жэне субъектінің 
жеке ерекшеліктеріне тэуелді бірнеше кезевдерден түратын процесс.
Кэсіптік өзін-өзі анықтау кезеңі жоғары мектеп жасына келеді. 
Оның бірнеше кезеңі бар:
- мамандықты алғашқы таңдау. Бұл кезең мамандық жайында 
жалпы 
түсінік, 
кәсіби 
таңдаудың 
тұрақсыздығымен 
сипатталады. 
Бүл 
кезең 
кіші 
мектеп 
жасына, 
кейде 
жасөспірімдік шаққа тэн.
- кэсіптік анықгалу (жоғары мектеп жасы). Бұл кезеңце кэсіби 
бағытталу туындап, қалыптасады.
30


- кәсіптік оку. Мектеп бітірген сон алынатын мамандықты игеру 
процесі.
- кәсіптік бейімделу - іс-эрекеттің жеке стилін жасау жэне 
элеуметтік, 
өндірістік 
қарым-қатынастарға 
араласумен 
сипатталады.
- еңбекте өзін-өзі жүзеге асыру.
Мамандықты 
таңдауға 
қандай 
факторлар 
эсер 
етеді? 
Е.А.Климов негізгі 8 факторларды атап көрсетеді: 1) ересектер, жанұя 
позициясы; 2) к¥РДастаР позициясы; 3) педагогикалық ұжым (мүғалім, 
сынып жетекшісі жэне т.б.); 4) жеке кәсіби жэне өмірлік жоспары; 5) 
қабілеттер және олардың даму деңгейі; 6) қоғамдық танылуға 
үмтылыс; 7) белгілі бір кәсіп жайында ақпаратқа иелену; 8) 
бейімділіктер.
Шебер педагог жоғарыда аталган факторларды есепке ала 
отырып, оқушылардың кәсіптік қызығушылығын тудыру жэне 
мамандыққа деген мотивациясын күшейту мақсатында тестілеу, 
анкета, кездесулер ұйымдастырған дұрыс. Оған мектеп психологын, 
педагогикалық ұжымды, ата-аналарды катыстырған жөн.
2. 
Маман өзінің кәсіби білімі мен шеберлігін өмір бойы 
толықтырып отырады. Студенттік кезеңде кәсіби білімнің теориялық 
негізі 
қаланады. 
Студент 
өз 
бетімен 
білімін 
толықтырудың 
әдістемесін меңгеруге, кэсіби мақсатгарды шешудің жаңа әдіс- 
тэсідцерін 
табудың 
жолын 
үйренуге тиіс. 
Студентке 
ондай 
мұмкіншілік олардың өз бетімен орындайтын өзіндік жұмыстары 
арқылы қалыптасады.Өзіндік 
жүмыс 
- тек жекелеген пэнді меңгеру 
ғана емес, сонымен катар оку, гылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі 
жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Сондықтан 
д а өзіндік жұмыс білікті маман дайындаудың негізгі тиімді жолы 
болып табылады. Дидактикалық түрғыдан дұрыс ұйымдастырылгаи 
өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықгыруға, дағды мен іскерлікті 
қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығушылықты тудыруға, 
таным үрдісінің әдіс-тэсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің 
дамуына, адамның дербес жүмыс істеуге жэне ғылыми жүмысгармен 
айналысуға мүмкіндік береді.
Өзіндік жұмыстың тәрбиелік жағы да басым. Ол адамның жеке 
басының қасиеттерінің (мақсат қою, ізденушілік, кьізығу жэне т.б.) 
қалыптасуына эсер етеді. Өзіндік жұмыстын мақсаты мен мэнін, 
маңызы мен қажеттілігін саналы түрде түсінген студент оны қызыга 
орындайды.Өзіндік жұмысты берерде оқытушы студенттің бастапқы 
білімі 
мен 
іскерлік 
деңгейіне, 
материалдың 
(тапсырманың) 
түсініктілігіне, бірізділігіне, пәннің мазмұнын қамтитындай дэрежеде 
берілуіне үлкен мэн береді.
Кейбір педагогтар студенттің өздігінен білім алуы оқытушынын 
қатысуынсыз өтетін үрдіс деп есептейді. Алайда, өзіндік жұмысты оқу
31


үрдісінің бір бөлігі десек, онда ол басқарылатын жүйе, яғни оқытушы 
мен студенттің бірлескен әрекеті. Өзіндік жұмыс тек қана үй 
тапсырмасы емес, ол — барлық сабақтардың жиынтығы. Өзіндік 
жұмыстың 
негізі 
дәрістерде, 
семинар 
сабақтарында 
беріледі. 
Сондықтан студенттің өз бетімен істейтін жүмысы оқытушы 
тарапынан қадағаланып отырады. Өзіндік жұмысты басқарудағы 
окытушының эрекеті:
- жұмыстың максаты мен міндетін айқындау;
- білімі мен тәжірибесін беру;
- әрекетті ұйымдастыру;
- өзіндік жүмысты жоспарлау;
- оку-әдістемелік нұскаулар дайывдау;
- өзіндік жүмысты тексеру формасын анықтау жэне т.б.
Өзіндік жұмыстың нәтижелі болуы оны ұйымдастыра білумен
тығыз байланысты. Ұйымдастыру жұмысы ұйымдастыру-әдістемелік 
жэне ғылыми-эдістемелік болып бөлінеді. ¥йымдастыру-эдістемелік 
іс-шаралар: өзіндік жұмысты жоспарлау, кесте қүру; оған жұмсалатын 
уақытты анықтау; оку-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету; 
техникалық күралдарды дайындау; тексеру формасын, мерзімін 
анықтау және т.б. Ғылыми-әдістемелік іс-шаралар: оку материалымен 
жүмыс істеудің жолдарымен таныстыру; эдістемелік басшылык 
жасау; қажетті күжаттардың нұскауын дайындау; нэтижеге талдау 
жасау және т.б.
Өзіндік жұмыс оку үрдісімен тығыз байланысты болғандықтан, 
оны, ең алдымен, екіге беліп қарастыру керек: дәрісханалық өзіндік 
жұмыс 
(дәрістік, 
тэжірибелік, 
зертханалық 
сабақтар) 
жэне 
дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жүмыс (дэріс материалдарын 
толыктыру, семинар сабақтарына дайындалу, реферат жазу, үй 
тапсырмаларын орындау, бақылау, курстық, диплом жұмыстарын 
жазу жэне т.б.).
Ғылыми зерттеу жүмысы шындықтың кұбылыстарын эмпирикалық 
жэне теориялық танудың, зерттеудің тәсілдері, іс-шаралары. Педагог 
студенттердің гылыми зерттеу жүмысын ұйымдастыруды былай 
жүргізеді:
- ғылыми 
зертгеу 
жүмысын 
жоспарлай 
білу 
дагдысын 
қалыптастыру,
- қажетті әідстерді таңдай білу,
- экспериментті өз бетінше ұйымдастыру жэне зерттеу нәтижесін 
сапалы қорытындылау,
- студенттердің гылыми зерттеу жұмысын жоспарлау, жоспармен 
зерттеу картасын құрастыру, зерттеу тақырыбы бойынша 
картотека қүрастыру.
Ғылыми зерттеудің таным логикасымен, оның даму деңгейі, жаңа 
өзекті мэселелерді алга тартады. Сондықтан зерттеуді теориялық
32


немесе практикалық іс-әрекеттен бастаған дүрыс. Зерттеушілік өз 
бетімен 
жұмыста 
студент 
зерттеудің 
өзектілігін, 
объектісін, 
болжамын, 
пэнін, 
мақсат-міндеттерін 
жэне 
зерттеу 
әдістерін 
белгілеуді 
үйренеді. 
Бұл 
бағытгағы жүмысқа оку-ізденушілік 
тапсырмалары, курстық жэне дипломдык жұмыстар жатады.
Студенттердің танымдық іскерліктерін дамьпу, оларды өз 
бетінше ойлана білуге дағдыландыру, ой түюге, қоырытындылар 
жасай білуге машықтандыру - қазіргі кезевдегі оқыту процесіндегі ең 
өзекті 
мәселелер. 
Мүндай 
жүмыстарды 
іске 
асыру 
үшін 
оқытушылардың өзі ғылыми ізденіс әдістерінің қыр-сырларымен 
жақсы таныс болуы керек. Өзіндік, ғылыми зерттеу жүмыстарын 
орындау барысында студенттер оку-әдістемелік, ғылыми еңбектермен 
танысады, олардың тущымды түстарын, байлам түйіндерін табуды 
үйренеді, тезистер, аннотациялар, рефераттар, баяндамалар жазуға 
машықтанады, берілген тақырып бойынша ғылыми эдебиетпен жұмыс 
істеуге, оларды сыни електен өткізуге төселеді, нәтижеде ғылыми 
ізденістің эдіс-тэсілдерін үгъшады. Педагогикадан немесе дербес 
пэндерді оқыту эдістемесінен курстық және дипломдық жүмыстар 
жазу студенттерді ой түюдің индукциялық, дедукциялық эдістерін 
меңгеруіне кемектеседі, ғылымның зерттеу әдістерін өз тэжірибесінде 
қолдана білуге баулиды, зерттеу барысында пайымдалған ойларын 
тиянақтап, дәйектемелер арқылы жазбаша баяндауға жәрдемдеседі, 
зерттеу жүмыстарының сан қырлы сырларын үғынуға мүмкіндік 
береді.
3-4. Оқу, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырумен қатар, мүғалім 
тэрбие жүмысын да бірге жүргізеді.
Жоғары жэне орта арнаулы оку орындарында маман дайындаумен 
қатар олардың жеке гүлга ретінде дамуы үшін жагдай туғызып, өз 
бетімен мамандық алуына, өмірде өз жолын табуына адамгершлік 
түргыдан жетілуіне көмек береді. Тәрбие - адамгершілікті, ізгі ниетті, 
отансүйгіш азаматтық, басканы сыйлау қасиеттерінің иесі, саяси 
мәдениетті 
түлғаны 
қалыптастыруга 
қызмет 
етеді. 
Тәрбие 
жүмысының жылдық жэне алдағы жоспары жасалады. Жоспар 
төмендегі бағыттарды қамтуы қажет:
1. Кәсіптік еңбек тәрбиесін қалыптастыратын қабілеттер мен 
қасиеттер: таңдаған мамандыгына, еңбек қызметіне түракты 
қызығушылық, қиыншылықты жеңу қвбілеті, максатына жете 
білу, ерік-жігер, шыдамдылық, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, 
еңбек мэдениетінің дағдылары, материал мен жабдықтарды 
дұрыс жэне мүқият пайдалана білу, жұмыс орнын таза сактау, 
еңбекке өз бастамасымен араласу, өзін қоршаған ортага 
пайдасын тигізу, кәсіби еңбек этикасын меңгеру.
2. Рухани адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жеке адамды 
жан-жақты дамыту жүйесінің басты бөлшегі ретінде.
33


3. Құкықтык тэрбие жеке адамды жан-жақты тәрбиелеудің өзіндік 
дара бір түрі есебінде жас ұрпақгың құқықтык білімін, 
құкықтык мэдениеті мен тэртібін қалыптастыруға тиісті.
4. Дамыған экономика жағдайында психологиялық дайындык 
адамның еңбек қызметіндегі жеткізілген табысының басты 
қүраушысы болып табылады.
5. Діни тәрбие жас мамандардың діни кұндылықтарды қүрмепеуі.
6. Көркемдік-эстетикалық тэрбиенің аумағы - әсемдікті тусіну, 
қабылдау сезімін, эстетикалық талғамын дамыту.
7. Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының негіздерін меңгеру.
8. Экологиялық тэрбие.
Тәрбиешінің негізгі іскерліктері:
- түрлі педагогикалық ситуацияларда баланың бойында, балалар 
ортасында болатын процестерді дұрыс қабылдау;
- балалардың өмірін ұйымдастыру;
- талап қою жэне сенім арту;
- зейінді тез шоғырландыру жэне бағытталу;
- балалармен ойнау;
- ситуацияны жан-жақты бағалау;
- көптеген педагогикалық фактілер арасынан бастысын таңдау;
- бір сигуацияда ықпал етудін түрлі тэсілдерін қолдану;
- көңіл-күйін, сезімдерін, ойларын сөзбен, мимикамен, қимылмен 
көрсету;
- оку, еңбек, спорттық, көркемдік іс-эрекеті барысында балалармен 
қарым-қатынас орнату;
- жеке түргыны жүзеге асыру;
- балалардың белсенділігін дамыту;
- қиын кезеңце балаларға көмек беру;
- оқушылар ркымының пікірін тындау, окушылармен кеңесу, 
олардың пікірін есепке алу;
- өзін-өзі басқарудың түрлі тәсілдерін орынды қолдану;
- эрбір окушының бойынан жақсы нышандарды іздеу, дамыту және 
т.б.
Педагогикада 
тәрбиеші 
шеберлігі 
тутас 
жүйе 
ретінде 
технологиялық, 
элеуметтік-психологиялық 
жэне 
этикалық 
компонентерден 
қүралган. 
Технологиялық 
компонент 
-
бұл 
формальды жэне шығармашылық жұмыстар 
жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет