Кесте 14.2 Жанұяның педагогикалық процесінің жағдайын диагностикалау жүйесі.
Негiзгi
Көрсеткіштер
| Көрсеткiштер | Диагностикалық
әдiстер
|
Жанұяның жалпы сипаттамасы
|
Жанұя құрылымы.
Ауқаттылығы, тұрмыстық жағдайы
3. Ата-ана туралы мәлiметтер (бiлiм деңгейi, кәсiбi, әлеуметтiк-мәдени құндылық бағыттары, мақсат-мүдделерi)
|
Жеке iс құжаттарын зерттеу.
Жанұяға бару (бақылау, әңгiме- жүргiзу).
Құжаттарды зерттеу,сауалнам.
|
Өнегелiлiк-
психологиялық
ауасы
|
1. Өнегелiлiк мақсат-нұсқаулары
2. Жанұядағы өзара қатынас стилi
3. Ата-ананың баланың ?мір әрекетiннiң мазмұнына көңiл бөлуi
|
Сауалнама.
Әңгiме. Оқушылардың шығармалары. Тестер. “Мен және менiң жанұям” суретi. Ранглеу
|
Ата-ананың педагогикалық мәдениетi
|
1. Ата-ананың тәрбиенiң мақсатын, мiндеттерiн түсiнуi
2. Тәрбиенiң құралдарын, фор-маларын, әдiстерiн, тәсiлдерiн бiлу
|
Сауалнама.
Әңгiме. Бақылау.
|
Оқушының сипаттамасы
|
1. Жанұя өмiрiне белсендi араласу
2. Адамгершілік, интеллектуал-дық, өмiрлiк мақсаттар
3. Іс-әрекеттiң мақсаты, себеп-салдарлары
4. Іс-әрекет түрлерiнiң алуан түрлiлiгi
5. Іс-әрекеттiң бiлiгi мен әдiс-тәсiлдерiн игеру
|
Бақылау.
Педагогикалық жағдайлар.
|
Педагогикалық процестiң сипаттамалары жанұяның тәрбие мүмкiндiктерiнде жатыр. Оларға байланысты жанұядағы педагогикалық процестiң тәрбиелiк мүмкiндiктерiнiң деңгейiн айқындауға болады (жоғары, орташа, төмен) (кесте 2 қараңыз).
№
|
Көрсеткiштер
|
Деңгейлер
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
1
|
Ата-ананың мақсат-мүдделерi, әлеуметтiк-құндылық бағыттары.
|
+
|
+
|
-
|
2
|
Ата-ананың баланың өмір әрекетiне қатынасы.
|
+
|
+
|
-
|
3
|
Ата-ананың адамгершілік мақсат-бағыттары.
|
+
|
+
|
-
|
4
|
Жанұядағы өзара қатынас мәдениетi.
|
+
|
-
|
-
|
5
|
Ата-ананың тәрбиенiң мақсат-тары мен мiндеттерiн түсiнуi.
|
+
|
+
|
-
|
6
|
Тәрбиенiң амалдарын, әдiстерiн, тәсiлдерiн педагогикалық сауат-ты пайдалану.
|
+
|
-
|
-
|
7
8
|
Ата-ананың баланың қызмет-әрекетiн ұйымдастырудағы бiлiк пен дағдаларының болуы.
|
+
|
-
|
-
|
8.
9
|
Оқушының жанұя өмiрiне араласуы.
|
+
|
-
|
-
|
9.
10
|
Баланың іс-әрекетiнiң мақ-саты мен себеп-салдарының адамгер-шілік негiздерi.
|
+
|
-
|
-
|
10.11
|
Оқушының іс-әрекетiнiң алуан түрлiлiгi.
|
+
|
-
|
-
|
11.12
|
Оқушының іс-әрекеттiң бiлiктерi мен тәсiлдерiн игеруi.
|
+
|
-
|
-
|
Жоғары деңгей – барлық негiзгi көрсеткiштер толығымен көрiнiс тапқан жанұялар. Ата-ананың әлеуметтiк жауапкершiлiгi мен педагогикалық мәдениетi дамыған, олардың педагогикалық ынта-ықыластары бар. Балалар белсендi, дамыған, ұйымдасқан, алдында белгiлi бiр мақсаттары бар. Жанұяда оқушының күн тәртiбi сақталады, оның өмiрi әртүрлi іс-әрекетке толы. Жанұядағы ара қатынас демократиялық тұрғыда негiзделген. Бұндай жанұяларда өзара түсiнiстiк және қамқорлық рухы басым; балалардың әкесi мен анасының қызметi жайлы хабары бар, олардың қиншылықтары мен жетiстiктерiн де бiледi; баланың мектептегi жағдайы да жанұяда еркiн талқыланады; ата-ана баланы жүйелi оқу іс-әрекетiне үйретедi, күн тәртiбiн дұрыс құруға көмектеседi, оқуда қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетедi; әкесi мен анасы баланың сабақтан тыс уа?ытына көңiл бөледi; баланың бос уақытын ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік элементтерiн енгiзедi. Жанұяларда бiрiгiп iстелiнген еңбек, табиғатқа саяхат, спорттық шаралар, кiтап оқу – күнделiктi және жиi болып тұратын құбылыстар. Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке ба?ыттап оқыту мен тәрбиелеу мәселесiне әлеуметтiк-жауапкершiлiгін түсінеді. Ата-аналар жанұя айтарлықтай түзетулердi керек етпейдi. Олар оның мәнiн және өздерiнiң баланың өмірін ұйымдастырудағы алатын орнын түсiнедi.
Орташа деңгейде жанұяның педагогикалық процесi, жалпы алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбiр элементтерi, белгiлi бiр мөлшерде, түзетудi ?ажет етедi. Ата-ана бала тәрбиесiне жауапкершiлiкпен қараса да, олардың педагогикалық мәдениетi жеткiлiксiз: олар көбiнесе тәрбиеде аз әдiстерiн қолданады (насихат әңгiмелер, т.б.), үй тапсырмасын тексеру анда-санда ғана жүргiзiледi. Балалар белсендi, бiрақ жеткiлiктi ұйымдаспаған және мақсаттары анық емес. Жанұядағы өзара қатынас демократиялық принциптерге негiзделген, алайда авторитарлық бедел қалады. Жанұя сипатындағы ортақ нәрсе – педагогикалық процестi ұйымдастыруда әртүрлi қиыншылықтардың болуы.
Ата-ана баланы? оқу іс-әрекетiне көңiл бөлгенiмен, олардың тиiстi педагогикалық мәдениетi жоқ. Оқудың маңыздылығын мойындай отырып, олар баланы күштеу және қатал бақылау арқылы оқуға мәжбүрлеуге тырысады. Баланың оқуға деген қызығушылығын дамыту, балаға көмек көрсету ата-ана үшiн қиындық туғызады. Олар, сондай-ақ, баланың сабақтан тыс іс-әрекетiн ұйымдастыруды да қиыналады. Бос уақытты бiрге өткiзу кездейсоқ болады. Онда жүйелiлiк пен педагогикалық бағыттылық жоқ. Авторитарлық, оқушыға ықпал етудiң педагогикалық негiзi жоқ тәсiлдерiн қолдану, әкесi мен анасы арасында бөлiсу жанұяда орын алады.
Төмен деңгей жанұяның іс-әрекетiнде ала ауыздықпен, ата-ананың нашар педагогикалық мәдениетi, бала тәрбиесiне деген жауапкершiлiксiздік, педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады. Балалардың үлгерiмi т?мен, олар үшiн жанұялық өмiрдiң қызығы жоқ, балалардың әуестiктерi кездейсоқтық сипатқа ие, жасөспiрiмдер ортасының оларға кері әсерi өте үлкен. Ата-аналар өз мiндеттерiн тек қана оқушыны қаржы жағынан қамтамасыз ету және бақылаудың жалпы қызметтерiн атқару деп түсiнедi. Олар мектеппен жүйелi түрде байланыс жасамайды, педагогтар кеңесiн ескермейді. Оқушының оқудағы, тәртiбiндегi ақауларды мұғалiмдердiң жаман жұмыс iстеуiмен түсiндiредi. Мұндай ата-аналардың тиiстi педагогикалық мәдениетi жоқ және, ең бастысы, педагогикалық шаралар?а қатысуға ынтасы жоқ.
Жанұяның тәрбие жүмысын зерттеудi ұйымдастыру өте маңызды. Ол мектеп құжаттарын (оқушылар сипаттамасы, сынып журналы, медициналық карталар) зерттеу мен талдаудан басталады. Бұл әдiстi қолданғанда алдын ала жоспарланған мәселелер бойынша материалдар жинау.
Жанұя жайлы алғашқы мәлiметтердi “Менiң жанұям”, “Бiздiң жанұядағы демалыс күнi”, “Менiң үйдегi мiндеттерiм”, “Оқушының жанұядағы бiр күнi” атты шығармаларды жаздыру арқылы алуға болады. Оқушыларға сұрақтар беру солардың төңiрегiнде ақпарат алу. Шығармалар арқылы ата-аналардың азаматтық к?з?арасы, жанұяның рухани ?мірі, оның мүшелерiнiң өзара қатынасы, балаларға деген қатынасы туралы бiлуге болады.
Шығармадағы жанұя туралы мәлiметтердi ата-анадан (ата-аналар жиналысында өткiзiлген) сұрақ-жауап арқылы алынған материалдармен салыстырып, қайта тексеру керек. Бұл екi әдiстi (шығарма мен сұрақ-жауапты) оқушылар мен ата-анадан объективтi ақпарат алу үшiн бiр уақытта өткiзу керек. Жетiстiктер мен кемшiлiктердiң себептерi айқындалып, мектеп пен жанұяның бiрлескен қызмет-әрекетiнiң болжамы анықталады.
Жанұя – iштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан оны зерттеуде белгiлi бiр қиыншылықтар негізделеді. Жанұяның сипаттамасы туралы мәлiметтер алу мақсатында жанұяға барған уақыттағы бақылаулар мен әңгiме жүргiзу әдiстерi қолданылады. Әңгiме кезiнде мақсатты түрде белгiлi бiр жоспарды ұстану керек. Ата-анамен әңгiме өнерi мұғалiмнен өте жақсы дайындықты талап етедi. Педагогтiң өте маңызды қасиетi – бақылағышты?ы. Әңгiмелесiп отырған адамның бет әлпетiнен, қойылған сұрақтарға қатынасынан оның психологиялық жай-күйiн бiлуге болады.
Жанұя мүшелерiнiң ара қатынасы мәселелерiн анықтаудың аталған әдiстерден басқа тағы бiр жолы “Менiң жанұямның суретi” әдісін сәби және жасөспiрiм жаста өткiзу тиiмдi. Оқушыларға “Өз жанұяңның суретiн сал”, “Өз арманыңдағы жанұяның суретiн сал” деген тапсырмалар берiледi. Бұл әдiстiң артықшылығы сонда – балалар өз суреттерiнде жанұя мүшелерiнiң ара қатынасы туралы ақпаратты өз бетiнше, өз қалауымен бейнелей алады. Алайда оның объективтiлiгi күмән келтiруi мүмкiн, оған бiрнеше себеп бар: көзбен көру-моторлық сипаттың жетiспеуi (бала адамдардың суретiн сала алмайды, сондықтан өз жанұясын салудан бас тартады), кейде бала өзiнiң қалауларын, тiлектерiн шындық, ақиқат ретiнде беруге тырысады (жанұяда жоқ мүшенiң суретiн салады – оның ата-анасы ажырасқан). Сондықтан “Жанұя суретi” арқылы алынған ақпаратты басқа да әдiстермен толықтыру қажет.
Осы ұсынылып отырған жанұяның диагностикасының әдiстерi мұғалiмге объективтi ақпарат алуға және бөлек алынған немесе тұтас сынып жанұяларының ұжымы ретiндегi жанұяның тәрбиелiк сипатын қарастыруға, оқушылардың жанұяларымен жұмысында әдетте кездесетiн мәселелердi табуға, ата-аналарға бала тәрбиесiн жетiлдiрудiң белгiлi бiр жақтарын түзетуге көмектесуге мүмкiндiк бередi.
Мектеп пен жанұяның әрекеттестiк формалары. Қазiргi уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетiнiң келесi бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланы? оқу үлгерiмi мен тәрбиесiн жақсарту үшiн жүйелi жеке дара жұмыстарын жүргiзу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитетi (жалпы мектептiк, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитетi – ең белсендi, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептiк (жалпы мектептiк ата-аналар комитетi) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитетi) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негiзгi мiндеттердi бөлiп алатын председательден және 4-5 мүшесiнен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетiнiң жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |