Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет36/45
Дата17.06.2020
өлшемі169,16 Kb.
#73738
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Байланысты:
tasmaganbetov tfefhnfye

Коп = *100% ; (17)


З

Эп – тұтынушы үшін тауарды тұтынудың тиімділігі (тенге);

З – жобалау, жасау, өндіріс, тұтынушыға дейін жеткізу шығындары (тенге).

Тұтыну сипатына қарай ассортимент нақты, болжамды және оқытушылық ассортимент.



  • Нақты ассортимент бұл нақты бір өндірушіде немесе сатушыда бар нақты тауар жиынтығы.

  • Болжамды ассортимент бұл әлеуетті қажеттіліктерді қанағаттандыруға тиіс тауарлар жиынтығы.

  • Оқытушылық ассортимент бұл оқытушылық мақсаттарға қол жеткізу үшін белгілі бір ғылыми негізделген белгілер бойынша жүйеленген тауарлар тізімі.

2. Ассортиментінің қасиеттері мен көрсеткіштері


Ассортменттің қасиеттері – ассортиментті қалыптастыру барысында көрініс табатын оның спецификалық ерекшелігі. Ассортименттің көрсеткіші – ассортимент қасиеттерінің сандық көрінісі. Ассортимент ені – бірыңғай және әртүрлі топтардың тауарлар түрлері мен атаулар саны. Бұл қасиет екі абсолюттік көрсеткіш пен бір салыстырмалы көрсеткішпен сипатталады. Абсолюттік көрсеткішке – ені коэффициенті жатады. Нақты ені – қолдағы бар тауарлардың түрлері мен атаулардың фактілік саны. Базалық ені – салыстыру үшін алынған ені. Ені коэффициенті - бірыңғай және әртүрлі топтағы тауарлар түрлері мен атауларының нақты санының базалық санына қатынасы.

Асортименттің тереңдігі – бірыңғай топтағы тауарлар жиынтығының бірыңғай қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті. Бірыңғай топтағы тауарлар түрлері мен атауы тереңдікті сипаттайды. Тереңдіктің көрсеткіштері нақты және базалық болуы мүмкін. Тереңдіктің нақты көрсеткіші бірыңғай топтағы тауарлар түрлері мен атауы нақты санын сипаттайды. Базалық көрсеткіші тауар санын жоспарлауын сипаттайды тереңдік коэффициенті нақты көрсеткіштің базалыққа ара қатынасы.



Ассортименттің тұрақтылығы – ұқсас тауарларға сұранымды тауарлар жиынтығының қанағаттандыру мүмкіндігі.

Ассортименттің жаңаруы - өзгерген қажеттіліктерді жаңа тауарлар есбінен тауарлар жиынтығының қанағаттандыру мүмкіндігі.

Ассортименттің құрылымы - әрбір тауар атауы мен түрінің жалпы мөлшердегі үлес салмағын сипаттайды.

Ассортименттік минимум – күнделікті сұраныстағы тауар түрлерінің минималды саны.

Ассортименттің рационалдылығы - әр түрлі сегменттегі тұтынушылардың нақты негізделген қажеттіліктерін толықтай тауар жиынтығының қанағаттандыру мүмкіндігі.

Ассортименттің үйлесімділігі рационалды тауар қозғалысын, өткізуін не пайдалануын қамтамасыз ету дәрежесін сипаттайтын әртүрлі топтардағы тауар жиынтығының қасиеттері.

Ассортименті басқару – ассортименттің рационалды талаптарына қол жеткізуге бағытталған іс - әрекет.

Ассортиментті қалыптастыру – нақты немесе болжамды қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тауар жиынтығын қалыптастыруға бағытталған ісәрекет.

Ассортименттік саясат – ұйым басшысымен белгіленетін ассортиментті қалыптастырудың мақсаттары, мәселелері және негізгі бағыттары.

Ассортименті қалыптастыру саласында негізгі бағыттар: қысқарту, кеңейту, тұрақтандыру, жаңарту, жетілдіру, сәйкестендіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет