Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет1/2
Дата19.07.2020
өлшемі142 Kb.
#74810
  1   2

ПОӘК 042-18-38.59/02-2014


№ 1 басылым

_____2015



бет беттің




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-38.59/02-2014


ПОӘК

Студентке арналған пәннің бағдарламасы

«Физиканы оқытудың жаңа технологиялары»

№ 1 басылым

_____2015 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Физиканы оқытудың жаңа технологиялары»

5В060400 – «Физика» мамандығы үшін


СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2015

Алғы сөз


1. ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырушы: «05 » 06 2015ж. Сыдықова Ж.Қ., п.ғ.к., доцент м.а., физика кафедрасы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасы отырысында


« 10 » 06 2015ж., 10 хаттама
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.С.Маусымбаев
2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының

отырысында


« » 2015ж., хаттама
Төрайымы Қ.А.Батырова
3. БЕКІТІЛДІ

Университететің Оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған



« » 2015ж., хаттама
ОӘК төрағасы_____________________ Г.К.Искакова

4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

Мазмұны

1.


Жалпы ережелер

4

2.


Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

6

3.


Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар

7

4.


Курс форматы

7

5.


Курс саясаты

7

6.


Баға қоюдың саясаты

8

7.


Әдебиет тізімі

8


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:



Сыдықова Ж.Қ., педагогика ғылымдарының кандидаты‚ доцент м.а.

Физика кафедрасы

Байланыс ақпараты – каф.телефоны: 77-33-58, оқу ғимараты №3, кабинет №304

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 303, 308, 201

Берілген пән бойынша кредиттер саны - 3


1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Физиканы оқытудың жаңа технологиялары» пәні бакалавр дайындау барысында маңызды орын алады және «Физика» мамандығында оқитын студенттер үшін негізгі пәндер блогының міндетті бөлігі болып табылады, өйткені студенттерге профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс.


1.3 Пәнді оқып-білудің мақсаты: студенттерге жалпы білім беретін мектеп реформасының мәнін және физиканы оқытуда оны жүзеге асырудың жолдарын көрсету; оның ғылыми-техникалық прогреспен байланысын көрсету; жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін физика курсының негізгі мазмұны мен құрылымын және жан-жақты талантты, білімді де білгір мамандармен қамттамасыз ету үшін оқу-тәрбие процесін жетілдірудің жолдарын талдау. Студенттерді оқытудың қазіргі заманғы технологияларымен таныстыру және оларды физиканы оқытуда қолданудың жолдарын көрсету. Курсты меңгеру процесінде студенттерді оқу жұмысының жаңа формаларымен, сабақ құрылымындағы өзгерістермен, жоспралаудың әртүрімен және т.б. таныстыру. Қазіргі заманғы оқыту әдістерін қарастыра отырып, оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға, оқытудың жаңа қазіргі заманғы техникалық құралдарын тиімді пайдалануға, оқушылардың танымдық белсенділігін артыруға көңіл бөлу.

Физиканы оқыту технологиясының жеке мәселелерін қарастырған кезде ғылыми-әдістемелік талдауға және негізгі физикалық ұғымдарды қалыптастыруға, мектеп физика курсындағы теориялар мен заңдарды меңгертуге көңіл бөлу керек.


1.4 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:

- физиканы оқытудың негізгі мақсаттарын, оларға жетудің негізгі тәсілдерін тұжырымдау;

- жалпы орта білім беретін мекемелердегі физика курсының құрылымын және қысқаша мазмұнын беру және талдау;

- оқыту әдістерінің теориялық негіздерін, физиканы оқытудың тәсілдерін қарастыру;

- физика бойынша оқу процесін ұйымдастырудың формаларын талдау; физиканы оқыту технологиясының теориялық негіздерін, физиканы оқыту кезінде оқушылардың оқу іскерлігін ұйымдастыру технологиясын талдау;

- оқытудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың жолдарын қарастыру, мектептегі физика курсының жекелеген бөлімдерін меңгерту әдістемесін талдау;

- физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді қоюдың техникалық және әдістемелік талаптарын талдау; физика есептерін шығарудың әдістемелік негіздерін талдау;

- мектеп физика кабинетін жабдықтау жүйесімен және ұйымдастыру негіздерімен таныстыру.


1.5 Оқып-білудің нәтижелері:

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:



  • физикадан оқушылардың зерттеу іскерліктерін (эксперимент барысын бақылау, өлшеулер жүргізу, құбылысты моделдеу, талдау) жүзеге асыру үшін қажетті ғылыми танымның негізгі әдістері жайындағы түсініктерін дамытуға мүмкіндік беретін әдістемелерді білуі тиіс;

  • оқушылардың ақпараттармен жұмыс істей алу іскерлігін дамытуға бағытталған мұғалімнің жұмыс әдістемесін игеруі тиіс;

  • оқытудың қазіргі заманғы технологияларын, оларды жүзеге асырудың жолдарын меңгеруі тиіс;

  • оқушылардың үздіксіз білім алу қажеттігін дамытуға мүмкіндік беретін оқу сабақтарын ұйымдастырудың жаңа қазіргі заманғы технологияларын қолдана алуы тиіс;

  • қазіргі заманғы оқыту технологияларын тиімді ұйымдастыруды түсінуі тиіс;

  • оқушылардың шығармашылық белсенділігін жоғарылата білу дағдысына ие болуы керек;

  • Оқыту процесінде оқытудың қазіргі заманғы технологияларын қоладан білу дағдысын алуы керек.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Педагогика

1.6.2 Психология

1.6.3 Философия
1.7 Курстың постреквизиттері:

1.7.1 Физикалық практикум

17.2 Педагогикалық практика



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет