2.2.2.4. . Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау.
Жұмыспен қамту және халықтың табысы. Облыстың экономикалық белсенді халқының саны 2011 жылғы 241,9 мыңнан 2014 жылдың 3 тоқсанында 283,4 мың адамға дейін немесе 17,2%-ға өсті (2012 жылы – 271,7 мың адам, 2013 жылы – 274,2 мың адам). Экономикалық белсенді емес халық саны зерттелген кезеңде 94,9 мыңнан 116,5 мың адамға дейін немесе 22,7%-ға өсті (2012 жылы – 106,8 мың адам).
Экономикалық белсенді емес халықтың негізгі үлесін күндізгі оқу нысанында оқитындар (47%), зейнеткерлер (28,3%), үй шаруасындағылар (14,3%), денсаулығына қатысты еңбекке жарамсыздар (мүгедектер немесе жұмысқа қабілетсіз адамдар) (0,4%) құрайды.
Экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 2011 жылғы 227,8 мың адамнан 2014 жылғы 3 тоқсанда дейін 268,6 мың адамға дейін немесе 13,8%-ға өсті (2012 жылы – 256,3 мың адам, 2013 жылы – 259,1 мың адам). Облыста экономикалық белсенді халыққа қарағанда жұмыспен қамту деңгейі біршама жоғары – 94,8%.
Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі өнеркәсіпте (33,2%), дәлірек айтқанда тау-кен өндіру өнеркәсібі кіші секторында (18,8%) шоғырланған. Экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында құрылыста – 9,4%-ы, көлік және байланыста – 7,6%-ы, ауыл шаруашылығында барлығы – 1,3%-ы жұмыспен қамтылған.
Жұмыспен қамтылған халықтың 23,6%-ы бюджеттік (мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау), сондай-ақ ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы сияқты табысы төмен салаларда жұмыс істейді.
Жұмыспен қамтылған халық санының орташа жылдық қарқыны облыс бойынша 2011-2013 жылдары 123,5% құрады. Мейлінше жоғары өсу қарқыны «Өнеркәсіп» (131,9%) және «Тау-кен өндіру өнеркәсібі» (134%) секторларында байқалады.
Облыста өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық үлесінің төменгі деңгейі байқалады,2014 жылдың 3-тоқсанында – 7,3% немесе 19,7 мың адам (2011 жылда – 9,1% немесе 22,1 мың адам), (2012 жылда – 6,9% немесе 18,9 мың адам), (2013 жылда – 7,0% немесе 18,2 мың адам), бұл – орташа республикалық көрсеткіштерден айтарлықтай төмен (30%). Бұл халықтың, оның ішінде ауылдық жердегі айтарлықтай бөлігінің жалақы деңгейі мейлінше жоғары және тартымды мұнай-газ өнеркәсібі мен ілеспе өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғанына байланысты (вахталық әдіспен жұмыс істейді).
Облыстағы орташа айлық жалақы республика өңірлері арасында ең жоғарылардың бірі болып табылады (орташа республикалық деңгейден 1,7 есе асып түседі) және 2011 жылғы 151,0 мың теңгеден 2014 жылдың қаңтар-қарашасында 211,3 мың теңгеге дейін немесе 1,4 есе өсті (2012 жылы – 158,4 мың теңге, 2013 жылы – 183,0 мың теңге).
Бір қызметкердің атаулы орташа айлық жалақысы (2014 жылдың қаңтар-қарашасында – 211,3 мың теңге) 9,4 ең төменгі күнкөріс мөлшерін (2014 жылдың қаңтар-қарашасында – 22521 теңге) қамтамасыз етеді. Осы кезеңде нақты жалақы 11,9%-ға ұлғайды.
Сонымен бірге, жалақы деңгейі экономика секторларының кесінінде әр түрлі болып келеді. Ең жоғары деңгей өнеркәсіпте, тау-кен өндіру өнеркәсібінде (орташа облыстық деңгейден 65%-ға жоғары), көлікте, қоймалауда және құрылыста (орташа облыстық деңгейден 43%-ға жоғары) байқалады. Жалақының төменгі деңгейі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, білім беру, ауыл шаруашылығы, аң шаруашылығы мен орман өсіру (26-37%) секторларында сақталуда.
Халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын белсенді іске асыру жүргізілуде. Инфрақұрылымдық және индустриялывқ жобаларды іске асыруды есепке ала отырып, облыста 2011 жылы – 25364 жұмыс орны, 2012 жылы – 25540 жұмыс орны, 2013 жылы – 23403 жұмыс орны құрылды. 2014 жылғы 1 желтоқсанға 23481 жұмыс орны құрылды.
Нәтижесінде, тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 2011 жылғы 5,8%-дан 2012 жылы – 5,7%-ға, 2013 жылы – 5,5%-ға және 2014 жылдың 3 тоқсанында 5,3%-ға (14,9 мың адам) дейін төмендеді.
Сонымен бірге, облыстағы жалпы жұмыссыздық деңгейі орташа республикалық деңгейден асып түседі (5,%), бұл – жұмысқа орналастыру үшін тиісті білімі мен біліктілік деңгейі жоө оралмандардың облысқа көптеп келуімен байланысты болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |