Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Құсты теміржолмен тасымалдау



бет11/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Құсты теміржолмен тасымалдау. Құсты теміржолмен тасығанда қара малды таситын екі жəне төрт білікті вагондарды пайдаланады, оларды алдын ала кір - ыластан тазалап, дизенфекция жасайды. Оларды тиеу алдында жасы мен қоңдылығына байланысты жіктейді.

Нашар жəне төмен қоңды құсты союға, тиеуге рұқсат бермейді. Тауықты тасығанда ең оңдысы-стандартты торлар, көлемі 90х35х35 жəне 90х20х30 см, астыңғы тақтайы түгелдей, қабырғасы 5-6 см келген ашықтықпен жасалынған.

Тауықтың көлеміне қарай бір торға 18-24 бастан сыйғызады. Үйректерге арналып жасалған торлардың көлемі 150х50х50 см, тор сыйымдылығы 10-12 бас. Қаздарға, көлемі 180х70х70 см тор қолданылады, тор сыйымдылығы –6-7 бас.
Теміржолмен тасудың малға əсерін тигізуі:


  1. Тым тынышсызданады жəне стресс жағдайы пайда болады.

  2. Вагонның ішіндегі ауада əртүрлі зиянды газдардың мөлшерден тыс жоғарылап кетуі. Норма бойынша көмірқышқыл газы ауада 0,25-0,30 %, яғни 2-3 мл/л, аммиак 0,02 мг/л, көміртегі 0,01 мг/л аспауы керек.

  3. Температурасы мен ылғалдығы орташа болғаны жөн.

  4. Кейбір жағдайларда малды суықта тасығанда, қалтырау (лихорадка) ауруы пайда болуы мүмкін, қоздырғышы сүзуші (флиьтрующий) вирус.

  5. Ішек - қарын ауруы, іш кебу, тышқақ, өңештен азық өтпей қалу т.б. болуы мүмкін.


Малды автокөлікпен тасымалдау

Бұл өте тиімді жəне экономикалық жағынанда арзандау тəсіл болып табылады, əсіресе жол қашықтығы 300 шақырым болатын шамаларда. Малды тасу үшін көбіне жүкті автокөліктерді қолданады (сурет 3). Оған салмағы 60-105 кг шошқаның 23-32 бас, салмағы 106-200 кг-14-22 бас ірі қара мал жəне жылқыдан 4-5 бас сыяды. Бұдан басқа, əдейі шығарылған мал таситын автокөлік бар, олар ірі қара малдың 10-15 басын жайғастыруға



27


есептелген. Шанағында əдейі жасалған табиғаттық сорғыш желдеткіші, екі есік, сатыланған мал жүргізгішпен, жарық шамы жəне қи жинағыш, биіктігі


  1. м көлденең бөлгіш бар.

Малды тасуға химиялық заттарды, улы жəне өте жаман иісті заттарды тасыған машиналарды қолдануға болмайды. Шанаққа малдың бір түрін, бір жынысты жəне бірдей жастағыларын артады. Мұндай жағдай болмайтын болса, онда малдарды бірімен-бірін көлденең тақтаймен бөледі. Бір шанақта сиыр мен өгізді, ересек мал мен жас малды артуға да болады. Жылқыны да ірі қара мал сияқты тасиды, дегенмен жылқының тағасын алып тастау керек.


3- сурет. Малды автокөлікпен тасымалдау

Шошқаларды машинаға артқанда, олар жата алатындай жағдайды еске алады. Мегежін мен кестірілген қабанды жəне ересек шошқа мен жақсы дамыған жас шошқаны бірге қосып тасуға болады. Бекондық бағыттағы шошқа тұқымын тасығанда өте сақтық жөн , өйткені терісіне жара салмау керек. Осы себептен Данияда арту-түсіру тиегіші бар əдейі автокөлік жасалған жəне олар үшін жүген істелген, ондағы мақсат бірін-біріне тістетпеу, жараландырмау.

Қой мен ешкіні жүк автокөлікпен жеке, не болмаса тіркеме тіркеп тасиды. Шанаққа артқанда, қой-ешкі жата алатындай жағдай жасау керек. Егерде малды автоколона түрде тасыса, онда 2-3 жүк машинаға бір жолсерік тағайындалады. Асфальт жолмен жүргенде машинаның жылдамдығы 60 км. Ұсақ тас төселген жолмен - 45 жəне топырақ жолмен 25-30 км/сағ, болу керек. Малдарды жақын жерден тасығанда, яғни жолсапары 6 сағаттан кем болса, оларды азықтандырмайды жəне суармайды. Ал жол сапары 6 сағаттан асатын болса, оларды дем алдырып, азықтандырады, суарады.

Құсты тасу үшін контейнер мен торларды қолданады (сурет 4). Көп тараған торлардың көлемі тауық пен үйрек үшін 90-60-30 см , қаз ж əне күрке тауық үшін 90- 60-40 см. Бір м2 еденнің аумағына 30-ға дейін балапан, салмағы 1250 г тауық пен үйректің 15-18 басын жəне 10-12 бас қаз, не болмаса күркетауық (тірі салмағы 3-5 кг) сыйғызуға болды. Бұдан артық сыйғызса, құстардың салмағы төмендейді жəне өлім де болады. Құсты машинамен тасығанда ең тиімді алыстық, 50-100 шақырым. Ал торда 4-5

28


сағатқа дейін ғана болуы керек, одан уақыт асатын болса, құсқа 2-3 сағат дем алдырады, азықтандырып су береді.

Үй қояндарын тасығанда əдейі арналған тор, жəшік, не болмаса контейнер қолданады. Торларды 4-5 қабат қылып қойып, жел соғатын жағынан жұқа берзент жабады. Жолда тасу уақыты 6 сағаттан асса, оларды аздап азықтандырады, бір басқа 50-60 г дəнді азық есебімен. Көлемі 220х40х30 см торды 8 бөлімшеге бөліп, бір үлкен қояннан орналастырады. Жүк транспортымен малды тасығанда, ағзаға мынадай əсер тигізуі мүмкін: стресс пайда болуы, үсікке шалдығу, я болмаса үсу, tо-20 жəне төмен болғанда, ыстыққа шалдығу, ыстық ұру, тірі салмағын жоғалту - ірі қара малды 200 км дейін тасығанда 4,2 %, шошқа –3,8% (кесте 8).



4– сурет. Кұсты автокөлікпен тасымалдау

8 – кесте. Автокөлікпен малды тасығанда жіберілетін тірілей салмақ шығыны, 


қашықтық, км

əдейі арналған




Жасалынған




шошқа

ірі қара малы

шошқа




ірі қара малы






,

,

,




,






,,

,,

,,




,,






,,

,,

,,




,,






,,

,

,,




,,







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет