Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет9/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Шеміршек ұлпасы - домалақ пішінді жасаушалардан жəне өте жақсы дамыған жасаушааралық заттардан тұрады . Жасаушааралық заттың қасиетіне қарай шеміршек ұлпасының үш түрі бар: гиалинді, эластикалық жəне талшықты.

Гиалинді шеміршек қатты болады, біртекті ақ немесе көк жасаушааралық заттан тұрады, оның құрамында мал есейген сайын кальций



23

тұздары жиналады. Бұл шеміршек барлық сүйек буындарының бетін жабады, одан қабырға шеміршектері жəне трахея шеміршектері құрылған.

Эластикалық шеміршек ұлпасы сары түсті. Құрамында хондринді талшықтармен қатар эластикалық талшықтар бар. Одан құлақ жарғағы жəне көмей үстіндегі шеміршек құрылады.


Талшықты шеміршек гиалинді шеміршекке қарағанда құрамында аморфты заттар мен коллагенді талшықтар азырақ. Талшықты шеміршек омыртқа арасында дөңгелек желбезектерде, сіңірлер мен сүйектердің жалғасқан жерінде болады .Шеміршек ұлпасының құрамында 60-70 % су, 19-20% ақуыз, 3-5 % май, 2- 10% минералдық заттар бар. Ет өндірісінде шеміршекті желатин ( желім тəрізді ақ зат) желім жəне ет-сүйек ұнын өндіруге пайдаланады. Сүйек жəне шеміршек ұлпалары еттің тамақтық бағасын төмендетеді.

1.4 Ет өндірісінде малды, құстарды, қояндарды тасымалдау, қабылдау жəне бағалау

Малды өңдірісіне тасымалдауға жəне етке өткізер алдындағы дайындықтарға көп мəн беру абзал.


Малды ет комбинаттарына тасымалдағанда оның арақашықтығына, көліктің түріне, жолдың жағдайына жəне малдың тұқымына байланысты олардың тірілей салмағы – 3,03 - 20,87% кемиді. Бұл негізінен малдың стресс кезіндегі шығындарды жабу үшін, көмірсу , минерал жəне дəрумен қорларын ірі деңгейде пайдалануына байланысты. Бұған дəлел малдың қан құрамындағы тасымалданатын глюкозаның, майдың жəне несіп қышқылы ерітінділерінің өсуі жəне көмірсулар мен еттегі ақуыз бен майдың ыдырауының көбеюі.

Малды өңдеу орындарына тасымалдағанда тасымалдауға арналған көліктің дұрыс дайындалмауына байланысты өндірілген өнімнің жоғалуына жол беріледі. Мысалы, тасымалдауға дайындалмаған жай жүк таситын автомашинамен малды тасымалдағанда – 36,82%, ал арнайы мал тасымалдайтын көлікпен тасымалдағанда - 23,5 % малдың жарақат алатыны белгілі. Ал, 100-200 км арақашықтыққа тасымалдағанда малдың салмағы 6-10% төмендейді.

Осыған орай малды тасымалдау кезінде келесідей мəселелерге көңіл бөлген жөн:


  • малды (құсты) тасығанда, біріншіден жергілікті малды жұқпалы ауруға шалдырмау,



  • екіншіден тасылатын малды жол бойы жұқпалы аурулардан сақтау жəне темір жол бойын, оның жұмыскерлерін ауру жұғудан сақтық жасау.

24


Тасуға дені сау жə не жұқпалы ауруы жоқ шаруашылықтың малдары ғана жіберіледі. Тасуға арналған малдың (құстың) əр топтарына оларды дайындаған шаруашылықтан əдейі арналған малдəрігерлік куəлік беріледі. Онда малдың басы (саны), жүретін бағыты, мал дайындаған жердің аурудан тазалығы жəне əдейі арналып жасалған малдəрігерлік өңдеу жұмыстары көрсетіледі. Бұл берілген құжат 3 тəулікке дейін күшін сақтайды . Бұдан басқа, малды теміржолымен жəне автокөлікпен, одан қала берді алысқа жайып айдағанда, жолдық журнал беріледі. Тауарлы - тасу құжаты – ең маңызды құжат, оны үш дана қылып жасайды, бір данасы шаруашылықта қалдырылады да, қалған екеуі мөрленген конверттің ішінде аға жолсерікке беріледі, оның біреуі ет комбинатына арналынады. Бұл құжатта ірі малдар тобы бір бөлек, ұсақ малдар тобы бір бөлек болып көрсетіледі (тірі салмағы, жынысы, қоңдылығы, жасы).

Малды тасуға дайындық жұмысы шаруашылықтың өзінен басталады. Малды топтап бөледі, мұнда ескеретіні - жынысы, жасы, қоңы жəне тірі салмағы. Топтау тəсілі мына жағдайлардан байланысты: вагонға жəне кемеге неше бас сыйады, топталған малды қалай орналастыру тиімді жəне тағы басқалар.

Малды тасуға 7-10 күн қалғанда, тасу кезеңіндегі азықтандыруға көшіреді, яғни тасу уақытындағы берілетін азықтарды береді. Тəулігіне екі рет азықтандырып су береді, бұл тасу кезеңіндегі азықтандыруға біртіндеп көшудің тəсілі.

Ірі қара малдың бір басына шаққанда 2,7 м2, шошқа жəне қойға 1,5 м2 еденнің аумағы келуге тиіс. Малды темір жəне су жолымен, автокөлікпен тым алыс жолға тасығанда, шаруашылық оларды азықпен жəне төсеніш затпен қамтамасыз етеді (етуге тиіс). Азықтың құнары жақсы, көлемі сапарда болатын уақыт бойынша барлық малға жетуге тиіс. Жолда, малға шалғын шөп беруге болмайды, ол тез бүлінеді жəне малдың ішін жүргізеді. Қыста ауа райы – 15о жəне одан төменде, сүрлеммен, төппен, сығындымен азықтандыруға болмайды. Төсеніш ретінде қолданылатын заттар: сабан, ағаштың ұнтағы мен қырқыны.


Малды (құсты) тасымалдау үшін, шаруашылық керегінше жауапты, дайындығы бар жəне малды азықтандыру, күту, сақтау жөнінен тəжірибелі адамдар бөледі. Шаруашылықтың бастықтары нұсқау сабақ жүргізеді. Тасу алдында стансаға жібергенше малдəрігері барлық малды қарап шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет