Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет12/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Ескерту: ұсақ малды тасымалдағанда тірілей салмағын жоғалту, ірі қара мал тасымалдағанмен бірдей.

29


Малды жайып айдау

Көбіне ірі қара жəне ұсақ малды жақын араға апарады: жақын ет комбинатына, теміржол стансасына, су пристанына. Айдайтын малды да жоғарыда айтылғандай, жасына жəне қоңына қарай топтайды. Табындық құжат толтырылып, малдəрігерлік куəлік беріледі.


Айдайтын жолды облыстық қызметкерлер анықтайды, мұнда шаруашылықтардың жұқпалы аурудан сау екені еске алынады. Жол бойы бірінен -біріне дейін, 6-7 км қашықтықта жайылым жəне суат болуы керек. Егерде жайылым болмаса , малды қысқы азықпен қамтамасыз етеді. Табынның шамасы-ірі қара мал 250 бас, қой жəне ешкі 100 басқа дейін. Жолдық қоңын жақсы ұстау жəне тірі салмағын төмендетпеу үшін - сиыр тобына бұқа, ал қой тобына - қошқар қосып айдайды. Бірінші күні ірі қараны айдау жылдамдығы тəулігіне 10 км, қой жəне ешкі 6-8 км дейін. Сосын мал үйренгеннен соң 5-6 км, қосып отырады. Егерде жайылым жəне суат болмаса ірі қараның айдау жылдамдығы 25-30, қой жəне ешкі 20 шақырымға дейін. Күн тəртібі: айдауды таңертеңгі жарықтан бастайды , 3-4 шақырым жүріп, 2-3 сағат демалыс, тағы 5-6 км. Сағат 12-15 арасында дем алу, тағы айдау. Жолда мал сою деген болмайды, əсіресе жұқпалы ауру болғанда. Дегенмен, мал өлейін деп тұрса жəне оны жеткізуге шама келмейтін болса, сояды. Еске алатын жағдай, сою жолдан 100 м қашықтықта жүргізіледі.

1.5 Малды өңдеудің технологиялық операциялары жəне оларды орындаудың реттілігі

Малды өңдейтін мекемелер

Малды өңдейтін мекемелер қатарына - ет комбинаты, суытатын қасапхана (хладобойни), қасапхана, мал соятын орын (убойные пункты), далада мал соятын орын (полевые убойные пункты), бұғы қасапханасы (оленобойня), үй қояны қасапханасы жəне құсты өңдейтін мекеме жатады.


Ет комбинаты - малды сою жəне сойыстан алынған ет азықтарын əртүрлі тамаққа, техникалық, фармацевтік, азықтық өңдеуден өткізумен айналысады. Өнімділік қуатына қарай 5 категориялы ет комбинаты болады: І-ші категориялы - бір аусымында 50 т ет өндіреді; ІІ-ші категориялы - 30 т;

ІІІ-ші категориялы-20 т; ІV-ші категориялы – 10т; V-ші категориялы -5 т дейін.



  • жəне ІІ категориялы ет комбинаты-2 жəне 3 қабатты, қалғандары бір қабатты болады, 5-6 қабатты үлкен ет комбинаттары да бар. Мəселен Семей

30


ет комбинаты-күніне 2000 бас ірі қара жəне 12 мың басқа дейін қой өткізеді. Мұндай ет комбинаттарында мал қора, негізгі өндірістік орталық жəне басқа қосымша мал қоятын орындары болады.

Жақсы сапалы ет алу үшін, малды сояр алдында, 1- 2 күнге дем алдыруға қою керек, бұл үшін мал қорасы пайдаланылады. Мал қорасы маңайында карантиндік бөлімше, оқшаулауыш (изоятор) жəне санитар- лық қасапхана (санитарная бойня) болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет