Малды теміржолмен тасымалдау
Малды тасу үшін жасалған вагондардың ішінде су беретін науа, үлкен-ірі малдарды байлайтын шынжыр т.б. саймандар болады. Вагондар бір ярусты (ірі қара мал жəне жылқы ) екі жəне үш ярусты (ұсақ мал жəне құстар ) болады. Вагондарға малды артар алдында, оңдап тазалайды жəне ыстық (60-70о) сумен жуады.
Стансаға əкелінген малдарды теміржол қызметкерлерінің мал- дəрігері тағыда қарайды. Ол малға берілген құжаттармен танысады, малдəрігерлік куəлікте көрсетілген мал басын əкелінген малдың санымен салыстырады. Мал басы қабысса жəне ауру мал байқалмаса, өлген мал болмаса, барлық малды түсіретін орынға жібереді.
Малды түсіріп - артатын жерге, оларды күннің жарығында, артуға 2 сағат қалғанда əкелінеді. Малдарды қоршауға жайғастырып дем алдырады,
сағаттан кейін мал дəрігері қарайды. Ауру, ауруға бейімделген жəне арық малды вагонға артуға рұқсат берілмейді. Тасу құжаттары болмаса, онда малдар артуға жалпы жіберілмейді.
Малды 2- білікті вагонға мынадай есеп бойынша артады: ірі қара мал-ересек 8-12кг, жас мал 12-14 бас, тірілей салмағы 120 кг бұзаулар 18-20 бас, қой жəне ешкі 40-50 бас. Салмағы 30-60 кг шошқа 30-40 бас, 60-80 кг 25-30
бас, 80-100кг - 22-25 бас, 100-150кг 14-24 бас, 150 кг жоғары 10-14 бас.
Жылқылар саны 8 ден аспауы керек. Төрт білікті вагонға тиегенде, жоғары көрсетілген сандар 2 есе көбейеді (сурет 2).
2– сурет. Мал тасымалдау вагоны
Ірі қараны вагондарға екі тəсілмен жайғастырады: ұзыннан жəне көлденеңінен . Ұзындығынан жайғастырғанда - малды екі қатарға қойып, бастарын екі есік арасындағы алаңшаға қаратады. Алаңша жүретін жол болып есептелінеді. Көлденең жайғастырғанда малдың басы ұзын қабырғаға қарап тұрады. Қай тəсілмен жайғастырылса да, малдар біртіндеп жатып дем алуын ескерген жөн. Ұзындығынан жайғастыру - малдың шайқалысын азайтып, олардың жараланбауын қамтамасыз етеді жəне де азықтандыру, суару, қарау жұмыстарын жеңілдетеді. Малдар жаңа жағдайға тез үйреніп жерсінеді, азықты жақсы жеп, олардың қоңдылығы төмендемеуіне əсерін тигізеді. Алайда, бұлай жайғастыр- ғанда бір вагонға 2 мал кем сияды. Бір вагонға əртүрлі малды артуға болмайды. Сонымен қатар, бір вагонға бір қатарға бұқа мен сиырды, қошқар мен аналық қойды қоюға рұқсат
берілмейді. Егерде оларды бір вагонда тасу жағдайы болып қалса, онда бірінен – бірін тақтаймен арасын бөледі.
Малды азықтандыру үшін жолсеріктер азықты мына есеппен алады: ірі қараның 1 ц тірілей салмағына 4,5 кг пішен, қой жəне ешкіге 5,5 кг пішен, шошқаға 2,5 кг құрама жем.
Орташа алғанда бір рет суару үшін, бір басқа шаққанда ірі қараға 10-15 л, жас малға 8-12 л шошқа, қой жəне ешкіге 1,5-2 л су керек.
Келіп жеткеннен кейін, вагоннан малды түсіру орнына əкелгеннен бастап , 6 сағаттан аспауы керек. Ең бірінші сау, сосын ауырған ( ондайлар болса) малдарды түсіреді. Бір малды түсіру үшін 30 минут уақыт бөлінеді. Азықтың қалдығын ет комбинатына табыс етеді, ал басқа саймандар шаруашылыққа қайтарылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |