Сүтті қабылдау.Май өндірісіне стандарт талаптарына жауап беретін табиғи сүт қабылданады. Өндіріске əкелінген сүтті органолептикалық жəне лабораториялық зерттеулер бойынша бағаланғаннан кейін қабылданған сүтті сорттайды. Кемшіліктеріне байланысты төменгі сортты сүттің қолданылуы туралы əр жағдайда əр түрлі шешім қабылданады. Май өндірісіне I жəне II сорттағы сүтті ғана пайдаланады.
Сүттің көлемін таразының көмегімен анықтайды. Сүтті тағам өндірісінде рұқсат етілген материалдармен сүзіп қабылдайды. Сүттің температурасы 10оС-тан аспауы керек.
Сүтті сепараторда айыру. Сүтті айыру сепаратордың жұмысын 20-30 минутқа дейін тоқтатпау үшін қажетті сүт қабылданғаннан кейін бастау қажет. Жұмысты бастар алдында сепараторды пайдалану талаптарын мұқият қадағалау қажет:сепаратордың техникалық дұрыстығын, дұрыс құрылғандығын, əсіресе барабанның дұрыс жиналғандығын; барабанның тежелгішінің басталып тұрғандығын;барабанның айналымын көрсететін есептегіштің көрсеткішінің қажетті белгіленген жылдамдыққа жеткендігін; барабанның айналымы қажетті жылдамдыққа жеткеннен кейін оған 50 - 60оС температурамен аз мөлшерде су жіберіледі. Содан кейін 35 - 40оС температурамен сүт жіберіледі. Майсыздандырылған сүттегі май үлесі 0,05% аспауы керек. Сепаратордың жұмысын тоқтатар алдында оған жылы су немесе майсыздандырылған сүт жіберіледі. Сепараторда айыру арқылы
шаруашылық
|
майын жасауға
|
қолданылатын жəне əрі
|
қарай
|
өңделетін
|
əртүрлі пайыздықтағы май үлесіндегі кілегейді алады.
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |