Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет129/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Шіріген дəм-сапасыз шкізатты қолданғаннан май белогының ыдырауы нəтижесінде түзіледі.
Балық дəмі- майды балық өнімдерімен бірге сақтағанда; мал рационында жемге берілген балық ұны болса пайда болады.

Көгерген дəм- май бетіңде жəне тығыз оралмаған өнімде зең дамуы нəтижесінде түзіледі.
Металл дəм - дұрыс емес қалайыланбаған ыдыстар мен қондырғынықолданған кезде май плазмасында темір мең мыс тұздарының еруі нəтижесінде түзіледі.
Штафф немесе майдың беттік тотығуыанаэробты микрофлора дамуы мен тотығу үрдісі нəтижесінде пайда болады. Майдың беттік қабаты қою сары түске, жағымсыз дəм мен иіске ие болады.
Май бетінің сарғаюымай бетінің ауа жəне микроорганизмдер əсерінен түрінің өзгеруі кезінде түзілетін ақау: майдың беткі қабаты жағымсыз дəмге ие болады жəне түсі қоюланады.
Үгілмелі консистенциямайды аса суытылған кілегейден өңдіргенде пайда болады. Сонымен қатар бұл ақау құрамында жоғары температурада еритін майлар болғанда немесе ақуызбен пен көмірсуы көп, ал майы аз азықтармен азықтандырған малдан алынған сүтті қолданудан пайда болу мүмкін.

Жұмсақ əлсіз консистенция жеткілікті мөлшерде жетілмеген кілегейден алынған майда жоғары температурада шайқау нəтижесінде түзіледі.


Біртексіз бояубір жəшікке тартылған майды салғанда немесе майды біртексіз түздағанда түзіледі.

Дұрыс емес немесе анық емес маркіленгенмайды, ішінен зақымданған, бөтен қоспасы бар сары майды; ашыған, балық немесе көгерген дəмді, сонымен қатар мұнай өнімдері мен жəне химикаттар мен бірге сақтағанда болады. Татымды қорытылған майды, бөтен дəм мен иісті, өнім түріне тəн емес, қосылған толтырғыш дəмі мен иісі білінбейтін толтырғьш бар сары майды саудаға жібермейді.
Майды орау жəне сақтау. Сары жəне қорытылған май өлшенетін жəне оралған түрде өндіріледі. Сары майды 24 кг дейін ағаш жəшікке; 20 кг дейін картон қораптарға салады. Жəшіктерге салар алдында оған пергамент немесе фольга төселеді. Қорытылған майды 40 жəне 80 кг—нан бөшкелерге салады.

234


Бөлшек сауда үшін майды брикет түрінде пергаментке немесе фольгаға 100, 200, 250 г-нан орайды; қорытылған майды шыны ыдысқа 450,


  1. г-нан, қаңылтыр банкіге 350 жəне 2700 г-нан салады.

Тұтынушылық ыдыстағы əрбір өнім бірлігінде келесідей мəлімет болу керек: кəсіпорын аты, тауарлық белгісі немесе кəсіпорын нөмірі, нетто массасы, май түрі, 100г өнімінің тағамдық жəне энергетикалық құндылығы, орау күні, өткізу мерзімі, стандарт нөмірі.

Сары май –3оС дейін температурада 80% салыстырмалы ауа ылғалдылығында: пергаментте оралған – 10 күн; фольгада – 20 күн; полимерлі стакандар мен қорапта – 15 күн; металл ыдыста - 90 күн сақталады.

Қорытылған май 0-ден -3оС дейін температурада шыны банкіге салынса 3 ай, ал металл ыдысқа салынса 12ай сақталады.

Сақтау кезінде майды жарық əсерінен қорғап ауа айналымын қамтамасыз ету керек.

Барлық май түрлерін өңдеуде шаруашылық майы өндірісінде сиыр сүтінің 1 жəне 2 сорттары жарамды. Əрине, майлылығы жоғары сүттен алынатын майдың сапасы да жоғары болады. Сүт майы сүттің энергетикалық бағалы компоненті, сонымен қатар, сүт тағамдарының дəмін, консистенциясын, тағамдық қасиетін арттырады. Сүт майы суда ерімегенмен, органикалық еріткіштерде эфир, бензин, хлороформда жақсы ериді. Сүттегі май орташа 3,6 % құрайды.

Сүт майының құрамы тым күрделі. Негізгі бөлігі үш глицерид. Оның сыртында майға ұқсас фосфолипид, стеарин жəне басқалары болады. Бір сөзбен айтқанда бұларды липидтер деп дейді. Липидтер жан-жануарлар жасушалары мен ұлпаларының ажырамас құрамдас бөлігі. Олар қуат көздері болып саналады, яғни ағзаны энергиямен қамтамасыз етуші жасушалар мен ұлпаларды қоректендіруші.
Ғалымдар сүт майының құрамында май қышқылдарының 100-ден астам түрінің кездесетінін, оның 12 түрі ғана барлық күрделі заттың 1% көлемінен сəл ғана көбірек болып, қалғандары мүлде аз мөлшерде жүретіндіктен майдың физикалық жəне химиялық қасиеттеріне мүлде əсері жоқ болатынын анықтаған. Қышқылдар қаныққан жəне қанықпаған болады. Осылардың ішінде қаныққандары сүт майы қышқылдарының 65% құрайды. Сүт майы қышқылдарының мөлшері мен құрамы малдың түріне, тегіне, жыл мерзіміне жəне азық құрамына қарай əркелкі болады. Майдың ерігіштігі үш глицеридке байланысты. Жаңа сауылған сүтте май түйіршіктері сұйық күйінде болады. 30оС- қа дейін салқындатқанда бірінші жоғары температурада балқитын үш глицеридтер қатады. Одан төмендеткенде басқа фракциялары қатады. Майдың осы қасиеті сары май алуда ескеріліп, шайқау температурасын дұрыс таба білуге мүмкіндік береді.


235



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет