4.3. Басытқылар
Бутербродтар – басытқылардың кең тараған түрлері. Оларды дайындау үшін ақ ж əне қара бидай нанын, кең ассортименттерде ірімшік, сары май, балық жəне ет гастрономиясын, жұмыртқа, балғын жəне консервірленген көкөністерді қолданады. Өнімдерді дəмі мен түсі бойынша таңдап қалыптастырады, беруге 30 минут қалғанда турайды жəне салқын
жерде сақтайды.
Басытқылар қатаң санитарлық – гигиеналық талаптарды сақтаумен дайындалады, себебі бұл өнімдер жылулық өңдеуден өтпейді. Олардың кең таралғандары: ашық бутербродтар, жабық (сэндвичтер), басытқылық (канапе).
Ашық бутербродтар.Оларды дайындау үшін қиғаштап кесілген бидай жəне қара бидай нанының қалыңдығы 1-1,5 см, ұзыңдығы 10- 12 см, салмағы 30-50 г тілімдері қолданылады. Өнімдерді тілімдеп кеседі ж əне нанның бетіне түгел жауып тұратындай əртүрлі өнімдерді салады. Аралығына салынған басытқылар атын беретін өнім көрінуі керек. Майы жағылмаған қара бидай тілімдердің бетіне майлы тағамдарды (шпик, шошқа ыстамалар) салады. Қарабидай жəне бидайды нанынан өткір (килька, майшабақ)
немесе əлсіз айқындалған дəмі бар өнімдермен (жұмыртқа, өткір емес балқыған сырлар) будербродттар дайындайды (сурет 46). Бірнеше өнімдермен дайындалған бутербродттар ассорти деп аталады.
Негізгі өнімге қосымша, гарнир ретіңде (гарнир) тұздалған немесе маринадталған қияр тілімдері, қызынақтар, балғын немесе консервіленген тəтті бұрыш, сүйексіз маслиндер, салаттар, көк жəне басқа өнімдер қолдананылады.
Шұжықтарды қолдану кезінде сыртқы қабатынан жəне шпагаттан босатады. Окороктардың терісін алып, жалғауыш қабығы бойымен сүйегін бөлшекке кеседі. Тұздалған балықты сүйексіз жəне терісіз қолданады. Оны біртектілеп, омыртқасын жəне турауға арналған қабырғалы сүйектерден бөледі.
Пісірілген бекіре, қортпа, шоқыр балықтарды салқындатады жəне 3-4
смқалыңдықта тілімдерге кеседі.
Паюсты уылдырықты мəрмəр немесе ағаш тақтайларда езеді,
пышақпен тегістеп, керек пішініне келтіреді. Майшабақты басытқы үшін
екі тілімін кеседі. Майшабақ, килька жəне əртүрлі уылдырық
басытқыларды, майды, гүл,жапырақ түрінде безеңдіріп, басытқының бір
жағына немесе ортасына орналастырады.
46 - сурет. Ашық бутербродтар
Кулинарлық бұйымдар (ветчина, пісірілген шұжықтар, қуырылған сиыр, шошқа жə не бұзау еті) жəне гастрономиялық тауарлар мен басытқылар үшін майды аз мөлшерде асханалық қышамен немесе соуспен араластырады.
Достарыңызбен бөлісу: |