Қазақстан республикасының білім және ғылым м


Токсикологиялық талдаудың зертханалық әдістерін меңгеру, токсикологиялық талдау. 1



бет7/18
Дата29.04.2018
өлшемі2,5 Mb.
#40309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Токсикологиялық талдаудың зертханалық әдістерін меңгеру, токсикологиялық талдау. 1

Модуль 2 Өсімдіктер токсикологиясы

Пестицидтер әсерінен туындайтын улануларды анықтаудың зертханалық тәсілдерін меңгеру. 1

Мочевина туындылары. Ас тұзы, калий тұздарынан, молибден қосылыстарынан улану. Карбамин, тиокарбамин және дитиокарбамин қышқылдарының туындыларынан болатын улануларды зертханалық анықтау. 1

Сынап, қорғасын, селен, талий, кадмий, сурьма қосылыстары. Зооцидтер. Басқа да топ қосылыстары. Мыс және оның туындыларынан болатын улануларды зертханалық анықтау. 1

Мышьяк және оның қосылыстары. Цианидтер қосындыларынан улану. Дәрілік заттардан улануларды зертханалық анықтау. 1

Модуль 3 Өсімдіктер токсикологиясы

Улы өсімдіктер және құрамында алколоидтары бар өсімдіктермен улануларға зертханалық сараптама. 1

Құрамында гликозидтері мен циан гликозидтері бар өсімдіктермен улануларға зертханалық сараптама. 1

Құрамында эфир майлары және шайыр тәрізді заттары бар өсімдіктермен улануларға зертханалық сараптама. 1

Құрамы толық зерттелмеген, бірақ токсикологиялық маңызы бар басқа да өсімдіктер. Фотосенсибилизациялаушы өсімдіктермен улануларға зертханалық сараптама. 1

Жабайы және мәдени алқа тұқымдастарды, басқада екпе өсімдіктермен улануларға зертханалық сараптама. 1

Микоздар және микотоксикоздармен улануларға зертханалық сараптама. 1

Жануар тектес улы заттармен улануларға зертханалық сараптама. 1

Құрама жеммен, күнжара және шротпен улануларға зертханалық сараптама. 1

Барлығы: 15Дәріс 1 Жалпы фармакалогияға кіріспе. Фармакокинетика.


Фармакокинетика – бөгде заттардың организмнің ішкі ағзаларда таралуының кинетикалық заңдылықтарын оқытатын ілім.

Фармакокинетика– дәрілік заттарды организмге жіберу жолдарын, олардың организмде орналасу жерлерін, организмдегі заттармен реакцияласу арқылы түзілетін метаболизмдерін, сіңуін және организмнен бөлінуін түсіндіретін фармакологияның бөлімі.

Олардың организмге фармакологиялық, терапевтикалық және токсикалық әсерлерін анықтайды.

Дәрілік заттарды организмге жіберудің бірнеше жолдары бар. Ас қорыту жүйесінің жолдары арқылы (энтералды) және одан басқа жолдар арқылы (парэнтералды) деп бөлуге болады.

Дәрілік заттардың фармакинетикасының сатысы:


  1. Дәрілік заттардың организмге сіңуіні;

  2. Дәрілік заттардың организмге таралуы;

  3. Метаболизм;

  4. Экскрециясы-шыгу

Дәрілік заттардың тін қабаттары арқылы сіңуі

Дәрілік заттардың сіңуі түрлері:

1.Диффузия

2.сіңірілуі- немесе резорбция

3.белсенді тасымалдау

Негізгі әдибеттер:



  1. Кожанов К.Н. Ветеринариялық фармакология

  2. Айтжанов Б.Д., Өтенов Ә.М., Модағұлов М.А. Фармакология

  3. Мозгов И.В. Фармакология М. 1984

  4. Мозгов И.В. Ветеринарная рецептура М. 1966

  5. Рабинович Практикум по фармакологии и общей рецептуре М. 1978

  6. Өтенов Ә.М. «Мал дәрігерлік фармакологиясы пәнінен лабораториялық- жаттығу сабақтарын оқытуға арналған» Методикалық нұсқаулар А. 1991

Қосымша оқулықтар:

  1. Сковронский В.А. Практикум по фармакологии и рецептуре М. 1962

  2. Государственная фармакопея


  1. Лабораторнық- тәжірбе сабақтар


М Е Т О Д И К А Л Ы Қ Н Ұ С Қ А У № 1

«Ветеринариялық фармакология және токсикологиямен » пәнінен


Тақырыбы: Химиялық фармакологиялық лабораторияда

жұмыстеу барысындағы техника қауіпсіздігі.

Сабақтың мақсаты: Студентерді «Ветеринариялық медицина» кафедрасының фармакологиялық лабораторияда жұмыс істеу қауіпсіздігінің жалпы талаптарымен таныстыру. Малға дұрыс келуді және оларды ұстау әдістерін үйрету.

Лабораторияда жұмыс істеу алдында оқытушы жалпы қауіпсіздік ережелері, жеке құралдармен дұрыс жұмыс істеу, құрылғылар, химиялық реактивтер және өрттің алдын-алу шаралары бойынша нұсқаулар жүргізеді. Содан кейін студеттер нұсқауды жүргізілген күні мен оқутушының аты-жөні жазылған арнайы журналға қол қояды.

Құралдар мен құрылғылар жиналып, химиялық реактивтер мен сабақта қолданылатын ыдыстар тексерілгеннен кейін жұмыс істеуді бастайды.

Сабақтың соңыңда жұмыс орынын, құралдарды, құрылғыларды, химиялық ыдыстарды жинастырып лаборантқа өткізеді.

Сабақтың барысында студенттер қауіпсіздік ережелерін және санитарлық- гигиеналық нормаларды қатаң сақтаулары керек:


  • Клиника лабораториясында жұмыс істеудегі техника қауіпсіздік ережелеріне және еңбек қорғауға институттің мүдірі мен кафедра меңгерушісі жауапты;

  • Лабораторияда жұмыс істегенде міндетті түрде ақ халат пен қалпақ кию керек;

  • Шыны ыдыстармен абайлап жұмыс істеу керек;

  • Концентрациялы химиялық реактивтерді қолмен ұстайуға болмайды;

  • Сынық , жарылған ыдыстарды жұмыс істеуге болмайды;

  • Лабораториялық жұмыстарды жүргізіп болған соң барлық құрылғыларды тоқтан ажырату керек;

  • Студенттер нәтижесі белгілі және оқытушы рұқсат еткен лабораториялық эксперименттерді жасау керек;

  • Студенттер лабораторияда жеке бас тазалығы ережелерін сақтау керек;

  • Сабақ уақытында тамақ ішуге, темекі тартуға, арнайы киімді шешуге болмайды;

  • Лабораторияға арнайы киімсіз кіруге, киім аустыруға болмайды.

Лабораториялық жануарлармен жұмыс істеудің негізгі ережелері

Лабораториялық жануарларға операция жасағанда, инъекция енгізгенде, қансыздандырғанда, фистулалар мен датчиктер орнатқанда ауырсыну болмау үшін, жергілікті жансыздандырғыш немесе жалпы есірткі заттар пайдалану керек.

Бекіту әдістері. Ұсақ лабораториялық жануарларды бекіту үшін жәшіктер пайдаланады. Оның үлкендігі жануардың көлеміне сәйкес болады. Жануарларды қолмен ұстауға да болады. Қояндармен теңіз шошқаларын көмекші үстелдің үстінде, тізесінде немесе қолында жұмыс істеуге ыңғайлы қалыпта ұстайды. Итті тексерген кезде, қандай жуас ит болмасын оған томаға кигізу қажет, егер олар жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіннің ұшын желкенің мойнынан байлау керек.

Химиялық фармакологиялық лабораторияда жұмыс істеудің негізгі талаптары.



  • Малдәрігірлік мақсатта қолданылуға арналған улы және қатты әсер ететін заттарды есепке алу, жіберу және сақтау ережелеріне сәйкес лабораторияға түскен барлық қышқылдар, сілтілік және т.б. химиялық заттар есепке алынып, арнайы бөлмелерде сақталады.

  • Өрт тудыру қаупі бар, тез тұтанатын және атылғаш заттарды негізгі сақтау бөлмесінен бөлек, ауасы тазартылып отыратын, табиғи жарықтандырылатын арнайы бөлмелерде сақтайды. Ал лабораторияда істеп жатқан жұмысқа қажетті мөлшерде ғана ұстаған жөн.

  • Лабораторияда жанғыш және атылғыш заттарды улылығы жоғары заттармен бірге сақтауға тыйым салынады.

  • Аса улы заттарды есепке алу мен босатуды лабораторияға арнайы бөлінген, нұскауды жақсы меңгерген жұмысшы жүргізу керек.

  • Реактивтер және басқа химиялық заттар лаборатория бөлімшелеріне бөлімше бастығының рұқсатымен босатылады.

  • Реактивтер мен басқа химиялық заттардың лабораторияда сақталуына бөлімше мамандарының біреуі жаупты болады.

  • Жарақтың әсерінен ыдырайтын реактивтерді қою қоңыр түсті шыны ыдыста, жарық өткізбейтін шкафтарда немесе картон қораптарда сақтайды.

  • Шыныны күйдіргіш реактивтерді /фтор-сутекті қышқыл және оның тұздары/ эбониттен жасалған ыдыста немесе ішкі беті парафинделген шыны ыдыста сақтайды.

  • Азот, тұз, сірке, құмырсқа қышқылдарын ауасы үнемі тазартылып отыратын шкафтарда сақтау керек, өйткені, қышқылдар тұрған ыдыстар қызып кетсе жарылуы мүмкін.

  • Аталған қышқылдарды қыздырылатын құрамдардың маңында немесе күн сәулесі түсетін жерде сақтауға және көлемі 0,9 асып кететін шөлмектерді бұл қышқылдармен толтыруға болмайды.

  • Сұйықтық ағып кетпеу үшін қышқыл құйылған шөлмектер зақымдалған, аузы тығыз жабылған болу керек. Ал олар тұратын кәрзеңкелердің тұтқалары мықты болу керек. Шөлмекке мен кәркеңкенің арасына сабан /солома/ немесе т.б. жұмсақ заттар салынады.

  • Қышқыл құйылған шөлмектерді арқаға салып тасуға тыйым салынады. Оларды арнайы арбаға тасымалдау керек.

  • Қышқыл құйылған үлкен ыдыстарды арнайы изоляцияланған жерде сақтаған жөн.

  • Қышқылдарды және күйдіргіш сұйықтықтарды ыдыстарға құйғанда грушасы бар шыны сифондарды немесе штативпен иілетін арнайы құралдарды қолдануға ұсынылады.

Бірінші көмек көрсету.

1. Жарақаттанған адамның киімін шешіп алу керек немесе қиып тастау керек. Содан соң жараның айналасындағы қанды сүртіп, шеттеріне йод жағу керек. Жараның үстіне стерилді мақта тампонын қойып, бинтпен орап тастау керек. Егер қан көп ағатын болса, оны жгутпен тоқтатады. Жгут болмаған жағдайда белдікті, шыттын немесе басқа тағатын орамалды пайдалануға болады. Жгуты жазда 2 сағатқа, қыста 1 сағатқа салуға болады. Жарақатталған адам дәрігер келгенше толық тыныштықта болу керек.

2. Бір жерін соғып алған кезде мұз, суық су, тартқыш байлауыштарды пайдалануға болады.

3. Сіңірін созып алған болса, буынға суық компресс басады.

4. Шынтақ буынында қолын шығарып алса, қолын шығарып алудың нәтижесінде буында түзілген бұрышты өзгертей қолды денеге бинтпен орап тастау керек. Дәргерсіз қолды түзетуге болмайды.

5. Сынық кезінде негізгі көмек көрсету, ол- сынған жерге тақтай, шыбық немесе картон және т.б. қатты заттардын шина қойып, тамып тастау. Ашық сынық болғанда алдымен сынған жерге стерилді тану салып, одан кейін шинаны (иммобилизациялық таңу) бинтпен орайды. Шинаны алдымен мақтамен немесе матамен қалың қылып орап, содан соң сыныққа орайды. Адам дәрігер келгенше толық тыныштықта болуы керек.

6. Жеңіл күйік кезінде (тері қызарып түрғанда) күйген жерге спирт, ас содасының ерітіндісін басу керек.

Күйген жерді стерильді маталармен жауып, бинтпен орап тастау керек. Ауыр күйікте күйген жерді қолмен ұстауға немесе сүртпе май, май, вазелин жағуға болмайды. Сонымен қатар, түзілген күлдіреген көпіршіктің бетін алып тастауға, күйген жерге жабысып қалған киім бөлшектерін алуға болмайды. Күйген жерге стерильді салфетка жабу керек. Оның үстінен мақта қайып, битпен орап тастау керек. Дәрігер келгенше зақымдалған адам толық тыныштықта болу керек.

7. Басынан күн өткен жағдайда, егер ол адам кенеттен пайда болған әлсіздікті, басы айналғаның, жүрек жұмысының әлсіреуін сезсе, ол адамды ауасы таза, салқын жерге апару керек. Бетіне желпу арқылы, басы мен кеудесін суық сумен сулау арқылы денесін суыту керек. Егер тыныс алуы әлсіресе немесе тоқтап қалса, жасанды тыныс алдыру керек. Дәрігер келгенше ол толық тыныштықта болу керек.

8. Электр тоғымен зақымданған кезде лезде электр жүйесін өшіру керек. Токты өшіруге болмайтын жағдайда, адамды электр тогының әсерінен босату үшін құрғақ ағаш, тақтай, резеңке қолқаптарды пайдалану керек. Металл және су заттарды қолдануға болмайды. Сонымен қатар, оның киімсіз, ашық дене бөліктерінен ұстауға болмайды. Егер адам есінен танбаса, онда оны ыңғайлы жатқызып, киімінің түймелерін ағытып, таза ауамен дем алдыру керек. Дәрігер келгенше ол толық тыныштықта болу керек.

Ал егер есінен танып қалатын болса, бетіне су бүркіп, денесін ысқылап жылытып, мүсәтір спиртін иіскетеді. Тыныс алуы әлсіресе немесе тоқтап қалса, жасанды тыныс алдыру керек. Дәрігер келгенше ол толық тыныштықта болу керек.

9. Улы химикаттармен уланғанда адамды ол жерден тез алып кетіп, кірленген және тар киімін шешу керек. Көзге немесе теріге түскен улы затты көп мөлшердегі сумен жуу керек, көзді ас содасының немесе бор қышқылының 2%-к ерітіндісімен жуу керек. Улы химикаттың асқазанға түскен жағдайында адамға бірнеше стақан су немесе ашық қызғылт түсті калий-марганец қышқылды ішкізу керек. Құсқанан кейін 2-3 қасық активтелген көмір жарты стақан суға ерітіп ішкізеді. Іш өткізетін зат енгізеді (күкірт қышқылды магнезияның 30% -к ерітіндісінен 100-150 мл немесе 20 грамм ащы тұзды жарты стақан суға ерітеді). Дәрігер келгенше уланған адам толық тыныштықта болу керек.

10. Көмір тотығынан (угарный газ, СО) жіті уланған кезде адамды ол жерден тез алып шығып, тыныс алуын қиындататын заттардың (түймені ағыту, белдікті босату )түгелін алып тастау керек. Оны ыңғайлы жатқызып, табанына грелка, горчичниктер қою керек (күйіп қалмауын қадағалау керек). Есінен танып қалса, мүсәтір спиртін иіскетіп, кеудесі мен бетіне суық су бүркиді, денесін ысқылайды. Дәрігер келгенше оған толық тыныштық беру керек.
№_____________бақылау парағы

Қауіпсіздік ережелері бойынша студентерге нұсқау жүргізу


Кафедра__________________________________________________

Курс_____________________________________________________

Нұсқауды жүргішінің аты-жөні мен лауазымы_______________
Нұсқауды жүргізген күн ________________________________________

Лабораторияда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың нұсқау __________________


Нұсқауды меңгердік:


реттік№

Студенттің аты-жөні

қолы




1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13










14










15










16










17










18





















Қауіпсіздік ережесі бойынша жүргізілетін нұсқауды тексердім:__________________

(қолы)
«Ветеринарлық медицина»

кафедраның меңгеруші:

2 Әдістемелік нұсқау

3 курс студенттеріне фармакогнозия пәнінен арнайы курс бойынша

«Дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру және сақтау»

тақырыбына арналған


Сабақтың мақсаты: Дәрілік өсімдіктердің өсіп-өнуі, Семей аумағында өсетін дәрілік өсімдіктермен танысу. Дәрілік өсімдіктің емдік мақсатқа пайдалынатын шикі затын жинау мерзімдері, кептіру және сақтау ережелерін жан-жақты сипаттау, бұл шикі заттарды стандарттау, буып-түю, маркілеу және дәрілік мақсатқа дайындау, пайдалану жолдары.

Уақыт – 2 сағат

Қажетті құрал-жабдықтар: Өсімдік гербарилері, фармакология пәнінің дәрілік өсімдіктерге арналған оқулықтары.

Сабақтың барысы:



  1. Аудиториялық істі ұйымдастыру – 3 минут

2. Студенттерге сабаққа арналған бағдарламаларды тарату: (Өсімдікке ботаникалық мағлұмат беретін әдістемеліктер), атқарылуын түсіндіру – 20-25 минут

3. Дәрілік өсімдіктер туралы анықтамалықтар. (Еліміздің әр аймағында өсетін дәрілік өсімдіктер жайлы оқулықтар т.б.) – 5-10 минут.

4. Дәрілік мақсатқа пайдалынатын шикі зат түрлеріне сипаттама беру және бұл шикі заттарды буып-түю ережелері – 15-20 минут.

5. Сабақты қортындылау, келесі сабаққа тапсырма беру, үй тапсырмасын тексеру – 10-15 минут.

Қосымша тапсырма:

1. Әр студент өзі тұрып жатқан елді-мекен аймағындағы өсетін дәрілік өсімдіктер жайлы мәлімет.

2. Сол өсімдіктердің медицина – ветеринария саласында қолданылуын қарастыру.

3. Бұл өсімдіктердің зияндылығы мен қандай жағдайда емдік мақсатқа пайдалануға жарамдылығына сипаттама беру.

Мазмұны: Дәрілік мақсатпен жиналатын өсімдіктердің мемлекеттік (реестр в НТ) нормативтік-техникалық құжаты болуы шарт, онда: өсімдіктің тұқымдасы, түрі жөніндегі – қазақша, латынша аталуы болуы және ол өсімдіктің ботаникалық-биологиялық, фармакологиялық қаситеттері баяндалуы қажет. Сондай-ақ дәрілік өсімдіктер жиналатын аймақ экологиялық талапқа сай болуы шарт.

Жиналған өсімдік шикі заттарын кептіру, сақтау ережелері алдын-ала анықталынған ұсыныстағы құжаттары заңдылықтың негізі болып саналады.

Дәрілік өсімдік шикі затын жинау – ашық ауа райында таңертеңгі шықтан кейін жинайды. Жапырақ, гүл сабағын - өсімдіктің гүлдеу кезінде жинаса, ал тамыр-тамырша, түйнектерді көктемде-күзде жинау негізделген.

Жиналған өсімдік шикі затын арнайы құралдар арқылы қиып, жинап арнайы корзинкаларға шақтап салып, кешіктірмей кептіру қажет.

Гүл түйіндерін пайдалану (qemmal), ерте көктемде бөрткен кезде және биологиялық қажетті заттардың мол жинақталған мерзімі болып саналатындықтан осы мерзімде жинау ұсынылған. Мысалы, қайың, терек т.б. жинақтап кептіргеннен кейін бөлектейді.

Жапырақ – toliae – гүлдеу мерзімінің жеміс түзу кезінде, сабағынан ажырата отырып жинап кешіктірмей кептіріледі.

Гүл – Flores - гүлдеу мерзімінің бас кезінде қолмен және құралдарды пайдалана отырып жинайды.

Сабағы, шөбі – herbae – гүлдеу кезінде өсімдіктін ұшынан 20-30 см төмен жер бетіндегі бөлігін жинап, кептіреді.

Жеміс және тұқым – құрғақ жеміс және тұқымдарды толықтай пісудің алдында таңертеңгілік және кешкі салқын кезде жинап, оларды сығып, сүзгі немесе сеткіден өткізіп алады.

Қабық – cortices - көктемде ағаштардың сөлдік қозғалысы басталған кезде, қабық жақсы сыдырылады, сондықтан осы мерзімде жинау қолайлы, бірақ өсімдіктің өсуіне дейін жинауы ұсынылған. Бұл жұмыстарға пышақ-кескіш құралды қолдана отырып, 30 см-дей мөлшерде тіліп алады.

Тамыр – тамырша, түйіндер – radices, rhizomata, tubera bulli – көктем, күзде өсімдік өсуі тоқталғаннан кейін, немесе басталғанға дейін жинайды. Қазып алынғаннан соң, топырақтан, басқадай қосындылардан тазартады.

Тазарту - (очистка) - өсімдік шикі заттары жиналып болған соң талапқа сәйкес тазартылады.

Кептіру - өсімдік шикі затын негізгі талапқа сәйкес кептіріп сақтайды, бұл кезде ферменттік процестер тоқталып, шикі заттың сақталуына мүмкіндік туғызады. Жасанды жолмен кептірген кезде 50-60°C, жеміс-жидектер үшін - 80°C ыстықта кептіру көзделген және күн көзінде кептіруге рұқсат етілмейді.

Жайлап кептіру – жиналған шикі заттарды жұқалап арнайы бөлмеде жайып, кептіреді. Бөлме жақсы желдетіліп тұруы керек, әбден кепкен кезде өсімдік өзінің эластикалық қасиетін толық жояды, үгітіліп тұрады. (жапырақ, гүл). Осындай әдіспен кептірілген дәрілік шикі зат емдік мақсатта қолдануда өте сапалы деп саналады, өйткені бұндай жағдайда оның құрамындағы дәрілік қасиет жақсы сақталады екен.

Сақтау – толықтай кептірілуден өткен өсімдік шикі заты өзіндік талапқа сәйкес арнайы ыдыс, қораптарға салынып, сақтауға арналған қоймаларға белгілі мөлшерге сақтауға жібереді. Ол қоймалар ылғалданбауы қажет.

Өте күшті әсер ететін дәрілік өсімдіктерді және иісті өсімдіктерді бөлек сақтайды. Тамыр – тамыршаларға қарағанда өсімдіктің басқа шикі затына сақталу мерзімі қысқа.

Быламық – Cataplasm – ботқа тәріздес жұмсақ түрдегі дәрілік зат. Жануар терісіндегі жүн қырқылып тазаланғаннан кейін сол аймаққа дәкеге орап қолданады. Жұмсартқыш әсері бар, бұл мақсатта пайдаланылатын өсімдік құрамында негізінен: кілегейлі және ауырсынуды басқыш зат болады. Сондай-ақ эфир майлы өсімдіктердің тітіркендіруші әсері бар. Көбінекей кілегейлі заты басым өсімдіктер, әзірлене салысымен бірден пайдалынады, сақтауға жарамсыз.

Ботқа – electuarium – ботқа түріндегі жұмсақ келген, ішке қолданылатын дәрілік зат. Өсімдік сөлдері, майлар – дәмін жақсарту үшін қосымша қолданылады.

Ірі қара малына: ащы және тұщы (тұзды);

Жылқы – тұзды және өсімдіктің кілегейлі заты;

Шошқа, иттерге – тәтті заттар қосынды ретінде пайдалынады.

Құрамында өте күшті әсер ететін заттары бар өсімдіктерден дәрілік заттың бұл түрін дайындамайды, өйткені қажетті мөлшер ауытқымалы болып келеді. Дәрілік зат әзірлене салысымен қолданады, сақтауға жарамсыз.

Эмульсия – emulsum - сырт көрінісі сүт тәріздес, суда және сұйықтарда ерімейтін өсімдіктер шикі заттарынан әзірленетін күрделі зат, бұған жақсы орналасуы үшін эмульгаторлар қосады. Эмульсияны құрамында майы бар өсімдіктер тұқымынан дайындайды.

Әзірлеу барысында шикі затта 60°C – ыстық суда 10-15 минут ұсталған соң тұқым қабықтарын сыдырып үгітеді де бұған 1:10% бөлікте су қосады да әзірленген ботқаға 1:10 қатынаста су қосып дәкемен сүзеді.

Тұқымдық эмульсияларды жекелей және сұйықтық орта ретінде басқадай дәрілік заттармен 7 күн мөлшерінде қолданады.

Дәрілік қоспа, күрделі шай – Species – ірі ұсақталынған шикі зат, құрамында – тұздар, эфир майы бар. Бұны дәрілік мақсатта қолданылатын өсімдік шикі заттарынан әзірлейді, ішуге және жағуға қолданады, әсеріне қарай: жұмсартқыш (қабынған тінді жұмсартады) зәр бөліну ұлғайады, тыныштандырғыш.

Тұнба – intusum - өсімдіктің жер үсті бөліктерін пайдаланудан дайындалатын дәрілік зат. Осы бағыттағы дәрілік шикі заты фармакология ұсынысы бойынша: Әлсіз әсерлі зат- 1:10; орташа әсерлі зат – 1:30; Өте күшті әсерлі зат – 1:400 қатынаста әзірленеді.

Өсімдік шикі заты 15-25 минут (мөлшеріне байланысты) қайнатылған соң сүзіп алып, бөлме жылуына дейін салқындатылып, рецепт бойынша пайдалынылады.

Тұндырма – tincture – (настойка)- өсімдік құрамындағы дәрілік заттың – спирт және эфирлі ерітінділерді қолдану арқылы бөлінген дәрілік шикі зат. Бөлме температурасында, көлеңке жерде сақтайды.

Сығынды – extractum – экстракт жекелей, сондай-ақ пилюль, болюс, микстур құрамында кіреді.

Іш өткізгіштер – (слабительный) – дәрілік мақсатта қолданылатын өсімдіктердің ұсақталған шикі заттарынан қосынды ретінде дайындап, арнайы ережелер талаптарына сәйкес әртүрлі ыдыстарға (парафинді қағаз, шыны банкі) салып, қоймаларда сақтайды. Өсімдік құрамындағы негізгі заттардың өзгеруіне әсер ететін факторлар және ол жағдайдың токсиндік әсер етуі.

Беру мөлшерінің шамадан артуы – дәрілік өсімдік шикі заттарының қолдану мөлшерінен ауытқуы және құрамдық пайыз қатынасының бұзылуынан болады.

Өсімдік шикі заттарын жинау мерзімі. Бұл мезгіл өсімдіктегі дәрілік заттың өзіндік деңгейіне жетуі және токсиндігіне әсер етеді.

Топырақтың сипаты. Ауа-райы, жыл мезгілі сондай-ақ ылғалдылық және топырақ құрамындағы әртүрлі факторлар тарапынан, топырақ құрамы арқылы өсімдіктегі дәрілік немесе биологиялық заттардың өзгеруіне әсер етеді.

Токсиндік заттар: Әсіресе алколоидтар, протовератин және йервин, белладон т.б. Жүрек гликоидтері, кейбір органикалық қышқылдар, эфир майы. Улы заттардың организмге түсуі, тыныс жолы, ас қорыту және жанасқан кезде болады.

Ұсынылатын әдебиеттер:



    1. Володарский Л.И. Практическое руководство по сбору и заготовке дикорастущих лекарственных растений 1959

    2. Фармакопея 1998

    3. Флора Казахстана Тома 1-9 Алма-Ата, «Наука» 1956-1966

3. Әдістемелік нұсқау

3 – курс студенттеріне фармакогнозия пәнінен арнайы курс бойынша

«Дәрілік өсімдіктер шикі заттар жарамдылығын сараптау әдістемеліктері»

тақырыбына арналған
Сабақтың мақсаты: Сараптау жұмысын дәрілік өсімдіктің қолданылатын шикі затының түріне қарай, әртүрлі бағытта атқару.

Уақыт – 2 сағат

Қажетті құрал-жабдықтар: Өсімдік гербарилері, шикізаттар.


  1. Микроскоптар

  2. Лупалар

  3. Құрал-саймандар

Сабақтың барысы:

  1. Аудиториялық істі ұйымдастыру – 3 минут

2. Студенттерге сабаққа арналған бағдарламаларды тарату және атқарылуын түсіндіру – 15 минут

3. Мүмкіндіктегі тәжірибелік жұмыстарға пайдалынылатын құрал-саймандарға техникалық қауіпсіздігін түсіндіру – 5 минут

4. Тәжірибелік жұмыстар – 30 минут

5. Сабақты қортындылау, келесі сабаққа тапсырма беру, үй тапсырмасын тексеру – 15-20 минут

6. Қосымша тапсырма (реферат)

а) ғылыми журнал, әдебиеттер бойынша: сараптау, сипаттау әдістемеліктеріне шолу жасау.

Жапырақ - (листья) – Folia

Сыртқы көрініс. Ұсақ жапырақтарды құрғақтай, ірі, жұқа жапырақтар умаждалған (смятым) күйінде болатындықтан тексерер алдында ылғалдау қажет, немесе бірнеше минут ыстық суға салып, бұдан кейін шыны төсеніште жайлап жазу қажет.

Ал жас жапырақтарды ешқандай өңдеусіз зерттей береді. Көлемі сызғыш арқылы өлшенеді. Түсін табиғи жарықта, екі жағын қарау арқылы, дәмін жапырақтың өзін немесе қайнатындыны татып көреді.

Микроскоппен қарау. Бүтіндей, кесілген және ұнтақталған өсімдік шикі затына жүргізіледі.

Бүтін жапырақты: жапырақтардың қалыңдығына қарай, беткі және көлденең кесінділер тексеруге алынады. Сонымен қатар зерттеуге жапырақтың әр бөлігі диагностикалық маңыздылығына қарай алынады.

Ұсақталынған жапырақтар: бір бөлік іріктелініп алынады. Әзірленген микропрепараттағы, мынадай диагностикалық ерекше белгілерге көңіл аударады: эпидермис құрлысына, кристалды заттардың пішініне, механикалық тканьге, сөл өзекшелеріне т.б.

Ұнтақ – (порошок). Ұнтақ микропрепараттарында жіпшелердің кесіндісі және басқадай бөліктері негізінен үстіңгі жағынан көрінгенімен, бүтін жапырақтағы сияқты барлық диагностикалық элементтерді көруге болады. Кейде көлденең кесіндісі көрініп ондағы: мезофил структурасы мен эпидермис құрлысының ерекшелігі жақсы көрінеді. Сондай-ақ ұнтақта ткандердің көптеген үзінділері мен жекелей элементтер де кездеседі.

Люминесцентті микроскоппен қарау. Құрғақ ұнтақ тексеріледі, жапырақтың көлденең кесіндісі сирек. Бүтін және кесілген шикі затты алдын –ала ылғалдайды. Негізінен кутикула жарқырап көрінеді, сондай-ақ клетка қабығы механикалық ткань, ксилема элементі, мезофил клеткаларының жекелей механикалық бөліктері, жапырақтың эпидермисі ондағы химиялық құрамына байланысты. Кейбір өсімдіктердің жапырақтарындағы:сөл, сөл өзекшелеріндегі заттар химиялық құрамына байланысты жарқырап көріну қасиеті болады.

Гистохимиялық реакция. Көлденең кесіндіге және ұнтақтағы эфир майын анықтауға, қалың кутикуланы, кілегейлі заттарды т.б.

Сапалылығын анықтау реакциясы: сапалық арнайы нормативтік құжатқа сүйене атқарылады.

Сандық көрсеткіштерін анықтау: шикі заттағы:

- әсер етуші заттың құрамын, биологиялық активтігін: (арнайы әдістемеліктер бойынша жүргізіледі).

- ылғалдығын, күл (зола) құрамын анықтау


  • ұсақтылығын және ондағы қоспаларды саралау

Шөп –Herbae – травы. Фармацевтикалық практикада шөп ретінде – дәрілік мақсатта қолданылатын, өсімдіктің жер бетіндегі алынған бөлігін айтады. Шөпті - гүлдеу уақытында жинайды, кейде жемістену кезінде. Шикі зат: сабағы, жапырағы, гүл, піспеген жемістен тұрады. Бірақ кей өсімдіктің тек жоғарғы жағын, кейбірінің барлық жер бетіндегі бөлігін, кейде тамырымен қоса жиналады.

Сыртқы көрініс. Сабағының құрлысына, жапырақ, гүл, жеміс жай көзбен немесе лупа көмегімен қарауға болады. Егер ұсақталған болса: әр бөліктерінен іріктеп алады. Сабағындағы ерекшеліктерге, оның көлеміне, цилиндр, қабырға, төртбұрышты, т.б. сабақтағы жапырақтардың орналасуына, гүлдеу түріне, жапырақ, гүл, жемістердің құрылысына көңіл аударады.

Гүл – Flores. Фармацевтикалық практикада гүл (цветками) ретінде, гүл (цветка) немесе гүл шоғыры (соцветия) және оның бөліктері сыналады. Гүлді - гүлдеудің бас кезінде жинайды, кейбіреуін бүршіктену фазасында.

Жеміс – Froctus. Фармацевтикалық практикада жеміс ретінде: қарапайым және күрделі сондай-ақ жалған жемістермен бөліктері есептеледі.

Ұрық – Semina. Фармацевтикалық практикада: бүтін, бөліктенген тұқымдарды жатқызады, тұқымдарды әбден піскен кезінде жинап кептіреді.

Қабық – Cortices. Фармацевтикалық практикада қабық ретінде: өзекшенің сыртқы бөлігі, бұтақшалар мен тамыр-тамыршалардың сыртқы бөлік қабықтары пайдалылады.

Қабықтарды көктемде ағаштардың сөлдік қозғалысы (сокодвижение) басталған кезде қабық жақсы сыдырылады, сондықтан осы мерзімде жинау қолайлы, бірақ өсімдіктің өсу-өну процесі бастаалуға дейін жиналуы ұсынылған.

Тамыр – тамыршалар, луковицы, клубни, клубнелуковицы.



Radices, Rhizomata, Bolbi, Tobera, Bolbotubera.

Фармацевтикалық практикада көпжылдық өсімдіктердің жер асты органы қолданылады, көбіне күзде немесе ерте көктемде тазартылған, топырақтан жуылған, кеуіп қалған бөліктерінен ажыраған бөліктері қолданылады. Өте ірі болса кептіргенде ортасынан жарады.

Сборы – Species. Қосынды ретінде бірнеше өсімдіктің ұсақталған түрі, кейде тұтас бөлігі, кей жағдайда тұз, эфир майы емдік бағытта қосылған шикі зат саналады.

Дайындалуы – құрамы техникалық талапқа сәйкес болуы қажет. Құрамдас өсімдіктерді әрқайсысын жекелей ұсақтайды. Бұл: «Тұнба», қайнатынды түріне қарай болады.

Жапырақ, шөп және қабықтарды кеседі, ұнтақтайды. Тамыр және тамыршаларды қаттылығына, көлеміне байланысты кеседі немесе ұнтақтайды.

Жеміс және тұқымды ұсақтап сүзгіден өткізеді. (0,18 мм). Кейбір тұқым және жемістерді тұтастай: гүлді және кішкентай гүл шоғырын тұтастай ұсақталған күйінде пайдаланады.

Осындай істер атқарылған соң, барлығын жақсылап бірдей түске ие болғанша араластырады. Егер бұл құрамға тұз қосылуы керек болса: Қаныққан ерітінді жасап, араластыра отырып сеуіп 60°C кептіреді.

Ал эфир майы 1:10 қатынаста спиртті ерітінді ретінде жоғарғы реттегідей қосылады.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Головко Д.Н. Сбор, сушка, хранение и упаковка лекарственного сырья 1959

2.Фармакопея 1998

3. Флора Казахстана Тома 1-9 Алма-Ата, «Наука» 1956-1966


4. Әдістемелік нұсқау

3 – курс студенттеріне фармакогнозия пәнінен арнайы курс бойынша

«Дубильді зат және дубильді заты бар өсімдіктер»

тақырыбына арналған
Сабақтың мақсаты: Дубильді зат немесе дубильді заты бар өсімдіктер маңыздылығын қарастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет