Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі М. О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет2/4
Дата12.10.2022
өлшемі207,21 Kb.
#152801
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-29901
stud.kz-23428, stud.kz-13676, Қазақ бөлімі 4 пән (срез 2), fizika
Тұқымның өнуi
Тұқым 3 бөлiктен тұрады: 1) жабын ұлпасы; 2) эмбрионалдық ұлпа (сабақша, тамырша, жапырақшаның бастамасы); 3) қор заттар.
Қосжарнақты өсiмдiктерде қор заттары тұқым жарнағында болады, ал дара жарнақтыларда эндоспермде болады.
Химиялық құрамы бойынша пiсiп-жетiлген ауыл-шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын үш топқа бөледi: 1) крахмалға бай тұқым; 2)ақуызға бай тұқым; 3) майларға бай тұқым.
Өну кезiнде сiңiрiлiнiп iсiнедi, сыртқы тұқым қабықшасы бұзылады.
Өну кезiнде ферменттердiң әсерiнен тұқымның қорға жиналған күрделi органикалық заттардың ыдырауы жүредi: ақуыздар – амин қышқылдарына дейiн, полисахаридтер – моносахаридтерге дейiн, майлар- май қышқылдары, оксиқышқылдар, альдегидтерге дейiн және ұрық бұл заттарды сiңiредi.



Бiрiншi жапырақтар функциясын атқаратын тұқым жапырақтары сыртқа шығарылады, өседi. Ұрық өскiнге айналғанда тұқым жарнақтарының бiрiншi жапырақ ретiндегi функциясын жоғалтады.


Тұқымдағы ұрықтың өсуi жаңадан түзiлу, бастама мүшелердiң мөлшерiнiң үлкеюi жасушалардың бөлiнуi нәтижесiнде және меристеманың ұлпаларының өсуi нәтижесiнде жүредi.
Өсу фазалары
Жоғары сатыдағы өсiмдiктiң әр жасушасы даму процесiнде белгiлi бiр зат алмасумен сипатталатын зат алмасуымен анықталады:

  1. Эмбрионалдық өсу фазасы.

  2. Созылу фазасы

  3. Iшкi дифференциация

  1. Эмбрионалдық фазада – барлық жасушалар протоплазмамен толтырылған, вакуольдер жоқ.

  2. Созылу фазасы – вакуолдер пайда болады, клетка қабықшасының өсуi басталады, клеткалар созыла бастайды.

Сабақтың ұшында немесе тамырдың жас клеткалары өсудiң эмбрионалдық фазасында болады да олар өсу конусы деп аталатын аймақты құрайды. Эмбрионалдық зонадағы клеткалар бiртiндеп созылу фазасындағы клеткаларға өтедi. Одан соңғы аймақта клеткалар iшкi дифференциациядан өтедi. Бұл зонадан соң өсуiн тоқтатқан тұрақты ұлпалардың элементтерi орналасқан.
Меристема клеткаларының жаңа клетка түзуге мүмкiндiгi ұзақ уақытқа созылады. Олардың бiреуi меристемалық болып қалады, ал екiншiсi жасушадан бөлiнген соң белгiлi бiр ұлпаның клеткасына айналады.
Меристема бiрiншi реттiк (тiкелей ұрық ұлпасынан түзiледi) - өсу конусы. Екiншi реттiк меристема мысалы, феллоген эпидермис клеткасынан немесе алғашқы қабық клеткаларынан түзiледi.
Клеткалардың бөлiнуiн (митоз) травматин қышқылы, лейкоантоциандар мен кинетин стимулдайды. Клеткалардың бөлiнуiне витаминдер тиамин (вит В1), пантотендi қышқыл, пиридоксин, фолий қышқылы, амин қышқылдары (цистейн, тринтофан), пуриндер (гипоксантин, ксантин) қажет.
Митозды тоқтататын заттарға иодацетат, 2,4- динитрофенол, цианидтер, малейин қышқылының гидразидi жатады.
Созылу фазасында меристема клеткалары бөлiнудi тоқтатады, көлемi үлкейедi, вакуольдер пайда болады. Вакуольдерде көп мөлшерде су жиналады, целлюлоза көптеп түзiле бастайды. Түзiлген целлюлоза молекулалары клетка қабықшасына енедi. Клеткадағы цитоплазманың мөлшерi бiрнеше есе артады.
Көп клеткалы өсiмдiктiң мөлшерiнiң үлкеюi созылу фазасындағы клеткалардың өсуiне байланысты болады. Созылу кезеңiндегi клеткалардың өсуiне ауксин а мен в, гетерооуксин (C10Н9О2N) – b индолил сiрке қышқылы стимулдайды.
Эмбрионалдық клетканың арнайы маманданған клеткаларға айналуы дифференцировка деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет