10.5 Басқа модульдерменара қатынасы, модулді оқуға қойылатын негізгі талаптар 1-4 Модульдерді оқу кезінде алынған базалық білімдердің, сонымен қатар 5 Модульдегі орағыш материалдар мен орау тәсілдері туралы білімдердің және 6 Модульдегі талдаудың әртүрлі әдістері туралы білімдердің, 7 Модульдегі орау үдерістері туралы білімдердің, 8 Модульдегі тамақ өнімдерінің сақтау мерзімін арттыру туралы мамандандырылған білімдердің болуы 10 Модульге ауысу негізі болып табылады.
Мазмұны тарапынан да, жүйелеу тарапынан да 9-13 Модульдердің көмірсуларға және майларға бай тамақ өнімдері саласындағы кәсіби бағдары тар (мамандандырылған модульдер). Осы Модуль аясында оқушылар осы салада мамандандырылған білімдер алады.
Бұл модульді 1-9 Модульдерінен ажыратып оқыту мүмкін емес, себебі олар бірыңғай дидактикалық блок болып табылады. Оқушылардың құзыретін жүйелі түрде көтеру оқыту мақсаты болып табылады. Мамандандырылған модульдердің мақсаты оқушыларды олар кезігуі мүмкін нақты жағдайларға дайындау және өздігінен жоспарлауға, тапсырмаларды өзінің кәсіби қызметі аясында орындауға және бағалауға оқыту болып табылады.