11.2 Модульді шолу
11 Модуль аясында оқушылар ақуыздарға бай өсімдік тектес тамақ өнімдерін өндіру туралы мамандандырылған білімдер алады. Бұл жерде олар шикізат туралы, сонымен қатар тамақ өнімдеріне қойылатын заңнамалық талаптар туралы тереңдетілген білімдер алады. Сонымен қатар гигиена, сапа, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптары егжей-тегжейлі оқытылады. Және де оқушылар ақуыздарға бай өсімдік тектес тамақ өнімдерін тиісті түрде өңдеуге үйренеді.
3 Модульдің мазмұны
Құрамында ақуызы жоғары шикізат, жартылай фабрикаттар және дайын өнімдер
Өндірістік үдеріс
Технологиялық үдеріс сұлбалары
Еңбекті қорғау
Тамақ өнімдері туралы заңдар
11.4 Модуль бойынша оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
11 Модульді оқыту кезінде алынған білімдерді бағалауға арналған жобалы сұрақтар «1237000: Жемістер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу мамандығының студенттерінің білім беру бағдарламаларын меңгеруің тексеру мақсатында ағымды және қорытынды бақылау жүргізуге арналған бақылау-өлшеу материалдарының жинағында» келтірілген.
Модульді аяқтаған соң бірнеше сұрақты (мысалы, 25) таңдап, 45 минутқа сыныптық тексеру бақылау жұмысын ұйымдастыру үшін оқытушылар ұсынылған тізімді кеңейтіп, толықтыруы керек. Тексеру жұмысы мүмкін баллдардың жалпы санынан 50 % жинаған кезде сәтті орындалды деп есептеледі.
Сонымен қатар, Модуль аясында оқу материалының меңгерілгенін тексеру үшін оқытушы өз қалауынша екі қысқа сұрастыру жүргізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |