Қосалқы бөлшектердің және шығын материалдардың қажеттілігін есептеу
Шарттарды сүйемелдеу (өндірушілермен жұмыс істеу, кепілдіктерді сақтау, қосымша қызметтер)
Техникалық қызмет көрсету жоспаларын әзірлеу
Стандарттарды сақтау, калибрлеу
«Қолданбалы бакалавриат «Жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу саласындағы кіші инженер» оқу бағдарламасы үздік түлектерге бағдарланған, «Техник-технолог» кәсіптік оқу курсын сәтті аяқтаған соң басталады.
Оқыту бағдарламасының ұзақтылығы 8 ай құрайды және 2 семестрге сәйкес келеді.
Оқытудың мазмұны кәсіптік дайындық модульдерінің тақырыптарына негізделген және 12 модульде оқытылады, сонымен қатар басқару тақырыптарына тоғыстырылған.
Жобалы оқу жоспары: «Жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу саласындағы кіші инженер»
Семестр
«Жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу саласындағы кіші инженер»
1
Тамақ өнімдерінің қолданбалы аналитикасы
Қолданбалы микробиология
Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу технологиясы
12 модульдің әрқайсысы 72 сағатқа (12 модуль х 72 ч = 864 ч) және аптасына 4 оқу сағатына (о.с./а = оқу сағаттары/ аптасына, КР – кредиттер) есептелген.
МОДУЛЬ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ КОМПОНЕНТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
1.1 Модульдің мақсаты Оқушылар тамақ өнімдерінің ингредиенттерімен тәжірибелер жүргізеді және олардың технологиялық қасиеттері туралы қорытындылар жасайды. Және де олар химкаттармен және зертханалық жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу талаптарын, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау керек.
Олар ингредиенттерді тамақтану физиологиясы тарапынан бағалайды, тағамдық құндылығын есептейді және салауатты тамақтану ережелерін шығарады.
Олар кәсіпорындағы сапа менеджментін ұйымдастырудың әртүрлі формалары туралы білімдер алады. Оқушылар өнімді тиісті өндіру және сату негізі болып табылатын тамақ өнімдерін өндіру ережелерін және сапа менеджменті ережелерін біледі.